Об утверждении Требований к обеспечению информационной безопасности банков, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, Правил и сроков предоставления информации об инцидентах информационной безопасности, включая сведения о нарушениях, сбоях в информационных системах Күшін жойған
Басқа 0
Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 61-5-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
Тармақша 2
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпарат жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы № 80 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1517 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Ақпараттық қауіп және киберқорғау басқармасы (Перминов Р.В.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы, 2018 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасын және 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының
және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 наурыздағы
№ 48 қаулысына
1-қосымша
Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының
және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 61-5-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (бұдан әрі – банк) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – ұйым) ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Талаптарда «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (бұдан әрі – ақпараттық қауіпсіздік) – электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
Тармақша 2
2) ақпаратты штаттық тасымалдаушы – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің құрамдас бөлігі болып табылатын және оған тұрақты қосылған ақпарат тасымалдаушы;
Тармақша 3
3) ақпараттық актив – ақпараттың және оны сақтауға және (немесе) өңдеуге пайдаланылатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің жиынтығы;
Тармақша 4
4) ақпараттық жүйенің/активтің АТ-менеджері – банктің, ұйымның ақпараттық жүйені/активті ақпараттық жүйенің/активтің бизнес-иесінің талаптарына сәйкес келетін күйде ұстап тұруға жауапты қызметкері немесе бөлімшесі (қызметкерлері немесе бөлімшелері);
Тармақша 5
5) ақпараттық жүйенің немесе шағын жүйесінің бизнес-иесі – банктің, ұйымның ақпараттық жүйе немесе шағын жүйе автоматтандыратын негізгі бизнес-процестің иесі болып табылатын бөлімшесі (қызметкері);
Тармақша 6
6) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым (бұдан әрі – ақпараттық инфрақұрылым) – электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және оларға қолжетімділік беру мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;
Тармақша 7
7) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау шегі – банктің, ұйымның ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын сыртқы ақпараттық желілерден оқшаулайтын және ақпараттық қауіпсіздік қауіпінен қорғауды іске асыратын бағдарламалық-аппараттық құралдардың жиынтығы;
Тармақша 8
8) ақпараттық қауіпсіздік қатері – ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының пайда болуының алғышарттарын туындататын жағдайлардың және факторлардың жиынтығы;
Тармақша 9
9) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелі – банктің, ұйымның ақпараттық активтері конфиденциалдылығының бұзылуы, тұтастығының немесе қолжетімділігінің қасақана бұзылуы салдарынан залалдың ықтимал пайда болуы;
Тармақша 10
10) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – банктің, ұйымның ақпараттық активтерінің конфиденциалдылық, тұтастық және қолжетімділік күйін ұстап тұруға бағытталған процесс
Тармақша 11
11) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпарат – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында жеке немесе сериялық туындайтын, олардың тиісінше жұмыс істеуіне қауіп келтіретін іркілістер туралы ақпарат және (немесе) электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз алуға, көшіруге, таратуға, модификациялауға, жою немесе бұғаттауға арналған талаптар;
Тармақша 12
12) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында жеке немесе сериялық туындайтын, олардың тиісінше жұмыс істеуіне қауіп келтіретін іркілістер және (немесе) электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз алуға, көшіруге, таратуға, модификациялауға, жоюға немесе бұғаттауға арналған талаптар;
Тармақша 13
13) алдын ала орнатылған есептік жазбалар – ақпараттық жүйелерді өндірушілер орнатқан есептік жазбалар;
Тармақша 14
14) артықшылықты есептік жазба – ақпараттық жүйедегі жасалу, жойылу және есептік жазбаларға кіру құқықтарын өзгерту артықшылықтары бар есептік жазба;
Тармақша 15
15) әкімшілендіру және мониторинг консолі – ақпараттық жүйені қашықтан басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жұмыс станциясы;
Тармақша 16
16) бизнес-процесс – сыртқы немесе ішкі тұтынушы үшін белгілі өнімді немесе қызметті жасауға бағытталған өзара байланысты іс-шаралар немесе міндеттер жиынтығы;
Тармақша 17
17) бизнес-процестің иесі – банктің, ұйымның бизнес-процестің жұмыс істеу цикліне және банктің, ұйымның бизнес-процеске тартылған бөлімшелерінің қызметін үйлестіруге жауап беретін бөлімшесі (қызметкері);
Тармақша 18
18) виртуалды орта – аппараттық іске асырудан абстракцияланған және бұл ретте бір нақты ресурста орындалатын есептеуіш процестердің бір-бірінен қисынды оқшаулануын қамтамасыз ететін есептеу ресурстары немесе олардың қисынды бірігуі;
Тармақша 19
19) гипервизор – бірнеше операциялық жүйені бір серверде немесе компьютерде құруға және іске қосуға мүмкіндік беретін бағдарламалық немесе аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) деректер беру хаттамасы – желіге қосылған екі және одан көп құрылғы арасында қосу мен айырбастауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қағидалар мен іс-қимыл жиынтығы;
Тармақша 21
21) банктің, ұйымның деректерді өңдеу орталығы – банктің, ұйымның ақпараттық жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ететін серверлер орналастырылған, арнайы бөлінген үй-жай;
Тармақша 22
22) желіаралық экран – ақпараттық инфрақұрылымның берілген қағидаларға сәйкес ол арқылы өтетін желілік трафикке бақылау мен сүзгіден өткізуді жүзеге асыратын элементі;
Тармақша 23
23) жұмыс станциясы – банктің, ұйымның ақпараттық активін пайдаланушының стационарлық дербес компьютері;
Тармақша 24
24) кіру – банктің, ұйымның ақпараттық активтерін пайдалану мүмкіндігі;
Тармақша 25
25) қауіпсіздіктің топтық саясаттары – ақпараттық жүйелердің құралдары арқылы іске асырылған ақпараттық қауіпсіздік қағидаларының үлгі жиынтықтары;
Тармақша 26
26) қосымша – ақпараттық жүйе пайдаланушысының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуі;
Тармақша 27
27) резервтік көшірме – деректер зақымдалған немесе бұзылған жағдайда оларды түпнұсқада немесе жаңадан орналастырылған орнында қалпына келтіруге арналған ақпарат тасымалдағыштағы деректер көшірмесі;
Тармақша 28
28) сигнатуралар – бағдарламалық кодты сәйкестендіретін деректер жиынтығы;
Тармақша 29
29) техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – техникалық құралдарды (күзет және өрт сигнализациясы, кіруді бақылау және басқару, бейнебақылау, өрт сөндіру, деректерді өңдеу орталығында температуралық режим мен ылғалдылықты бақылау жүйелерін) пайдалана отырып банктің, ұйымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесі;
Тармақша 30
30) технологиялық есептік жазба – ақпарат жүйесіндегі ақпараттық жүйелердің өзара іс-әрекет жасау кезінде аутентификаттауға арналған есептік жазба;
Тармақша 31
31) түзету шарасы – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында болған проблеманы не оның бұзылу салдарын түзетуге бағытталған ұйымдастыру және техникалық іс-шараларының жиынтығы;
Тармақша 32
32) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.
