О повышении базовых ставок земельного налога на земли сельскохозяйственного назначения Ерейментауского района, не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Ерейментау ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Ерейментау ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Ерейментау ауданының әкімі Е. Нұғыманов 13 наурыз 2018 жыл «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ерейментау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесiнің басшысы Ж. Тубеков 13 наурыз 2018 жыл