Об утверждении Правил формирования и ведения реестра доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности, а также критериев по включению программного обеспечения и продукции электронной промышленности в реестр доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-6-бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы Ережесінің 15-тармағының 306) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттары
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 829/НҚ Бұйрыққа қосымша Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттары
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерін енгізу жөніндегі өлшемшарттар (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-6-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы Ережесінің 15-тармағының 306) тармақшасына сәйкес әзірленді және сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру, жүргізу тәртібін, сондай-ақ бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) интернет-ресурс – бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік аты бар және интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған (мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге де түрдегі) ақпарат;
Тармақша 2
2) квазимемлекеттік сектор субъектілері-мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар;
Тармақша 3
3) комиссия – өтінім берушілердің бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) туралы, сондай-ақ сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы өтінімдерін қарау кезіндегі ұсыныстар әзірлеу бойынша консультативтік-кеңесші орган;
Тармақша 4
4) қызмет алушы – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын, шетелдік мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін, квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында электрондық өнеркәсіп өнімдерін немесе бағдарламалық қамтылымды өндіретін жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 5
5) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттары үшін құрылған тізбесі;
Тармақша 6
6) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы (бұдан әрі - ТЖҚ БНА) - сатып алу процестерін жоспарлау, есепке алу және талдау үшін Қазақстан Республикасының барлық реттеліп сатып алуларында қолданылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сыныптауышы;
Тармақша 7
7) электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – электрондық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 8
8) «электрондық үкімет» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 9
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 135 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13349 болып тіркелген) бекітілген ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларына сәйкес тізілімге енгізу түрі және мақсаты бойынша жіктеледі (бұдан әрі – сыныптау қағидалары).
Тарау 2
2-тарау. Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі
Тармақ 4
4. Тізілімді қалыптастыру «бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімінің Тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау), сондай-ақ олар туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
Тармақ 5
5. Бағдарламалық қамтылым, егер ол мынадай өлшемшарттарға сәйкес келсе, Тізілімге енгізілуге тиіс:
Тармақша 1
1) бағдарламалық қамтылымның ақпараттық қауіпсіздіктің белгіленген талаптарына сәйкестігі;
Тармақша 2
2) бағдарламалық қамтылымға айрықша мүліктік құқықтар көрсетілетін қызметті алушыға тиесілі, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және айрықша құқықтың қолданылу мерзіміне қолданылады;
Тармақша 3
Тармақша 3-1
3-1) бағдарламалық қамтылым оқшаулау үлесінің кемінде 80%;
Тармақша 4
4) бағдарламалық қамтылымды Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан техникалық қолдау қызметімен қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Бағдарламалық қамтылымның мәлімделген функционалдық және пайдалану сипаттамаларына сәйкестігі;
Тармақша 6
6) бағдарламалық қамтылымның ТЖҚ БНА мәлімделген кодтарына және сыныптау қағидаларының санаттарына сәйкестігі;
Тармақша 7
7) мәлімделген бағдарламалық қамтылым дербес болып табылады. Егер Тізілімге енгізуге өтінім берілген бағдарламалық қамтылым дербес бағдарлама болып табылмаған жағдайда, оны Тізілімге енгізуге өтінім берушінің жұмыс істеуі үшін қажетті бағдарламалық қамтылым Тізілімде болған жағдайда жол беріледі.
Тармақ 6
6. Электрондық өнеркәсіп өнім, егер ол мынадай өлшемшарттарға сәйкес келсе, Тізілімге енгізілуге тиіс:
Тармақша 1
1) электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымның ақпараттық қауіпсіздіктің белгіленген талаптарына сәйкестігі не бағдарламалық қамтылымды сынауды жүргізу мүмкін еместігі туралы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органнан шешімнің болуы.
Тармақша 2
2) электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымға құқықтың бүкіл қолданылу мерзіміне пайдалану құқығының болуы;
Тармақша 3
3) электрондық өнеркәсіп өнімін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сервистік орталықпен қамтамасыз ету;
Тармақша 4
Тармақша 4-1
4-1) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36717 болып тіркелген) қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының қазақстандық тауар өндірушінің тізілімінде болуы;
Тармақша 5
Тармақша 6
6) электрондық өнеркәсіп өнімінің мәлімделген сыныптау Қағидаларының санаттарына сәйкестігі.