Тармақ 3
3. Банктердің, ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мынадай талаптар қойылады:
Тармақша 1
1) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
Тармақша 2
2) банктің, ұйымның ақпараттық активтерін санаттарға бөлуге қойылатын талаптар;
Тармақша 3
3) банктің, ұйымның ақпараттық активтеріне қол жеткізуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
Тармақша 4
4) ақпараттық инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
Тармақша 5
5) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына қойылатын талаптар;
Тармақша 6
6) үшінші тұлғалардың банктің, ұйымның ақпараттық активтеріне қол жеткізуі кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
Тармақша 7
7) ақпараттық қауіпсіздік жай-күйін ішкі тексеруге қойылатын талаптар;
Тармақша 8
8) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің процестеріне қойылатын талаптар.
Тарау 2. 2-тарау. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
2-тарау. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Тармақ 4
4. Банктің, ұйымның бірінші басшысы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін басқаруға арналған банкті, ұйымды басқарудың жалпы жүйесінің бір бөлігі болып табылатын ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құруды, оның жұмыс істеуін және жақсаруын қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі банктің, ұйымның бизнес-процестері үшін ықтимал залалдың ең аз деңгейін көздейтін банктің, ұйымның ақпараттық активтерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Банк, ұйым ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің тиісті деңгейін, оның дамуы мен жақсартылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін басқару жүйесінің қатысушылары:
Тармақша 1
1) басқару органы;
Тармақша 2
2) атқарушы органы;
Тармақша 3
3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері бойынша шешімдер қабылдауға уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі – алқалы орган);
Тармақша 4
4) ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі;
5) ақпараттық технологиялар бөлімшесі;
Тармақша 6
6) қауіпсіздік бөлімшесі;
Тармақша 7
7) қызметкерлермен жұмыс жүргізу бөлімшесі;
Тармақша 8
8) заң бөлімшесі;
Тармақша 9
9) комплаенс-бақылау бөлімшесі;
Тармақша 10
10) ішкі аудит бөлімшесі;
Тармақша 11
11) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару бөлімшесі.
Бөлімшелердің осы тармақтың бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген функцияларын ұйымда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бөлімшелер не ұйымның жауапты қызметкерлері жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Банк, ұйым ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құру және оның жұмыс істеуі кезінде ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің тәуелсіздігін оларды банктің, ұйымның атқарушы органының әртүрлі мүшелеріне немесе банктің, ұйымның атқарушы органының тікелей басшысына қарату арқылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Банктің, ұйымның басқару органы ақпараттық қауіпсіздік саясатын бекітеді, онда мыналар:
Тармақша 1
1) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құрудың мақсаттары, міндеттері және негізгі қағидаттары;
Тармақша 2
2) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің қолданылу аясы;
Тармақша 3
3) банктің, ұйымның ақпараттық активтерінде жасалатын, сақталатын және өңделетін ақпаратқа қолжетімділікті басқаруға қойылатын талаптар;
Тармақша 4
4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметке және ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін анықтау мен талдау, шабуылдарға қарсы іс-қимыл және оқыс оқиғаларды тексеру жөніндегі іс-шараларды мониторингтеуді жүзеге асыруға қойылатын талаптар;
Тармақша 5
5) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты жинауды, шоғырландыруды және сақтауды жүзеге асыруға қойылатын талаптар;
Тармақша 6
6) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратқа талдау жүргізуге қойылатын талаптар;
Тармақша 7
7) банк, ұйым қызметкерлерінің өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді атқару кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапкершілігі айқындалады.
Тармақ 10
10. Банктің, ұйымның басқару органы бюджетті қалыптастыру кезінде банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ресурстарға қажеттілікті ескереді.
Тармақ 11
11. Банктің, ұйымның басқару органы қорғалатын ақпараттың тізбесін, оның ішінде қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтер туралы ақпаратты (бұдан әрі – қорғалатын ақпарат) қамтитын тізбені және қорғалатын ақпаратпен жұмыс тәртібін бекітеді.
Тармақ 12
12. Банктің, ұйымның атқарушы органы ақпараттық қауіпсіздікті басқару процесін регламенттейтін ішкі құжаттарды, қарау банктің, ұйымның ішкі құжаттарында айқындалатын тәртібі мен кезеңділігін бекітеді.
Тармақ 13
13. Банк, ұйым алқалы органды құрады, оның құрамына ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің, ақпараттық қауіпсіздіктің тәуекелдерін басқару бөлімшесінің, ақпараттық технологиялар бөлімшесінің өкілдері, сондай-ақ банктің, ұйымның алқалы органы басшысының шешімі бойынша банктің, ұйымның басқа бөлімшелерінің өкілдері кіреді немесе атқарушы орган осы тармақта көрсетілген алқалы органның құрамына қойылатын талаптарға сәйкес келген кезде атқарушы органға алқалы органның функцияларын жүктейді.
Банкте, ұйымда алқалы орган құрылған жағдайда банктің, ұйымның алқалы органының басшысы болып банктің, ұйымның атқарушы органының басшысы немесе ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің қызметіне жетекшілік ететін банктің, ұйымның атқарушы органының мүшесі тағайындалады.
