Об утверждении перечня приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон, соответствующих целям создания специальной экономической зоны, а также Правил включения приоритетных видов деятельности в перечень приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон, соответствующих целям создания специальной экономической зоны Күшін жойған
Басқа 0
Арнайы экономикалық
аймақ құру мақсаттарына
сәйкес келетін, арнайы экономикалық
аймақ бөлінісінде қызметтің басым
түрлерінің тізбесін, сондай-ақ
арнайы экономикалық аймақ құру
мақсаттарына сәйкес келетін,
арнайы экономикалық
аймақ бөлінісінде қызметтің басым
түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін
енгізу қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 708-бабының 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесі;
Тармақша 2
2) Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 28 ақпан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 28 ақпан
Басқа 0. Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 27 ақпандағы
№ 142 бұйрығымен
бекітілген
Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы:
Тармақша 1
1) өзге де металл емес минералдық өнiм өндiру;
Тармақша 2
2) машиналар мен жабдықтарды жасау;
Тармақша 3
3) тұрмыстық электр аспаптарын жасау;
Тармақша 4
4) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
Тармақша 5
5) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
Тармақша 6
6) металлургия өнеркәсібі;
Тармақша 7
7) электр жабдығын, оның ішінде электр-жарық беруші жабдық жасау;
Тармақша 8
8) жарық беруші аспаптарға арналған шыны компоненттерін өндіру;
Тармақша 9
9) тамақ өнімдерін өндіру;
Тармақша 10
10) сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз бен картон өндіру;
Тармақша 11
11) жиһаз жасау;
Тармақша 12
12) автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді жасау;
Тармақша 13
13) темір жол локомотивтері мен жылжымалы құрамды жасау;
Тармақша 14
14) әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын жасау;
Тармақша 15
15) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттарды өндіру;
Тармақша 16
16) электрондық бөлшектер жасау;
Тармақша 17
17) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
Тармақша 18
18) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын-үй кешендерін салу және пайдалануға беру;
Тармақша 19
19) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;
Тармақша 20
20) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
Тармақша 21
21) киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;
Тармақша 22
22) басқа санаттарға кірмеген өзге де тоқыма бұйымдарын өндіру;
Тармақша 23
23) былғарыдан киім өндіру;
Тармақша 24
24) арнайы киім өндірісі;
Тармақша 25
25) өзге де сыртқы киім өндірісі;
Тармақша 26
26) іш киім өндіру;
Тармақша 27
27) киімнің өзге де түрлері мен аксессуарлар өндіру;
Тармақша 28
28) өзге де тоқылған және трикотаж бұйымдарын өндіру;
Тармақша 29
29) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес зергерлік фабрика объектісін салу және пайдалануға беру;
Тармақша 30
30) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды өндіру жөніндегі зергерлік қызмет;
Тармақша 31
31) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес «Нұр-сұлтан қаласындағы Бас мешіт» объектісін салу және пайдалануға беру;
Тармақша 32
32) құлыптар, ілмектер және ілгіштер өндіру;
Тармақша 33
33) медициналық құралдар, аппараттар мен жабдықтар өндірісі.
Тармақ 2
2. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі "арнайы экономикалық аймағы»:
Тармақша 1
1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
Тармақша 2
2) мұнай-химия өнімдерін өндіру;
Тармақша 3
3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін тікелей жүзеге асыруға арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
Тармақша 4
4) өзге тоқыма бұйымдарын өндіру;
Тармақша 5
5) пластмасса бұйымдарын өндіру.
