Об утверждении Правил ежедневной электронной отчетности юридических лиц, обладающих лицензией на осуществление деятельности по инвестиционному управлению пенсионными активами Күшін жойған
Басқа 0
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалардың күнделікті электрондық есеп беру ережесін бекіту туралы
Ескерту: Қаулының атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 147 қаулысымен .
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің сақталуын және жай-күйіне оперативті бақылау жасалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалардың күнделікті электрондық есеп беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 147 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар осы қаулы күшіне енген күннен бастап алпыс күн өткеннен кейін жоғарыда аталған Ережеге сәйкес күнделікті электрондық есеп беріп отыруға міндетті.
Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 147 қаулысымен .
Тармақ 3
3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар осы қаулы күшіне енген күннен бастап отыз күн ішінде күнделікті электрондық есептің жоғарыда көрсетілген Ережеге сәйкес үздіксіз, толық және шынайы берілуі мақсатында өздерінің бағдарламалық-техникалық кешендерін жетілдіруге міндетті.
Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 147 қаулысымен .
Тармақ 4
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының өзін-өзі басқаратын ұйымдарына, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамына және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетіне жіберсін.
Тармақ 6. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалардың күнделікті электрондық есеп беру ережесі
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
"Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензиясы бар заңды
тұлғалардың күнделікті
электрондық есеп беру ережесін
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 26 наурыздағы
N 98 қаулысымен бекітілген
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалардың күнделікті электрондық есеп беру ережесі
Ескерту: Ереженің атауы өзгертілді және барлық мәтiн бойынша "компания", "компанияның", "компаниялар", "компанияға", "компанияларға", "компанияны" деген сөздер "ұйым", "ұйымның", "ұйымдар", "ұйымға", "ұйымдарға", "ұйымды" деген сөздермен,
"Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктi", "Ұлттық Банкке", "Ұлттық Банкте", "Ұлттық Банктiң" деген сөздер "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органды", "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi органда", "уәкiлетті органның" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 147 қаулысымен .
Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің сақталысын және жай-күйіне жедел бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалардың күнделікті электрондық есеп беру тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде пайдаланылған ұғымдар мынаны білдіреді:
Тармақша 1
1) ұйым - зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға;
Тармақша 2
2) алынып тасталды ;
Тармақша 3
3) есеп беру - ұйымның зейнетақы активтерінің жай-күйі туралы, үлгі нысандардан тұратын күнделікті электрондық есеп беруі;
Тармақша 4
4) меншікті бағдарламалық қамтамасыз ету - үлгі нысандардың дұрыстығын тексеру жөнінде ұйым әзірлеген бағдарлама;
Тармақша 5
5) арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету - анықтамалық және ұйымға уәкiлеттi орган беретін үлгі нысандарды толтыру жөніндегі бағдарлама;
Тармақша 6
6) анықтамалық - үлгі нысандарды толтыру кезінде ұйымдар пайдаланатын электрондық деректер базасы;
Тармақша 7
7) үлгі нысандар - ұйымның зейнетақы активтерінің жай-күйі туралы, осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жасалған күнделікті электрондық есеп беру нысандары;
Тармақша 8
8) уәкiлеттi орган - жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалардың, кастодиан - банктердiң, сақтандыру ұйымдарының қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Ескерту: 1-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 147 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Ұйым өткен жұмыс күніндегі есепті келесі жұмыс күні Алматы уақыты бойынша сағат 15.00-ден кешіктірмей электрондық почтамен уәкiлеттi органға жібереді.