Тармақ 14
14. Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі банк, ұйым ақпаратының конфиденциалдылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құрады, банк, ұйым бөлімшелерінің ақпараттық қауіпсіздікті және қауіптерді анықтау және талдау, шабуылдарға қарсы іс-қимыл жасау және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын тергеу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздік саясатын әзірлейді;
Тармақша 3
3) банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін әдіснамалық қолдауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) өз өкілеттіктері шеңберінде банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін басқару, қамтамасыз ету және бақылау әдістерін, құралдары мен тетіктерін таңдауды, енгізуді және қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты жинауды, шоғырландыруды, сақтауды және өңдеуді жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) алқалы органның ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі мәселелер бойынша шешім қабылдауы үшін ұсыныстар дайындайды;
Тармақша 8
8) банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесін автоматтандыратын бағдарламалық-техникалық құралдарын енгізуді және олардың тиісінше жұмыс істеуін, сондай-ақ оларға кіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) артықшылық берілген есептік жазбаларды пайдалану бойынша ақпараттық қауіпсіздікті талаптарын айқындайды;
Тармақша 10
10) банк, ұйым қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде хабардар болуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 11
11) банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің жай-күйін мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің жай-күйі туралы банктің, ұйымның басшылығын хабардар етуді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Банк, ұйым ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесіне техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша функцияларды жүктеу мүмкіндігін айқындайды. Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі олардың негізгі функцияларымен мүдделер қайшылықтарына апаратын функцияларды, оның ішінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19632 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларының 15-тарауында көзделген функцияларды жүзеге асырмайды.
Тармақ 16
16. Ақпараттық технологиялар бөлімшесі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) банктің, ұйымның ақпараттық инфрақұрылымы схемасының өзектілігін әзірлейді және қолдау жасайды;
Тармақша 2
2) кіруге ақпараттық технологиялар жөніндегі бөлімшеге жатпайтын ақпараттық жүйелердің АТ-менеджерлері рұқсат беретін мамандандырылған ақпараттық активтерді қоспағанда, банктің, ұйымның ақпараттық активтеріне банктің, ұйымның ақпараттық активтерін пайдаланатын банктің, ұйымның қызметкері (бұдан әрі-пайдаланушы) қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, банктің, ұйымның жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтылымының үлгі баптауларын қалыптастыруды және конфигурациялауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) банктің, ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес ақпараттық инфрақұрылымның үзіліссіз жұмыс істеуі, банктің ақпараттық жүйелері деректерінің конфиденциалдылығы, тұтастығы және қолжетімділігі (ақпаратты резервтеуді және (немесе) архивтеуді және резервтік көшіруді қоса алғанда) бойынша белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) ақпараттық жүйелерді таңдау, ендіру, әзірлеу және тестілеуден өткізу кезінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. Банк, ұйым Талаптардың 14 және 16-тармақтарында көрсетілген жекелеген функцияларды банктің бөлімшелеріне беру, ұйымдастыру мүмкіндігін айқындайды.
Тармақ 18
18. Қауіпсіздік бөлімшесі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) банкте, ұйымда физикалық және техникалық қауіпсіздік шараларын іске асырады, оның ішінде өткізу және объектішілік режимді ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) банк, ұйым қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату кезінде ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің туындау тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізеді.
Тармақ 19
19. Қызметкерлермен жұмыс жүргізу бөлімшесі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) банк, ұйым қызметкерлерінің, сондай-ақ қызмет көрсету туралы шарт бойынша жұмысқа тартылған адамдардың, стажерлардың, практиканттардың конфиденциалды ақпаратты жария етпеу туралы міндеттемелерге қол қоюын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) банк, ұйым қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік саласында хабардар болуын арттыру процесін ұйымдастыруға қатысады;
Тармақша 3
3) уәкілетті органды ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкерлерін тағайындау және жұмыстан босату туралы хабардар етеді.
Тармақ 20
20. Заң бөлімшесі банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ішкі құжаттарының құқықтық сараптамасын жүргізеді.
Тармақ 21
21. Комплаенс-бақылау бөлімшесі банктің, ұйымның заң бөлімшесімен бірлесе отырып Талаптардың 11-тармағында көзделген қорғалатын ақпараттың тізбесіне енгізуге жататын ақпараттың барлық түрін айқындайды.
Тармақ 22
22. Ішкі аудит бөлімшесі банктің, ұйымның ішкі аудит жүйесін ұйымдастыруды реттейтін банктің, ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің жай-күйін бағалауды жүргізеді.
Тармақ 23
23. Банктің ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару бөлімшесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19632 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында көзделген функцияларды жүзеге асырады.
Ұйымның ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару бөлімшесі ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. Банктің, ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары:
Тармақша 1
1) қызметкерлердің банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптарды (бұдан әрі - ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптары) қамтитын ішкі құжаттарымен танысуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) олар басқаратын бөлімшелерде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дербес жауапкершілік атқарады;
Тармақша 3
3) конфиденциалды ақпаратты жария етпеу туралы келісімдер жасасуды және банктің, ұйымның бөлімшесі мұндай келісімдерді, шарттарды жасасуға бастамашы болған жағдайларда, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы талаптарды келісімдерге, қызметтер көрсету/жұмыстарды орындау шарттарына енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 25
25. Ақпараттық жүйелердің немесе шағын жүйелердің бизнес-иелері:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйелерді құру, енгізу, түрлендіру, пайдалану және банктің, ұйымның клиенттері мен бөлімшелеріне өнімдер мен қызметтерді ұсыну кезінде, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін қоса алғанда, ақпараттық жүйелерді сыртқы ақпараттық жүйелермен біріктіру кезінде ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптардың сақталуына жауап береді;
Тармақша 2
2) ақпараттық жүйелерге кіру матрицаларының жаңартылуын қалыптастырады және қолдайды.