Тармақ 3
3. «Ақтау теңіз айлағы» арнайы экономикалық аймағы:
Тармақша 1
1) тұрмыстық электр аспаптарын жасау;
Тармақша 2
2) былғары және оған қатысты өнімдер өндіру;
Тармақша 3
3) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
Тармақша 4
4) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
Тармақша 5
5) өзге де металл емес минералды өнім өндіру;
Тармақша 6
6) металлургия өнеркәсібі;
Тармақша 7
7) дайын металл бұйымдарын жасау;
Тармақша 8
8) машиналар мен жабдықтарды жасау;
Тармақша 9
9) мұнай-химия өнімдерін өндіру;
Тармақша 10
10) негізгі фармацевтикалық өнімдер және препараттар өндіру;
Тармақша 11
11) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
Тармақша 12
12) электр моторларын, генераторлар, трансформаторлар, электр таратқыш және бақылау аппаратурасын жасау;
Тармақша 13
13) электр өткізгіштерді және электр өткізгіш аспаптарын жасау;
Тармақша 14
14) жобалау-сметалық құжаттамаға шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
Тармақша 15
15) "AKTAU RESORT HOTEL" көпфункционалды кешенін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес салу және пайдалануға беру;
Тармақша 16
16) деректерді өңдеу, қосымшаларды (қолданбалы бағдармаларды) орналастыру және осымен байланысты қызметтер; веб-порталдардың қызметі;
Тармақша 17
17) аквадақыл;
Тармақша 18
18) жылу электр станцияларымен электр энергиясын өндіру;
Тармақша 19
19) электр энергиясын беру;
Тармақша 20
20) электр энергиясын тарату.
Тармақша 21
21) тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысы;
Тармақша 22
22) қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтер көрсетуі;
Тармақша 23
23) меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару;
Тармақша 24
24) демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет;
Тармақша 25
25) көпбейінді аурухана салу және іске қосу.
Тармақ 4
4. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы:
Тармақша 1
1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау, бағдарламалық қамтылымды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау;
Тармақша 2
2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық түрде сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтар көрсететін қызметтер);
Тармақша 3
3) жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негiзiнде жаңа ақпараттық технологияларды жасау;
Тармақша 4
4) ғылым саласындағы уәкілетті орган берген, осындай жұмыстарды жүргізу туралы қорытынды болған кезде ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және байланыс, электроника, аспап жасау, жаңартылатын энергия көздері, ресурс үнемдеу және табиғат пайдалану саласында, жаңа материалдар жасау және қолдану, мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу;
Тармақша 5
5) мәтiндердi өңдеуге арналған машиналарды, көшiру-көбейту жабдықтарын, жөнелту машиналарын, калькуляторларды, кассалық аппараттарды, таңбалау машиналарын, билет-кассалық машиналарды жасау, басқа да кеңсе машиналары мен жабдықтарын, электрондық есептеу машиналарын және ақпаратты өңдеуге арналған өзге де жабдықтарды жасау;
Тармақша 6
6) электр-және радио элементтердi, таратушы аппаратураны, дыбыс пен бейненi қабылдауға, жазуға және шығаруға арналған аппаратураны жасау;
Тармақша 7
7) электрондық, өлшейтін, оптикалық, жарық беруші аспаптарды жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мамандықтар тізбесі бойынша инновациялық технологиялар саласындағы бiлiм беру қызметi;
Тармақша 9
9) жаңа материалдарды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;
Тармақша 10
10) тұрмыстық электр аспаптарын: тоңазытқыштар, мұздатқыштар, кір жуғыш машиналар жасау;
Тармақша 11
11) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
Тармақша 12
12) біріккен университет ауруханасын салу және пайдалану (клиника);
Тармақша 13
13) университеттік аурухана (клиника) шеңберінде көрсетілетін медициналық, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі;
Тармақша 14
14) Жүктерді қоймаға қою және сақтау;
Тармақша 15
15) Жүктерді көліктік өңдеу;
Тармақша 16
16) өзге де көліктік қосалқы қызмет;
Тармақша 17
17) киімнен басқа, мата емес тоқыма бұйымдарын шығару;
Тармақша 18
18) басқа топтамаларға енгізілмеген өзге химиялық өнімдер өндірісі;
Тармақша 19
19) негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі;
Тармақша 20
20) фармацевтикалық препараттар мен медицициналық материалдар өндірісі;
Тармақша 21
21) резеңке санитарлық-гигиеналық және медициналық бұйымдар өндірісі;
Тармақша 22
22) электр өлшеуіш құралдарының өндірісі;
Тармақша 23
23) физикалық зерттеулер үшін құралдар өндірісі;
Тармақша 24
24) медициналық-хирургиялық аспаптар өндірісі;
Тармақша 25
25) сәулелендіретін, электромедициналық және электротерапиялық жабдық өндірісі;
Тармақша 26
26) медициналық құралдар, аппараттар мен жабдықтар өндірісі;
Тармақша 27
27) өзге маталар өндірісі;
Тармақша 28
28) арнайы киім өндірісі;
Тармақша 29
29) күн электр станциялармен электр энергиясын өндіруі.
