О кредитовании бизнес-проектов для развития малого предпринимательства на местном уровне Қолданыста
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлікті жергілікті деңгейде дамыту үшін бизнес-жобаларды несиелеу туралы
Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Шағын кәсіпкерлікті жергілікті деңгейде дамытуды несиелеуге бюджеттікнесиелер беру Ережелері бекітілсін (тіркелді).
Тармақ 2
2. Шағын кәсіпкерлікті жергілікті деңгейде дамытуға арналған несиелеу» бағдарламасының әкімгері болып облыстық экономика және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы (Ким Г.З.) белгіленсін.
Тармақ 3
3. Облыстық экономика және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы (Ким Г.З.), облыстың қаржы басқармасы (Әжіғалиева А.Т.) қарыз алушы банкімен несиелік келісімнің шарттарын орындалуын бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ф.Ғ. Ергалиевке жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің 2002 ж.
«2» сәуір № 414 шешіміне
қосымша
Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамытуды несиелеуге бюджеттік несиелер беру ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджеттік жүйе туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заң күші бар бар Жарлығына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы «Мемлекеттік және кепілдікпен қарыз алу мен борыш туралы» Заңына, Қазақстан Республика Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1140 « Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республика жергілікті атқарушы органдарының несие беру ережесін бекіту туралы», 2001 жылғы 9 сәуірдегі № 478 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1440 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және 133 272 80000 «Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамытуды несиелеу» бағдарламасы бойынша бюджеттік несиелер беру тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы шарттар
1. Жалпы шарттар
Тармақ 1
1. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар қолданылды:
несие беруші – жергілікті атқарушы органы атынан облыс әкімі немесе оны алмастыратын тұлға;
- бағдарламаның әкімгері – облыс әкімінің шешімімен тағайындалған облыстық экономика және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы;
банк-қарыз-алушы – түпкі қарыз алушыларды одан әрі несиелеу үшін бюджеттік несиелерді алуға және Ұлттық банктің тізбесінде көрсетілген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк;
бюджеттік несие – несие берушілердің облыстық бюджеттен мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық шартымен берілетін ақша;
бюджеттік несие бойынша берешек – белгілі бір күнге бюджеттік несиені өтеу және оған қызмет көрсету кестесіне сәйкес қарыз алушы төлемеген төлемдер сомасы;
қарыз алушы-банк – қарыз алушы банк немесе түпкі қарыз алушы;
түпкі қарыз алушы – заңды немемсе жеке тұлға, банк – қарыз алушы арқылы бюджеттік несие алушы.
Тармақ 2
2. Бюджеттік несиелендіру жергілікті атқарушы органдармен тиісті жылға қабылдаған жергілікті бюджеттің құрамдас бөлігі болып табылады және бюджеттік несиелерді кейіннен түпкі қарыз алушыға барумен банк – қарыз алушыға беру жолымен жүзеге асырылады.
Бюджеттік несиелер беру Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес несие шарттарымен рәсімделеді.
Тармақ 3
3. Жергілікті бюджеттік ақша есебінен бюджеттік несие беру туралы несиелік шарттар (келісімдер) жасасу жергілікті атқарушы орган атынан – облыс әкімі немесе оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Бюджеттік несиелендіру бағыттары
2. Бюджеттік несиелендіру бағыттары
Тармақ 4
4. Бюджеттік несиелер мақсатты болып табылады және тиісті қаржы жылына 133 272 80 00 «Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамыту несиелендіру» Бағдарламасында көзделген және облыстық Мәслихаттың шешімімен бекітілген бағыттар бойынша және сомалар шегінде беріледі.
Тармақ 5
5. Жергілікті бюджеттерде көзделген бюджеттік несиелендірудің негізгі бағыттары шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық бағдарламаларын орындау болып табылады.
Тарау 3. 3. Бюджеттік несиелердің түрлері мен нысандары
3. Бюджеттік несиелердің түрлері мен нысандары
Тармақ 6
6. Бюджеттік несиелендіру процесінде: несие берушілер мен банк – қарыз алушылар; банк қарыз алушылар мен түпкі қарыз алушы арасында несиелік шарттар жасалады.
