Об утверждении Перечня сырья и (или) материалов, импорт которых освобождается от налога на добавленную стоимость в рамках инвестиционного контракта Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылған шикізат және (немесе) материалдар тізбесін бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 399-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына және 451-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылған шикізат және (немесе) материалдар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Импорты инвестициялық келісімшарт шеңберінде қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 408 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13813 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі __________ Б.Сұлтанов 2018 жылғы 28 ақпан «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі __________ Т.Сүлейменов 2018 жылғы 13 наурыз
Басқа 11. Инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылған шикізат және (немесе) материалдар тізбесі
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 140 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылған шикізат және (немесе) материалдар тізбесі № Атауы ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары* 1 Тамаққа пайдалануға арналған өнімдер өндірісінен басқа, зығыр майлары және оның техникалық немесе өнеркәсіптік қолдануға арналған өзге де фракциялары 1515191000 2 Хлорит 2530100000 3 Кизерит, эпсомит (табиғи магний сульфаттары) 2530200000 4 Тақта тасты битумдар 2714100000 5 Асыл (инертті) газдар (аргоннан басқа) 280429 6 Бейорганикалық қышқылдар, фторсутекті (плавикті) қышқылдан басқа 281119 7 Бор оксидтері; бор қышқылдары 281000 8 Механикалық қоспалардан басқа, жасанды корунд 281810 9 Иодидтер және иодоксидтер 2827600000 10 Бромидтер 2827510000 11 Бромоксидтер 2827590000 12 Фторидтер; фторсиликаттар, фторалюминаттар және фтордың өзге де кешенді тұздары 2826 13 Өзге де жай эпоксидтер, эпоксиспирттер, эпоксифенолдар, эпоксиэфирлер және олардың галогенделген, сульфитталған, нитрленген немесе нитрозаланған туындылары 2910 14 Оттекті функционалдық топты қамтитын аминқосылыстары, лизин және глютамин қышқылынан басқа 2922 15 Үшэтаноламин және оның тұздары 2922150000 16 Жасанды графит; (коллоидты немесе жартылай коллоидты графит; графит негізіндегі өнімдер) 3801100000 17 Микроағзаларды өсіруге арналған өсінді орталар 3821000000 18 Бастапқы пішіндегі өзге де аминді-альдегидті шойырлар 3909300000 19 Құрылыста, тау ісінде немесе өнеркәсіпте пайдаланылатын көлік құралдарына және машиналарға арналған жаңа пневматикалық резеңке шиналар мен қақпақшалар 4011800000 20 Ауыл шаруашылығы немесе орман шауашылығы көлік құралдарына және машиналарға арналған жаңа пневматикалық резеңке шиналар мен қақпақшалар 4011700000 21 Қаптық, бекітпе немесе кеңірдектелген, бедерленген немесе бедерленбеген, тесілген немесе тесілмеген крафт-қағаз, орамдарда немесе парақтарда 480840001 22 1 шаршы метр салмағы 150 граммнан аспайтын өзге де борланбаған қатырма қағаз 4805910000 23 Жабынды қатырма қағазға арналған қағаз және қатырма қағаз-негіз 4805500000 24 Бекітпе, кеңірдектелген немесе бедерленген крафт-қағаз (қаптан басқа) 4808400009 25 Қапталған, сіңдірілген немесе полимерлі материалдармен ламинатталған (желімдерді қоспағанда) ақталған қағаз және қатырма қағаз, 1 шаршы метр салмағы 150 граммнан артық қағаз және қатырма қағаз, орамдарда немесе парақтарда 481151000 26 Бөлшек сауда үшін бөлек оралмаған, тарақпен түтілмеген талшықтардан жасалған мақта-маталы иірімжіптер 5205 27 Үстіңгі бетінің тығыздығы 200 грамм/шаршы метр артық, түрлі-түсті иірімжіптерден жасалған (деним маталарынан басқа), техникалық және өнеркәсіптік пайдалануға арналған мақта-маталы маталар 5209490000 28 Өңделген, бірақ иірілмеген джут және өзге де тоқыма