Ескертпе:
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар үшiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүзеге асыру талабы қызметтің мынадай түрлерi:
Тармақша 1
1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау, бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау;
Тармақша 2
2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық түрде сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтар көрсететін қызметтер);
Тармақша 3
3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жасау мен енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін міндетті талап болып табылмайды.
Тармақ 5
5. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы:
Тармақша 1
1) киiмнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын шығару;
Тармақша 2
2) өзге де тоқылған және трикотаж бұйымдарын шығару;
Тармақша 3
3) үлбірден және теріден тігілетін киімді қоспағанда, киім шығару;
Тармақша 4
4) иіру, тоқу және әрлеу өндірісі;
Тармақша 5
5) киімнен басқа, тоқыма емес бұйымдар шығару;
Тармақша 6
6) кiлемдер мен кiлем бұйымдарын шығару;
Тармақша 7
7) ағаш қоймалжыңын және целлюлоза шығару;
Тармақша 8
8) қағаз және қатырма қағаз шығару;
Тармақша 9
9) теріні илеу мен өңдеуді, үлбірді өңдеу мен бояуды қоспағанда, тері өнімін шығару;
Тармақша 10
10) жазу қағазы бұйымдарын шығару;
Тармақша 11
11) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
Тармақша 12
12) кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру;
Тармақша 13
13) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
Тармақша 14
14) шойын құю;
Тармақша 15
15) болат құю;
Тармақша 16
16) құрылыс металл конструкциялары мен олардың бөлшектерін өндіру («кілтке дейінгі» блокты-модульдік шешімдерді дайындау үшін пайдаланылады);
Тармақша 17
17) өзге де металл цистерналарды, резервуарлар мен контейнерлерді өндіру («кілтке дейінгі» блокты-модульдік шешімдерді дайындау үшін пайдаланылады);
Тармақша 18
18) машина жасаудың негізгі технологиялық процестері;
Тармақша 19
19) электр қозғалтқыштар, генераторлар мен трансформаторлар өндірісі;
Тармақша 20
20) электр таратушы және реттеуші аппаратуралар өндірісі («кілтке дейінгі» блокты-модульдік шешімдерді дайындау үшін пайдаланылады немесе сорғылармен және компрессорлармен жиынтықта жеткізіледі);
Тармақша 21
21) өзге де сорғылар мен компрессорлар өндірісі;
Тармақша 22
22) өзге де крандар, клапандар және шұралар өндірісі.
Тармақ 6
6. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы:
Тармақша 1
1) металлургия өнеркәсібі;
Тармақша 2
2) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;
Тармақша 3
3) авиациялық, автомобиль және мотоцикл қозғалтқыштарынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналарды жасау;
Тармақша 4
4) автокөлік құралдарын, трейлерлерді және жартылай тіркемелерді жасау;
Тармақша 5
5) компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнімдерді жасау;
Тармақша 6
6) электр жабдықтарын жасау;
Тармақша 7
7) химия өнеркәсібі өнімдерін жасау;
Тармақша 8
8) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
Тармақша 9
9) өзге де металл емес минералдық өнiмдердi жасау;
Тармақша 10
10) гидравликалық жабдықты жасау;
Тармақша 11
11) өзге де сорғыларды, компрессорларды, тығындар мен қақпақшаларды жасау;
Тармақша 12
12) өзге де шүмектер мен бұрандаларды жасау;
Тармақша 13
13) подшипниктерді, тегершіктер мен тісті берілістердің элементтерін және жетектерді жасау;
Тармақша 14
14) плиталар, пештер және пеш оттықтарын жасау;
Тармақша 15
15) көтеру және тасымалдау жабдығын жасау;
Тармақша 16
16) қол электр құралдарын жасау;
Тармақша 17
17) өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын жасау;
Тармақша 18
18) сұйық минералдарға арналған тазалау аппараттарын жасау;
Тармақша 19
19) сұйық минералдарды немесе ұнтақтарды өндіруге, диспергациялауға немесе тозаңдатуға арналған жабдықты жасау;
Тармақша 20
20) мұнайды тазалауға, химия өнеркәсібіне, сусындар өндіру жөніндегі индустрияға арналған тазалау жабдығын жасау;