Тармақ 26
26. Банктің, ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері:
Тармақша 1
1) банкте, ұйымда қабылданған ақпараттық қауіпсіздік талаптарының орындалуы үшін жауап береді;
Тармақша 2
2) өздерінің функционалдық міндеттері шеңберінде олар өзара іс-әрекет жасайтын үшінші тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындауын, оның ішінде аталған талаптарды үшінші тұлғалармен жасалған шарттарға енгізу арқылы бақылайды;
Тармақша 3
3) өзінің тікелей басшысына және ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесіне банктің, ұйымның ақпараттық активтерімен жұмыс істеу кезіндегі барлық күдікті жағдайлар мен бұзушылықтар туралы хабарлайды.
Тармақ 27
27. Егер банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету функциялары тысқары ұйымдарға берілсе, атқарушы органының ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін мүшесі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты болып табылады.
Тармақ 28
28. Банк, ұйым жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей уәкілетті органға ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің жай-күйі және оның Талаптарға сәйкестігі туралы ақпарат (бұдан әрі – АҚБЖ туралы ақпарат) береді.
Тармақ 29
29. АҚБЖ туралы ақпарат еркін нысанда жасалады және ұсынылатын деректердің құпиялылығы мен түзетілмеуін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілді жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, немесе ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты өңдеуге арналған уәкілетті органның автоматтандырылған жүйесі арқылы уәкілетті органға ұсынылады.
Тармақ 30
30. АҚБЖ туралы ақпаратта мыналар:
Тармақша 1
1) банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің қолданылу аясы және олардың функционалының Талаптарға сәйкестігін көрсете отырып, оның қатысушылары;
Тармақша 2
2) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін реттейтін құжаттардың болуы;
Тармақша 3
3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық құралдарының болуы және сандық құрамы;
Тармақша 4
4) операторлармен жасалған қызметтер көрсету туралы шарттарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптардың және міндеттемелердің болуы;
Тармақша 5
5) деректер өңдеудің резервтік орталықтарының болуы, материалдық-техникалық жабдықталуы және дайындығы;
Тармақша 6
6) банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін және ақпараттық активтерін Талаптарға сәйкестендіру бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы мәліметтер қамтылады.
Тармақ 31
31. Уәкілетті орган банктің, ұйымның Талаптарға сәйкестігін бағалауды 3 (үш) жылда кемінде бір рет жүзеге асырады.
Тармақ 31-1
31-1. Банк, ұйым банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін басқару жүйесінің жай-күйіне банктің, ұйымның атқарушы органы айқындайтын көлемде «Ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және құпиялылықты қорғау. Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйелері. Талаптар» СТ ISO/IEC 27001-2023 Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына немесе «Information security, cybersecurity and privacy protection – Information security management systems - Requirements» (Информэйшн секьюрити, сайберсекьюрити энд прайвэси протекшн. Информэйшн секьюрити мэнэджмент системс - Реквайрментс) ISO/IEC 27001:2022 халықаралық стандартына (Ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және жеке өмірді қорғау - Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйелері - Талаптар) сәйкес келуіне 3 (үш) жылда кемінде бір рет сыртқы тексеруді жүргізеді.
Тарау 3. 3-тарау. Ақпараттық активтерді санатқа жатқызуға қойылатын талаптар
3-тарау. Ақпараттық активтерді санатқа жатқызуға қойылатын талаптар
Тармақ 32
32. Банк, ұйым ақпараттық активтерді санатқа жатқызуды олардың конфиденциалдығын, тұтастығын, қолжетімділігін бұзудан болған зияндар деңгейі негізінде оларды маңызды және маңызды емеске бөлу арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 33
33. Банк, ұйым олардың иелерін көрсете отырып, маңызды ақпараттық активтердің тізбесін қалыптастырады.
Тармақ 34
34. Банк, ұйым Талаптарға сәйкес маңызды санатына жатқызылған ақпараттық активтердің, сондай-ақ осы активтер кіретін ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 35
35. Маңызды емес санатына жатқызылған ақпараттық активтерді, сондай-ақ тұтастай осы активтерден тұратын ақпараттық жүйелерді қорғау әдістері мен құралдарын банк, ұйым дербес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Ақпараттық активтерге кіруді ұйымдастыруға
қойылатын талаптар
4-тарау. Ақпараттық активтерге кіруді ұйымдастыруға
қойылатын талаптар
Тармақ 36
36. Банктің, ұйымның қызметкерлеріне ақпаратқа кіру олардың функционалдық міндеттерін айқындайтын көлемде беріледі.
Тармақ 37
37. Банктің, ұйымның ақпараттық жүйелеріне кіруіне рұқсат беру ақпараттық жүйелерді пайдаланушылардың кіру құқықтарының олардың функционалдық міндеттеріне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін рөлдерді қалыптастыру және енгізу жолымен жүргізіледі. Мұндай рөлдердің жиынтығы банк, ұйым электрондық нысанда немесе қағаз тасымалдағышта қалыптастыратын ақпараттық жүйеге кіру матрицасы болып табылады.
Тармақ 38
38. Банктің, ұйымның ақпараттық жүйелеріне кіру матрицаларын құру және пайдалану процесі Талаптардың 9-тарауына сәйкес банктің, ұйымның ішкі құжатында айқындалады.
Тармақ 39
39. Банктің, ұйымның ақпараттық жүйелеріне кіру ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларды сәйкестендіру және бірегейлендіру арқылы жүзеге асырылады.
Банктің, ұйымның ақпараттық жүйелерін пайдаланушыларды сәйкестендіру және бірегейлендіру мынадай тәсілдердің бірі арқылы:
Тармақша 1
1) «есептік жазба (сәйкестендіруші) – пароль» деген жұпты енгізу немесе екі факторлық бірегейлендіру тәсілдерін қолдану арқылы (үш фактордың ішінен екеуін қолданумен: білім, иелік ету, ажырамастық);
Тармақша 2
2) биометриялық және (немесе) криптографиялық және (немесе) аппараттық бірегейлендіру тәсілдерін пайдалану арқылы жүргізіледі.
Тармақ 40
40. Банктің, ұйымның ақпараттық жүйелерінде пайдаланушылардың дербестендірілген есептік жазбалары ғана пайдаланылады.