Айрықша жағдайларда, есепті электрондық почтамен жіберуге мүмкіндік болмаған кезде оның толтырылған үлгі нысандары уәкiлеттi органға қағазға басылып ұсынылады. Мұндайда толтырылған әрбір үлгі нысанға ұйымның бірінші басшысы және бас бухгалтері қол қоюы және ұйым мөрінің таңбасымен расталуы тиіс. Толтырылған үлгі нысандар қағазға басылып ұсынылған кезде ұйым оларды кейіннен электрондық почта арқылы жіберілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Уәкiлеттi орган ұйымды:
Тармақша 1
1) есеп жіберілетін электрондық почтаның мекен-жайларымен;
Тармақша 2
2) анықтамалықпен;
Тармақша 3
3) барлық ұйымдар үшін бірыңғай, үлгі нысандарды толтырған және есепті жөнелткен кезде пайдаланылатын арнайы бағдарламалық қамтамасыз етумен және тиісті техникалық құжаттамалармен;
Тармақша 4
4) үлгі нысандарды толтыру және есепті жөнелту жөніндегі әдістемелік ұсыныстамалармен (осы Ереженің 2-қосымшасы) қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Уәкiлеттi орган ұйымнан алынған есептегі ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Үлгі нысандарды толтыру және есепті жөнелту тәртібі
2-тарау. Үлгі нысандарды толтыру және есепті жөнелту тәртібі
Тармақ 5
5. Анықтамалыққа қол жеткізу және есепті беру үшін ұйым уәкiлеттi органнан пайдаланушының атын (пайдаланушылардың аттарын) және парольді (парольдерді) алуы тиіс, бұлар ұйымның бірінші басшысы қол қойған және мөрінің таңбасымен расталған ұйымның жазбаша өтініші бойынша кез келген уақытта өзгертілуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Ұйым үлгі нысандарды толтыру алдында уәкiлеттi орган қалыптастырған және электрондық пошта арқылы ұйымға берген анықтамалықты жаңартады.
Тармақ 7
7. Анықтамалықты жаңартқаннан кейін ұйым Уәкiлеттi органнан алынған нұсқауға және әдістемелік ұсыныстамаларға сәйкес үлгі нысандарды толтырады. Мұндайда:
Тармақша 1
1) үлгі нысандар әрбір жекелеген жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша толтырылады;
Тармақша 2
2) үлгі нысандардың жолдары анықтамалыққа сілтеме жасала отырып анықтамалықтан алынған мәліметтермен ғана толтырылады;
Тармақша 3
3) зейнетақы активтерінің әрбір жеке қозғалысы үлгі нысанның жеке жолында көрсетілуі тиіс.
Тармақ 8
8. Үлгі нысандарды толтыру аяқталғаннан кейін ұйым оларды өзінің бағдарламалық қамтамасыз етуін және/немесе уәкiлеттi органнан алынған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып тексереді. Үлгі нысандарды тексеру аяқталғаннан кейін ұйым есепті уәкiлеттi органға береді.
Тармақ 9. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың күнделікті электрондық есеп беру үлгі нысандарының тізбесі және мазмұны
9. Кейіннен (есеп уәкiлеттi органға берілгеннен кейін) үлгі нысандарда қателер анықталған жағдайда ұйым үш күн ішінде уәкiлеттi органға бірінші басшының қолы қойылған түсінік хат ұсынуға және түзетілген есепті уәкiлеттi органға беруге міндетті.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 26 наурыздағы
N 98 қаулысымен бекітілген
Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды
тұлғалардың күнделікті электрондық
есеп беру ережесіне
1-қосымша
Ескерту: 1-қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 147 қаулысымен .
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың күнделікті электрондық есеп беру үлгі нысандарының тізбесі және мазмұны
"АҚША БАЛАНСЫ" RС001 үлгі нысаны
Тармақ 1
1. Валюта коды (анықтамалықтан).
Тармақ 2
2. Есепшот үлгісінің коды (анықтамалықтан).
Тармақ 3
3. Күн басындағы ақша қалдығы.
Тармақ 4. "АҚША ҚОЗҒАЛЫСЫ" RС002 үлгі нысаны
4. Күн соңындағы ақша қалдығы.
"АҚША ҚОЗҒАЛЫСЫ" RС002 үлгі нысаны
Тармақ 1
1. Валюта коды (анықтамалықтан).
Тармақ 2
2. Есепшот үлгісінің коды (анықтамалықтан).
Тармақ 3
3. Төлем түрінің коды (анықтамалықтан).
Тармақ 4. "ӨЗГЕ АКТИВТЕР" RС003 үлгі нысаны
4. Төлем сомасы.
"ӨЗГЕ АКТИВТЕР" RС003 үлгі нысаны
Тармақ 1
1. Валюта коды (анықтамалықтан).