Тармақша 21
21) центрифугалар (қаймақ айырғыштар мен кептіру аппараттарынан басқа) жасау;
Тармақша 22
22) судың кері циркуляциясы арқылы тікелей суыту үшін су суыту бағандарын жасау;
Тармақша 23
23) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын жасау;
Тармақша 24
24) металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықты жасау;
Тармақша 25
25) өзге де металл өңдейтiн станоктарды жасау;
Тармақша 26
26) металлургияға арналған машиналар мен жабдықты жасау;
Тармақша 27
27) тау-кен өндiру өнеркәсiбiне, жерасты жұмыстарына және құрылысқа арналған техниканы жасау;
Тармақша 28
28) тамақ өнiмдерiн, сусындарды және темекi бұйымдарын өндiруге және қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау;
Тармақша 29
29) тоқыма, тiгiн, үлбiр және терi бұйымдарын дайындауға арналған жабдықты жасау;
Тармақша 30
30) қағаз бен қатырма қағазды дайындауға арналған техниканы жасау;
Тармақша 31
31) резеңкенi, пластмассалар мен басқа да полимер материалдарды қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау;
Тармақша 32
32) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
Тармақша 33
33) қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; істен шыққан көлік құралдарына, арнайы техникаға және ауыл шаруашылығы машиналарына, тоңазытқыштар мен тоңазытқыш жабдықтарына қатысты материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру);
Тармақша 34
34) балық және ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем-шөп өндіру және қайта өңдеу бойынша құрама жем зауытының құрылысы және пайдалануға беру;
Тармақша 35
35) кокс пешінің өнімдерін өндіру;
Тармақша 36
36) электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен қамтамасыз ету;
Тармақша 37
37) көпбейінді аурухана салу және іске қосу.
Тармақ 7
7.«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы:
Тармақша 1
1) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
Тармақша 2
2) тамақ өнімдерін өндіру;
Тармақша 3
3) былғары және оған жататын өнім өндіру;
Тармақша 4
4) тоқыма бұйымдарын жасау;
Тармақша 5
5) өзге де металл емес минералдық өнiмдердi өндiру;
Тармақша 6
6) химия өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiру;
Тармақша 7
7) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;
Тармақша 8
8) басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдық жасау;
Тармақша 9
9) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес көрмелер, музейлер ұйымдастыруға арналған ғимараттар, қойма және әкімшілік ғимараттарын салу;
Тармақша 10
10) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
Тармақша 11
11) теңіз балық шаруашылығы;
Тармақша 12
12) тұщы су балық шаруашылығы.
Тармақ 8
8. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы:
Тармақша 1
1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
Тармақша 2
2) мұнай-химия өнімдерін өндіру;
Тармақша 3
3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
Тармақша 4
4) металлургия өнеркәсібі;
Тармақша 5
5) өзге де металл емес минералдық өнiмдер өндiру;
Тармақша 6
6) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;
Тармақша 7
7) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
Тармақша 8
8) картопты қайта өңдеу және фри картоп өндіру зауытын салу (қайта өңдеу және консервілеу);
Тармақша 9
9) көпбейінді аурухана салу және іске қосу.
Тармақ 9
9. «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы:
Тармақша 1
1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
Тармақша 2
2) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
Тармақша 3
3) өзге де металл емес минералдық өнiмдерді өндiру;
Тармақша 4
4) химия өндірісі үшін машиналар мен жабдық жасау;
Тармақша 5
5) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
Тармақша 6
6) қант зауытын салу және қант, оның ішінде шикі қант немесе тазартылған құрақ немесе қызылша қанты; сірне (меласса); қызылша жомы, багасса (қант қамысы), өзге де қант өндірісінің қалдықтары; қант өндіру саласындағы қызметтер;
Тармақша 7
7) көпбейінді аурухана салу және іске қосу.
