Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Павлодара Күшін жойған
Басқа 0
Сот шешімімен Павлодар қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Павлодар қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар қалалық мәслихатының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығының сұрақтары бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Сот шешімімен Павлодар қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Павлодар қалалық мәслихатының
2018 жылғы 29 наурыздағы
№ 239/34 шешімімен бекітілді
Сот шешімімен Павлодар қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сот шешімімен Павлодар қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі - қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қалдықтарды басқару - бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
Тармақ 4
4. Иесіз қалдықтарды басқару «Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады (бұдан әрі - Бөлім).
Тармақ 5
5. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы орган мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдерінен және депутаттардан комиссия құрады (бұдан әрі - Комиссия).
Тарау 2. 2-тарау. Сот шешімімен коммуналдық меншікке
түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
2-тарау. Сот шешімімен коммуналдық меншікке
түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
Тармақ 6
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негіздер бойынша «Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалары», 2007 жылғы 31 мамырдағы № 169-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 2 шілдеде № 4775 тіркелген) қалдықтар Сыныптамасына сәйкес атқарылады.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен Коммиссияның ұсыныстарымен талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру Бөліммен жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан, жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сейкес жүргізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ережелер
3-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 10
10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.