Тармақ 2
2. Есепшот үлгісінің коды (анықтамалықтан).
Тармақ 3
3. Күн басындағы ақша қалдығы.
Тармақ 4. Салымдар портфелi RC004 үлгi нысаны
4. Күн соңындағы ақша қалдығы.
Салымдар портфелi RC004 үлгi нысаны
Тармақ 1
1. Банктiк салым шартының коды.
Тармақ 2
2. Салымдардың саны.
Тармақ 3
3. Салымның сомасы.
Тармақ 4
4. Инвестициялық шоттан салымға ақша аударылған күн.
Тармақ 5
5. Ақшаның салымға нақты түскен күнi.
Тармақ 6
6. Салым валютасының салым бойынша төлем валютасына қатысты бағамы.
Тармақ 7
7. Салымға аударылған ақшаның қалдығы (салым бойынша ақша мерзiмiнен бұрын толық қайтарылмаған жағдайда салым бойынша нақты ақша қалдығы көрсетiле отырып толтырылады).
Тармақ 8
8. Салым бойынша ақша қайтарылған күн.
Тармақ 9
9. Салымға инвестициялау шарттарына енгiзiлген өзгерiстердi ескере отырып салым бойынша сыйақының ставкасы.
Тармақ 10
10. Салым төлемi валютасының коды (анықтамалықтан).
Тармақ 11
11. Зейнетақы активтерi салымға орналастырылған банктiң коды.
Тармақ 12
12. Салым валютасының коды (анықтамалықтан).
Тармақ 13
13. Банктiк салым шарты жасалған күн.
Тармақ 14
14. Банктiк салымның нөмiрi.
Тармақ 15
15. Салымның мерзiмi (күндермен).
Тармақ 16
16. Салым бойынша есептелген сыйақы.
Тармақ 17. Салымдар портфелi бойынша қозғалыс RC005 үлгi нысаны
17. Салымның теңгемен көрсетiлген ағымдағы құны.
Салымдар портфелi бойынша қозғалыс RC005 үлгi нысаны
Тармақ 1
1. Банктiк салым шартының коды (ұйымның өзi қалыптастырады).
Тармақ 2
2. Салымның сомасы.
Тармақ 3
3. Операция түрiнiң коды (анықтамалықтан).
Тармақ 4
4. Салымдар санының өзгерiсi.
Тармақ 5
5. Банктiк салым шарты жасалған күн.
Тармақ 6
6. Инвестициялық шоттан салымға ақша аударылған күн.
Тармақ 7
7. Салым бойынша ақша қайтарылған күн.
Тармақ 8
8. Салым бойынша ақшаның мерзiмiнен бұрын толық қайтарылмаған сомасы.
Тармақ 9
9. Салымға аударылған ақша сомасы.
Тармақ 10
10. Салым бойынша қайтарылған ақша және/немесе салым бойынша келiп түскен сыйақы сомасы.
Тармақ 11
11. Салым бойынша сыйақының ставкасы (сыйақының ставкасы өзгерген кезде толтырылады).
Тармақ 12
12. Салым валютасы өзгерген жағдайда айырбастау бағамы.
Тармақ 13
13. Салым өзгерген жағдайда оның бастапқы валютасының коды (анықтамалықтан).
Тармақ 14
14. Салым өзгерген жағдайда оның түпкiлiктi валютасының коды (анықтамалықтан).
Тармақ 15
15. Салым бойынша төлем валютасының коды (анықтамалықтан).
Тармақ 16
16. Салым валютасының коды (анықтамалықтан).
Тармақ 17
17. Зейнетақы активтерi салымға орналастырылған банктiң коды (анықтамалықтан).
Тармақ 18. "БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІ" RС006 үлгі нысаны
18. Салымның күндермен көрсетiлген мерзiмi.
"БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІ" RС006 үлгі нысаны
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздың коды (ұлттық бірегейлендіру нөмірі (ISIN) (анықтамалықтан).
Тармақ 2
2. Операция үлгісінің коды (анықтамалықтан).