Тармақ 10
10. «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы:
Тармақша 1
1) басқа да азық-түлік өнімдерін өндіру;
Тармақша 2
2) ұн тарту және жарма өнеркәсібінің өнімдерін, крахмал және крахмал өнімдерін өндіру;
Тармақша 3
3) фармацевтикалық препараттар өндіру;
Тармақша 4
4) шыны және шыныдан жасалатын бұйымдар өндіру;
Тармақша 5
5) абразивті бұйымдар мен басқа да металл емес минералды өнімдер өндіру;
Тармақша 6
6) басқа да металл цистерналар, резервуарлар мен контейнерлер өндіру;
Тармақша 7
7) басқа дайын металл бұйымдарын өндіру;
Тармақша 8
8) компьютерлер мен перифериялық жабдықтар өндіру;
Тармақша 9
9) сәулелендіру жабдықтарын, электрлік-медициналық және электр терапиялық жабдықтар шығару;
Тармақша 10
10) электр қозғалтқыштарын, генераторлар, трансформаторлар және электр таратқыш және реттеу аппаратурасын шығару;
Тармақша 11
11) электр жарықтандыру жабдықтарын шығару;
Тармақша 12
12) электр сымдары мен электр өткізгіш құралдарын шығару;
Тармақша 13
13) басқа санаттарға кіргізілмеген машиналар мен жабдықтар шығару;
Тармақша 14
14) жалпы мақсаттағы машиналар шығару;
Тармақша 15
15) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
Тармақша 16
16) бағдарламалық қамтылымды шығару;
Тармақша 17
17) компьютерлік бағдарламалау, консультациялар және басқа да ілеспе қызметтер;
Тармақша 18
18) сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынаулар мен талдау саласындағы қызмет;
Тармақша 19
19) ғылыми зерттеулер және әзірлемелер;
Тармақша 20
20) денсаулық сақтау саласындағы қызмет;
Тармақша 21
21) денсаулықты қорғау бойынша өзге де қызмет.
Тармақша 22
22) осы тармақтың 1) – 22) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ объектілерді жобалау-сметалық құжаттама шегінде салу және пайдалануға беру.
Тармақ 11
11. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы:
Тармақша 1
1) туристерді орналастыру орындарын, санаторий және сауықтыру объектілерін мынадай шарттарды сақтай отырып салу және пайдалануға беру: салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілердің ойын бизнесімен байланысты емес; салу және пайдалануға беру жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;
Тармақша 3
3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;
Тармақша 4
4) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес өндірістік және қайта өңдеу объектілерін салу және пайдалануға беру;
Тармақша 5
5) құрылыс материалдарын өндіру;
Тармақша 6
6) өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру;
Тармақша 7
7) дайын металл бұйымдарын жасау;
Тармақша 8
8) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Түркістан қаласының халықаралық әуежайын, оның ішінде әуеайлақты, аэровокзал мен ұшу-қону жолақтарын және өзге де қызметтерін салу және пайдалануға беру;
Тармақша 9
9) әуежайлар қызметі;
Тармақша 10
10) тұрғын және тұрғын емес ғимараттар құрылысы;
Тармақша 11
11) қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі;
Тармақша 12
12) жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару;
Тармақша 13
13) демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша қызмет;
Тармақша 14
14) объектілерге кешенді қызмет көрсету;
Тармақша 15
15) аумақтарды абаттандыру жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 16
16) жиһаз бен интерьер бұйымдарын жөндеу;
Тармақша 17
17) тамақ пен сусындар бойынша қызмет көрсету;
Тармақша 18
18) электрондық және оптикалық жабдықты жөндеу;
Тармақша 19
19) ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелер саласындағы басқа топтарға кірмейтін басқа да қызмет түрлері.
11-тармақтың 14), 15), 16), 17), 18), 19) тармақшаларының күші мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында пайдалануға берілген денсаулық сақтау объектілеріне ғана қолданылады.
