Об утверждении форм сведений о плательщиках платы, объектах обложения и периодах, на которые предоставлены земельные участки во временное возмездное землепользование (аренду) и о плательщиках платы, объектах обложения, периоде действия лицензии на разведку или добычу твердых полезных ископаемых, идентифицирующих координатах блоков и их индивидуальных кодах Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері және жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген кезеңдер туралы және төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензияның қолданылу кезеңі, блоктардың сәйкестендіруші координаталары және олардың дара кодтары туралы мәлiметтер нысандарын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 559-бабы 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері және жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген кезеңдер туралы мәліметтер нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензияның қолданылу кезеңі, блоктардың сәйкестендіруші координаталары және олардың дара кодтары туралы мәлiметтер нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Е. Шөкеев _____________ 20__ жылғы «___» __________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж.М.Қасымбек______________ 20__ жылғы «___» __________
Басқа 1. Төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері және жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген кезеңдер туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 377 бұйрығына 1-қосымша нысан Төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері және жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген кезеңдер туралы мәліметтер Индексі: Кезеңділігі: тоқсандық Ұсынатын тұлғалар тобы: жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында – жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері, жергілікті атқарушы органдар Қайда ұсынылады: : аумақтық мемлекеттік кipicтep органдарына Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей № Жер учас­ке­ле­рі уа­қыт­ша өте­улі жер пай­да­ла­ну­ға (жал­ға) алу құқы­ғы­на акт жа­сал­ған заң­ды тұл­ға­ның ата­уы неме­се же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да), заң­ды ме­кен­жайы Б С Н / Ж С Н Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер жік­те­уі­ші бой­ын­ша ко­ды Жер учас­кі­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі Жер учас­кі­сіне құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың атуы, но­ме­рі, кү­ні Жер учас­ке­ле­рі уа­қыт­ша өте­улі жер пай­да­ла­ну­ға (жал­ға) алу құқы­ғы­на жа­сал­ған ак­ті­нің но­ме­рі,кү­ні Жал­ға алу мер­зі­мі (күн­мен) Аяқ­та­лу кү­ні Жер учас­кі­сі­нің ны­са­на­лы­мақ­са­ты Жер учас­кі­сі­нің ка­дастр­лық но­ме­рі Жер учас­кі­сі­нің­ба­ға­лау құ­ны (болған кез­де) Жер учас­кі­сі­нің ауда­ны, шар­шы м. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 ЖИЫ­НЫ: _______________________________________________________ ___________ Басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы, МО) _______________________________________________________ ___________ Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлғаның тегі, (қолы) аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Жасалған күні «___» ____________________ 20___ ж.
Басқа 2. Төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензияның қолданылу кезеңі, блоктардың сәйкестендіруші координаталары және олардың дара кодтары туралы мәлiметтер
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 377 бұйрығына 2-қосымша нысан Төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензияның қолданылу кезеңі, блоктардың сәйкестендіруші координаталары және олардың дара кодтары туралы мәлiметтер Индексі: Кезеңділігі: тоқсандық Ұсынатын тұлғалар тобы: жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар Қайда ұсынылады: аумақтық мемлекеттік кipicтep органдарына Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей № Уа­қыт­ша өте­улі жер пай­да­ла­ну (жал­ға алу) құқы­ғы­на ак­ті дай­ын­дал­ған са­лық тө­ле­у­ші­нің ата­уы, тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да), заң­ды ме­кен­жайы БСН/ЖСН Объ­ек­ті­нің ата­уы Объ­ек­ті­нің ор­на­лас­қан ме­кен жайы (об­лас) Ли­цен­зия тү­рі Ли­цен­зия № Ли­цен­зия бе­рі­л­ген күн Ли­цен­зи­я­ның қол­да­ныс ке­зе­ңі Өн­ді­ру­ге Бар­ла­у­ға Бл­ок­тар са­ны Бл­ок­тар­дың сәй­кестен­ді­ру­ші ко­ор­ди­нат­та­ры Же­ке­лен­ген код­тар Ауда­ны, ш.км 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Жиы­ны: _______________________________________________________ ___________ Басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы, МО) _______________________________________________________ ___________ Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлғаның тегі, (қолы) аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Жасалған күні «___» ____________________ 20___ ж.