Тармақ 7
7. Бюджеттік несиелендірудің берілу нысанына қарай несие беру желісі белгіленді. Ол арқылы бағдарлама әкімгері бекіткен ақша аудару кестесіне сәйкес қарыз алушы банк есепшоты бюджеттік несие сомасын мерзім сайын аудару жолымен несие беріледі
Тармақ 8
8. Бюджеттік қаржылар шағын кәсіпкерлікті қолдау жобаларын несиелеуге қайтарымдылық негізінде, 2 жыл мерзімге дейін орта мерзімдік несиелер түрінде беріледі.
Тармақ 9
9. Жекелеген жағдайларда 3 жыл мерзімге дейін борыштың негізгі сомасын өтеу және сыйақы төлеу бойынша жеңілдік кезеңі берілуі мүмкін.
Тармақ 10
10. Бюджеттік несиелер ұлттық валютамен беріледі;
Тармақ 11
11. Бюджеттік несиелер несие берушімен белгіленген сыйақының тіркелген мөлшерлемесімен беріледі;
Тармақ 12
12. Бюджеттік несиелендірудің негізгі шарттары болып табылады:
Тармақша 1
1) несиелерді шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағыттау;
Тармақша 2
2) бюджеттік несиелендіру кезінде қарыз алушыларға қойылатын талаптарды сақтау;
Тармақша 3
3) бюджеттік несиелендіру үшін белгіленген несие берудің нысандарын қолдау;
Тармақша 4
4) несиелердің қайтарылымдылығын қамтамасыз ету.
Тарау 4. 4. Банк – қарыз алушыға бюджеттік несиелер берудің тәртібі мен шарттары
4. Банк – қарыз алушыға бюджеттік несиелер берудің тәртібі мен шарттары
Тармақ 13
13. Бағдарлама әкімгері банк – қарыз алушыға қойылатын талаптарды белгілейді;
Банк – қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар:
Тармақша 1
1) бұрын республикалық және/ немесе жергілікті бюджеттердің ақшасы есебінен алынған несиелер бойынша берешектің болмауы;
Тармақша 2
2) конкурс өткізу күнінің алдындағы соңғы үш ай ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық нормативтерінің сақталуы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген жарғылық және өз меншігіндегі капиталдық ең аз мөлшерлі лимиттерінің сақталуы;
Тармақша 4
4) бюджеттік несиелерді уақытылы қайтару жөнінде тиісті қамтамасыз етудің болуы.
Тармақ 14
14. Бағдарлама әкімгері екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі-банк-қатысушылар) арасында нақты бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде несиелер алуға арналған конкурс өткізу үшін қойылатын талаптарды қоса бере отырып, олар бойынша сұрау салуларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жібереді.
Тармақ 15
15. Бағдарламаның әкімгері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің тізбесіне сәйкес оң қорытындысы бар банк – қатысушылар арасында өтінімдері берудің мерзімін көрсете отырып, нақты бюджеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде олардың несиелер алуы үшін конкурс жариялайды.
Тармақ 16
16. Банк – қатысушылар бағдарламаның әкімгері белгіленген конкурс өткізу мерзімдеріне олардың бюджеттік несиелерді алу және олармен нақты бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде түпкі қарыз алушыларды несиелендіруді жүзеге асыру шарттары бойынша ұсыныстарды растайтын құжаттарды ұсына отырып, конкурсқа қатысуға өтініш береді.
Тармақ 17
17. Құжаттарды қарау және конкурсқа жіберілген қатысушы банктер арасынан – қарыз алушыны іріктеу үшін бағдарлама әкімгері конкурстық комиссия құрады.
Конкурстық комиссия бюджеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ететін тиісті несиелендіру және бюджеттік қаражатын үнемдеу мақсатында банк – қатысушылардың өнімдерін қарауды және оларды іріктеуді:
Тармақша 1
1) бюджеттік несиелендіруге байланысты шығыстардың ең төменгі деңгейін;
Тармақша 2
2) қамтамасыз ету сапасын (көлемі, нысаны, өтімділігі);
Тармақша 3
3) банктердің несиелік коржынының өтімділігі деңгейін;
Тармақша 4
4) банктердің меншікті капиталының көлемін;
Тармақша 5
5) несиелендіру саласындағы банктердің жұмыс тәжірбиесін ескере отырып жүргізеді.
Тармақ 18
18. Конкурстық қорытындысы бойынша бағдарлама Әкімгері банк – қарыз алушы, шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аймақтық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды олардың қатысу шарттары мен деңгейін анықтау туралы облыс әкімінің шешімінің жобасын белгіленген тәртіппен ұсынады.
