О повышении базовых ставок земельного налога Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабы  5-тармағына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Мәслихаттың 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 13 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есеге жоғарылату туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6335 тіркелген, 2016 жылғы 19 мамырда «Арна» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қостанай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы _______________________ Ж. Бисекеев «15» наурыз 2018 жыл «КЕЛІСІЛДІ» Қостанай ауданы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы _________________ М. Темирбаев «15» наурыз 2018 жыл