Об определении перечня приоритетных направлений расходов бюджета района Биржан сал Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Біржан сал ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының қаржы Министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген бюджеттің атқарылуы және оғанкассалық қызмет көрсету ережесінің 213 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Біржан сал ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
Тармақ 2
2. «Еңбекшілдер ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы» Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 қазандағы № а-10/228 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 5596 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 02 желтоқсанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аталған мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Біржан сал ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының ТІЗБЕСІ
Біржан сал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы « 28 » 03 № а-3/127 қаулысына қосымша Біржан сал ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысын және жалақыдан барлық ұстап қалулар;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген ақшалай өтемақылар;
Тармақ 3
3. Алименттерді, міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, жәрдемақыларды және басқа әлеуметтік төлемдер;
Тармақ 4
4. Банктік қызмет ақысын төлеу, борыштық міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету жөніндегі төлемдер, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
Тармақ 5
5. Отын (ғимараттарды жылыту бөлігінде), тамақтануды ұйымдастыру, тамақ өнімдерін және дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша қызметтерді сатып алу үшін шығындар;
Тармақ 6
6. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау;
Тармақ 7
7. Мақсатты трансферттер есебінен жасалатын шығындар және жоғары тұрған бюджеттен бюджеттік несиелер.