Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата Жанакорганского района» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жаңақорған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурыздағы №05-16/102 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5785 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Жаңақорған аудандық мәслихатаппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Жаңақорған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы №05-16/209 шешімімен бекітілген «Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және «Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға;
Тармақша 2
2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;
Тармақша 3
3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) қызметшілеролардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;
Тармақша 4
4) жеке жұмыс жоспары – қызметшінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;
Тармақша 5
5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;
Тармақша 6
6) мінез-құлық индикаторы – қызметшінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;
Тармақ 3
3. Қызметшілердің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
Тармақ 4
4. Қызметшінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді. Бағалауды өткізу кезінде қызметшілер еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іс-сапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.
Тармақ 5
5. Бағалауды өткізу үшін қызметшіні мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі - уәкілетті тұлға) кадр қызметі жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады. Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс. 6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) НМИ жетістіктерін бағалау;
Тармақша 2
2) Қызметшілердің құзыреттерін бағалау.
Тармақ 7
7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады. Құзыреттерді бағалау нәтижелері қызметшінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.
Тармақ 8
8. Бағалауға байланысты құжаттар кадр қызметінде бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.
Тарау 2. 2-тарау. НМИ анықтау тәртібі
2-тарау. НМИ анықтау тәртібі
Тармақ 9
9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде қызметшінің НМИ тікелей басшымен жеке жұмыс жоспарында осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.
Тармақ 10
10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
Тармақ 11
11. Қызметшінің тікелей басшысы мемлекеттік органның (жергілікті атқарушы органның) бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.
Тармақ 12
12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады. Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. НМИ:
Тармақша 1
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
Тармақша 2
2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
Тармақша 3
3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
Тармақша 4
4) уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);
Тармақ 14
14. НМИ саны 5 құрайды.
Тармақ 15
15. Жеке жұмыс жоспары кадр қызметінде сақталады.
Тарау 3. 3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
Тармақ 16
16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді. Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын қызметшіге НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.
Тармақ 17
17. Бағалауды өткізу үшін қызметшінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
Тармақ 18
18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады. НМИ барлығы орындалған жағдайда «өте жақсы» баға қойылады. НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда «тиімді» баға қойылады. НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда «қанағаттанарлық» баға қойылады. НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» баға қойылады. НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
Тармақ 19
19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
Тармақ 20
20. Қызметшінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.
Тармақ 21
21. Қызметшінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:
Тармақша 1
1) бағалаумен келісу;
Тармақша 2
2) түзетуге жіберу.
Тармақ 22
22. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.
Тармақ 23
23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
Тарау 4. 4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі
4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі
Тармақ 25
25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.
Тармақ 26
26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша «Б» корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикаторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны 10-нан аспайды.
Тармақ 27
27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикаторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:
Тармақша 1
1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4 және одан көбі байқалған жағдайда «күтілген нәтижеге сәйкес» бағасы қойылады.
Тармақша 2
2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша «күтілген нәтижеге сәйкес емес» бағасы қойылады.
Тармақ 28
28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін кадр қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
Тарау 5. 5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
Тармақ 29
29. Кадр қызметі Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.
Тармақ 30
30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
Тармақ 31
31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тармақ 33
33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 34
34. Комиссияның хатшысы кадр қызметінің қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 35
35. Кадр қызметі Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 36
36. Кадр қызметі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) толтырылған бағалау парақтарын;
Тармақша 2
2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын;
Тармақ 37
37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
Тармақша 2
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
Тармақ 38
38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың «Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)» графасында көрсетіледі.
Тармақ 39
39. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамасында тіркеледі.
Тармақ 40
40. Кадр қызметі қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
Тармақ 41
41.  Қызметшіге бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, кадр қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Тармақ 42
42. Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда кадр қызметімен қызметшінің бағалау нәтижесі мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолданады.
Тармақ 43
43. Қызметшінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, қызметшінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;
Тармақша 2
2) қызметшінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.