Тармақ 41
41. Технологиялық есептік жазбалар ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі басшысының келісімі бойынша ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы бекітетін, оларды пайдалануға және өзектілігі үшін дербес жауапты адамдарды көрсете отырып, әрбір ақпараттық жүйе үшін осындай есептік жазбалардың тізбесіне сәйкес пайдаланылады.
Тармақ 42
42. Банктің, ұйымның ақпараттық жүйелерінде Талаптардың 9-тарауына сәйкес банк, ұйым айқындайтын есептік жазбаларды және парольдерді басқару, сондай-ақ пайдаланушылардың есептік жазбаларын оқшаулау бойынша функциялар пайдаланылады.
Тарау 5. 5-тарау. Ақпараттық инфрақұрылымның қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
5-тарау. Ақпараттық инфрақұрылымның қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Тармақ 43
43. Банктің, ұйымның ақпараттық технологиялар бөлімшесі мыналарды:
Тармақша 1
1) элементтерінің нақты орналасқан жерін көрсете отырып, ақпараттық инфрақұрылымның жалпы схемасын қалыптастыру және бекіту процесін;
Тармақша 2
2) ақпараттық активті немесе ақпараттық активтер тобын конфигурациялау құқығы берілген банктің, ұйымның жауапты қызметкерлерін (бұдан әрі – әкімшілер) тағайындау процесін;
Тармақша 3
3) мынадай:
операциялық жүйелердің;
дерекқорын басқару жүйелерін;
телекоммуникациялық құрылғыларды;
ақпараттық жүйелерді;
ақпараттық инфрақұрылымның тораптары мен соңғы нүктелерін, жұмыс станцияларын, оның ішінде қорғау периметрінің шегінен тыс тасымалдау және пайдалану үшін ыңғайлы нысанда жасалған дербес компьютерлерді (бұдан әрі – ноутбук) және операциялық жүйенің мобильді нұсқасы негізінде жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын электрондық құрылғыларды (бұдан әрі-мобильді құрылғы) құжаттамалау және типтік теңшеулерін бекіту процесін әзірлейді және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 44
44. Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі банктің, ұйымның ақпараттық активтеріндегі жүйелік және конфигурациялық файлдардың, сондай-ақ аудиторлық із журналдарының қауіпсіздік теңшеулерінің және тұтастығының өзгеруін бақылау жүйесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 45
45. Банк, ұйым авторизацияланбаған құрылғылардың не теңшеулері банктің, ұйымның ішкі құжатында белгіленген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібіне қайшы келетін құрылғылардың ақпараттық инфрақұрылымына кіру тәуекелін төмендететін ұйымдастыру іс-шараларын жүргізеді және (немесе) бағдарламалық-техникалық құралдарды орнатады.
Тармақ 46
46. Банктің, ұйымның әрбір ақпараттық активі үшін ақпараттық жүйенің немесе шағын жүйенің кем дегенде бизнес-иесі, сондай-ақ АТ-менеджері және (немесе) әкімшісі анықталады.
Тармақ 47
47. Ақпараттық инфрақұрылым объектілерін құруға (жаңғыртуға) техникалық тапсырмаларды әзірлеу кезінде ақпараттық жүйенің немесе шағын жүйенің бизнес-иесі ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескереді.
Тармақ 48
48. Банк, ұйым ақпараттық жүйенің жұмыс істеуге қабілетті көшірмесін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер деректерінің, олардың файлдарының және теңшеулерінің резервтік сақталуын қамтамасыз етеді.
Ақпаратты резервтік көшіру, сақтау, қалпына келтіру тәртібі мен кезеңділігін, резервтік көшірмелерден маңызды ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруді тестілеуден өткізу кезеңділігін банк, ұйым айқындайды.
Тармақ 49
49. Банк, ұйым ақпараттық инфрақұрылымды вирусқа қарсы қорғауды Талаптардың 9-тарауына сәйкес банк, ұйым айқындаған тәртіппен қамтамасыз етеді.
Тармақ 50
50. Банктің, ұйымның деректерді өңдеу орталықтарының нақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін Талаптардың 9-тарауына сәйкес банк, ұйым айқындайды.
Тармақ 51
51. Банк, ұйым қызметкерлерінің жұмыс станцияларына, ноутбуктеріне және корпоративтік мобильді құрылғыларына олардың функционалды міндеттеріне сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылады.
Тармақ 52
52. Ақпараттық технологиялар бөлімшесі банкте, ұйымда пайдалануға рұқсат етілетін бағдарламалық қамтамасыз етудің тізбесін қалыптастырады және өзектендіреді. Бағдарламалық қамтамасыз ету ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі тексеру жүргізгеннен кейін тізбеге енгізіледі.
Тармақ 53
53. Банк, ұйым Талаптардың 9-тарауына сәйкес банктің, ұйымның жұмыс станцияларын, ноутбуктар мен мобильді құрылғыларын, сондай-ақ ақпарат тасымалдағыштарының және желілік ресурстарын қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдық және техникалық шараларды айқындайды.
Тарау 6. 6-тарау. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына
қойылатын талаптар
6-тарау. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына
қойылатын талаптар
Тармақ 54
54. Ақпараттық жүйенің бизнес-иесі ақпаратты криптографиялық қолдау құралдарын енгізу және қолдау процесін ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесімен келіседі.
Тармақ 55
55. Банк, ұйым Талаптардың 9-тарауына сәйкес ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалану тәртібін айқындайды. Банк, ұйым олардың мақсатын, оларда іске асырылатын криптографиялық алгоритмдерді, ақпараттық жүйенің атауын, ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдаланатын ақпараттық жүйенің иесін көрсете отырып, қолданылатын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының тізбесін бекітеді.
