О создании областной Комиссии по борьбе с браконьерством и преступными посягательствами на рыбные запасы Күшін жойған
Басқа 0
Браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күресу жөнiнде облыстық комиссия құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 10.04.2003 № 186 қаулысымен.
ҚР Атырау облысы Әділет департаментінің 2006 жылғы 18 қазан 3-3333/06 хатынан үзінді:
Атырау облыстық Әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы өділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
қосымша 2 бетте.
АОӘД бастығы
қосымша:
1) Атырау облыстық әкімиятының 2002 жылғы 27 наурыздағы № 138
"Браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күресу жөнiнде облыстық комиссия құру туралы" қаулысы (Атырау облыстық Әділет департаментінде 2002 жылғы 23 сәуірдегі N 935 тіркелді)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 20 сәуiрдегi № 377 "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" Жарлығының және облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 17 қаңтардағы N 25 "2001-2002 жылдарға арналған қылмыстылықпен күресудiң облыстық бағдарламасын және оны жүзеге асырудың iс-шаралар жоспарын бекiту туралы", атқарушы, құқық қорғау және басқа мүдделi мемлекеттiк органдар қызметiн үйлестiрудi жақсарту, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып, облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күресу жөнiнде облыстық комиссия құрылсын (iлгерi қарай - Комиссия).
Тармақ 2
2. Комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Комиссияның құрамы бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 4
4. Комиссияның жұмысшы органы болып ауыл және балық шаруашылығы
департаментiнiң балық бөлiмi белгіленсін.
Тармақ 5
5. Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 22 тамыздағы N 280 "Браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күресу жөнiнде облыстық Комиссия құру туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Қ.Ищановқа жүктелсiн.
Басқа 7
Облыс әкiмиятының
2002 жылғы 27 наурыздағы
№ 138 қаулысына № 1 қосымша
Браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен
күресу жөнiндегi облыстық Комиссия туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы мәлiметтер
1. Жалпы мәлiметтер
Тармақ 1.1
1.1. Браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күресу жөнiндегi облыстық Комиссия (iлгерi қарай-Комиссия) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады және атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдардың жануарлар әлемiн қорғау және пайдалану, сонымен бiрге браконьерлiкпен күрестi ұйымдастыру мәселелерi бойынша қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi қамтамасыз ету үшiн құрылған.
Тармақ 1.2
1.2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасы Конституциясына және заңдарына, ел Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, облыс әкiмi шешiмдерi мен өкiмдерiне, сонымен бiрге осы ережеге сәйкес жүзеге асырады. Комиссия құрамын облыс әкiмияты белгiлейдi және бекiтедi.
Тарау 2. 2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
Тармақ 2.1
2.1. Комиссияның негiзгi мiндеттерi болып табылады:
Тармақша 1
1) атқарушы, құқық қорғау, табиғат қорғау және облыстық басқа мемлекеттiк органдардың браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күресiн ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiру қызметiн қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) облыстағы браконьерлiкпен күрестiң қылмыстық жағдайын талдау, браконьерлiкпен күрестi күшейту жөнiндегi жоспарлар мен iс-шараларды қарау және бекiту;
Тармақша 3
3) iшкi iстер, прокуратура, балық қорғау, Ұлттық қауiпсiздiк, салық және кеден қызметi, қаржы полициясы органдарының браконьерлiкпен күресу жөнiндегi қызметiн қорытындылау;
Тармақша 4
4) Браконьерлiкпен күресу мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңдарының, ел Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, облыс әкiмi шешiмдерi мен әкiмдерiнiң, облыс әкiмияты қаулыларының атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдарының атқару жағдайын зерделеу;
Тармақша 5
5) атқарушы, құқық қорғау, табиғат қорғау және басқа мемлекеттiк органдарға жануарлар әлемi қорғау және пайдалану, браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрестi ұйымдастыру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар дайындау.
