Об утверждении Правил определения дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 мамырдағы№ 507 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 34, 324-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Басқа 4. Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 207 қаулысымен бекітілген Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына сәйкес әзірленді және шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – сауда қызметi саласында сауда саясатын қалыптастыратын және басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнімі;
Тармақша 3
3) біртекті тауарлар – барлық жағынан бірдей болып табылмайтын, бірақ өздерінің бағаланатын тауарлар сияқты функцияларды орындауына және олармен бірін-бірі коммерциялық тұрғыда алмастыра алатын тауарлар болуына мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын, дәл сондай материалдардан өндірілген тауарлар.
Тарау 2. 2-тарау. Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау тәртібі
2-тарау. Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау тәртібі
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасына тауарлар импортының серпіні мен құрылымын талдау деректері негізінде Еуразиялық экономикалық одақ сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН) алты белгісі деңгейінде жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тауарлардың қосымша тізбесін қалыптастырады. Біртекті тауарларды қарастырған жағдайда статистика ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН төрт белгісі деңгейінде қаралуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Қосымша тізбе:
Тармақша 1
1) ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодтарын алты немесе төрт белгі деңгейінде көрсете отырып, бір мезгілде мынадай: қарастырылып отырған кезең үшін көрсетілген тауарлардың Қазақстан Республикасына импортының жалпы көлемінен 10 %-ы немесе одан астамы белгілі бір елдің үлесіне тиесілі импорт құрылымындағы тауарлар, бұл ретте көрсетілген елдерден импорттың құндық көлемі 10 мың АҚШ долларынан артық болуға тиіс; өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қарастырылып отырған кезеңде табиғи мәндегі импорт көлемінің ұлғаюын (және/немесе қосымша өлшем бірлігінде) көрсететін тауарлар өлшемшарттарына сәйкес келетін тауарлардан;
Тармақша 2
2) қарастырылып отырған кезең үшін көрсетілген тауарлардың Қазақстан Республикасына импортының жалпы көлемінен 10 %-ы немесе одан астамы импорт үлесіне тиесілі елдердің атауларынан тұрады.
Тармақ 5
5. Қосымша тізбені қалыптастыру кезінде нақты тауар импортына қатысты акцизді қолданудың экономикалық орындылығы және/немесе Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелер ескеріледі.
Тармақ 6
6. Қосымша тізбе жобасы Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына келісу үшін жіберіледі.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарымен келiсу нәтижелерi бойынша қосымша тiзiмнiң жобасы Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрi – Ведомствоаралық комиссия) қарауына жiберiледi.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган ведомствоаралық комиссияның ұсынымдық шешімі болған жағдайда қосымша тізімді бекітеді.