Тармақ 12
12. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы:
Тармақша 1
1) тамақ өнімдерін өндіру және қайта өңдеу;
Тармақша 2
2) құрылыс материалдары мен жиһаз өндіру;
Тармақша 3
3) электроника өнімдерін және электр жабдықтарын өндіру;
Тармақша 4
4) машина жасау өнімдерін өндіру;
Тармақша 5
5) көп бейінді аурухана салу;
Тармақша 6
6) кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі;
Тармақша 7
7) «ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі»;
Тармақша 8
8) «қағаз және картон өндірісі»;
Тармақша 9
9) «гофрленген картон өндірісі»;
Тармақша 10
10) қағаз және картон ыдыстарын өндіру;
Тармақша 11
11) «шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіру»;
Тармақша 12
12) «негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі»;
Тармақша 13
13) «фармацевтикалық препараттар өндірісі»;
Тармақша 14
14) «ветеринарияға арналған дәрілік препараттар өндірісі».
Басқа 0. Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы
№ 142 бұйрығымен бекітілген
Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 708-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне (бұдан әрі – БҚТ-ның тізбесі) қызметтің басым түрлерін енгізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
Тармақша 1
1) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар» және «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 3
3) басым қызмет түрлері – уәкілетті орган айқындайтын, арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын қызмет түрлері (бұдан әрі – БҚТ).
Тармақша 4
4) арнайы комиссия – арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының және әлеуетті қатысушыларының басым қызмет түрлерінің тізбесінде көзделмеген немесе арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келмейтін қызмет түрлерін осындай тізбеге қосу туралы өтініштерін қарауды жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия;
Тармақша 5
5) өтініш беруші – арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына басым немесе қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған өтінішті не индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған өтінішті беретін тұлға;
Тармақша 6
6) қызметті жүзеге асыру туралы шарт – арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы немесе бірнеше қатысушысы мен арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың аумағында және (немесе) олардың құқықтық режимінде қызметті жүзеге асыру талаптарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт.
Тарау 2. 2-тарау. БҚТ-ның тізбесіне БҚТ-ны енгізу тәртібі
2-тарау. БҚТ-ның тізбесіне БҚТ-ны енгізу тәртібі
Тармақ 2
2. Арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысы немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қызмет түрін БҚТ-ның тізбесіне енгізу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
Тармақ 3
3. Қызмет түрін БҚТ-ның тізбесіне енгізу туралы өтініш уәкілетті органға келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган осындай өтінішті арнайы комиссияның қарауына шығарады.
Тармақ 3-1
3-1. Арнайы комиссия мәселені арнайы комиссияның қарауына шығарған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей шешім қабылдайды.
Тармақ 4
4. Арнайы комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында және арнайы комиссия туралы ережеде белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Арнайы комиссия:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның (төрағалық етуші);
Тармақша 2
2) салық саясаты саласындағы уәкілетті органның;
Тармақша 3
3) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның;
Тармақша 4
4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның;
Тармақша 5
5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның;
Тармақша 6
6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының дауыс беру құқығы бар өкілдерінен құрылады.
Арнайы комиссияның жұмысы үшін дауыс беру құқығы жоқ өзге де мүдделі тұлғалар да тартылуы мүмкін.
Арнайы комиссияның отырысы дауыс беру құқығы бар мүшелердің барлығы қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.
Тармақ 6
6. Басым қызмет түрлерінің тізбесінде көзделмеген қызмет түрін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізу туралы шешімді арнайы комиссия дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
Тармақ 7
7. Арнайы комиссияның оң шешімі негізінде:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган қызметтің осы түрін қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізу туралы шешімді республикалық бюджет комиссиясы оң шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірмей қабылдайды;
Тармақша 2
2) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы өтініш берушімен осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шешім күшіне енген күннен ерте емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасады.
Тармақ 8
8. Арнайы комиссияның теріс шешімі негізінде уәкілетті орган мұндай өтінішті теріс шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайтарады.
Тармақ 9
9. Ұсынысты қабылдамау уәкілетті органға қайта жүгіну үшін кедергі болып табылайды.