талшықтары, зығыр, кәдімгі кендір және рамиден басқа 5303900000 29 Джут немесе өзге де қабықты тоқыма талшықтарынан жасалған иірімжіптер, өзге де өсімдік тоқыма талшықтарынан жасалған иірімжіптер және қағаз иірімжіптер 5307200000 30 Бөлшек сауда үшін оралмаған, полиэфирлерден жасалған өте мықты филаментті жіптер 5402200009 31 Арамидтерден жасалған синтетикалық жіптер жгуты 5501100001 32 Кардомен, тарақпен түтілмеген немесе иіруге басқаша дайындалмаған синтетикалық талшықтар, өзгелері 5503900000 33 Бөлшек сауда үшін бөлек оралмаған, жасанды талшықтардан жасалған иірімжіптер (тігін жіптерінен басқа) 5510 34 Тежеуіштерге, муфталарға және ұқсас бұйымдарға арналған құрастырылмаған күйдегі фрикциялық материалдар 6813 35 Шыны талшығынан жасалған таспалар, түзеткіш, иірімжіптер және шабылған тұлымдар 701919 36 Масса немесе қауыз түрінде, тоқыма емес талшықтардан жасалған бұйымдар 701939000 37 Шыны талшықтарынан жасалған маталар (енсіз маталарды қоса) 7019590000 38 Шыны талшығынан жасалған құбырларды оқшаулауға арналған аратөсемдер мен орамдар 7019900002 39 Құрамында Mn (марганец) 0,1% кем, фосфоры аз легірленбеген құйма шойын 7201109000 40 Феррованадий 7202920000 41 Феррониобий 7202930000 42 Ені 600 миллиметрден кем алюминий мырышталған илек 721250 43 Ені 600 миллиметрден асатын алюминий мырышталған илек 721061000 44 Легірленбеген болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем ыстықтай илектеліп одан әрі өңделмеген жазық илек 7211190000 45 Құрамында салмағы бойынша көміртегі 0,6% артық легірленбеген болаттан жасалған, суық күйінде әрленіп өңдеуге ұшыраған сортты және жолақты илек 721123 46 Құрамында салмағы бойынша көміртегі 0,25% кем легірленбеген болаттан жасалған, суық күйінде әрленіп өңдеуге ұшыраған жолақты илек 7210 47 Құрамында салмағы бойынша көміртегі 0,6% кем емес легірленбеген болаттан жасалған, қалайыланған сым 7217309000 48 Тоттанбайтын болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем емес суықтай илектеліп одан әрі өңделмеген жазық илек 7219 49 Тоттанбайтын болаттан жасалған, суықтай илектелген, ені 600 миллиметрден кем, жабылмаған жазық илек 7220908009 50 Тоттанбайтын болаттан жасалған, орамада бос оралған ыстықтай илектелген өзектер мен шыбықтар 722100 51 Кремнийлі электр болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем емес жазық илек 722519 52 Өзге де легірленген болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем емес ыстықтай илектеліп одан әрі өңделмеген жазық илек 722550 53 Кремнийлі электр болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем жазық илек 722619 54 Өзге де легірленген болаттан жасалған, штампталған, ыстықтай илектелген, ыстықтай созылған, ыстықтай сығымдалған, бірақ одан әрі өңделмеген (илектен соң ширатылғанды қоса), басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де өзектер мен шыбықтар 722810 55 Бұрғылау жұмыстарына арналған іші қуыс өзектер 7228800000 56 Болаттан жасалған дәнекерлеу профильдері және шпунтты конструкциялар 7301100000 57 Ауыр профильдер (ыстықтай илектелген швеллерлер, қоставрлар және биіктігі 80 миллиметрден кем емес кең сөрелі қоставрлар) 7216690000 58 Көміртекті болаттан жасалған қимасы дөңгелек суықтай созылған немесе суықтай илектелген құбырлар 730451 59 Легірленген болаттан жасалған, қимасы дөңгелек, суықтай созылған немесе суықтай илектелген, суық күйінде илектелген құбырлар 730451 60 Коррозияға төзімді жұқа қабырғалы жіксіз құбырлар 7304 61 Дәнекерленген, сыртқы диаметрі 406,4 миллиметрден артық, газ құбырларына арналған болат құбырлар 7305 62 Сыртқы диаметрі 406,4 миллиметрден аспайтын, мұнай немесе газ ұңғымаларын бұрғылау барысында қолданылатын болаттан жасалған дәнекерлейтін, дөңгелектеп кесетін сорғылы-сығымдауыш және қондыру құбырлары 7304240005 63 Ашық жікті немесе тойтарылған немесе