Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Аулиекольского районного маслихата» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мәслихаттың 2017 жылғы 23 ақпандағы № 94 «Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6960 тіркелген, 2017 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Әулиекөл аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Мәслихаттың 2018 жылғы 15 наурыздағы № 187 шешімімен бекітілген «Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) сәйкес әзірленді және «Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға;
Тармақша 2
2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;
Тармақша 3
3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, саяси мемлекеттік қызметшінің меморандумына/ «А» корпусы қызметшісінің келісіміне немесе «Б» корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;
Тармақша 4
4) жеке жұмыс жоспары – «Б» корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын және жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;
Тармақша 5
5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;
Тармақша 6
6) мінез-құлық индикаторы – «Б» корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы.
Тармақ 3
3. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
Тармақ 4
4. Нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді. Бағалауды өткізу кезінде «Б» корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іс-сапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.
Тармақ 5
5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі - уәкілетті тұлға) «Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі – ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі) оның жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады. Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады. Комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.
Тармақ 6
6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) НМИ жетістіктерін бағалау;
Тармақша 2
2) «Б» корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.
Тармақ 7
7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату бойынша шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады. Құзыреттерді бағалау нәтижелері «Б» корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамыту бойынша шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.
Тармақ 8
8. Бағалауға байланысты құжаттар ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінде бағалау аяқталған күнінен бастап үш жыл бойы сақталады.
Тарау 2. 2-тарау. НМИ анықтау тәртібі
2-тарау. НМИ анықтау тәртібі
Тармақ 9
9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің НМИ тікелей басшымен жеке жұмыс жоспарында Үлгілік әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.
Тармақ 10
10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
Тармақ 11
11. Егер «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.
Тармақ 12
12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады. Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. НМИ:
Тармақша 1
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
Тармақша 2
2) өлшемді (НМИ жетістігін өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
Тармақша 3
3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
Тармақша 4
4) уақытпен шектеулі (НМИ бағалау кезеңінде қол жеткізу мерзімі белгіленеді);
Тармақша 5
5) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған болуы тиіс.
Тармақ 14
14. НМИ саны 5 құрайды.
Тармақ 15
15. Жеке жұмыс жоспары ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінде сақталады.
Тарау 3. 3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
Тармақ 16
16. Жеке жұмыс жоспарында қарастырылған НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді. Тоқсан сайынғы мониторинг қорытындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісіне НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.
Тармақ 17
17. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы Үлгілік әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
Тармақ 18
18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады: НМИ барлығы орындалған жағдайда «өте жақсы» баға қойылады; НМИ санының 5-тен 4-і орындалған жағдайда «тиімді» баға қойылады; НМИ санының 5-тен 3-і орындалған жағдайда «қанағаттанарлық» баға қойылады; НМИ санының 5-тен 3-нен азы орындалған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» баға қойылады; НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
Тармақ 19
19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
Тармақ 20
20. Егер «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.
Тармақ 21
21. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:
Тармақша 1
1) бағалаумен келісу;
Тармақша 2
2) түзетуге жіберу.
Тармақ 22
22. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.
Тармақ 23
23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдаған күнінен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
Тарау 4. 4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі
4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі
Тармақ 25
25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша Үлгілік әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.
Тармақ 26
26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша «Б» корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін Үлгілік әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикаторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны оннан аспайды.
Тармақ 27
27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикаторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:
Тармақша 1
1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4 немесе одан көбі байқалған жағдайда «күтілген нәтижеге сәйкес» бағасы қойылады;
Тармақша 2
2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, аталған нақты бағаланатын құзырет бойынша «күтілген нәтижеге сәйкес емес» бағасы қойылады.
Тармақ 28
28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
Тарау 5. 5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
Тармақ 29
29. Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні бұрын бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 30
30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
Тармақ 31
31. Комиссияның төрағасын немесе болмаған мүшесін алмастыру Комиссияны құру туралы өкімге өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тармақ 33
33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 34
34. Комиссияның хатшысы ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 35
35. Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге сәйкес Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 36
36. Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) толтырылған бағалау парақтарын;
Тармақша 2
2) Үлгілік әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын;
Тармақ 37
37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
Тармақша 2
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
Тармақ 38
38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетеді және оны хаттаманың «Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)» графасында көрсетеді.
Тармақ 39
39. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және Үлгілік әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамасында белгіленеді.
Тармақ 40
40. Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
Тармақ 41
41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылады.
Тармақ 42
42. «Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімімен «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесі мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолданады.
Тармақ 43
43. «Б» корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;
Тармақша 2
2) «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.
Тармақ 44
44. «Б» корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.