Тармақ 19
19. Облыс әкімінің шешіміне сәйкес жергілікті атқарушы органының атынан облыс әкімі немесе оны ауыстырушы тұлға банк – қарыз алушымен бірлесіп несие шарттары мен оларға байланысты облыс бюджеттінде бекітілген жылдық сомалар шегінде құжаттарды (кепілдік туралы шарт, кепілдіктер, төлемдердің кестелері және т.б.) жасау жүргізіледі.
Жасалған несиелік шарттар жасалған күннен бастап үш күндік мерзімде жергілікті бюджеттің ақшасы есебінен бюджеттік несиелер бойынша облыстық Қазынашылық басқармасының тіркеуіне жатады.
Жергілікті бюджетті нақтылау нәтижесінде жылдық сома өзгерген жағдайда несиелік келісім-шарттардың сомасы көрсетілген несиелендіру бөлігі өзгертілуге және облыстық Қазынашылық басқармасында қайта тіркеуден өткізілуге жатады.
Конкурс комиссиясы теріс шешім қабылдаған жағдайда бағдарлама әкімгері конкурстың қайта өткізілуін ұйымдастырады.
Тармақ 20
20. Несие беруші банк – қарыз алушыға жоба құнындағы 0,01% сыйақы мөлшерлемесі бойынша өзінің несиелік ресурстарының үлесін береді.
Банк – қарыз алушы несие берушінің алдында толықтай жауап береді және түпкі қарыз алушымен өзара есеп айырысу жағдайына қарамастан жобаларды несиелеуде несие ресурстары ретінде пайдаланылатын бюджет қаражатынан бекітілген Банктің корреспонденттік есеп – шотына қаражатты түсу кестесіне сәйкес өз кепілдігін береді.
Банк-қарыз алушы несиелік ресурсындағы өз үлесін бас банкімен келісілген мөлшерлеме бойынша жобаны қаржыландыруға қосымша ұсыну құқылы.
Тармақ 21
21. Несиелік шарт тіркелгеннен кейін бағдарлама әкімгерінің өтінімі негізінде облыстық қаржы басқармасы несие қаражатын бюджеттік есеп-шоттан Қазынашылық басқармасындағы бағдарлама әкімгерінің есеп-шотына, аударады және бағдарлама әкімгері банк-қарыз алушының есеп-шотына аударады.
Тармақ 22
22. Несиелік шартта міндетті түрде бюджеттік несиелеудің мына шарттарын ескерген жөн:
Тармақша 1
1) сандық көлемі мен алу сипаттамасын,
Тармақша 2
2) несие сомасы;
Тармақша 3
3) несие беру және қайтару мерзімдерін;
Тармақша 4
4) банк-қарыз алушының түпкі қарыз алушыны несиелендіру шарттарын;
Тармақша 5
5) сыйақы есептеудің тәртібі мен мөлшерлемесін;
Тармақша 6
6) талаптардың құқықтары мен міндеттерін;
Тармақша 7
7) келісім – шарт талаптары орындамаған кездегі айыппұлдарды;
Тармақша 8
8) дауларды шешу тәртібін;
Тармақша 9
9) келісім – шарттың қолданылу мерзімін;
Тармақша 10
10) бюджеттік несиелендіру кезінде туындайтын талаптардың барлық даулар мен алауыздықтар жасалған несие беру келісімнің шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тарау 5. 5. Банк – қарыз алушының түпкі - қарыз алушыға бюджеттік несие беру тәртібі мен шарттары
5. Банк – қарыз алушының түпкі - қарыз алушыға бюджеттік несие беру тәртібі мен шарттары
Тармақ 23
23. Банк – қарыз алушымен түпкі қарыз алушыға жергілікті бюджеттік несие қолданыстағы заңнамаға, қарыз берушімен жасалған несие келісімдеріне және банк-қарыз алушымен ішкі несие саясатына сәйкес беріледі.
Тармақ 24
24. Банк –қарыз алушы түпкі қарыз алушылардың несиелік ұсыныстарына түпкі қарыз алушылардың несиелік ұсыныстарына түпкі қарыз алушылардың төлем қабілеттілігі мен бюджеттік несиенің өтелмеу қатерінің дәрежесін талдау, жобаның экономикалық мақсаттылығын, технико-экономикалық және қаржы көрсеткіштерін талдау, несиені өтеу көздерінің баршылығы мен өтелеуін қамтамасыз етілеін тексеру арқылы сараптама жүргізеді.