Тармақ 3
3. Күннің соңына бағалы қағаздардың саны (данамен) (бірдей сатып алу шарттары бар бір үлгідегі бағалы қағаздар (бір текті сападағы, осы жиынтықты басқаларынан (оның ішінде сол эмитент шығарған бағалы қағаздардың басқа үлгілерінен де) біржақты айыруға мүмкіндік беретін сипаттамалары бар бағалы қағаздардың жабық жиынтығы) үшін; данамен көрсетілмейтін халықаралық облигациялар үшін, - облигация көлемінің бірлігі ретінде халықаралық облигацияның номиналдық құны көрсетілген шетелдік валютаның біреуі қолданылады).
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздармен мәміле жасалған күн.
Тармақ 5
5. Инвестициялық есепшоттан бағалы қағаздарды төлеуге ақша аударылған күн.
Тармақ 6
6. Бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорының "депо" есепшотына есепке алған күн.
Тармақ 7
7. Бағалы қағаздарды сатып алу бағасы (бағалы қағаздар нақты шығындар бойынша есептеледi. Бағалы қағаздардың құнына мәмiле жасау кезiнде келтiрiлген шығындар кiредi (бағалы қағаздарды сатып алуға тiкелей байланысты), оның iшiнде: агенттерге, консультанттарға, брокер-дилерлерге төленген сыйақы мен комиссиялық сыйақы, қор
биржаларының алымдары, сондай-ақ аударым бойынша банктiк шығыстар. Осы күнi бағалы қағаздардың құнына олардың купоны бойынша сатушының кiрiсi кiрмейдi).
Тармақ 8
8. "Кері репо" операциясын ашу бағасы ("кері репо" операциясының жүзеге асырылғандығы расталатын бастапқы құжатта көрсетілген баға).
Тармақ 9
9. "Кері репо" операциясын жабу бағасы ("кері репо" операциясының жүзеге асырылғандығы расталатын бастапқы құжатта көрсетілген баға).
Тармақ 10
10. Бағалы қағаздарды олардың купоны бойынша сатушының кірісі (бағалы қағаздар сатушының купондық кірісінің есептелген сомасы).
Тармақ 11
11. Бағалы қағаздарды олардың купоны бойынша сатушының "кері репо" мәмілесі жабылардағы кірісі (бағалы қағаздар сатушының купондық кірісінің есептелген сомасы).
Тармақ 12
12. Шарттарына енгізілген өзгерістерді ескере отырып "кері репо" мәмілесінің жабылған күні.
Тармақ 13
13. Шетелдік валютада номинацияланған бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі мәміле валютасының бағамы (RС006 үлгі нысанының 3-тармағына түсініктемені қараңыз) .
Тармақ 14
14. Шетелдік валютада номинацияланған бағалы қағаздар бойынша "кері репо" мәмілесінің жабылардағы өтінілген бағамы.
Тармақ 15
15. Бағалы қағаздарды төлеуге арналған төлем валютасының коды (анықтамалықтан).
Тармақ 16
16. Тапсырма бойынша, ұйымның есебінен және мүддесінде мәміле жасаған брокердің коды (анықтамалықтан).
Тармақ 17
17. Бағалы қағаздар есепке алынған күн.
Тармақ 18
18. "Кері репо" мәмілесі бойынша кірістіліктің бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесінде белгіленген ставкасы (өзара байланысты үй-жайлардың, жабдықтардың, мүкәммалдың, бағдарламалық-техникалық құрал-жабдықтардың, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының ішкі қызметін реттейтін құжаттардың және көмегі арқылы Брокер-дилерлер - бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының мүшелері арасында бағалы қағаздармен мәмілелер жасалатын өзге де қажетті активтер мен рәсімдердің жиынтығы).
Тармақ 19
19. Бағалы қағаз бойынша есептелген жиынтық сыйақы.
Тармақ 20. "БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫС" RС007 үлгі нысаны
20. Бағалы қағаз бойынша теңгемен есептелген ағымдағы жиынтық құн.
"БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫС" RС007 үлгі нысаны
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздың коды (ұлттық бірегейлендіру нөмірі (ISIN) анықтамалықтан).
Тармақ 2
2. Операция үлгісінің коды (анықтамалықтан).