Тармақ 44
44. Қызметші бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
Басқа 76
«Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 1-қосымша Нысан «БЕКІТЕМІН» Жоғары тұрған басшы _______________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні _________________________ қолы _________________________ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары __________________________________ жыл (жеке жоспар құрастырылатын кезең) Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))_________________________ Қызметшінің лауазымы: __________________________________________________________ Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:_____________________________________ ______________________________________________________________________________ № п/п НМИ атауы Саяси мемлекеттік қызметшінің немесе «А» корпусы қызметішісі келісімінің қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді Өлшем бірлігі Жоспарлы мәні Қол жеткізу мерзімдері Түйінді нәтиже* Нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер Қызметші Тікелей басшы ___________________________ ___________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні _______________________ күні _______________________ қолы ____________________ қолы _____________________
Басқа 77
«Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 2-қосымша Нысан «БЕКІТЕМІН» Жоғары тұрған басшы _________________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні __________________________ қолы _________________________ НМИ бойынша бағалау парағы ____________________________________________________ (Т.А.Ә.,бағаланатын тұлғаның лауазымы) ____________________________________ (бағаланатын кезең) № п/п НМИ атауы Өлшем бірлігі Жоспарлы мәні Нақты мәні Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді Бағалау нәтижесі __________________________________________________ (қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы) Қызметші Тікелей басшы ___________________________ ___________________________ (тегі, аты-жөні) (тегі, аты-жөні) күні _______________________ күні _______________________ қолы ____________________ қолы ____________________
Басқа 78
«Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 3-қосымша Нысан Құзыреттер бойынша бағалау парағы _________________жыл (бағаланатын жыл) Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________________________________________________________ Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________________ Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ___________________________________________________________________ № р/с Құзыреттер атауы Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес) Қызметшіде байқамаған мінез-құлық индикатор атауы (күтілетін нәтижеге сәйкес емес бағасын алған жағдайда) 1 Қызметті басқару 2 Ынтымақтастық 3 Шешім қабылдау 4 Жеделділік 5 Өздігінен даму 6 Қызметті тұтынушыға бағдарлану 7 Қызметті тұтынушыларды хабарландыру 8 Адалдық 9 Жауапкершілік 10 Бастамашылдық 11 Стресске орнықтылық Лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері «Қызметті тұтынушыға бағдарлану» және «Қызметті тұтынушыларды хабарландыру» құзыреттері бойынша бағаланбайды. Қызметші Тікелей басшы ___________________________ ___________________________ (тегі, аты-жөні) (тегі, аты-жөні) күні _______________________ күні _______________________ қолы ____________________ қолы ____________________
Басқа 79
«Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 4-қосымша Нысан Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары Құзыреттер атауы Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты Тиімді мінез-құлық индикаторлары Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары ҚЫЗМЕТТІК БАСҚАРУ E-2 E-3 Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді; Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етеді; Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуы барысындағы қызметіне бақылау жүргізеді; Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етеді; Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді; Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарламайды және ұйымдастырмайды, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етпейді; Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуына бақылау жүргізбейді; Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етпейді; E-3 E-4 Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды; Басшылыққа сапалы құжаттар дайындайды және енгізеді.; Өлшеулі уақыт жағдайында жұмыс жасай алады; Белгіленген мерзімдерді сақтайды. Тапсырмаларды жүйесіз орындайды; Сапасыз құжаттар әзірлейді; Жедел жұмыс жасамайды; Белгіленген мерзімдерді сақтамайды. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ E-2 E-3 Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады; Бөлімшенің қоғаммен тиімді жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасайды; Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліседі; Әрқайсысының нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтайды. Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады; Бөлімше және қоғаммен тиімді жұмыс ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасамайды; Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліспейді; Бағыныстағы тұлғалардың нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтамайды. E-3 E-4 Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді; Мемлекеттік органдар мен ұжымдардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынасты дамытады; Талдау барысында пікір алмасады және талқылау нәтижесін ескере отырып, тапсырмаларды орындайды. Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді; Әртүрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен және әріптестерімен өзара әрекеттеспейді; Әріптестерімен мәселелерді талқыламайды. ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ E-2 E-3 Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады; Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды ұйымдастырады; Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылайды; Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескере отырып, мүмкін болатын қауіптерді талдайды және болжамдайды; Мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескере отырып, құзыреті шегінде шешім қабылдайды. Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды; Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды сирек ұйымдастырады; Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылаудан бас тартады және басқалардың пікірін ескермейді; Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескермейді, мүмкін болатын қауіптерді талдамайды және болжамайды; Шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескермейді. E-3 E-4 Қажетті мәліметтерді таба алады; Мүмкін болатын қауіптерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше жолын ұсынады; Өзінің пікірін негіздей алады. Қажетті мәліметтерді таба алмайды; Мүмкін болатын қауіптерді ескермейді немесе мәселелерді шешудің альтернативасын ұсынбайды; Негізсіз пікір білдіреді. ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА БАҒДАРЛАНУ E-2 E-3 Сапалықызметкөрсетужөніндегіжұмыстардыұйымдастырадыжәнетуындағанмәселелердішешеді; Керібайланыстықамтамасызетумақсатындақанағаттанушылықдейгейінанықтауғажағдайжасайды; Қызметкөрсетудіңсапасынбақылайды, сондай-ақжекеүлгі болу арқылыкөрсетеді. Сапалықызметкөрсетужөніндегіжұмыстардыұйымдастырмайдыжәнетуындағанмәселелердішешпейді; Керібайланыстықамтамасызетумақсатындақанағаттанушылықдейгейінанықтауғажағдайжасамайды; Сапасызқызметкөрсетугежолбереді, қызықпаушылықбілдіреді. E-3 E-4 Сыпайыжәнетілектестікпенқызметкөрсетеді; Қызметкөрсетугеқанағаттанушылықдеңгейінталдайдыжәнеолардыжетілдірудіңжөніндеұсыныстаренгізеді; Қызметкөрсетусапасынжақсартубойыншаұсынысенгізеді. Қызметалушығадөрекілікжәненемқұрайлылықбілдіреді; Тұтынушыныңсұрақтары мен мәселелерінемәнбермейді; Қызметкөрсетусапасынжақсартубойыншабелсенділіктанытпайды. ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА АҚПАРАТТАНДЫРУ E-2 E-3 Бағыныстағыларды қызмет алушыларды қолжетімді ақпараттандыруға бағдарлайды; Тұтынушыға ақпараттарды құрметпен және игілікпен жеткізеді; Қызмет тұтынушыларының пікірін құрметтейді. Бағыныстағылармен қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізбейді; Тұтынушыға ақпараттарды жеткізбейді немесе немқұрайлы және жақтырмай жеткізеді; Қызмет тұтынушыларының пікірін елемейді. E-3 E-4 Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін қолданады; Тұтынушыға ақпаратты қолжетімді ауызша және жазбаша түрде жеткізеді; Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алады. Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады; Тұтынушыға ақпаратты ауызша және жазбаша түрде жеткізбейді немесе түсініксіз жеткізеді; Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алмайды. ЖЕДЕЛДІЛІК E-2 E-3 Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді; Болып жатқан өзгерістерге талдау жасайды және жұмысты жақсарту бойынша уақтылы шаралар қабылдайды; Өзгерістерді дұрыс қабылдауды өзінің үлгі өнегесімен көрсетеді. Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді; Болып жатқан өзгерістерге талдау жасамайды және жұмысты жақсарту бойынша шаралар қабылдамайды; Болып жатқан және күтілмеген өзгерістер кезінде өзін-өзі бақыламайды. E-3 E-4 Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; Оларды енгізудің жаңа бағыттары мен әдістерін үйренеді; Өзгеріс жағдайларында өзін -өзі бақылайды; Өзгеріс жағдайларында тез бейімделеді. Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады; Жаңа бағыттар мен әдістерді зерттеп оларды енгізбейді; Өзгеріс жағдайларында өзін-өзі бақылай алмайды; Өзгеріс жағдайларында бейімделмейді немесе баяу бейімделеді. ӨЗДІГІНЕН ДАМУ E-2; E-3 Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады; Мақсатқа жету үшін өзінің құзыреттерін дамытады және оларды бағыныстыларда дамыту үшін шаралар қабылдайды; Бағыныстылармен олардың құзыреттерін, оның ішінде дамуды қажет ететін құзыреттерді талқылайды. Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды; Мақсатқа жету үшін өзінің және бағыныстыларының құзыреттерін дамытпайды; Бағыныстылармен олардың құзыреттерін талқыламайды. E-3 E-4 Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады; Өзіндігінен дамуға ұмтылады, жаңа ақпараттар мен оны қолданудың әдістерін ізденеді; Тәжірибеде тиімділікті арттыратын жаңа дағдыларды қолданады. Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды; Өзіндігінен дамуға ұмтылмайды, жаңа ақпараттар мен оны қолдану әдістерімен қызықпайды; Өзінде бар дағдылармен шектеледі. АДАЛДЫҚ E-2 E-3 Белгіленгенстандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардыңсақталуынбақылайды; Ұжымныңмүддесінөзмүддесіненжоғарықояды; Жұмыстатабандылықтанытады; Ұжымдағысыйластық пен сенімахуалынқалыптастырады; Бағыныстылардыңіс-әрекетіндешынайылықжәнеәділеттілікпринциптерінсақтаудықамтамасызетеді; Риясыздық, әділдік, адалниеттілік, сондай-ақ, жекетұлғаныңнамысы мен абыройынақұрметтанытаотырып, бағыныстыларыүшінәдептімінез-құлықтыңүлгісіболады. Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді; Өз мүддесін ұжым мүддесінен жоғары қояды; Жұмыста табандылық танытпайды; Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырмайды; Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етпейді; E-3 E-4 Белгіленгенәдептілікнормалары мен стандарттарынасүйенеді; Өзініңжұмысынадалорындайды; Өзінадал, қарапайым, әділұстайды, басқаларғасыпайылықжәнебиязылықтанытады. Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады; Өзінің жұмысын орындау барысында немқұрайлылық білдіреді; Өзін адалсыз, шамданған және басқаларға дөрекілік және менсізбеушілік қасиеттерін танытады; СТРЕССКЕ ОРНЫҚТЫЛЫҚ E-2 E-3 Сынғасабырлықпенқарайдыжәненегіздіболғанжағдайда, кемшіліктердіжоюжөніндешараларқабылдайды. Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. E-3 E-4 Сынғасабырлықпенқарайдыжәненегіздіболғанжағдайда, кемшіліктердіжоюжөніндешараларқабылдайды. Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. ЖАУАПКЕРШІЛІК E-2 E-3 Құрылымдықбөлімшеқызметінұйымдастырудыжекежауапкершілігінеалады. Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. E-3 E-4 Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады. Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады. БАСТАМАШЫЛДЫҚ E-2 E-3 Қызметтиімділігінжоғарылатуғабағытталғанинновациялықтәсілдерінжәнешешімдерінендірубойыншаұсыныстардыталдайдыжәнеенгізеді. Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді. E-3 E-4 Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды. Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды.
Басқа 80
«Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 5-қосымша Нысан «БЕКІТЕМІН» Лауазымды тұлға ________________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні _________________________ қолы _________________________ Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы ____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) ____________________________________________________________________ (бағалау мерзіміжыл) Бағалаунәтижелері № р/с Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Бағалаунәтижелерітуралымәлімет Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда) Комиссияныңұсыныстары 1. 2. ... Комиссия қорытындысы: ____________________________________________________________________ Тексерілді: Комиссияныңхатшысы: ___________________________ Күні: _____________ (тегі, аты-жөні, қолы) Комиссияның төрағасы: ____________________________ Күні: ____________ (тегі, аты-жөні, қолы) Комиссияның мүшесі: _____________________________ Күні: _____________ (тегі, аты-жөні, қолы)