Тармақ 7
7. Тізілімді жүргізу осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Тізілім, сондай-ақ тізілімге өзгерістер мен толықтырулар электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінің операторына 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде жіберіледі және тиісті шешім қабылданғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында жариялануға тиіс.
Тармақ 9
9. Өтініш беруші осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында, сондай-ақ 2-қосымшада көзделген құжаттардың қолданылу мерзімдері аяқталатын күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей уәкілетті органға құжаттардың өзектендірілген нұсқаларын ұсына отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді. Тізілімде қамтылған мәліметтердің өзектілігін тексеру мақсатында уәкілетті орган Тізілімде қамтылған мәліметтердің, құжаттардың дұрыстығына мониторинг жүргізеді.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган Тізілімнің мониторингі шеңберінде дұрыс емес мәліметтерді, дұрыс емес құжаттарды, қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну және (немесе) осы Қағидаларда белгіленген бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімін Тізілімге енгізу жөніндегі өлшемшарттарға сәйкестігін жоғалту фактілерін анықтаған кезде уәкілетті орган бағдарламалық қамтылымды немесе электрондық өнеркәсіп өнімін Тізілімнен шығаруды жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) туралы, сондай-ақ сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешімдерді қабылдауды уәкілетті орган Комиссияның осы Қағидалардың 5 тармағының және 6 тармағының өлшемшарттарына сәйкестігі туралы ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырады. Комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібі уәкілетті орган бекітетін Ережемен айқындалады.
Тарау 3
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. «Бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) туралы, сондай-ақ сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсетілетін қызметті беруші көрсетеді.
Тармақ 13
13. Уәкілетті орган көрсетілетін қызметті беруші болып табылады.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3, 4, 5-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініш (бұдан әрі – өтініш) Тізбеде айқындалған құжаттарды қоса бере отырып www.egov.kz немесе www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталдары арқылы жібереді (бұдан әрі – портал).
Тармақ 16
16. Құжаттарды портал арқылы берген кезде «жеке кабинетке» мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама мәртебесі жіберіледі.
Тармақ 17
17. Құжаттарды қабылдауға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі өтініш пен құжаттар келіп түскеннен кейін 3 (үш) күн ішінде оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.
Тармақ 18
18. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Тармақ 19
19. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Тармақ 20
20. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші оны бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімінің Тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) туралы не тізілімде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы ұсынымдар беру үшін Комиссияның қарауына жібереді.
Тармақ 21
21. Бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімдерін Тізілімге енгізу, сондай-ақ Тізілімдегі мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу өлшемшарттарына сәйкестікті қызмет көрсетуші қызмет алушы ұсынған құжаттарды зерттеу арқылы, осы Қағидалардың 5 және 6-тармағында көрсетілген өлшемшарттар бойынша комиссияның ұсыныстарын ескере отырып анықтайды. Осы Қағидаларда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмейтін өтініштерді көрсетілетін қызметті беруші қабылдамауға тиіс.
Тармақ 22
22. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың ережелерін нақтылау қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны тыңдауға бастамашылық жасай алады. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 2 жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға 6,7,8, 9-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде «жеке кабинетке» порталға жіберіледі.
Тармақ 24
24. Құжаттарды қараудың және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін берудің жалпы мерзімі Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап 14 жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 25
25. Бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімдері туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері бойынша Тізілімге енгізіледі.
Тармақ 26
26. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген).
Тармақ 27
27. Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.
Тарау 4
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 28
28. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Тармақ 29
29. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Тармақ 30
30. Көрсетілетін қызметті беруші, шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Тармақ 31
31. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Тармақ 32
32. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 33
33. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 34
34. Егер «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну сотқа дейінгі шағымданудан кейін мүмкін болады. Заңда жоғары тұрған органға шағымданбай-ақ сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, даулы болып табылатын әкімшілік орган, лауазымды тұлға, әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) тиісті жауаппен бірге жоғары тұрған әкімшілік органның немесе лауазымды тұлғаның уәжді ұстанымын Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа ұсынады.
Тарау 5
5-тарау. Өтпелі ережелер
Тармақ 35
35. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін, Тізілімге енгізілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдері бойынша, көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 45 күнтізбелік күн ішінде сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдер Тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге бастамашылық жасау жолымен бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің осы Қағидаларда белгіленген өлшемдерге сәйкестігін растайтын мәліметтер мен құжаттар топтамасын өзектендіруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 36
36. Егер көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген мерзім ішінде бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің осы Қағидаларда белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды өзектендіруді жүзеге асырмаса, онда бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдері Тізілімге енгізу өлшемшарттарына сәйкестігін жоғалтты деп танылады.
Басқа 1
Қосымша 1 Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарға Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін жүргізу нысаны Ті­зі­лім жа­з­ба­сы­ның рет­тік нө­мі­рі Ті­зі­лім жа­з­ба­сын қа­лып­та­сты­ру кү­ні Бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­дің (сон­дай-ақ жұ­мыс іс­те­уі үшін қа­жет­ті бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым), элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өнім­де­рі­нің (элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі­нің құ­ра­мы­на кі­ре­тін бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ды, мар­ка­сы мен мо­де­лін көр­се­те оты­рып)ата­уы Ин­фор­ма­ция о за­яви­те­ле ТЖҚ БНА ко­ды (код­та­ры) Бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма са­на­ты­ның ко­ды (код­та­ры) Ес­кер­ту Өті­ніш бе­ру­ші­нің ЖСН/БСН Заң­ды тұл­ға­ның ТАӘ/ ата­уы Өті­ніш бе­ру­ші­нің бай­ла­ныс де­ректе­рі Тех­ни­ка­лық қол­дау/сер­вис ор­та­лы­ғы­ның ме­кен­жайы және бай­ла­ныс де­ректе­рі (жөн­деу бой­ын­ша) 1 2 3 4 5 6 7
Басқа 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Қосымша 2 Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарға Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің ата­уы «Бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ды және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мін се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі ті­зі­лі­міне (ті­зі­лім­нен) қо­су (алып та­стау) неме­се се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі ті­зі­лі­мін­де қам­ты­л­ған мә­лі­мет­тер­ге өзге­рі­стер (то­лық­ты­ру­лар) ен­гі­зу» 2 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі-пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды: www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі ар­қы­лы. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ды/элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мін се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі ті­зі­лі­міне ен­гі­зу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма бе­ру ке­зін­де-14 (он төрт) жұ­мыс кү­ні; 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі 1.бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ды/элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мін се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі ті­зі­лі­міне ен­гі­зу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма; 2.бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ды/элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мін се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі ті­зі­лі­мі­нен алып та­стау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма; 3.се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өнім­де­рі ті­зі­лі­міне өзге­рі­стер және (неме­се) то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма; 4.Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. 7 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді 8 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі 1)көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес Жыл­дың де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9:00-ден 18:30-ға дей­ін; 2)пор­тал-жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). 9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу үшін Қағидалардың 5 немесе 6-тармағында белгіленген өлшемдерге бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш беріледі: Бағдарламалық қамтылым үшін: ҚР СТ ISO/IEC 15408-3-2017 «Ақпараттық технологиялар. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігін бағалау өлшемшарттары. 3-бөлім. Қорғауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар» (бұдан әрі – ҚР СТ ISO/IEC 15408-3-2017) сәйкес бағдарламалық қамтылым үшін 4-інші сенім деңгейінен төмен емес орындау немесе Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген) бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларына сәйкес аккредиттелген сынау зертханалары берген ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне оң нәтижелері бар сынау хаттамаларының болуы (бұдан әрі – сынау хаттамалары); бағдарламалық қамтылымға айрықша мүліктік құқықтар көрсетілетін қызметті алушыға тиесілі, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және айрықша құқықтардың қолданылу мерзіміне қолданылады; Қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін индустриялық сертификат немесе қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушіні растау тәртібіне сәйкес бағдарламалық қамтылым оқшаулау үлесінің кемінде 80% есептеуін растайтын құжаттар. Бұл ретте индустриялық сертификатты бағдарламалық қамтылымның оқшаулау үлесін растаушы құжат ретінде ұсынуға 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының төртінші бөлігіне сәйкес рұқсат етіледі; осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағында техникалық қолдау қызметімен бағдарламалық қамтылымды қамтамасыз ету туралы мәліметтер. Электрондық өнеркәсіп өнімдері үшін: ҚР СТ ISO/IEC 15408-3-2017 сәйкес бағдарламалық қамтылым үшін 4-інші сенім деңгейінен төмен емес орындау немесе сынау хаттамаларының болуы немесе ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органнан бағдарламалық қамтылымды сынақтан өткізудің мүмкін еместігі туралы растаудың болуы; электрондық өнеркәсіп өнімін өндірушіде құқықтың бүкіл қолданылу мерзіміне электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамында бағдарламалық қамтылымды пайдалану құқығының туындау негіздерін растайтын құжаттар; осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағында электрондық өнеркәсіп өнімін сервистік орталықпен қамтамасыз ету туралы мәліметтер; Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36717 болып тіркелген) Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірмесі немесе индустриялық сертификаты болу қажет. Бұл ретте индустриялық сертификатты электрондық өнеркәсіп өнімінің кемінде 30% оқшаулау үлесін растаушы құжат ретінде ұсынуға 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының төртінші бөлігіне сәйкес жол беріледі; осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық өнеркәсіп өнімінің техникалық және пайдалану сипаттамаларының сипаттамасын қамтитын құжат; 2) бағдарламалық қамтылымды немесе электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімі тізілімінен алып тастау үшін көрсетілетін қызметті алушының бастамасы бойынша осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш беріледі; 3) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қамтылған мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш беріледі. 10 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер 1)көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау; 2)көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бар болған жағ­дай­да; 3)«Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ұсы­ны­ла­тын ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы; 4)көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 11 Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар; 2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады; 3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында көрсетілген moap@mdai.gov.kz. 4) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында көрсетілген www.gov.kz «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі» бөлімінде. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 3. Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қамтылған мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш
Қосымша 3 Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарға Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қамтылған мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш ______________________________________________________________ (енгізілетін тізілімдік жазбаның атауы және мазмұны өзгерістер және (немесе) толықтырулар) * Ескертпе: әрбір бағдарламалық қамтылым (электрондық өнеркәсіп өнімі) бойынша жеке өтініш беріледі ____________________________________________________________ жаңа редакциядағы тізілім жазбасының атауы мен мазмұны: мәлімделген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың себебі ______________________________________________________________ байланыс телефон нөмірлері
Басқа 4. Бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу туралы өтініш
Қосымша 4 Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарға Жеке кәсіпкердің деректемелері/ заңды тұлғаның (мекен-жайы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі, телефон, электрондық пошта) Басшысына (Мемлекеттік органның атауы) Өтініш нөмірі: (нөмірі) Өтініш күні: (күні) Бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу туралы өтініш 1. ____________________________________________________________________ (компанияның атауы) 2. байланыс телефон нөмірі: _____________________________________ 3. ______________________________________________________________ басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) 4. бизнес сәйкестендіру нөмірі / жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________ 5. электрондық пошта: ______________________________________________ Бағдарламалық қамтылым/электрондық өнеркәсіп өнімдері туралы мәліметтер: 6. ___________________________________________________________ бағдарламалық қамтылымның/электрондық өнеркәсіп өнімдерінің атауы 8. ___________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 135 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13349 болып тіркелген) бекітілген ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларына (бұдан әрі – сыныптау қағидалары) сәйкес бағдарламалық қамтылым/ электрондық өнеркәсіп өнімі үшін Санат коды (кодтары). 9. ___________________________________________________________ бағдарламалық қамтылымның ТЖҚ БНА коды (кодтары) (бағдарламалық қамтылымды жеткізу нұсқаларын көрсете отырып: тауар түрінде және/немесе ақпараттық-коммуникациялық қызмет түрінде)/ электрондық өнеркәсіп өнімі 10. ___________________________________________________________ бағдарламалық өнім әзірленген платформаның сипаттамасы (егер бағдарламалық қамтылым тәуелсіз болмаса). 11.____________________________________________________________ (электрондық қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаның атауы және сенімхат негізінде әрекет ететін заңды тұлға басшысының немесе өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (сенімхаттың нөмірі және берілген күні)
Басқа 5. Бағдарламалық қамтылымды немесе электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімі тізілімінен алып тастау туралы өтініш
