Об утверждении Методики определения объемов субсидирования расходов перевозчиков, связанных с осуществлением железнодорожных пассажирских перевозок Күшін жойған
Басқа 0
Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау Әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 1114 «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмдi бекiту туралы» қаулысына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау Әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.Т. Төленбергеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы 29 наурыз
№ 154 қаулысымен
бектілген
Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау Әдістемесі
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау Әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 1114 «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмдi бекiту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11541 болып тіркелген бұйрығына сәйкес әзірленді және экономикалық маңыздылық принциптері мен тасымалдауды жүзеге асырған кезде пайда болатын шығыстарды өтеуге арналған теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдауын субсидиялау көлемін есептеу тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Әдістемені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) теміржол қатынастары бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түскен кірістер – теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдаудан түскен ақшалай түсімдер;
Тармақша 2
2) вагонның жүрісі – вагондар санының жөнелтілу станциясынан межелі станцияға дейін және кері қарай тасымалдау қашықтығына (километр мөлшерімен) көбейтінді ретінде есептелетін вагон-километрде өлшенетін көрсеткіш;
Тармақша 3
3) жолаушылар айналымы – жолаушылар тасымалдарының көлемін жолаушы-километрде көрсететін көрсеткіш, жолаушылар санының тасымалдау қашықтығына көбейтіндісі ретінде есептеледі;
Тармақша 4
4) жол жүрудің орташа ұзақтығы – жолаушы-километрдің жөнелтілген жолаушылар санына қатынасымен анықталады;
Тармақша 5
5) өзге де қызметтер – тасымалдаушының жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдауға байланысты емес өзге де қызметтерді көрсетуі;
Тармақ 3
3. Әдістеме Ақтөбе облысы әкімдігі теміржол көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға уәкілеттік берілген атқарушы органмен (бұдан әрі – атқарушы орган) конкурсқа қойылған әрбір теміржол қатынасы бойынша субсидиялардың қажетті көлемін айқындау үшін қолданылады.
Бөлім 2. 2. Есептердің негіздемелері
2. Есептердің негіздемелері
Тармақ 4
4. Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер тасымалдаушылар орындайтын мынадай бір топ операциялардан құралады:
Тармақша 1
1) жолаушыларға қызмет көрсету бойынша (жолаушыларға қызмет көрсетумен айналысатын персоналды ұстау, анықтамалық-ақпараттық қызметтер құны);
Тармақша 2
2) жолаушылар үшін вокзалдар қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер: тасымалдау қызметтерімен байланысты өндірістік ғимараттарға, құрылыстарға және жолаушылар шаруашылығы жабдығына қызмет көрсету бойынша;
Тармақша 3
3) жолаушылар шаруашылығының өндірістік негізгі құралдарының амортизациясы (тозуы);
Тармақша 4
4) жолаушылар шаруашылығының өндірістік негізгі құралдарын күрделі жөндеу;
Тармақша 5
5) жолаушылар шаруашылығының өндірістік ғимараттарын, құрылыстарын, жабдықтарын және мүкәммалын ағымдағы жөндеу;
Тармақша 6
6) жолаушылар поездарындағы вагондарға қызмет көрсету бойынша;
Тармақша 7
7) жолаушылар поездарындағы вагондарға қызмет көрсету бойынша: басқалары (жолсеріктердің еңбекақысы, әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар);