Тармақ 25
25. Несие ұсыныстарын сараптау нәтижелерінің негізінде банк – қарыз алушы бағдарлама әкімгерімен келісіп түпкі қарыз алушыларды несиелендіру туралы шешім қабылдайды, олармен несиелік шарттар мен бюджеттік несиелерге байланысты басқа дақұжаттарды жасасады.
Тармақ 26
26. Бюджеттік несие алушы түпкі қарыз алушылар өтінімінде облыстағы жұмыссыздық және кедейлікке қарсы белсенді күрес жүргізу мақсатында тіркелген жұмыссыздар санынан қызметкерлерді жалдау шартын қарастыруға міндетті.
Тармақ 27
27. Несие шарттарын және оларға байланысты құжаттарды жасасқаннан кейін банк – қарыз алушы түпкі қарыз алушылардың атына несие шарттарына сәйкес бюджеттік несиелер сомасы есепке алынатын несие шоттарын ашады. Көрсетілген шоттан түпкі қарыз алушының есеп шотына ақша аудару, немесе оның төлем құжаттарын төлеу жолымен несие беру жүргізіледі.
Банк – қарыз алушы түпкі қарыз алушыға несие ресурстарын
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кепілдікті қамтамасыз етумен;
Тармақша 2
2) 2 жылға дейінгі мерзіммен, жеке жағдайларда келісімде белгіленген несиені қайтару мерзімінің жартысы өткеннен кейін несиені тең үлесте өтеуді бастау шартымен 3 жылға дейінгі мерзімге жеңілдік мерзімге береді.
Тармақ 28
28. Биззнес-жобалар бойынша іріктелетін негізгі басымдықтағы бағыттар болып:
- тауар өндірісі;
- ауылшаруашылығы өндірісі;
- импорт алмастыратын өнімдер мен тауарлар шығаруға бағытталған, жұмыс істемей тұрған өндіріс қуаттарын сауықтыру;
- халыққа қызмет көрсету;
- қоғамдық тамақтандыру мен сауданы қайта жаңғырту және ұйымдастыру табылады.
Аудан әкімияттарына жобаларды бағдарлама әкімгеріне ұсыну кезінде басымды бағыт ретінде жалпы жоба санынан кемінде 50% ауыл шаруашылығын дамытуға бағыталлған жобаларды таңдау ұсынылады.
Банк – қарыз алушымен бөлінетін несиелік қаржы кезең-кезеңмен шығындар сметасына сәйкес жүргізіледі. Бірінші кезекте қаржыландыруға өндірістік және ауыл шаруашылығы жобалары қабылданады.
Тарау 8. 8. Бюджеттік несиені өтеу және оған қызмет көрсету тәртібі.
8. Бюджеттік несиені өтеу және оған қызмет көрсету тәртібі.
Тармақ 29
29. Қарыз алушы негізгі борышта өтеуді және есептелген сыйақыны төлеууді жасалған несие келісім-шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл ретте төлемдердің мынадай кезектілігі белгіленеді:
Тармақша 1
1) есептелген айыптар мен өсімдер төлемдері;
Тармақша 2
2) есептелген сыйақы;
Тармақша 3
3) негізгі борышты өтеу.
Тармақ 30
30. Несие шарттарында тараптардың қалауы бойынша несиені мерзімнен бұрын өтеу құқығы ескерілуі мүмкін.
Тармақ 31
31. Несие беруші банк – қарыз алушы несиелік келісімді бұзған жағдайда несиелік шартты мерзімнен бұрын бұзуға және есептелген айыппұлдармен бірге несиенің нақты берілген сомасын қайтаруға құқылы.
Тармақ 32
32. несие келісім –шарты бұзылмаған жағдайда несие беруші бюджеттік несиені мақсатсыз пайдалану деректемелері анықталған кезде қарыз алушыдан несиелік келісім-шартта келісілген мөлшерде айыппұл сала отырып, заңсыз пайдаланылған несие сомасын өндіріп алуға құқылы.
Тармақ 33
33. Түпкі қарыз алушы бюджеттік несиені өтемеген немесе несие келісім-шартында белгіленген мерзімде ол бойынша сыйақыны төлемеген жағдайда пайда болған берешекке айыппұл ықпал-шаралары есептелінеді.