Тарау 7. 7-тарау. Үшінші тұлғалардың банктің, ұйымның ақпараттық активтеріне кіруі кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
қойылатын талаптар
7-тарау. Үшінші тұлғалардың банктің, ұйымның ақпараттық активтеріне кіруі кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
қойылатын талаптар
Тармақ 56
56. Банк, ұйым банктің, ұйымның қызметкерлері немесе клиенттері болып табылмайтын үшінші тұлғалардың (бұдан әрі – үшінші тұлғалар) банктің, ұйымның ақпараттық активтеріне кіру кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Тармақ 57
57. Үшінші тұлғалардың банктің, ұйымның ақпараттық активтеріне кіру рұқсаты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы талаптарды қамтитын келісім, шарт негізінде жүргізілетін жұмыстарда айқындалатын кезеңге және көлемде беріледі. Үшінші тұлғалармен жасалатын ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы келісімдерде, шарттарда конфиденциалдылық туралы ережелер, ақпараттық қауіпсіздіктің бұзылуы салдарынан туындаған шығынды қайтару туралы, сондай-ақ үшінші тұлғалардың араласуы салдарынан болған ақпараттық жүйелердің жұмысындағы іркілістер және үшінші тұлғалардың әрекетінен немесе әрекетсіздігінен болған олардың қауіпсіздігін бұзуы салдарынан туындаған зиянды өтеу туралы талаптар қамтылады.
Тармақ 58
58. Банктің, ұйымның қызметіне тексеруді жүзеге асырған не тиісті кіру рұқсаты немесе ақпарат ұсынғанға дейін уәкілетті орган ақпарат сұратқан кезде уәкілетті орган өкілдерінің өкілеттіктері тексеріледі.
Тармақ 59
59. Үшінші тұлғалардың қызметін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында мынадай ұйымдастыру және (немесе) бағдарламалық-техникалық шаралар көзделеді:
Тармақша 1
1) үшінші тұлғалар қызметінің нәтижесін тексеру;
Тармақша 2
2) үшінші тұлғалардың қызметін банк, ұйым қызметкерлерінің қатысуымен ғана жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) үшінші тұлғалардың іс-қимылдары бойынша аудиторлық ізді жүргізу;
Тармақша 4
4) банктің, ұйымның ақпараттық активтеріне кіру сессиясын жазу.
Тармақ 60
60. Үшінші тұлғаларға банктің, ұйымның ақпараттық активтерінің бір бөлігін беру (серверлік қуаттарды тысқары деректерді өңдеу орталықтарына орналастыру, деректерді өңдеу және/немесе сақтаудың сыртқы сервистерін пайдалану) жағдайында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мынадай шаралары қабылданады:
Тармақша 1
1) үшінші тұлғамен жасалған тиісті келісімде, шартта банктің, ұйымның ақпараттық активтерін қорғау жөніндегі талаптарды және банктің, ұйымның осындай талаптардың орындалуын тексеру құқығын, сондай-ақ қауіпсіздікті және ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу қабілетінің бұзылуы салдарынан туындаған шығынды қайтару туралы талаптарды көрсету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының азаматтық, банк заңнамасына, Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес үшінші тұлғаларға беруге жол берілмейтін ақпаратқа үшінші тұлғалардың қол жеткізу мүмкіндігін болдырмау. Бұлттық сервистерді пайдалану кезінде осы мақсаттар үшін банк, ұйым тарапынан ақпаратты жариялаумен, ақпаратты шифрланған түрде сақтау әдісі қолданылады. Бұл ретте шифрлау кілті банкте, ұйымда сақталады.
Тарау 8. 8-тарау. Ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйіне ішкі тексерулер
жүргізуге қойылатын талаптар
8-тарау. Ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйіне ішкі тексерулер
жүргізуге қойылатын талаптар
Тармақ 61
61. Ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйі мынадай тексеру жүргізу арқылы бағаланады:
Тармақша 1
1) ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі – атқарушы органның ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесіне жетекшілік ететін мүшесі бекітетін жоспарға сәйкес, сондай-ақ банктің, ұйымның басқару органы басшысының жеке өкімі бойынша;
Тармақша 2
2) ішкі аудит бөлімшесі – банктің, ұйымның ішкі аудит жүйесін ұйымдастыруды реттейтін банктің, ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес аудиторлық тексерулердің жылдық жоспары шеңберінде.
Тармақ 62
62. Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі тексерудің нәтижесі бойынша тексеру материалдарын тіркей отырып, есеп жасайды, оны банктің, ұйымның тексерілетін бөлімшесіне мәлімет үшін жібереді.
Тарау 9. 9-тарау Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің процестеріне қойылатын талаптар
9-тарау Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің процестеріне қойылатын талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Ақпараттық жүйелерге кіруді ұйымдастыру процесіне қойылатын талаптар
1-параграф. Ақпараттық жүйелерге кіруді ұйымдастыру процесіне қойылатын талаптар
Тармақ 63
63. Ақпараттық жүйеге кіру матрицасын құру процесін банк, ұйым белгіленген тәртіппен жүзеге асырады және мынадай кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйенің бизнес-иесі банктің, ұйымның ақпараттық жүйесіне кіру матрицасын құруға және белсенділігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) бизнес-процестің иесі ақпараттық жүйенің АТ-менеджерімен бірлесе отырып, қызметкерлердің функционалдық міндеттерінде айқындалатын көлемде ақпараттық жүйеде рөлдердің қалыптасуын және өзектілігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) қалыптастырылған рөлдер ақпараттық жүйенің бизнес-иесімен келісіледі;
Тармақша 4
4) банк, ұйым қолданыстағы автоматтандырылған бақылауларды айналып өтуге мүмкіндік беретін кірудің қайшылықты құқықтарын рөлдерде алып тастауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) ақпараттық жүйенің АТ-менеджері ақпараттық жүйеде рөлдерді іске асырады;
Тармақша 6
6) ақпараттық жүйенің немесе шағын жүйенің бизнес-иесі және бизнес-процестің иесі құрылған рөлдерді тестілеуден өткізеді;
Тармақша 7
7) ақпараттық жүйенің АТ-менеджері ақпараттық жүйеге рөлдерді енгізеді.
