О повышении базовых ставок земельного налога на земли сельскохозяйственного назначения Жаксынского района, не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жақсы ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жақсы ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне, жер салығының базалық мөлшерлемелері он есе арттырылсын.
Тармақ 2
2. Жақсы аудандық мәслихатының «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жақсы ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» 2016 жылғы 17 тамыздағы № 6С-6-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5537 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қыркүйектегі «Жақсы жаршысы» аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Жақсы ауданының әкімі ___________________ Қ. Сүйіндіков 2018 жыл «16» 03 Казақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жақсы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы _____________ Т. Коваленко 2018 жыл «16» 03