О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Байганинскому району Күшін жойған
Басқа 0
Байғанин ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 509 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Байғанин ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Байғанин аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Байғанин аудандық мәслихатының «Байғанин ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 10 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4870 санымен тіркелген, 2016 жылғы 6 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;
Тармақша 2
2) Байғанин аудандық мәслихатының «Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 10 «Байғанин ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 52 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5206 санымен тіркелген, 2017 жылғы 19 қаңтарда «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешімі.
Тармақ 3
3. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Байғанин аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы шешімді Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.