Об утверждении перечня приоритетных видов деятельности, соответствующих целям создания специальной экономической зоны «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 708-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов 2018 жылғы 27 ақпан «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов 2018 жылғы 27 ақпан
Басқа 0. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 130 бұйрығымен бекітілген «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесі
Тармақ 1
1. автокөлік және мотоциклдарды қоспағанда, көтерме сауда;
Тармақ 2
2. автокөлік және мотоциклдар саудасын қоспағанда, бөлшек сауда;
Тармақ 3
3. жүктерді қоймаға қою және сақтау, қосымша көлік қызметі;
Тармақ 4
4. сақтандыру мен зейнетақы қорларының көрсетілетін қызметін қоспағанда, қаржылық қызметтер;
Тармақ 5
5. туроператорлардың, турагенттіктер мен туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдардың қызметі;
Тармақ 6
6. конференцияларды және сауда көрмелерін ұйымдастыру;
Тармақ 7
7. жатын-орын және тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер;
Тармақ 8
8. тамақ өнімдерін өндіру;
Тармақ 9
9. минералды су және басқа алкогольсіз сусындарды өндіру;
Тармақ 10
10. дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;
Тармақ 11
11. киім өндіру;
Тармақ 12
12. былғары және оған жататын өнім өндіру;
Тармақ 13
13. фармацевтикалық препараттар өндіру;
Тармақ 14
14. өзге металл емес өнімдерді өндіру;
Тармақ 15
15. велосипедтер және мүгедектерге арналған арба/орындықтар шығару;
Тармақ 16
16. өзге де дайын бұйымдарды шығару;
Тармақ 17
17. буып-түю;
Тармақ 18
18. 1 – 17 тармақтарында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді жобалау-сметалық құжаттамалар шегінде салу және пайдалануға енгізу.