Қосымша 5 Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарға Бағдарламалық қамтылымды немесе электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімі тізілімінен алып тастау туралы өтініш ______________________________________________________________ (тізілімнен шығарылатын тізілімдік жазбаның атауы мен мазмұны) * Ескертпе: әрбір бағдарламалық қамтылым (электрондық өнеркәсіп өнімі) бойынша жеке өтініш беріледі______________________________________________________________ Тізілімнен шығару себебі ______________________________________________________________ байланыс телефон нөмірлері
Басқа 6
Қосымша 6 Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарға Нысан [[Мемлекеттік тілдегі уәкілетті органның (бұдан әрі – УО) атауы] УО-ның мемлекеттік тілдегі деректемелері [УО атауы (орыс тілінде)] УО деректемелері орыс тілінде [Ұйымның атауы, заңды мекенжайы, БСН/ЖСН] Нөмірі: [құжат нөмірі] [Берілген күні] Көрсетілетін қызметті берушінің бланкі Дәлелді бас тарту [Көрсетілетін қызметті берушінің атауы] Сіздің өтінішіңізді [өтінім күні] жылғы № [кіріс құжаттың нөмірі] қарағаннан кейін мынаны хабарлайды. [Бас тарту себебі] [Қол қоюшы лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]
Басқа 7
Қосымша 7 Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарға Форма [Мемлекеттік тілдегі уәкілетті органның (бұдан әрі – УО) атауы] УО-ның мемлекеттік тілдегі деректемелері [ББ атауы (орыс тілінде)] [Ұйымның атауы, заңды мекенжайы, БСН/ЖСН] Нөмірі: [құжат нөмірі] [Берілген күні] Көрсетілетін қызметті берушінің бланкі Хабарлама бағдарламалық қамтамасыз етуді (электрондық өнеркәсіп өнімін) сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімі тізіліміне енгізу туралы № ____________ күні "___" __________ 20___жыл Осы хабарлама берілді __________________________________________ __________________________________________ (Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (бағдарламалық қамтамасыз етудің немесе электрондық өнеркәсіп өнімінің толық атауы) ___________________________________________ (хабарлама берген мемлекеттік органның атауы) БСН _____________________________________ ТЖҚ БНА _________________________________ [Қол қоюшы лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)] [Должность подписывающего] [Фамилия, имя, отчество (при его наличии) подписывающего] Ескерту: БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ТЖҚ БНА– тауар, жұмыс және қызмет көрсетудің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы.
Басқа 8
Қосымша 8 Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарға Форма [Мемлекеттік тілдегі уәкілетті органның (бұдан әрі – УО) атауы] УО-ның мемлекеттік тілдегі деректемелері [УО атауы (орыс тілінде)] УО деректемелері орыс тілінде [Ұйымның атауы, заңды мекенжайы, БСН/ЖСН] Нөмірі: [құжат нөмірі] [Берілген күні] Хабарлама Бағдарламалық қамтылымды (электрондық өнеркәсіп өнімін) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімі тізілімінен алып тастау туралы № ____________ күні "___" _________ 20___жыл ____________________________________________ (Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (бағдарламалық қамтамасыз етудің немесе электрондық өнеркәсіп өнімінің толық атауы) Бағдарламалық қамтылымды (электрондық өнеркәсіп өнімін) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімі тізілімінен алып тастау себебін көрсету __________________________________________ (хабарлама берген мемлекеттік органның атауы) [Қол қоюшы лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)] ___________________________________________________________________
Басқа 9
Қосымша 9 Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарға Форма [УО мемлекеттік тілдегі атауы] УО мемлекеттік тілдегі деректемелері [УО мемлекеттік тілдегі атауы] УО мемлекеттік тілдегі деректемелері [Ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН] Нөмірі: [құжат нөмірі] [Берілген күні] Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым (электрондық өнеркәсіп өнімдері) тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы Хабарлама № _______________ күні «___» ___________ 20___ж. Осы хабарлама ________________________________________________________________ (Заңды тұлғаның атауы / жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімінің толық атауы) __________________________________________________________________ (хабарламаны берген мемлекеттік органның атауы) берілді [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының (Т. А. Ә. (бар болса)]
Басқа 10
Қосымша 10 Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарға Нысан Электрондық өнеркәсіп өнімдері үшін-бағдарламалық қамтылым / сервистік орталық үшін-техникалық қолдау қызметінің болуы туралы мәліметтер № Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ор­на­ла­сты­ру­дың нақ­ты ме­кен­жайы Бай­ла­ныс де­ректе­рі (те­ле­фон нө­мі­рі және элек­трон­дық по­шта)
Басқа 11
Қосымша 11 Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарға Нысан Электрондық өнеркәсіп өнімінің техникалық және пайдалану сипаттамаларының сипаттамасы (ақпарат форматтағы файлдар түрінде қоса беріледі.pdf) Элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі­нің ата­уы Мар­ка­сы мен мо­де­лі Қы­сқа­ша си­патта­ма Тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры Пай­да­ла­ну си­патта­ма­ла­ры Ескертпе: электрондық өнеркәсіп өнімдерінің үлгілері болған жағдайда, әрбір модель үшін кестені жеке толтыру қажет.