Атырау облысы аумағында бір жолғы талон беретін уәкілетті органдарды белгілеу туралы Қолданыста
Басқа 0
Атырау облысы аумағында бір жолғы талон беретін уәкілетті органдарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 276-11 ҚРЗ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодіксінің қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті атқарушысы органдардың қолданыстағы штаттық саны шегінде бір жолғы талондарды беретін уәкілетті органдар (әрі қарай уәкілетті органдар) белгіленсін:
Поселкелік және селолық округтерде – поселкелік және селолық округтер әкімдері, Атырау және Құлсары қалалрында – қалалар әкімдері.
Тармақ 2
2. Атырау қаласының әкімі Атырау қаласында сауда мәселелері бойынша уәкілетті орган болып табылатын жаңа мемлекеттік мекеме құруды белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Атырау қаласы және аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) Атырау облысы бойынша салық комитетімен нақты жергілікті жағдайлар ескіріліп, есептелінген бір жолғы талондар құны мөлшерін маслихаттардың бекітуіне ұсынсын;
Тармақша 2
2) бір жолғы талондар берудегі уәкілетті органдардың қызметін бақылауды және үйлестіруді, салық органдарына ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-жұлдызынан кешіктірмей мәлеметтер тапсыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Атырау облысы бойынша салық комитеті (Н.С.Интенгенова):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 30 қазандағы № 1469 бұйрығымен бекітілген «Бір жолғы талондарды беру Ережесін» уәкілетті органдарға мәліметке және басшылыққа алуға берсін;
Тармақша 2
2) белгіленген үлгідегі бір жолғы талондар бланкілерін уәкілетті органдарға орталықтандырылған жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуының бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Досмағамбетовке жүктелсін.