Об утверждении Правил, сроков и форм представления Министерством юстиции Республики Казахстан и его территориальными подразделениями сведений о налогоплательщиках, имеющих объекты налогообложения и (или) объекты, связанные с налогообложением, а также об объектах налогообложения и (или) объектах, связанных с налогообложением Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдері мен нысандарын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мүлік салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар заңды тұлғалар мен оның құрылымдық бөлімшелері, шаруа (фермер) қожалықтары туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер нысаны;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мүлік салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер нысаны;
Тармақша 4
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жер салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар заңды тұлғалар мен оның құрылымдық бөлімшелері, шаруа (фермер) қожалықтары туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер нысаны;
Тармақша 5
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жер салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Бекетаев ______________ 2018 жылғы «__» _________
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 402 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің және оның салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алу мен тіркеуді жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – уәкілетті мемлекеттік орган) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді (бұдан әрі - мәлімет) мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
Тармақ 2
2. Мәліметтер қағаз жеткізгіште және (немесе) электронды түрде (Microsoft Excel форматында), екі данада қазақ және орыс тілдерінде беріледі:
Тармақша 1
1) бірінші данасы уәкiлеттi органда қалады;
Тармақша 2
2) екінші данасы мемлекеттік кірістер органына беріледі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік кірістер органына берілетін мәліметтерге уәкiлеттi мемлекеттік органның басшысы не оны ауыстыратын тұлға, сондай-ақ мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлға қол қояды және мөрімен куландырылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік кірістер органының мәліметтерді қабылдауға жауапты қызметкері тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), лауазымын және алған күнін көрсете отырып, мәліметтерді алғанын растап қол қояды.
Тарау 3. 3-тарау. Мәліметтерді ұсыну мерзімі
3-тарау. Мәліметтерді ұсыну мерзімі
Тармақ 5
5. Уәкілетті мемлекеттік орган жыл сайын, есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына мынадай:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлік салығы бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар заңды тұлғалар мен оның құрылымдық бөлімшелері, шаруа (фермер) қожалықтары туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлік салығы бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер салығы бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар заңды тұлғалар мен оның құрылымдық бөлімшелері, шаруа (фермер) қожалықтары туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы;
Тармақша 4
4) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер салығы бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді табыс етеді.
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 402 бұйрығына 2-қосымша нысан № Ел­ді ме­кен­нің ата­уы Жы­л­жы­май­тын объ­ект ор­на­лас­қан кө­ше­нің ата­уы (даң­ғыл, тұй­ық, ша­ғын аудан) Үй­дің нө­мі­рі Кей­ін­гі объ­ек­ті­лер нө­мі­рі (пәтер, га­раж, кө­лік қою ор­ны, үй-жай­лар және т.б.) Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің жік­те­уі­ші бой­ын­ша ко­ды Жы­л­жы­май­тын объ­ек­ті­нің тү­рі Жы­л­жы­май­тын мү­лік­тің ны­са­на­лы мақ­са­ты Жал­пы ала­ңы (шар­шы метр) 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ЖИЫ­НЫ: кестенің жалғасы Жы­л­жы­май­тын объ­ек­ті­нің ка­дастр­лық нө­мі­рі Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың ата­уы Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың кү­ні Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың нө­мі­рі (болған кез­де) Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық­ты тір­кеу кү­ні Заң­ды тұл­ға мен оның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі­нің, ша­руа (фер­мер) қо­жа­лық­та­ры­ның ата­уы Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Мәмі­ле со­ма­сы (болған кез­де (тең­ге) Мен­шік (же­ке, бір­лес­кен ор­тақ, бір­лес­кен үлес) Мү­лік­те­гі үлес (бір­лес­кен ор­тақ мен­шік ке­зін­де) 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 _______________________________________________________________­_­_­_­_ (са­лық са­лу объ­ек­ті­ле­рін және (неме­се) са­лық са­лу­ға бай­ла­ны­сты объ­ек­ті­лер­ді есеп­ке алу мен тір­ке­уді жү­зе­ге асы­ра­тын уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган бас­шы­сы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) _______________________________________________________________­_­_­_­ (мә­лі­мет­ті тол­ты­ру­ға жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) Жа­сал­ған кү­ні 20___ жы­л­ғы «___» ___________________. _______________________ (қо­лы, МО) _______________________ (қо­лы) Қосымша: Осы «Мүлік салығы бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар заңды тұлғалар мен оның құрылымдық бөлімшелері, шаруа (фермер) қожалықтары туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәлiмет» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада көрсетілген.