осыған ұқсас тәсілмен біріктірілген, сыртқы диаметрі 406,4 миллиметрден аспайтын өзге де болат құбырлар мен түтіктер 7306 64 Құю құбырлары және құбырлар фитингтері 730711 65 Шыңдалған құйма шойыннан жасалған құбырлар және құбырлар фитингтері 730719 66 Алюминийден жасалған балкондардың, лоджиялардың марштардың және саты алаңдарының қоршаулары 761090 67 Қара металдардан жасалған, буындары дәнекерленген шынжырлар, кергішті жалпақ буынды шынжырлардан басқа 7315 68 Тоттанбайтын болаттан жасалған оймакілтекті және крест тәрізді оймакілтекті бұрамалар 7318155100 69 Тоттанбайтын болаттан жасалған алтықырлы басы бар бұрамалар 7318156100 70 Қара металдардан жасалған тойтармалар, жартылай қуыстыны қоса, жалпы пайдаланудағы түтікшелі немесе қосарланған тойтармалардан басқа 731823000 71 Суық әдіспен өңделген, болаттан жасалған бұралу серіппелерін және бұралған серіппелерді қоса, болат шиыршықты серіппелер, қысумен және созумен жұмыс істейтін шиыршықты серіппелерден басқа 732020 72 Болат сымнан жасалған имелі серіппелер 7320909008 73 Басқа топтамаларға енгізілмеген, мыстан жасалған бұйымдар 7419 74 Цементтелген мыс, ұнтақтардан басқа 7401000000 75 Мыс пен никель және мырыш (нейзильбера) негізіндегі мыс қорытпаларынан жасалған шыбықтар, өзектер және профильдер 7407211000 76 Мыс пен никель (купроникель) негізіндегі мыс қорытпаларынан жасалған шыбықтар, өзектер және профильдер 7407290000 77 Тазартылған мыстан жасалған, көлденең қимасының ең жоғарғы өлшемі 0,5 миллиметрден аспайтын сым, сыммен күшейтілген арқансым немесе арқаннан, көпжелілі сым мен кабельден басқа 7408199000 78 Негізі мыс қорытпаларынан жасалған, негізін есептемегенде, қалыңдығы 0,15 миллиметрден аспайтын жұқалтыр 7410220000 79 Мыс пен никель (купроникель) немесе мыс, никель мен мырыш (нейзильбер) негізіндегі қорытпалардан жасалған құбырлар мен түтіктер 7411220000 80 Басқа топтамаларға енгізілмеген, мыстан жасалған бұйымдар 7419999000 81 Құбырлар мен түтіктерге арналған мыс фитингтер (муфталар, иіндер, фланецтер, штуцерлер) 7412 82 Өңделмеген никель 7502 83 Никель ұнтақтары мен қабыршақтары, никель оксидтері агломераттарынан басқа 7504000009 84 Никель мен никель қорытпаларынан жасалған шыбықтар, өзектер мен профильдер 7505120009 85 Никель мен никель қорытпаларынан жасалған сымдар 7505220000 86 Никель қорытпаларынан жасалған тақталар, табақтар, жолақтар, лента, жұқалтыр, кесіліп-тартылған табақтан басқа 7506200009 87 Қосындыланбаған никельден жасалған құбырлар мен түтіктер 750711000 88 Легірленбеген алюминийден жасалған, қалыңдығы 0,2 миллиметрден артық, боялған, лакталған немесе пластикпен жабылған тақталар, табақтар, жолақтар мен ленталар 7606111000 89 Легірленбеген алюминийден жасалған, қалыңдығы 0,2 миллиметрден артық тақталар, табақтар, жолақтар мен ленталар 760611 90 Алюминий қорытпаларынан жасалған, қалыңдығы 0,2 миллиметрден артық тақталар, табақтар, жолақтар мен ленталар 760612 91 Қалыңдығы 0,2 миллиметрден аспайтын (негізді есептемегенде) одан әрі өңделмеген алюминий фольгасы 7607 92 Қалыңдығы 0,2 миллиметрден аспайтын (негізді есептемегенде) алюминий фольгасы 7607 93 Құбырлар мен түтіктерге арналған алюминий фитингтер (муфталар, иіндер, фланецтер) 7609000000 94 Өзге де өңделмеген қорғасын 7801999000 95 Бояулар мен бояғыштар, оқшауланған электр сымдары ретінде қолдануға арналған ұнтақтар мен қабыршақтардан басқа, қорғасын ұнтақтары мен қабыршақтары 7804200000 96 Қорғасыннан жасалған тақталар, табақтар, жолақтар, ленталар мен жұқалтыр 7804190000 97 Мырыш қорытпалары 7901200000 98 Мырыш ұнтақтары мен қабыршақтары 7903900000 99 Мырыш тақталар, табақтар, жолақтар, ленталар, жұқалтыр 7905000000 100 Қалайы шыбықтар, өзектер, профильдер мен сымдар 8003000000 101 Бағалы емес металдардан жасалған аспалы құлыптардың және өзге де құлыптардың