Тармақ 34
34. Түпкі қарыз алушыда бюджеттік несие бойынша берешек пайда болған және ол несие шартында анықталған мерзім ішінде өтемеген кезде (түпкі заемшымен болған жағдайда) банк – заемшымен берешектің қайтарылуын қамтамасыз ететін мынадай шаралар алынады:
Тармақша 1
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес кепілдік туралы шарт негізінде қарыз алушының кепілдікке салған мүлікті сату;
Тармақша 2
2) Қарыз алушы қарыз алушы банкінің пайдасына берген борышқорға қойған талаптарын өтеу үшін ұсыну;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының «Банкротттық туралы» Заңына сәйкес қарыз алушыны сотпен банкрот деп жариялауға дейін сот тәртібімен өндіріп алуды қолдану.
Тармақ 35
35. Банк – қарыз алушыда бюджеттік несие бойынша берешек пайда болған жағдайда және оны несие келісім шартында анықталған мерзімнең ішінде өтемеген жағдайда несие беруші Қазақстан республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақшалай берешектің қайтарылуын қамтамасыз ететін шаралар алады.
Тармақ 36
36. Банк – қарыз алушы жергілікті бюджеттке айыппұлдарды қоса, негізгі борыштың сомасын сыйақысымен қайтарған кезде, жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен берілген несие өтелген деп саналады.
Тарау 9. 9. Бюджеттік несиелерді есептеу мен бақылау
9. Бюджеттік несиелерді есептеу мен бақылау
Тармақ 37
37. Жергілікті бюджет есебенен банк- қарыз алушыға берілген несиелер Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігімен белгіленген тәртіпте міндетті тіркелуге жатады.
Тармақ 38
38. Несие берушімен берілген бюджеттік несиелер мониторингі банк-қарыз алушы үнемі ұсынатын есептер негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 39
39. Банк-қарыз алушымен бюджеттік несиелердің игерілуін, мақсаты пайдаланылуын, уақытылы және толық өтеулуін бақылау, Несие беруші және бағдарлама әкімгері, ал түпкі қарызалушыға қатысты – банк – қарыз алушы жүргізеді.
Тармақ 40
40. қала және аудандар әкімгері де несие қаржысының мақсатты пайдаланылуына және уақытылы қайтарылуына бақылау жасайды. Қала және аудандар әкімгеріне қаржыландырылатын жобалар бойынша жергілікті бюджеттен кепілдік және міндеттеме беруге тыйым салынады.
Тармақ 41
41. Банк-қарыз алушыға бюджеттік қаржыны беру несие берушінің бағдарлама Әкімгері арқылы қаржыландыру жолымен жүргізіледі. Тиісті банк операциялары жүргізу есебімен несие ресурстары ретінде қаржыландыруға бөлінген бюджет қаржысын банк-қарыз алушы 15 күн ішінде игермеген жағдайда ол несие берушіге қаржыландыру лимитін қалпына келтіру үшін қайтарылуға жұмсалады.
Тармақ 42
42. Түпкі қарыз алушымен алынған несиені бюджетке келісімде белгіленген мерзімнен бұрын 2 жыл ішінде өтеу есебіне салынатын қаражатты банк қарыз алушымен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қайта несиелеуге жұмсалады.
Тармақ 43
43. Облыс әкіммен немесе оны алмастыратын тұлға және банк-қарыз алушы арасында жасалған несиелік келісімге сәйкес бюджеттік қаржының игерілуі туралы белінген көлемде және тәртіпке есеп ұсыну қамтамасыз етіледі.
Тармақ 44
44. Бағдарлама Әкімгері бақылау мақсатында банк-қарыз алушыдан бюджеттік несиелерге қатысты қажетті басқаақпаратты да талап етуге құқылы.
Тармақ 45
45. Жергілікті бюджеттен берілген барлық бюджеттік несиелер ҚР Қаржы министрлігімен белгіленген нысандар бойынша және мерзімде бюджеттік несиелердің нақты берілуі, қызмет етуі және өтелуі туралы бағдарлама әкімгерінің тұрақты есеп беруі негізінде облыстық қаржы басқармасымен орталықтандырылған есепке алынады.
Тармақ 46
46. Облыстық қаржы басқармасы бақылау жүргізеді мақсатында Бағдарлама Әкімгері мен банк-қарыз алушыдан бюджеттік- несиелерге қатысты қажетті ақпаратты талап етуге құқылы.