Тармақша 8
8) жолаушылар вагондарын сумен және отынмен жабдықтау бойынша;
Тармақша 9
9) биоәжетханаларды ассенизаторлық тазарту бойынша;
Тармақша 10
10) жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге тікелей іске қосылған активтердің амортизациялық аударымдары;
Тармақша 11
11) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі – ТМД) қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі кеңесінің 2009 жылғы 21-22 мамырдағы № 50 хаттамалық шешімімен бекітілген Қолданыстағы вагондарға техникалық қызмет көрсету нұсқаулығында (бұдан әрі – Вагондарға техникалық қызмет көрсету нұсқаулығы) белгіленген көлемдерде жеке жылжымалы құрамды деполық және күрделі жөндеу бойынша;
Тармақша 12
12) Вагондарға техникалық қызмет көрсету нұсқаулығымен белгіленген көлемдерде жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және ағытпа жөндеулер бойынша;
Тармақша 13
13) төсек-орын керек-жарақтарын және жұмсақ жиналмалы мүкәммалды жуу, жөндеу және дезинфекциялау бойынша;
Тармақша 14
14) жолаушылар вагондары үшін мүкәммал мен жабдықтарды сатып алу және күтіп- ұстау бойынша;
Тармақша 15
15) вагондарды төсек-орын керек-жарақтарымен, жұмсақ және басқа да мүкәммалмен жабдықтау бойынша;
Тармақша 16
16) жалпы жол шығыстары (Қазақстан Республикасы аумағы шегінде магистралдық теміржол желісі қызметтері және локомотивті тартым, жалға алынған вагондар үшін жалдау ақысы);
Тармақша 17
17) электр секциялар және дизельді поездар жұмысы бойынша;
Тармақша 18
18) электр секциялар мен дизельді поездарды рейске дайындау және алып жүру бойынша;
Тармақша 19
19) электр секциялар және дизельді поездардың амортизациясы (тозуы);
Тармақша 20
20) пайдаланудағы вагондарға техникалық қызмет көрсету нұсқаулығымен белгіленген көлемдерде электр секцияларды және дизельді поездарды күрделі жөндеу бойынша;
Тармақша 21
21) пайдаланудағы вагондарға техникалық қызмет көрсету нұсқаулығымен белгіленген көлемдерде электр секциялар және дизельді поездарға техникалық қызмет көрсету бойынша.
Бөлім 3. 3. Пайдалану көрсеткіштерінің көлемін айқындау
3. Пайдалану көрсеткіштерінің көлемін айқындау
Тармақ 5
5. Жолаушылар тасымалын жүзеге асыру жөніндегі қызметтер көлемі мынадай көрсеткіштермен сипатталады: тасымалданған жолаушылар саны, жолаушылар айналымы, магистральдық теміржолдар бойынша вагондардың жүрісі.
Вагон жүрісін есептеу мынадай құрамдастардан жүргізіледі:
Тармақша 1
1) жолаушылар поезының барлық жүру жолындағы және Қазақстан Республикасының шекарасындағы қатынау маршрутының қашықтығы (поездар қозғалысының кестесі бойынша анықталады);
Тармақша 2
2) жолаушылар (халық) тасымалын талдау негізінде анықталатын құрамдағы вагондар саны;
Вагондар жүрісін есептеу вагондардың түрлері бойынша бөлінеді.
Тармақ 6
6. Жолаушылар поезы вагондарының жүрісінің болжамды көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
Vваг-км.=2S*Nваг.*Nрейс
мұндағы:
Vваг-км. – жолаушылар поезы вагондарының жүрісінің болжамды көлемі;
2S–бару және қайту қашықтығы, км;
Nваг – құрамдағы вагондар саны;
Nрейс – жоспарлы кезеңіндегі поезд қатынауларының кезеңділігі.
Болжамды жолаушылар айналымын есептеу вагондардың жүріс сомасын теміржол көлігінің даму бағдарламасы бойынша жоспарлы өсуін есепке ала отырып, алдыңғы жыл бойынша орташа жолаушылар санына көбейтумен анықталады:
Vпасс/км=Vваг.км*p
мұндағы:
Vжол/км – болжамды жолаушылар айналымы, жолаушылар-километр;
p – алдыңғы жыл бойынша орташа жолаушылар саны.
