Об утверждении Правил представления уполномоченным органом по контролю за использованием и охраной земель в органы государственных доходов сведений по земельным участкам, предназначенным для строительства объектов и не используемым в соответствующих целях или используемым с нарушением законодательства Республики Казахстан, а также по земельным участкам сельскохозяйственного назначения, не используемым по назначению или используемым с нарушением законодательства Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 6-тармағына және 564-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 223 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11180 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың. 1 қазанда жарияланған) бұйрығының;
Тармақша 2
2) «Уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау және мемлекеттік кірістер органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 223 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 647 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12616 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың. 18 қаңтарында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө.Е. Шөкеев
«___» __________2018 жыл
Басқа 0. Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнің
2018 жылғы 16 наурыздағы
№ 376 бұйрығымен
бекітілген
Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 6-тармағына және 564-бабының 11-тармағына сәйкес әзірленген және жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) ұсыну тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі екінші айдың он бесі күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жер учаскесі тұрған жері бойынша мемлекеттік кірістер органына өткен салық кезеңі (күнтізбелік жыл) үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді жолдайды. Мәліметтер жыл сайын өткен кезендердегі анықталған бұзушылықтар бойынша мәліметтермен осы бұзушылықтарды түпкілікті орындамайынша қайталанып ұсынылады.
Тармақ 3
3. Мәліметтер, электрондық нұсқасын (флеш – есте сақтау тасымалдағышы ретінде пайдаланатын есте сақтау құрылғысы арқылы, Microsoft Excel форматында) қоса бере отырып, қағаз тасымалдағышында екі данада қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасалады:
Тармақша 1
1) бірінші данасы уәкiлеттi органда қалады;
Тармақша 2
2) екінші данасы мемлекеттік кірістер органдарына беріледі.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылатын мәліметтерге уәкiлеттi органның басшысы не оның алмастыратын тұлға, сондай-ақ мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлғаның қолы қойылады және ол мөрмен куәландырылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік кірістер органының мәліметтерді қабылдауға жауапты лауазымды тұлғасы тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), лауазымын және алған күнін көрсете отырып мәліметтерді алғанын растап қолын қояды.
Басқа 1
Жерді пайдалану мен қорғауды
бақылау жөніндегі уәкілетті
органның мемлекеттік кірістер
органдарына объектілер салуға
арналған және тиісті мақсаттарда
пайдаланылмайтын немесе
Қазақстан Республикасының
заңнамасы бұзыла отырып
пайдаланылатын жер учаскелері
бойынша сондай-ақ мақсаты
бойынша пайдаланылмайтын
немесе Қазақстан Республикасының
заңнамасы бұзыла отырып
пайдаланылатын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелері
бойынша мәліметтерді
ұсыну қағидаларына
қосымша
нысан
Индекс: __________________
Кезеңділігі: жылдық.
Ұсынатындар: Ұсынатындар: жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган
Қайда ұсынылады: аумақтық мемлекеттік кірістер органына
Ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірілмейтін мерзімде
№
Заңды тұлғалардың атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН)
Жер учаскесі тұрған жері
жер учаскесінің кадастрлық нөмірі
Жер учаскесін мақсатты пайдалану
Жер учаскесінің алаңы (гектармен)
жер учаскесінің санаты
Жердің аймақтық коэффициенті
Бонитет балы (елді мекендердің жерлерін қоспағанда)
Жалпы алаңы
оның ішінде:
тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын
мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
кестенің жалғасы:
Үлес алаңы (жалпы үлестік меншік болса), гектармен
Бұзушылық түрі
Тексеру актісінің күні мен нөмірі
Нұсқаманың күні мен нөмірі
Нұсқаманы табыс ету күні
Анықталған бұзушылықты жою күні
13
14
15
16
17
18
______________________________
(уәкiлеттi мемлекеттік орган басшысының, не оны алмастыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
______________________________
(Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Мәліметтер жасалған күн
20__жылғы «___»__________
_______
(қолы, мөрдің орны)
_______
(қолы)
_________________________
(Осы мәліметтерді қабылдап алған мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)
________________________
(қолы)
Мәліметтер қабылданған күн 20___жылғы ___________