Басқа 2.1
Мүлік салығы бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар заңды тұлғалар мен оның құрылымдық бөлімшелері, шаруа (фермер) қожалықтары туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер нысанына қосымша Нысанның 1-бағанасында реттік нөмірі көрсетіледі. Келесі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс; Нысанның 2- бағанасында жылжымайтын объект орналасқан елді мекеннің атауы көрсетіледі; Нысанның 3- бағанасында жылжымайтын объект орналасқан көшенің атауы (даңғыл, тұйық, шағын аудан) көрсетіледі; Нысанның 4- бағанасында үйдің нөмірі көрсетіледі; Нысанның 5- бағанасында пәтердің нөмірі көрсетіледі; Нысанның 6- бағанасында Мемлекеттік статистика туралы заңның 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша коды көрсетіледі; Нысанның 7- бағанасында жылжымайтын объектінің түрі көрсетіледі; Нысанның 8- бағанасында жылжымайтын мүліктің нысаналы мақсаты көрсетіледі; Нысанның 9- бағанасында жалпы алаңы шаршы метрі көрсетіледі; Нысанның 10- бағанасында жылжымайтын объектінің кадастрлық нөмірі көрсетіледі; Нысанның 11- бағанасында жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың атауы көрсетіледі; Нысанның 12- бағанасында жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың күні көрсетіледі; Нысанның 13- бағанасында жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың нөмірі көрсетіледі; Нысанның 14- бағанасында жылжымайтын мүлікті құқық тіркелген күні көрсетіледі; Нысанның 15- бағанасында заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелерінің, шаруа (фермер) қожалықтарының атауы көрсетіледі; Нысанның 16- бағанасында 15-бағанда көрсетілген заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі; Нысанның 17- бағанасында сатып алынған мүліктің құны теңгеде көрсетіледі; Нысанның 18- бағанасында меншік түрі (жеке, бірлескен ортақ, бірлескен үлес) көрсетіледі; Нысанның 19- бағанасында мүліктегі үлес (бірлескен ортақ меншік кезінде) көрсетіледі.
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 402 бұйрығына 3-қосымша нысан № Ел­ді ме­кен­нің ата­уы Жы­л­жы­май­тын объ­ект ор­на­лас­қан кө­ше­нің ата­уы (даң­ғыл, тұй­ық, ша­ғын аудан) Үй­дің нө­мі­рі Кей­ін­гі объ­ек­ті­лер нө­мі­рі (пәтер, га­раж, кө­лік қою ор­ны, үй-жай­лар және т.б.) Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің жік­те­уі­ші бой­ын­ша ко­ды Жы­л­жы­май­тын объ­ек­ті­нің тү­рі Жы­л­жы­май­тын мү­лік­тің ны­са­на­лы мақ­са­ты Жал­пы ала­ңы (шар­шы метр) 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ЖИЫ­НЫ: кестенің жалғасы Жы­л­жы­май­тын объ­ек­ті­нің ка­дастр­лық нө­мі­рі Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың ата­уы Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың кү­ні Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың нө­мі­рі (болған кез­де) Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық­ты тір­кеу кү­ні Же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Мәмі­ле со­ма­сы (болған кез­де (тең­ге) Мен­шік (же­ке, бір­лес­кен ор­тақ, бір­лес­кен үлес) Мү­лік­те­гі үлес (бір­лес­кен ор­тақ мен­шік ке­зін­де) 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 _______________________________________________________________­_­_­ (са­лық са­лу объ­ек­ті­ле­рін және (неме­се) са­лық са­лу­ға бай­ла­ны­сты объ­ек­ті­лер­ді есеп­ке алу мен тір­ке­уді жү­зе­ге асы­ра­тын уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган бас­шы­сы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) _______________________________________________________________­_­_ (мә­лі­мет­ті тол­ты­ру­ға жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) Жа­сал­ған кү­ні 20___ жы­л­ғы «___» ___________________. _______________________ (қо­лы, МО) _______________________ (қо­лы) Қосымша: Осы «Мүлік салығы бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәлiмет» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада көрсетілген.