бөліктері 8301600009 102 Ілгектер, сақиналар, шығыршықтар 8308100000 103 9405 тауарлық позициядағы бұйымдардан басқа, бағалы емес металдардан жасалған көрсеткіштері, атаулары, нөмірлері, әріптері, мекенжайы бар маңдайшалар және ұқсас маңдайшалар 8310000000 104 Қуаттылығы 100 киловаттан аспайтын қысыммен тұтанатын кемелік тартымды піспекті іштен жанатын қозғалтқыштар 8408103900 105 Іштен жанатын дизельді автомобильдік қозғалтқыштарға арналған бүрку жүйелері 8409 106 Турбореактивті және турбовинттік қозғалтқыштардың бөліктері 8411910008 107 Күш беретін гидравликалық сызықтық әсер ету қозғалтқыштары мен қондырғылары (цилиндрлер) 841221 108 Гидравликалық айналмалы қозғалтқыштар 841229200 109 Өзге де көлемді роторлы сорғылар; гидравликалық күшті 841360 110 Қуаттылығы 0,4 киловаттан аспайтын тоңазытқыш жабдықтарына арналған сығымдағыштар 8414302009 111 Орталықтан тепкіш көлемді көп білікті сығымдағыштар 841480 112 Метал өңдеуге арналған арнайы мақсаттағы механикалық машиналар мен құралдар 8479810000 113 Құйма шойыннан жасалған өтпелі шұралар 8481 114 Қуаттылығы 375 киловаттан артық тұрақты токтың электр қозғалтқыштары мен генераторлары 8501200009 115 Басқа топтамаларға енгізілмеген, қуаттылығы 1 киловольт-амперден аспайтын өзге де трансформаторлар 8504312909 116 Өзге де электр аккумуляторлар 8507108009 117 Электр шамдар және өзге жарық беретін құрылғылар 8539100009 118 Мотоциклдерге немесе автокөлік құралдарына арналған шынытазалағыштар, мұз тұруға және булануға қарсы жабдықтар 851240000 119 Мотоциклдерге немесе автокөлік құралдарына (велосипедтерден басқа) арналған дыбыстық сигнал беретін құрылғылар 851230100 120 Композициялық немесе пленкалы тұрақты көміртекті резисторлар 8533100000 121 Басқа топтамаларға енгізілмеген айнымалы резисторлар (реостаттар мен потенциометрлерді қоса алғанда) 853340 122 Айнымалы сымдық резисторлар 853339 123 72,5 киловольттан жоғары кернеуге автомат сөндіргіштер 8535290000 124 1000 Вольттан жоғары кернеуге балқығыш сақтандырғыштар 8535100000 125 1000 Вольттан аспайтын кернеуге өзге де автоматты сөндіргіштер 853620 126 Айырып-қосқыштар, өзгелері 853650 127 Шамдарға арналған өзге патрондар, штепсельдер, розеткалар 853669 128 Қуаты 100 Вольттан аспайтын өзге де қыздыру шамдары 8539299800 129 Көмір электродтары (электр пештеріне арналған электродтардан басқа) 8545909000 130 Қыштан жасалған электр оқшаулатқыштар 8546200000 131 Жүретін доңғалақтар және олардың бөліктері мен керек-жарақтары 8708709909 132 Тежегіштік өзге де жапсырмалар 8708309909 133 Кез келген материалдан жасалған призмалар, айналар және өзге де оптикалық элементтер 9001900000 134 Жазу құрылғысы жоқ электр шамаларды өлшеуге арналған аспаптар мен аппаратура 903033 135 Аспаптар, құралдар және машиналар өзгелер; электрондылар 9031803200 136 Автомобильдерге арналған орындықтар 940120000 137 Құрғақ өнімді қайта есептегенде құрамында салмағы 20 %-дан немесе одан да көп марганец бар темір марганец кенін және концентраттарды қоса алғанда, марганец кендері мен концентраттары 2602000000 138 Бейметалдардың оттегімен, бейорганикалық өзге де қосылыстары 2811299000 139 Басқа сульфидтер 2830908500 140 Басқа хроматтар мен дихроматтар; пероксохроматтар 2841500000 141 Мочевинамен қатайтылған немесе қатайтылмаған сутегі асқын тотығы 2847000000 142 Қымыздық қышқылы, оның тұздары мен эфирлері 2917110000 143 Тиурам моно-, ди- немесе тетрасульфидтер 2930300000 144 Дөңгелек қимасының диаметрі 14 миллиметрден аз темір немесе легирленбеген болаттан жасалған борпылдақ орамдардағы ыстықтай илемделген шыбықшалар 721391 145 Өңделмеген марганец; ұнтақтар 8111001100 * Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы: ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразяилық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы.