Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» аппарата Райымбекского районного маслихата Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Райымбек аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 тіркелген) сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Райымбек аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Райымбек аудандық мәслихатының «Райымбек аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2017 жылғы 27 ақпандағы № 12-69 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4156 тіркелген, 2017 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің және Райымбек аудандық мәслихатының «Райымбек аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 ақпандағы «Райымбек аудандық мәслихаты аппартының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 12-69 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2017 жылғы 8 маусымдағы № 18-102 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4270 тіркелген, 2017 жылдың 25 шілдесінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Саретбаев Габит Булатовичке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Райымбек аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 34-162 шешімімен бекітілген «Райымбек ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) 2-қосымшасына (бұдан әрі – Бұйрықтың 2-қосымшасы) сәйкес әзірленген және Райымбек ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мәслихат аппараты) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін Райымбек аудандық мәслихаты Бұйрықтың 2-қосымшасы негізінде мәслихат аппараты қызметінің ерекшелігін есепке ала отырып бекітеді.
Тармақ 3
3. Осы Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) жоғары тұрған басшы – бағаланатын қызметшінің тікелей басшысы оған тікелей бағынысты болатын адам – Райымбек аудандық мәслихатының төрағасы;
Тармақша 2
2) тікелей басшы – мемлекеттік лауазымы бойынша жоғары тұрған, мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оған тікелей бағынысты болатын адам – мәслихат аппаратының басшысы;
Тармақша 3
3) бағалаушы адам – мемлекеттік орган қызметінің ерекшелігіне байланысты тікелей басшы және/немесе жоғары тұрған басшы, сондай-ақ 360 әдісімен бағалау кезінде бағаланатын адамның жұмыс ортасындағы адамдар тобы;
Тармақша 4
4) мәслихат аппаратының басшысы –Е-2 санатының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі;
Тармақша 5
5) «Б» корпусының қызметшісі – мәслихат аппаратының басшысын қоспағанда, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметін атқаратын адам;
Тармақша 6
6) бағаланатын адам – мәслихат аппаратының басшысы немесе «Б» корпусының қызметшісі;
Тармақша 7
7) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мәслихат аппаратының басшысы үшін белгіленетін және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, оның ішінде ұлттық жобаларға, «А» корпусы қызметшісінің келісіміне қолжеткізуге немесе мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған көрсеткіштер;
Тармақша 8
8) саралау әдісі – «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау олардың функционалдық міндеттерді орындау сапасы, міндеттерді орындау мерзімдерін сақтау, бастамашылдық және дербестік, еңбек тәртібін сақтау, атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігі – бағалау параметрлеріне сәйкестік дәрежесін ескере отырып анықталатын бағалау әдісі;
Тармақша 9
9) 360 әдісі – бағаланатын адамның жұмыс ортасынан адамдар тобын сұрау арқылы бағаланатын адамда талап етілетін құзыреттердің болуын анықтауға бағытталған бағалау әдісі;
Тармақша 10
10) калибрлеу сессиялары – бағаланатын адамдардың қызметін бағалау нәтижелерін талқылау, түзету ықтималдығы және бекіту үшін бағалаушы адамдардың кездесулері;
Тармақша 11
11) бағаланатын кезең – мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижелерін бағалау кезеңі.
Тармақ 4
4. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін персоналды басқару бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі– ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта немесе мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерде жүргізіледі. Бағалау бағаланатын адамның санатына байланысты НМИ қолжеткізу нәтижелері, саралау және 360 әдістері нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.
Тармақ 5
5. НМИ қолжеткізу және саралау әдісі бойынша бағалау тоқсан қорытындысы бойынша – есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмей, 360 әдісі бойынша – есепті жылдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. НМИ және саралау бойынша қорытынды баға «Б» корпусы қызметшісінің есепті тоқсандардағы орташа бағасынан құралады.
Тармақ 6
6. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, оны бағалау жүргізілмейді. Егер бағаланатын қызметші бағалау жүргізу кезеңінде еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде, іссапарда, тағылымдамада, қайта даярлауда немесе біліктілігін арттыруда болған жағдайда қызметшіні НМИ қолжеткізу бойынша бағалау жұмысқа шыққаннан кейін бес жұмыс күні ішінде, саралау және/немесе 360 әдістері бойынша бағалау оның қатысуынсыз 5-тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бағалау мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органнан жұмыстан шығарылған қызметшілерді бағалау олардың қатысуынсыз 5-тармақта көрсетілген мерзімде жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Бағалау нәтижелері мынадай саралау бойынша қойылады: «Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады», «Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады», «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады», «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» (қанағаттанарлықсыз баға). «Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады» нәтижесіне 4-тен 5 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады» нәтижесіне 3-тен 3,99 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады» нәтижесіне 2-ден 2,99 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» нәтижесіне 0-ден 1,99 баллға дейінгі бағалар диапазоны сәйкескеледі.
Тармақ 9
9. НМИ қолжеткізу нәтижелері мен саралау әдісі бойынша бағалау нәтижелері бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротация, мемлекеттік лауазымда төмендету немесе жұмыстан босату бойынша шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.
Тармақ 10
10. 360 әдісі бойынша бағалау нәтижелері қызметшіні оқыту бойынша шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.
Тармақ 11
11. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді функционалдық міндеттеріне кадрлық мәселелерді жүргізу кіретін мәслихат аппаратының «Б» корпусы қызметшісі – кадр мәселелері және депутаттармен жұмысы жөніндегі маманы (бұдан әрі – кадрлар жөніндегі маман), соның ішінде ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз етеді. Бұл ретте кадрлар жөніндегі маман ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам бекітетін бағалау кестесін құрастырады.
Тармақ 12
12. Кадрлар жөніндегі маман бағаланатын қызметшіні бағалау нәтижелері мен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйе және/немесе мемлекеттік органдардың интранет-порталы немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы таныстыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 13
13. Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметші бағалау нәтижелерімен танысқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамға калибрлеу сессиясын өткізу жөнінде еркін нысанда тиісті өтінішпен жүгінеді.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметші калибрлеу сессиясының шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен белгіленген тәртіпте шағымдана алады.
Тармақ 15
15. Бағалаумен байланысты құжаттар бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде мәслихат аппаратында кадрлар жөніндегі бас маманда, сондай-ақ техникалық мүмкіндік болған кезде ақпараттық жүйеде сақталады.
Тармақ 16
16. Бағалау нәтижелері қатаң жасырын ақпарат болып табылады және «Ақпаратқа қолжеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік орган осы ақпаратты ашуға міндетті жағдайларды қоспағанда, үшінші адамдарға жария етуге жатпайды.
Тармақ 17
17. Бағалау рәсіміне байланысты келіспеушіліктерді барлық мүдделі адамдар мен тараптардың жәрдемдесуімен кадрлар жөніндегі маман қарастырады.
Тармақ 18
18. Бағалаушы адам мыналарға жауапты болады:
Тармақша 1
1) мәслихат аппараты жұмысының есептік кезеңдегі жалпы нәтижесі жөнінде бағаланушы адамдардың назарына жеткізу;
Тармақша 2
2) НМИ уақытылы қоюды, келісу мен бекітуді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) бағаланатын кезең ішінде НМИ орындау деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу және оларға қызметінің қорытынды бағасы мен конструктивті кері байланысты ұсыну; бағаланатын адамдардың функционалдық міндеттерін орындау дәрежесіне бағаланатын кезеңде тұрақты мониторинг жүргізу және оларға қызметкердің қызметінің қорытынды бағасы және конструктивті кері байланысты ұсыну;
Тармақша 4
4) бағалау процесінде бағаланатын адамдарды бағалау бойынша даулы мәселелерді, олар туындаған жағдайда, калибрлік сессияларға және оларды шешуге қатысу.
Тармақ 19
19. Бағаланатын адам мыналарға жауапты болады:
Тармақша 1
1) олардың НМИ қойылған міндеттерді орындау дәрежесіне жүйелі мониторинг жүргізу;
Тармақша 2
2) 360 әдісі бойынша оның қызметін бағалау шеңберінде уақтылы өзін-өзі бағалауды жүргізу;
Тармақша 3
3) қызметті бағалау нәтижелерін талқылау бойынша басшымен кездесулерге қатысу.
Тармақ 20
20. Кадрлар жөніндегі маман мыналарға жауапты болады:
Тармақша 1
1) коммуникациялық хабарламаларды дайындау, бағалау процесіне қатысушыларға консультация жүргізуді қосқанда, қызметті бағалау процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеу;
Тармақша 2
2) НМИ уақтылы талдау мен келісу;
Тармақша 3
3) қажет болған жағдайда басшы мен қызметкердің кездесуіне қатысу, қызметті бағалау процесінің мәселелері бойынша консультация беру жолымен даулы мәселелерді шешуге көмектесу;
Тармақша 4
4) калибрлеу сессияларына дайындық шеңберінде әр қызметкерге ақпарат дайындауды қоса алғанда, калибрлеу сессиясын өткізу;
Тармақша 5
5) есепті кезең ішінде олардың қызметін бағалау шеңберінде қажетті құжаттарды толтыру толықтығы мен уақтылы орындалуын, қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізу шеңберінде қызметкерге тиісті хабарламалар жіберу, қажетті есептік жазбаларды жүргізу.
Тармақ 21
21. Бағалау нәтижелері бағаланатын адамға, бағалаушы адамға, кадрлар жөніндегі маманға және калибрлеу сессияларының қатысушыларына ғана белгілі болуы мүмкін.
Тарау 2. 2-тарау. Мәслихат аппаратының басшысын НМИ Қол жеткізуі бойынша бағалау тәртібі
2-тарау. Мәслихат аппаратының басшысын НМИ Қол жеткізуі бойынша бағалау тәртібі
Тармақ 22
22. Мәслихат аппаратының басшысының қызметін бағалау НМИ жетістіктерін бағалау әдісі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. НМИ-ды бағалаушы адаммен кадрлар жөніндегі маманның келісімімен Бұйрықтың 2-қосымшасының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағаланатын кезең басталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жасалатын мәслихат аппараты басшысының жеке жұмыс жоспарында белгіленеді. Қызметші бағалау кезеңі басталғаннан кейін тағайындалған жағдайда НМИ лауазымға тағайындалған күннен бастап он жұмыс күн ішінде белгіленеді. Бұл ретте, НМИ белгіленген (бекітілген) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кадрлар жөніндегі маманы жеке жұмыс жоспарының ақпараттық жүйеде (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді. Егер қызметшінің тағайындалған күнінен бастап бағалау кезеңінің соңына дейінгі мерзім үш айдан аз болса, аталған қызметшіге НМИ белгіленбейді. Мәслихат аппараты басшысының НМИ қол жеткізуін бағалауды бағалаушы адам 5-тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізеді. Бұл ретте, мәліметтердің шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында кадрлар жөніндегі маманы НМИ-дің нақты мәндеріне алдын ала есептеу жүргізеді және оны осы Әдістеменің 5-тармағына сәйкес бағалау мерзімінің соңғы күніне дейінгі бес жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімде ақпараттық жүйе арқылы (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) бағалаушы адамға жолдайды.
Тармақ 24
24. НМИ үштен беске дейінгі мөлшерде белгіленеді және бағаланатын кезеңнің соңына дейін бағаланатын адам қызметінің күтілетін нақты нәтижелерін көрсетуі тиіс.
Тармақ 25
25. НМИ мақсатқа қол жеткізу өлшемінің сандық және сапалық индикаторларынан тұруы тиіс және:
Тармақша 1
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қолжеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
Тармақша 2
2) өлшемді (НМИ жетістіктерін өлшеу үшін нақты өлшем шарттар белгіленеді);
Тармақша 3
3) қол жетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
Тармақша 4
4) уақытпен шектеулі (бағаланатын кезең ішінде НМИ қолжеткізу мерзімі белгіленеді) болуы;
Тармақша 5
5) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, оның ішінде ұлттық жобаларды, мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарын, "А" корпусы қызметшісінің келісімін іске асыруға не мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыруға бағдарланған құжаттар.
Тармақ 26
26. НМИ-ге өзгерістер енгізуге қол жеткізуге тікелей әсер ететін мемлекеттік органның функциялары мен құрылымы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Ақпараттық жүйе немесе ол болмаған жағдайда кадрлар жөніндегі маман мәслихат аппаратының басшысын оған қатысты бағалауды өткізу туралы есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Тармақ 28
28. Ақпараттық жүйемен немесе ол болмаған жағдайда кадрлар жөніндегі маман ресімделген бағалау парағын бағалаушы адамға қарау үшін жолдайды. Ұсынылған материалдарды қарау қорытындылары бойынша бағалаушы адам Бұйрықтың 2-қосымшасының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағының тиісті бағанында (0-ден 5-ке дейін) баға қояды. Бағаларды қою кезінде бағалаушы адам Бұйрықтың 2-қосымшасының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйінді нысаналы индикаторды іске асыру пайызына қарай жол берілетін бағаны айқындау кестесін пайдаланады.
Тарау 3. 3-тарау. «Б» корпусының қызметшілерін саралау әдісімен бағалау тәртібі
3-тарау. «Б» корпусының қызметшілерін саралау әдісімен бағалау тәртібі
Тармақ 29
29. «Б» корпусының қызметшілерін бағалау саралау әдісі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 30
30. «Б» корпусының қызметшілерін саралау әдісі бойынша бағалауды мәслихат аппаратының басшысы Бұйрықтың 2-қосымшасының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органда жұмыс істейтін ақпараттық жүйе арқылы (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) жүзеге асырады. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта жүргізіледі.
Тармақ 31
31. Ақпараттық жүйе немесе ол болмаған жағдайда кадрлар жөніндегі маманы «Б» корпусының қызметшісін оған қатысты бағалау жүргізілетіні туралы есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Тармақ 32
32. Ақпараттық жүйе арқылы немесе ол болмаған жағдайда кадрлар жөніндегі маманымен бағалаушы адамға бағалау парағы жіберіледі. Бағалаушы адам Бұйрықтың 2-қосымшасының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағының тиісті бағанында баға (0-ден 5-ке дейін) қояды.
Тармақ 33
33. «Б» корпусының қызметшілерін бағалау олардың бағаланатын кезеңде функционалдық міндеттерін орындау кезінде қол жеткізген нәтижелерінің деңгейімен орындалған жұмыстың көлемі мен күрделілігін ескере отырып, мынадай параметрлер бойынша айқындалады: функционалдық міндеттерді орындау сапасы; тапсырмаларды орындау мерзімдерін сақтау; дербестік және бастамашылық; еңбек тәртібі.
Тарау 4. 4-тарау. 360 әдісі бойынша бағалау тәртібі
4-тарау. 360 әдісі бойынша бағалау тәртібі
Тармақ 34
34. 360 әдісі бойынша бағалау жылына бір рет ақпараттық жүйеде жасырын жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта жүргізіледі. Мәслихат аппаратының басшысы үшін 360 әдісі бойынша бағалау Бұйрықтың 2-қосымшасының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, «Б» корпусының қызметшілері үшін Бұйрықтың 2-қосымшасының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Тармақ 35
35. 360 әдісімен бағалау кезінде бағаланатын адамдардың санаттарына байланысты мынадай құзыреттер бағаланады: мәслихат аппаратының басшысы үшін: қызметті басқару; тиімді коммуникацияларды құру; әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану; өзгерістерді басқару; нәтижеге бағдарлану; дербестік және шешімдерді қабылдау дағдылары; топты басқару; көшбасшылық қасиеттер; ынтымақтастық; жеделділік; өзін-өзі дамыту; бастамшылдық; «Б» корпусының қызметшілері үшін: тиімді коммуникацияларды құру; әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану; өзгерістерді басқару; нәтижеге бағдарлану; дербестік және шешімдерді қабылдау дағдылары; ынтымақтастық; жеделділік; өзін-өзі дамыту.
Тармақ 36
36. Сауалнамаға қатысатын адамдардың саны әрбір бағаланатын адам үшін ақпараттық жүйемен немесе ол болмаған жағдайда кадрлар жөніндегі маманы дербес анықтайтын үш адамнан кем болмауы және жеті адамнан артық болмауы тиіс. Қызметшіні 360 әдісімен бағалауда оның өзін-өзі бағалауы көзделген. Бұл ретте қорытынды бағалауда өзін-өзі бағалау есепке алынбайды. Сауалнама алынатын адамдардың қатарына қосылады:
Тармақша 1
1) тікелей басшы;
Тармақша 2
2) бағалаушы адамға тікелей бағынатын «Б» корпусының қызметшісі;
Тармақша 3
3) лауазымы бойынша бағаланушы адаммен бірдеңгейде және олармен өзара тығыз жұмыс істейтін адамдар.
Тармақ 37
37. Кадрлар жөніндегі маман 360 әдісі бойынша бағалау процесін басқарады, жеке есептерді жасайды және Бұйрықтың 2-қосымшасының 7 және 8-қосымшаларына сәйкес нысандағы 360 бағалау нәтижелері бойынша кері байланыс ұсынуды ұйымдастырады. Кадрлар жөніндегі маманымен біліктілігін арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстары тақырыптарын қалыптастыру кезінде 360 әдісімен бағалау қорытындылары, оның ішінде қызметшінің ең аз анықталған құзыреттері ескеріледі.
Тарау 5. 5-тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі
5-тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі
Тармақ 38
38. Бағалау процесіне бірыңғай тәсілді келісу және сақтау мақсатында мемлекеттік органдар осы Әдістеменің 13-тармағында көзделген тәртіппен калибрлеу сессияларын өткізеді.
Тармақ 39
39. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап үш жұмыс күн ішінде калибрлеу сессиясын өткізу туралы шешім қабылдайды және оның құрамын бекітеді.
Тармақ 40
40. Калибрлеу сессиясы қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап он жұмыс күн ішінде осы Әдістеменің 13-тармағында көзделген тәртіппен өткізіледі.
Тармақ 41
41. Кадрлар жөніндегі маман калибрлеу сессиясының қызметін ұйымдастырады.
Тармақ 42
42. Калибрлеу сессиясында бағалаушы адам бағаланатын адамның жұмысын қысқаша сипаттайды және өз бағасына дәлел келтіреді. Калибрлеу сессиясының қатысушылары бағалаушы адамның бағасын қолдауын емес бағалауға түзетулер енгізу үшін дәлелдер келтіруі мүмкін. Бағалауды түзетулер жоғарылау жағынан да, төмендеу жағынан да енгізілуі мүмкін. Қорытынды баға калибрлеу сессиясы қатысушыларының басым дауысымен қабылданады және тиісті хаттамамен рәсімделеді. Кадрлар жөніндегі маманы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні шінде оның ақпараттық жүйеге (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 43
43. Калибрлеу сессиясының нәтижелері бойынша бағалаушы адам бағаланатын қызметшімен кездесу өткізеді және қорытынды бағалау нәтижесі туралы кері байланысты ұсынады. Кездесу кезінде мынадай мәселелер талқыланады: бағаланатын кезеңдегі жетістіктеріне шолу; машықтар мен құзыреттердің дамуына шолу; қызметкердің әлеуетін шолу және мансаптық мақсатын талқылау. Бағалаушы адам кездесу кезінде ашық және достық қалыптағы диалогты қамтамасыз етеді.
Басқа 85
Райымбек аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 1-қосымша Нысан «БЕКІТЕМІН» Райымбек аудандық мәслихат хатшысы ___________________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні __________________________ қолы _________________________ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары __________________________________ жыл (жеке жоспар құрастырылатын кезең) Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) ______________________________________________________________________________ Қызметшінің лауазымы: ________________________________________________________ Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:____________________________________ _____________________________________________________________________________ № п/п Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы Саяси мемлекеттік қызметшінің немесе «А» корпусы қызметішісі келісімінің қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді Өлшем бірлігі Жоспарлы мәні Қол жеткізу мерзімдері Түйінді нәтиже* * Нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер Қызметші___________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні _______________________ қолы ____________________ Тікелей басшы_________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні _______________________ қолы ____________________
Басқа 86
Райымбек аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 2-қосымша Нысан «БЕКІТЕМІН» Райымбек аудандық мәслихат хатшысы ___________________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні __________________________ қолы _________________________ НМИ бойынша бағалау парағы ____________________________________________________ (Т.А.Ә.,бағаланатын тұлғаның лауазымы) ____________________________________ (бағаланатын кезең) № п/п Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы Өлшем бірлігі Жоспарлы мәні Нақты мәні Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді Бағалау нәтижесі __________________________________________________ (қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы) Қызметші ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ____________________ Тікелей басшы ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ____________________
Басқа 87
Райымбек аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 3-қосымша Нысан Құзыреттер бойынша бағалау парағы _________________жыл (бағаланатын жыл) Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________________________________________________________ Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________ Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ___________________________________________________________________ № р/с Құзыреттер атауы Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес) Қызметшіде байқамаған мінез-құлық индикатор атауы (күтілетін нәтижеге сәйкес емес бағасын алған жағдайда) 1 Қызметті басқару 2 Ынтымақтастық 3 Шешім қабылдау 4 Жеделділік 5 Өздігінен даму 6 Қызметті тұтынушыға бағдарлану * 7 Қызметті тұтынушыларды хабарландыру * 8 Адалдық 9 Жауапкершілік 10 Бастамашылдық 11 Стресске орнықтылық *Лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері «Қызметті тұтынушыға бағдарлану» және «Қызметті тұтынушыларды хабарландыру» құзыреттері бойынша бағаланбайды. Қызметші ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ____________________ Тікелей басшы ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ____________________
Басқа 88
Райымбек аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 4-қосымша Нысан Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары Құзыреттер атауы Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты Тиімді мінез-құлық индикаторлары Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары Қызметтік басқару E-2;  Қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді;  Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етеді;  Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуы барысындағы қызметіне бақылау жүргізеді;  Жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етеді;  Аппарат қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді;  Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарламайды және ұйымдастырмайды, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етпейді;  Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуына бақылау жүргізбейді;  Аппарат жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етпейді; Е-3; Қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді; Сеніп тапсырылған бөлімшенің жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етеді; Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуы барысындағы қызметіне бақылау жүргізеді; Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етеді; Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді; Сеніп тапсырылған бөлімшенің жұмысын жоспарламайды және ұйымдастырмайды, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етпейді; Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуы барысындағы қызметіне бақылау жүргізбейді; Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етпейді; E-4; E-5;  Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды;  Басшылыққа сапалы құжаттар дайындайды және енгізеді;  Өлшеулі уақыт жағдайында жұмыс жасай алады;  Белгіленген мерзімдерді сақтайды.  Тапсырмаларды жүйесіз орындайды;  Сапасыз құжаттар әзірлейді;  Жедел жұмыс жасамайды;  Белгіленген мерзімдерді сақтамайды. Ынтымақтас тық E-2;  Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады;  Аппараттың қоғаммен тиімді жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасайды;  Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліседі;  Әрқайсысының нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтайды.  Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады;  Аппарат және қоғаммен тиімді жұмыс ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасамайды;  Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліспейді;  Бағыныстағы тұлғалардың нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтамайды. Е-3; Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады; Бөлімшенің қоғаммен тиімді жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасайды; Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліседі; Әрқайсысының нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтайды. Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады; Бөлімше және қоғаммен тиімді жұмыс ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасамайды; Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліспейді; Бағыныстағы тұлғалардың нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтамайды. E-4; E-5;  Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді;  Мемлекеттік органдар мен ұжымдардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынасты дамытады;  Талдау барысында пікір алмасады және талқылау нәтижесін ескере отырып, тапсырмаларды орындайды.  Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді;  Әртүрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен және әріптестерімен өзара әрекеттеспейді;  Әріптестерімен мәселелерді талқыламайды. Шешім қабылдау E-2;  Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады;  Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды ұйымдастырады;  Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылайды;  Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескере отырып, мүмкін болатын қауіптерді талдайды және болжамдайды;  Мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескере отырып, құзыреті шегінде шешім қабылдайды.  Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды;  Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды сирек ұйымдастырады;  Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылаудан бас тартады және басқалардың пікірін ескермейді;  Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескермейді, мүмкін болатын қауіптерді талдамайды және болжамайды;  Шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескермейді. Е-3; Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады; Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды ұйымдастырады; Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылайды; Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескере отырып, мүмкін болатын қауіптерді талдайды және болжамдайды; Мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескере отырып, құзыреті шегінде шешім қабылдайды. Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды; Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды сирек ұйымдастырады; Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылаудан бас тартады және басқалардың пікірін ескермейді; Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескермейді, мүмкін болатын қауіптерді талдамайды және болжамайды; Шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескермейді. E-4; E-5; Қажетті мәліметтерді таба алады; Мүмкін болатын қауіптерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше жолын ұсынады; Өзінің пікірін негіздей алады. Қажетті мәліметтерді таба алмайды; Мүмкін болатын қауіптерді ескермейді немесе мәселелерді шешудің альтернативасын ұсынбайды; Негізсіз пікір білдіреді. Жеделділік E-2;  Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді;  Болып жатқан өзгерістерге талдау жасайды және жұмысты жақсарту бойынша уақтылы шаралар қабылдайды;  Өзгерістерді дұрыс қабылдауды өзінің үлгі өнегесімен көрсетеді.  Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді;  Болып жатқан өзгерістерге талдау жасамайды және жұмысты жақсарту бойынша шаралар қабылдамайды;  Болып жатқан және күтілмеген өзгерістер кезінде өзін-өзі бақыламайды. Е-3; Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді; Болып жатқан өзгерістерге талдау жасайды және жұмысты жақсарту бойынша уақтылы шаралар қабылдайды; Өзгерістерді дұрыс қабылдауды өзінің үлгі өнегесімен көрсетеді. Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді; Болып жатқан өзгерістерге талдау жасамайды және жұмысты жақсарту бойынша шаралар қабылдамайды; Болып жатқан және күтілмеген өзгерістер кезінде өзін-өзі бақыламайды. E-4; E-5;  Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;  Оларды енгізудің жаңа бағыттары мен әдістерін үйренеді;  Өзгеріс жағдайларында өзін -өзі бақылайды;  Өзгеріс жағдайларында тез бейімделеді.  Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады;  Жаңа бағыттар мен әдістерді зерттеп оларды енгізбейді;  Өзгеріс жағдайларында өзін-өзі бақылай алмайды;  Өзгеріс жағдайларында бейімделмейді немесе баяу бейімделеді. Өздігінен даму E-2;  Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады;  Мақсатқа жету үшін өзінің құзыреттерін дамытады және оларды бағыныстыларда дамыту үшін шаралар қабылдайды;  Бағыныстылармен олардың құзыреттерін, оның ішінде дамуды қажет ететін құзыреттерді талқылайды.  Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды;  Мақсатқа жету үшін өзінің және бағыныстыларының құзыреттерін дамытпайды;  Бағыныстылармен олардың құзыреттерін талқыламайды. Е-3; Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады; Мақсатқа жету үшін өзінің құзыреттерін дамытады және оларды бағыныстыларда дамыту үшін шаралар қабылдайды; Бағыныстылармен олардың құзыреттерін, оның ішінде дамуды қажет ететін құзыреттерді талқылайды. Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды; Мақсатқа жету үшін өзінің және бағыныстыларының құзыреттерін дамытпайды; Бағыныстылармен олардың құзыреттерін талқыламайды. E-4; E-5;  Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады;  Өзіндігінен дамуға ұмтылады, жаңа ақпараттар мен оны қолданудың әдістерін ізденеді;  Тәжірибеде тиімділікті арттыратын жаңа дағдыларды қолданады.  Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды;  Өзіндігінен дамуға ұмтылмайды, жаңа ақпараттар мен оны қолдану әдістерімен қызықпайды;  Өзінде бар дағдылармен шектеледі. Адалдық E-2;  Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды;  Ұжымның мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды;  Жұмыста табандылық танытады;  Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырады;  Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етеді;  Риясыздық, әділдік, адалниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлықтың үлгісі болады.  Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді;  Өз мүддесін ұжым мүддесінен жоғары қояды;  Жұмыста табандылық танытпайды;  Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырмайды;  Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етпейді; Е-3; Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды; Ұжымның мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды; Жұмыстатабандылықтанытады; Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырады; Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етеді; Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлықтың үлгісі болады. Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді; Өз мүддесін ұжым мүддесінен жоғары қояды; Жұмыста табандылық танытпайды; Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырмайды; Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етпейді; E-4; E-5;  Белгіленген әдептілік нормалары мен стандартарына сүйенеді;  Өзінің жұмысын адал орындайды;  Өзін адал, қарапайым, әділ ұстайды, басқаларға сыпайылық және биязылық танытады.  Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады;  Өзінің жұмысын орындау барысында немқұрайлылық білдіреді;  Өзін адалсыз, шамданған және басқаларға дөрекілік және менсізбеушілік қасиеттерін танытады; Стресске орнықтылық E-2; Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. Е-3; Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. E-4; E-5; Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. Жауапкершілік E-2;  Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады.  Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. Е-3 Бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады. Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. E-4; E-5;  Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады.  Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады. Бастамашыл дық E-2;  Қызметтиімділігінжоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді.  Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді. Е-3; Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді. Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді. E-4; E-5;  Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды.  Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды.
Басқа 89
Райымбек аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 5-қосымша Нысан «БЕКІТЕМІН» Райымбек аудандық мәслихат хатшысы ________________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні ____________________________ қолы _________________________ Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы ____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) ____________________________________________________________________ (бағалау мерзіміжыл) Бағалау нәтижелері № р/с Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Бағалау нәтижелері туралы мәлімет Бағалау нәтижелері комиссия мен түзетілуі (бар болған жағдайда) Комиссияның ұсыныстары 1. 2. ... Комиссия қорытындысы: _________________________________________________________________ Тексерілді: Комиссияныңхатшысы: ___________________________ Күні: _____________ (тегі, аты-жөні, қолы) Комиссияның төрағасы: ____________________________ Күні: ____________ (тегі, аты-жөні, қолы) Комиссияның мүшесі: _____________________________ Күні: _____________ (тегі, аты-жөні, қолы)