Басқа 3.1
Мүлік салығы бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер нысанына қосымша Нысанның 1-бағанасында реттік нөмірі көрсетіледі. Келесі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс; Нысанның 2- бағанасында жылжымайтын объект орналасқан елді мекеннің атауы көрсетіледі; Нысанның 3- бағанасында жылжымайтын объект орналасқан көшенің атауы (даңғыл, тұйық, шағын аудан) көрсетіледі; Нысанның 4- бағанасында үйдің нөмірі көрсетіледі; Нысанның 5- бағанасында пәтердің нөмірі көрсетіледі; Нысанның 6- бағанасында Мемлекеттік статистика туралы заңның 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша коды көрсетіледі; Нысанның 7- бағанасында жылжымайтын объектінің түрі көрсетіледі; Нысанның 8- бағанасында жылжымайтын мүліктің нысаналы мақсаты көрсетіледі; Нысанның 9- бағанасында жалпы алаңы шаршы метрі көрсетіледі; Нысанның 10- бағанасында жылжымайтын объектінің кадастрлық нөмірі көрсетіледі; Нысанның 11- бағанасында жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың атауы көрсетіледі; Нысанның 12- бағанасында жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың күні көрсетіледі; Нысанның 13- бағанасында жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың нөмірі көрсетіледі; Нысанның 14- бағанасында жылжымайтын мүлікті құқық тіркелген күні көрсетіледі; Нысанның 15- бағанасында жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі; Нысанның 16- бағанасында 15-бағанда көрсетілген заңды тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі; Нысанның 17- бағанасында сатып алынған мүліктің құны теңгеде көрсетіледі; Нысанның 18- бағанасында меншік түрі (жеке, бірлескен ортақ, бірлескен үлес) көрсетіледі; Нысанның 19- бағанасында мүліктегі үлес (бірлескен ортақ меншік кезінде) көрсетіледі.
Басқа 4
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 402 бұйрығына 4-қосымша нысан № Ел­ді ме­кен­нің ата­уы Жы­л­жы­май­тын объ­ект ор­на­лас­қан кө­ше­нің ата­уы (даң­ғыл, тұй­ық, ша­ғын аудан) Үй­дің нө­мі­рі Кей­ін­гі объ­ек­ті­лер нө­мі­рі (пәтер, га­раж, кө­лік қою ор­ны, үй-жай­лар және т.б.) Заң­ды тұл­ға мен оның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі­нің, ша­руа (фер­мер) қо­жа­лық­та­ры­ның ата­уы Биз­нес- сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің жік­те­уі­ші бой­ын­ша ко­ды 1 2 3 4 5 6 7 8 кестенің жалғасы Жер учас­ке­сіне мен­шік құқы­ғы (же­ке, бір­лес­кен ор­тақ, бір­лес­кен үлес) Үле­сі (бір­лес­кен үлес ке­зін­де) Жер учас­ке­сі­нің ала­ңы (шар­шы метр) Жер учас­ке­сіне құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың нө­мі­рі (болған кез­де) Жер учас­ке­сіне құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың ата­уы (болған кез­де) Жер учас­ке­сіне құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың кү­ні (болған кез­де) Жер учас­ке­сіне құқық­ты тір­кеу кү­ні Жер участ­ке­сі­нің ка­дастр­лық нө­мі­рі Жер участ­ке­сі­нің ны­са­на­лы мақ­са­ты 9 10 11 12 13 14 15 16 17 _______________________________________________________________ (са­лық са­лу объ­ек­ті­ле­рін және (неме­се) са­лық са­лу­ға бай­ла­ны­сты объ­ек­ті­лер­ді есеп­ке алу мен тір­ке­уді жү­зе­ге асы­ра­тын уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган бас­шы­сы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) _______________________________________________________________­ (мә­лі­мет­ті тол­ты­ру­ға жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) Жа­сал­ған кү­ні 20___ жы­л­ғы «___» ___________________. _______________________ (қо­лы, МО) _______________________ (қо­лы) Қосымша: Осы «Жер салығы бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар заңды тұлғалар мен оның құрылымдық бөлімшелері, шаруа (фермер) қожалықтары туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәлiмет» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада көрсетілген.
Басқа 4.1
Жер салығы бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар заңды тұлғалар мен оның құрылымдық бөлімшелері, шаруа (фермер) қожалықтары туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер нысанына қосымша Нысанның 1- бағанасында реттік нөмірі көрсетіледі. Келесі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс; Нысанның 2- бағанасында жылжымайтын объект орналасқан елді мекеннің атауы көрсетіледі; Нысанның 3- бағанасында жылжымайтын объект орналасқан көшенің атауы (даңғыл, тұйық, шағын аудан) көрсетіледі; Нысанның 4- бағанасында үйдің нөмірі көрсетіледі; Нысанның 5- бағанасында пәтердің нөмірі көрсетіледі; Нысанның 6- бағанасында заңды тұлға мен оның бөлімшелерінің, шаруа (фермер) қожалықтарының атауы көрсетіледі; Нысанның 7- бағанасында 6-бағанда көрсетілген заңды тұлғаның БСН көрсетіледі; Нысанның 8- бағанасында Мемлекеттік статистика туралы заңның 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша коды көрсетіледі; Нысанның 9- бағанасында жер учаскесіне меншік құқығының түрі (жеке, бірлескен ортақ, бірлескен үлес) көрсетіледі; Нысанның 10- бағанасында үлесі (бірлескен үлес кезінде) көрсетіледі Нысанның 11- бағанасында жер учаскесінің алаңы шаршы метрде көрсетіледі; Нысанның 12- бағанасында бар жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың нөмірі көрсетіледі; Нысанның 13- бағанасында бар жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың атауы көрсетіледі; Нысанның 14- бағанасында бар жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың күні көрсетіледі; Нысанның 15- бағанасында жер учаскесіне құқық тіркелген күні көрсетіледі; Нысанның 16- бағанасында жер учаскесінің кадастрлық нөмірі көрсетіледі; Нысанның 17- бағанасында жер учаскесінің нысаналы мақсаты көрсетіледі.