Тарау 3. 3. Комиссияның функциялары
3. Комиссияның функциялары
Тармақ 3.1
3.1. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Комиссия мәжiлiстерiнде облыстық атқарушы, құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының браконьерлiкпен күрестi ұйымдастыру жөнiн қарайды;
Тармақша 2
2) атқарушы, құқық қорғау, табиғат қорғау және басқа мемлекеттiк органдар басшыларының браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрестi ұйымдастыру жөнiндегi есептерiн тыңдайды;
Тармақша 3
3) браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрестiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде нұсқаулықтар әзiрлейдi;
Тармақша 4
4) Орал-Каспий су айдынындағы кемелер мен шығын мөлшердегi флот қозғалысының тәртiбiн дайындайды;
Тармақша 5
5) Комиссия құзыретiне жататын басқа функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Комиссияның өкiлеттiктерi
4. Комиссияның өкiлеттiктерi
Тармақ 4.1
4.1. Негiзгi мiндеттерi мен өз функцияларын жүзеге асыру кезiнде Комиссияның мынадай құқықтары бар:
Тармақша 1
1) атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдардан жұмыс үшiн қажеттi ақпараттар, құжаттар және материалдар сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) балық ресурстарын қорғау және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрестi ұйымдастыру жөнiндегi ұсыныстар әзiрлеуге;
Тармақша 3
3) құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдар қызметкерлерiн Комиссия мәжiлiсiнде қарауға материалдар дайындауға қатыстыруға.
Тарау 5. 5. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
5. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 5.1
5.1. Комиссия жоспарға сәйкес жұмыс iстейдi. Комиссия мәжiлiстерi қажет болған жағдайда, бiрақ тоқсанына бiр реттен кем емес жиiлiкте өткiзiледi.
Комиссия мәжiлiстерi төрағаның, болмаса оның тапсырмасымен мүшелерiнiң бiрiнiң басшылығымен өткiзiледi.
Тармақ 5.2
5.2. Мәжiлiс Комиссия мүшелерiнiң жартысынан астамы қатысқан жағдайда заңды болып есептеледi.
Тармақ 5.3
5.3. Комиссия шешiмдерi қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады, олар хаттамамен ресiмделедi және оны Төраға бекiтедi.
Басқа 34
Облыс әкiмиятының
2002 жылғы 27 наурыздағы
№ 138 қаулысына № 2 қосымша
Браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен
күресу жөнiндегi облыстық комиссия ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы;
Тармақ 2
2. Исабеков Ақжiгiт Қалтайұлы - Атырау облысы бойынша Ұлттық қауiпсiздiк комитетi департаментiнiң бастығы, төрағасының орынбасары (келiсiмi бойынша);
Тармақ 3
3. Хайдар Халмұрат Саламатұлы - Атырау облысы iшкi iстер басқармасының бастығы, төрағасының орынбасары;
Тармақ 4
4. Қадимов Ерболат Латипұлы - ауыл және балық шаруашылығы департаментi директорының орынбасары, комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелерi:
Тармақ 5
5. Ақботин Әдiлхан Мұғалимұлы - биоресурстарды қорғау жөнiндегi Солтүстiк Каспий аймақтық мекемесiнiң бастығы;
Тармақ 6
6. Арыстанов Қадыржан Бақтығалиұлы - Атырау облысы бойынша ауыл және балық шаруашылығы департаментiнiң директоры;
Тармақ 7
7. Әлиев Асқар Асылханұлы - Атырау облысы бойынша қаржы полициясының бастығы (келiсiмi бойынша);
Тармақ 8
8. Дүйсебаев Сержан Дәмебайұлы - Атырау облысы бойынша кеден басқармасының бастығы;
Тармақ 9
9. Жарылғасов Әспенби Жолдасұлы - облыс әкiмi аппараты басшысының орынбасары, мемлекеттiк-құқықтық және әскери-жұмылдыру бөлiмiнiң меңгерушiсi;
Тармақ 10
10. Жөргенбаев Мұхтар Әкебайұлы - Атырау облысының прокуроры (келiсiмi бойынша);
Тармақ 11
11. Көжеғалиев Роберт Халитұлы - Атырау шекара отрядының командирi;
Тармақ 12
12. Көргенов Махмұд Көргенұлы - ерекше күзетiлетiн аймақтардың жануарлар және өсiмдiк әлемiн мемлекеттiк бақылау, қорғау, ұдайы өндiру және тиiмдi пайдалану басқармасының бастығы;
Тармақ 13
13. Таубаев Бақтыбек Жұбандықұлы - Атырау облысы бойынша орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқарма бастығы;