Об утверждении Правил предоставления официальных сообщений средствам массовой информации при нарушении условий жизнедеятельности населения на определенной территории Күшін жойған
Басқа 0
Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру қағидаларын бекіту туралы
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 12-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Белгілі бір аумақта халықтың
тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру
қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
Министрінің міндетін атқарушының
2018 жылғы 29 наурыздағы
№ 117 бұйрығымен
бекітілген
Белгілі бір аумақта халықтың
тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру
қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 12-3) тармақшасына сәйкес әзірленген және белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган – бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган);
Тармақша 2
2) ресми хабар – «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген ақпарат иесімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін және (немесе) таратылатын ақпарат;
Тармақша 3
3) халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайларын бұзу – оның факторларының адамға жағымсыз әсер етуі орын алатын тыныс-тіршілік ету жағдайының өзгеруі.
Тарау 2. 2-тарау. Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру тәртібі
2-тарау. Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру тәртібі
Тармақ 3
3. Халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылу факторлары туындаған кезден бастап, орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар олардың құзыретіне жатқанда, 3 сағаттан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабар береді.
Тармақ 4
4. Ресми хабарды қалыптастыруды бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл бойынша уәкілетті тұлға (бөлімше) жүзеге асырады және орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысымен немесе оны алмастыратын адаммен келісіледі.
Тармақ 5
5. Ресми хабар қалыптасқан тыныс-тіршілігін бұзу жағдайларына, оны ұсыну кезіндегі оларды жою жөнінде қабылданатын шараларға қатысты барынша толық деректерді қамтуы тиіс.
Тармақ 6
6. Халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайларының бұзылу фактілері туралы ресми хабарларды бұқаралық ақпарат құралдарына ұсыну мыналар:
Тармақша 1
1) орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсына және әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарына ресми хабар жариялау;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдарының бар электрондық мекенжайына арнайы ресми хабар тарату;
Тармақша 3
3) коммуникациялар және мемлекеттік органдар қызметтерінің алаңдарында брифинг өткізу арқылы жүзеге асырылады.