Басқа 5
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 402 бұйрығына 5-қосымша нысан № Елді мекеннің атауы Жылжымайтын объект орналасқан көшенің атауы (даңғыл, тұйық, шағын аудан) Үйдің нөмірі Кейінгі объектілер нөмірі (пәтер, гараж, көлік қою орны, үй-жайлар және т.б.) Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Жеке сәйкестендіру нөмірі Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша коды 1 2 3 4 5 6 7 8 кестенің жалғасы Жер учас­ке­сіне мен­шік құқы­ғы (же­ке, бір­лес­кен ор­тақ, бір­лес­кен үлес) Үле­сі (бір­лес­кен үлес ке­зін­де) Жер учас­ке­сі­нің ала­ңы (шар­шы метр) Жер учас­ке­сіне құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың нө­мі­рі (болған кез­де) Жер учас­ке­сіне құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың ата­уы (болған кез­де) Жер учас­ке­сіне құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың кү­ні (болған кез­де) Жер учас­ке­сіне құқық­ты тір­кеу кү­ні Жер участ­ке­сі­нің ка­дастр­лық нө­мі­рі Жер участ­ке­сі­нің ны­са­на­лы мақ­са­ты 9 10 11 12 13 14 15 16 17 _______________________________________________________________­_­_ (са­лық са­лу объ­ек­ті­ле­рін және (неме­се) са­лық са­лу­ға бай­ла­ны­сты объ­ек­ті­лер­ді есеп­ке алу мен тір­ке­уді жү­зе­ге асы­ра­тын уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган бас­шы­сы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) _______________________________________________________________­_­_­_ (мә­лі­мет­ті тол­ты­ру­ға жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) Жа­сал­ға­ні күн 20___ жы­л­ғы «___» ___________________. _______________________ (қо­лы, МО) _______________________ (қо­лы) Қосымша: Осы «Жер салығы бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәлімет» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада көрсетілген.
Басқа 5.1
Жер салығы бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер нысанына қосымша Жер салығы бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер нысанын жылжымайтын мүлікі тіркеу мемлекеттік деректер қорынан ұсыну бойынша түсіндірме Нысанның 1- бағанасында реттік нөмірі көрсетіледі. Келесі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс; Нысанның 2- бағанасында жылжымайтын объект орналасқан елді мекеннің атауы көрсетіледі; Нысанның 3- бағанасында жылжымайтын объект орналасқан көшенің атауы (даңғыл, тұйық, шағын аудан) көрсетіледі; Нысанның 4- бағанасында үйдің нөмірі көрсетіледі; Нысанның 5- бағанасында пәтердің нөмірі көрсетіледі; Нысанның 6- бағанасында жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі; Нысанның 7- бағанасында 6-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі; Нысанның 8- бағанасында Мемлекеттік статистика туралы заңның 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша коды көрсетіледі; Нысанның 9- бағанасында жер учаскесіне меншік құқығының түрі (жеке, бірлескен ортақ, бірлескен үлес) көрсетіледі; Нысанның 10- бағанасында үлесі (бірлескен үлес кезінде) көрсетіледі Нысанның 11- бағанасында жер учаскесінің алаңы шаршы метрде көрсетіледі; Нысанның 12- бағанасында бар жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың нөмірі көрсетіледі; Нысанның 13- бағанасында бар жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың атауы көрсетіледі; Нысанның 14- бағанасында бар жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың күні көрсетіледі; Нысанның 15- бағанасында жер учаскесіне құқық тіркелген күні көрсетіледі; Нысанның 16- бағанасында жер учаскесінің кадастрлық нөмірі көрсетіледі; Нысанның 17- бағанасында жер учаскесінің нысаналы мақсаты көрсетіледі.