Тармақ 3
3. Күннің соңына бағалы қағаздардың санының өзгерісі (данамен) (RС006 үлгі нысанының 3-тармағына түсініктемені қараңыз).
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздармен мәміле жасалған күн.
Тармақ 5
5. Инвестициялық есепшоттан бағалы қағаздарды төлеуге ақша аударылған күн.
Тармақ 6
6. Бағалы қағаздарды сатқан кезде инвестициялық есепшотқа ақша аударылған күн ("кері репо" мәмілелері үшін - жабылған күн).
Тармақ 7
7. Бағалы қағаздарды сатып алу бағасы (бағалы қағаздар нақты шығындар бойынша есептеледi. Бағалы қағаздардың құнына мәмiле жасау кезiнде келтiрiлген шығындар кiредi (бағалы қағаздарды сатып алуға тiкелей байланысты), оның iшiнде: агенттерге, консультанттарға, брокер-дилерлерге төленген сыйақы мен комиссиялық сыйақы, қор
биржаларының алымдары, сондай-ақ аударым бойынша банктiк шығыстар.
Осы күнi бағалы қағаздардың құнына олардың купоны бойынша сатушының кiрiсi кiрмейдi).
Тармақ 8
8. Бағалы қағаздардың сату бағасы.
Тармақ 9
9. Бағалы қағаздарды олардың купоны бойынша сатушының бағалы қағаздарды сатып алғандағы кірісі (бағалы қағаздар сатушының купондық кірісінің есептелген сомасы).
Тармақ 10
10. Бағалы қағаздарды олардың купоны бойынша сатушының бағалы қағаздарды сатқандағы кірісі (бағалы қағаздар сатушының купондық кірісінің есептелген сомасы).
Тармақ 11
11. Шетелдік валютада номинацияланған бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі мәміле валютасының бағамы (мәміле бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалған жағдайда).
Тармақ 12
12. Шетелдік валютада номинацияланған бағалы қағаздарды сату жөніндегі мәміле валютасының бағамы (мәміле бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалған жағдайда).
Тармақ 13
13. Бағалы қағаздарды төлеуге арналған төлем валютасының коды (анықтамалықтан).
Тармақ 14
14. Бағалы қағаздарды сатқан кездегі төлем валютасының коды (анықтамалықтан).
Тармақ 15
15. Тапсырма бойынша, ұйымның есебінен және мүддесінде мәміле жасаған брокердің коды (анықтамалықтан).
Тармақ 16
16. Банк көрсеткен қызметке төленген сома.
Тармақ 17
17. Брокер-дилер көрсеткен қызметке төленген сома.
Тармақ 18
18. бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушы көрсеткен қызметке төленген сома.
Тармақ 19. "ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАҒАЛАУ" RС008 үлгі нысаны
19. Мәміле жасалған орын (анықтамалықтан).
"ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАҒАЛАУ" RС008 үлгі нысаны
Тармақ 1
1. Валюта коды (анықтамалықтан).
Тармақ 2
2. Зейнетақы активтерінің күн басындағы ағымдағы құны.
Тармақ 3
3. Зейнетақы активтерінің күн соңындағы ағымдағы құны.
Тармақ 4
4. "Таза" зейнетақы активтерінің күн басындағы құны.
Тармақ 5
5. "Таза" зейнетақы активтерінің күн соңындағы құны.
Тармақ 6
6. Зейнетақы активтері құнының күн соңындағы өзгерісі.
Тармақ 7
7. "Таза" зейнетақы активтері құнының күн соңындағы өзгерісі.
Тармақ 8
8. Зейнетақы активтерінен алынатын комиссиялық сыйақы бойынша берешектің күн соңындағы қалдығы.
Тармақ 9
9. Инвестициялық кірістен алынатын комиссиялық сыйақы бойынша берешектің күн соңындағы қалдығы.
Тармақ 10
10. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы міндеттемелерінің күн соңындағы қалдығы.
Тармақ 11
11. Зейнетақы активтері бойынша міндеттемелердің жалпы көрсеткіші (жиынтығы).
Тармақ 12
12. Қаржылық инвестициялардың күн басындағы барлық құны.
Тармақ 13
13. Қаржылық инвестициялардың күн соңындағы барлық құны.