Жолаушылар айналымы вагондар түрі бойынша жоспарланады. Жоспарланатын кезеңге орташа жолаушылар саны мынаны ескере отырып есептеледі:
Тармақша 1
1) егер де өткен кезеңнің талдауы бойынша барлық жүру жолында жолаушылар поезы вагонының 50% толуынан орташа жолаушылар саны асатын болса, жоспарланатын жолаушылар айналымын анықтау үшін вагонның толуы өткен кезең бойынша нақты орташа жолаушыларды негізге ала отырып, бірақ теміржол көлігін дамыту бағдарламаларына сәйкес жолаушылар тасымалының жоспарланатын өсуін ескере отырып, кемінде 60% белгіленеді;
Тармақша 2
2) егер де өткен кезеңнің талдауы бойынша барлық жүру жолында жолаушылар поезы вагонының 50% толуынан орташа жолаушылар саны аспайтын болса, жоспарланатын жолаушылар айналымын анықтау үшін вагонның толуы өткен кезең бойынша нақты орташа жолаушыларды негізге ала отырып, бірақ теміржол көлігін дамыту бағдарламаларына сәйкес жолаушылар тасымалының жоспарланатын өсуін ескере отырып, кемінде 20% белгіленеді;
Тармақша 3
3) егер де өткен кезеңнің талдауы бойынша барлық жүру жолында электрдизель поезының вагон 35% толуынан орташа жолаушылар саны аспайтын болса, жоспарланатын жолаушылар айналымын анықтау үшін вагонның толуы өткен кезең бойынша нақты орташа жолаушыларды негізге ала отырып, бірақ теміржол көлігін дамыту бағдарламаларына сәйкес жолаушылар тасымалының жоспарланатын өсуін ескере отырып, кемінде 10% белгіленеді.
Жоспарланатын жолаушылар айналымын және «тасымалданған жолаушылар» көрсеткішін есептеу кезінде пайдаланылатын өткен кезең бойынша нақты деректердің көзі (елдің жиілігі, жолаушылар айналымы, орташа қашықтығы) Ұлттық инфрақұрылым операторы құжатының деректері болып табылады.
«Тасымалданған жолаушылар» көрсеткіші мынадай формула бойынша анықталады:
Vтасым.=Vжол/км/Sорт.қаш.
мұндағы:
Vтасым. – тасымалданған жолаушылар саны;
Vжол/км – болжамды жолаушылар айналымы;
Sорт.қаш. – алдыңғы жыл бойынша жолаушының жол жүруінің орташа қашықтығы.
Бөлім 4. 4. Тасымалдаушының кірістері мен шығыстарын қалыптастыру
4. Тасымалдаушының кірістері мен шығыстарын қалыптастыру
Тармақ 7
7. Тасымалдаушының кірісі жолаушыларды тасымалдаудан алдағы кезеңдегі ақшалай түсімдер сомасынан, тиісті вагонның, поездың түрі бойынша поезда жолаушылар тасымалдаудан түскен кірістері сомасының 1% құрайтын өзге қызметтерден түсетін қосымша кірістерден құралады және мынадай формула бойынша анықталады:
Dтасым=Dжүру+Dқос.кіріс
мұндағы:
D тасым = жолаушыларды тасымалдау кірістері;
D жүру = тиісті вагонның, поездың түрі бойынша поезда жолаушылар тасымалдаудан түскен кірістер сомасы;
D қос.кіріс = жоспарлы кезеңге тиісті вагонның, поездың түрі бойынша жолаушылар тасымалдаудан түскен кірістер сомасының 1% құрайтын басқа қызметтерден түсетін қосымша кірістер;
Кіріс түсімдерінің қалыптасуы вагондардың түрлеріне, поездың санатына, қатынастың түріне, жол жүру қашықтығына, тасымалданған жолаушылар және жолаушылар айналымының мөлшеріне байланысты. Жолаушылар және жүрдек поездарында жолаушыларды тасымалдаудан түскен кіріс (жол жүру құны) билет және плацкарт бөлігінен тұрады.
Жолаушыларды белгілі бір бағыт және вагондардың түрлері бойынша тасымалдаудан түскен кірісті есептеу мына формула бойынша анықталады:
Dжол жүру=[(Di-1жол жүру/kққс)/VW i-1жол/км]*VQiжол/км
мұндағы:
D жол жүру – вагонның, поездың тиісті түріндегі поезд бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түскен кірістер сомасы;
Di-1жүру – алдыңғы кезең үшін «Экспресс-3» автоматтандырылған басқару жүйесінің деректері бойынша поездың, вагонның тиісті түрінің барлық жүру жолында плацкарт бойынша және Қазақстан Республикасының шекарасында билеттер бойынша кіріс түсімдерінің сомасы;
VWi-1 жол/км – алдыңғы кезең үшін поездың, вагонның тиісті түрінің Қазақстан Республикасы шекарасындағы жолаушылар айналымының сомасы;
VQ жол/км – жоспарланған кезеңдегі поездың, вагонның тиісті түрінің Қазақстан Республикасы шекарасындағы жолаушылар айналымының сомасы;
kққс – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосымша құнға салық коэффициенті.
Жаңа поезд тағайындалған кезде жолаушылар тасымалының жоспарлы көлемін және жолаушылар айналымын анықтау үшін:
«тасымалдаудың орташа қашықтығы» көрсеткіші тасымалдау жолы ұзақтығының жартысы ретінде анықталады;
«жолаушылар саны» көрсеткіші жоспарланатын құрамдылығына сәйкес ұсынылатын орындар санынан 50% толуы ретінде анықталады.
Жаңа поезд тағайындалған кезде жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістерді есептеу жолаушының жол жүруінің орташа қашықтығы арқылы анықталады:
D жүру=[(Pжүру/kққс)*Vi тасымал/VW i жол/км]*VQ iжол/км
мұндағы:
D жүру – вагонның, поездың тиісті түріндегі поезд бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түскен кірістер сомасы;
P жүру – вагонның тиісті түрінде жолаушыларды тасымалдаудың орташа алыстығына байланысты белгіленген Қазақстан Республикасының шекарасындағы билет бойынша жүрудің орташа құны;
Vi тасымал – жоспарланған кезеңге поездың, вагонның тиісті түрінде Қазақстан Республикасының шекарасында тасымалданған жолаушылардың саны;
VWi жол/км – алдыңғы кезеңдегі поездың, вагонның тиісті түрінде Қазақстан Республикасының шекарасында тасымалданған жолаушылар айналымы сомасы;
VQ i жол/км – жоспарланған кезеңге поездың, вагонның тиісті түрінің Қазақстан Республикасы шекарасындағы жолаушылар айналымы сомасы.
Қосымша құнға салық бойынша дебеттік сальдо кіріс болып танылады.
Тармақ 8
8. Шығыстарды қалыптастыру тәртібі өндірістік-технологиялық факторларды ескере отырып жолаушы поезының әрбір маршрутына жүргізіледі:
R тасымалдаушының = R мтж+ Rлок + R вагонды жалға алу + R жолауш.тас.
мұндағы:
R тасымалдаушының – толық өзіндік құнына енгізілген тасымалдаушының шығысы;
R мтж – магистральдық теміржол желісін пайдалану қызметі үшін шығыстар;
R лок – локомотивпен тартуды ұсыну қызметі үшін шығыстар;
R вагонды жалға алу – вагондарды жалға алуды ұсыну қызметі үшін шығыстар;
R жолауш.тас – кезең шығыстарын қоса алғандағы жолаушыларды тасымалдаумен байланысты тасымалдаушының шығыстары.
Бөлім 5. 5. Орнын толтыратын шығыстарды анықтау
5. Орнын толтыратын шығыстарды анықтау
Тармақ 9
9. Субсидиялау көлемі осы Әдістемеде көрсетілген теміржол қатынастары бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырумен байланысты кірістер мен шығыстардың айырмашылық жолымен есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлінген субсидияларды қоса есептегенде тасымалдаушының шығындарын өтемеген жағдайда субсидиялау көлемі тиісті кезеңдегі бюджеттің тиісті деңгейін бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес магистралдық теміржол желісі қызметтерінің тарифіне уақытша төмендету коэффициенті есебімен кірістер мен шығыстарының айырмашылығы жолымен есептеледі.