Тармақ 64
64. Ақпараттық жүйеге кіру матрицасына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу Талаптардың 63-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 65
65. Банктің, ұйымның ақпараттық жүйесіне кіруді басқарудың тетігі мыналарды:
Тармақша 1
1) жаңа пайдаланушыны қосымша деңгейінде тіркеу мүмкіндігін;
Тармақша 2
2) пайдаланушыларға ақпараттық жүйелерге рольдер арқылы ғана кіру құқықтарын тағайындауды;
Тармақша 3
3) пайдаланушыларға ақпараттық жүйенің немесе шағын жүйенің бизнес-иесімен келісе отырып және ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесіне хабарлай отырып, ақпараттық жүйеде бар рөлге қосымша жекелеген құқықтар беруді;
Тармақша 4
4) пайдаланушылардың рольдеріне ілеспе қызмет көрсетуді (құру, өзгерту, жою);
Тармақша 5
5) транзакциялық жүйелер үшін бірдей есептік деректер арқылы әртүрлі аппараттық құралдардан (компьютерлерден) бірмезгілде кіруді оқшаулау мүмкіндігін;
Тармақша 6
6) аудиторлық із жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 66
66. Банктің, ұйымның ақпараттық жүйесінің деректеріне кіруді басқару тетігі мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) пайдаланушыларға ақпараттық жүйенің деректеріне қосымша арқылы ғана кіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) ақпараттық жүйенің деректеріне қосымшаны айналып өтіп, кіруді ұсыну ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесімен келісу бойынша жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) ақпараттық технологиялар бөлімшесінің қосымшаны айналып өтіп,
деректерге тікелей кіруге рұқсат берілген пайдаланушылар тізбесін қалыптастыруы және өзектендіруі.
Тармақ 67
67. Қызметкердің функционалдық міндеттері өзгерген кезде қолда бар кіру құқықтары ажыратылады және оның жаңа функционалдық міндеттеріне сәйкес жаңа кіру құқықтары тағайындалады. Қызметкер жұмыстан босатылған кезде жұмыстан босатылған күннен бастап бір тәуліктен асырмай оның барлық есептік жазбалары ажыратылады.
Тармақ 68
68. Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі кіру матрицаларына сәйкес ақпараттық жүйелерге кіру құқықтарының дұрыстығына тексеру, сондай-ақ жұмыстан босатылған қызметкерлердің кіру құқықтарының ажыратылуына бақылау жүргізеді.
Тармақ 69
69. Ақпараттық жүйелердің және шағын жүйелердің бизнес-иелері ақпараттық жүйелерге кіру рөлдері мен құқықтарын қайта қарауды банктің, ұйымның мүдделі бөлімшелерін тарта отырып, жылына кемінде бір рет жүргізеді.
Тармақ 70
70. Банкте, ұйымдарда осы параграфтың бір немесе бірнеше талабын іске асыруға техникалық мүмкіндіктер болмаған кезде, ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерінің әсерін ішінара немесе толық болдырмау бойынша қосымша техникалық және ұйымдастыру шаралары түріндегі өтеу шараларын қолданады.
Тармақ 2. 2-параграф. Пайдаланушылардың ақпараттық жүйелердегі парольдерін және есептік жазбаларын оқшаулауды басқару процесіне
қойылатын талаптар
2-параграф. Пайдаланушылардың ақпараттық жүйелердегі парольдерін және есептік жазбаларын оқшаулауды басқару процесіне
қойылатын талаптар
Тармақ 71
71. Банктің, ұйымның ақпараттық жүйелерінде пайдаланушылардың парольдерін және есептік жазбаларын оқшаулауды басқару жөніндегі функцияның мынадай өлшемдері қолданылады:
Тармақша 1
1) парольдің ең қысқа ұзындығы – осы өлшемнің мәні 8 символдан тұрады. Парольді осы өлшемге сәйкестігін тексеру пароль ауысқан сайын жүргізіледі, сәйкес келмеген жағдайда – пайдаланушыға хабарлама жіберіледі;
Тармақша 2
2) парольдің күрделілігі – парольде кемінде символдардың үш тобының: кішкентай әріптер, бас әріптерінің, цифрлық мәндердің, арнайы символдардың болуын тексеру мүмкіндігі. Парольдің осы өлшемге сәйкестігін тексеру пароль ауысқан сайын жүргізіледі, сәйкес келмеген жағдайда – пайдаланушыға хабарлама жіберіледі;
Тармақша 3
3) парольдің тарихы – жаңа пароль кемінде алдыңғы жеті парольді қайталамайды. Парольдің осы өлшемге сәйкестігін тексеру пароль ауысқан сайын жүргізіледі, сәйкес келмеген жағдайда – пайдаланушыға хабарлама жіберіледі;
Тармақша 4
4) парольдің ең қысқа пайдалану мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
Тармақша 5
5) парольдің ең ұзақ пайдалану мерзімі – күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайды. Парольдің осы өлшемге сәйкестігін тексеру ақпараттық жүйеге кірген сайын және пароль ауысқан кезде жүргізіледі. Парольдің ең ұзақ пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 7 (жеті) күн және одан аз күн қалған жағдайда пайдаланушыға тиісті хабарлама жіберіледі. Парольдің ең ұзақ қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ақпараттық жүйе кіруді оқшаулайды және парольді міндетті түрде ауыстыруды талап етеді;
Тармақша 6
6) ақпараттық жүйеге бірінші рет кіру кезінде, не әкімші парольді ауыстырғаннан кейін ақпараттық жүйе пайдаланушыдан бұл рәсімді орындамау мүмкіндігінсіз парольді ауыстыруды сұратуға тиіс. Осы қағида парольдің қолданылу мерзімі туралы қағидадан басым болады;
Тармақша 7
7) ақпараттық жүйеде пайдаланушының белсенділігі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аса болмаған жағдайда, оның есептік жазбасы автоматты түрде оқшауланады;
Тармақша 8
8) дұрыс емес парольді қатарынан бес рет енгізген кезде пайдаланушының есептік жазбасы уақытша оқшауланады;
Тармақша 9
9) пайдаланушы 30 (отыз) минуттан аса белсенді болмаған кезде ақпараттық жүйе пайдаланушының жұмыс істеу сеансын автоматты түрде аяқтайды, не пайдаланушының аутентификациялық деректерін енгізген кезде ғана оқшалаусыздандыру мүмкіндігімен жұмыс станциясын оқшаулайды.
Тармақ 72
72. Талаптардың 71-тармағының талаптары мынадай:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйе Талаптардың 71-тармағының талаптарына сәйкес келетін ақпараттық жүйемен аутентификациялау бөлігінде ықпалдастырылған;
Тармақша 2
2) бір ақпараттық жүйенің функциялары басқа ақпараттық жүйеде авторизацияланбаған кіру тәуекелін барынша азайтқан жағдайларда қолданылмайды.
Тармақ 73
73. Банк, ұйым парольдерді және есептік жазбаларды басқару процесін айқындайды және мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйелер әкімшілерінің ақпараттық жүйелерді пайдаланушылардың есептік жазбаларын басқару және олардың парольдерін ауыстыру;
Тармақша 2
2) есептік жазбаларды құруға өтінімдерді беру және қарау, сондай-ақ штаттан тыс оқиға туындаған кезде парольді өзгерту;
Тармақша 3
3) есептік жазбаларды өзгертуге немесе жоюға өтінімдер беру;
Тармақша 4
4) есептік жазбаларды құруға, өзгертуге немесе жоюға өтінім беретін тұлғаларды сәйкестендіру, сондай-ақ парольді өзгерту;
Тармақша 5
5) парольдерді үшінші тұлғаларға, ақпараттық жүйелерді басқарушыларға және банктің, ұйымның өзге де қызметкерлеріне заңсыз беруге тыйым салу;
Тармақша 6
6) пайдаланушыны дәлме-дәл идентификаттауды қамтамасыз ету кезінде көрсетілген уақыт аралығында ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесімен келісім бойынша қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөтен есептік жазбаға қол жеткізуді ұсынуды қоспағанда, ақпараттық жүйелерде бөтен есептік жазбалармен жұмыс істеуге жол бермеу болып табылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесіне
қойылатын талаптар
3-параграф. Ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесіне
қойылатын талаптар
Тармақ 74
74. Интернетті және электрондық поштаны пайдаланған кезде ақпаратты қорғау процесін банк, ұйым мынадай әдістердің кез келгенін пайдалана отырып, бірақ олармен шектелмей айқындайды:
Тармақша 1
1) ұйымдастырушылық: банк, ұйым айқындайтын шектеулер, қызметкерлердің хабардар болуын қамтамасыз ету, Интернет желісіне, жедел хабарламалар қызметіне, бұлттық сервистерге, IP-телефонияға және сыртқы электрондық почтаға кіру рұқсаты бар қызметкерлердің санын шектеу;
Тармақша 2
2) бағдарламалық-техникалық: пайдаланушылар санын және олардың интернет-ресурстарына кіруін шектеу, Интернетке, оның ішінде жедел хабарламалар қызметі, IP-телефония және сыртқы электрондық почта арқылы берілетін ақпаратты бақылау, Интернетке кіруді терминалдық сервер арқылы беру, желі сегменттерін бөлу, сыртқы электрондық почтаның мұрағатын жүргізу (сақтау мерзімін банк, ұйым айқындайды, осы мұрағаттағы ақпаратты өзгертуге немесе жоюға кіруді шектеу), банктің, ұйымның ақпараттық инфрақұрылымының қорғау периметріне бағытталған шабуылдарға қарсы іс-қимыл жасау жүйелерін пайдалану, жіберілетін ақпаратты шифрлау.
Тармақ 75
75. Сыртқы электрондық ақпаратты тасымалдағыштарды пайдаланған кезде ақпаратты қорғау үшін мынадай әдістердің кез келгені қолданылады, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) ұйымдастырушылық: банк, ұйым айқындайтын шектеулер, қызметкерлердің хабардар болуын қамтамасыз ету, сыртқы ақпарат тасымалдағыштарға жазба жасауға кіру рұқсаты бар қызметкерлердің санын шектеу;
Тармақша 2
2) бағдарламалық-техникалық: ақпаратты сыртқы тасымалдағыштарға жазуды шектеуді, бақылауды және шифрлауды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалану; банк, ұйым қызметкерлерінің жұмыс станцияларында немесе серверлерде пайдаланылмайтын енгізу-шығару порттарын және сыртқы тасымалдағышта жазба жасау құрылғыларын ажырату.
Тармақ 76
76. Қағаз тасымалдағыштарды пайдалану кезінде ақпаратты қорғау үшін мынадай әдістердің кез келгені пайдаланылады, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) ұйымдастырушылық: банк, ұйым айқындайтын шектеулер, қызметкерлердің хабардар болуын қамтамасыз ету, қорғалатын ақпарат қамтылған құжаттармен жұмыс жасауға кіру рұқсаты бар қызметкерлердің санын шектеу;
Тармақша 2
2) бағдарламалық-техникалық: ақпаратты қағаз тасымалдағыштарына шығаруды бақылауды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалану.
Тармақ 77
77. Штаттық ақпарат тасымалдағыштар жоғалған жағдайда, ақпаратты қорғау үшін мынадай әдістердің кез келгені пайдаланылады, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) ұйымдастырушылық: банк, ұйым айқындайтын шектеулер, банктің, ұйымның периметрінің нақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің хабардар болуын қамтамасыз ету, ақпарат тасымалдағыштарын жарамсыз ету нормалары;
Тармақша 2
2) бағдарламалық-техникалық: жүйелік блоктарды ашуды бақылайтын құралдарды пайдалану, жұмыс станцияларында, серверлерде ақпаратты шифрлау, дерекқорын басқару жүйелерінде ақпаратты шифрлау немесе токенизациялау (түпнұсқа деректерді кездейсоқ деректер (токен) жинағын пайдалана отырып қандай да бір суррогатпен ауыстыру).
Тармақ 78
78. Қорғалатын ақпаратты жою оны қалпына келтіруді болдырмайтын әдістермен, тасымалдағыштың түріне байланысты аталған ақпарат жоюдың мына әдістерінің кез келгенін пайдалана отырып, жүргізіледі:
Тармақша 1
1) ақпарат тасымалдағышты нақты жою;
Тармақша 2
2) ақпарат тасымалдағышқа электромагниттік әсер ету (магниттік тасымалдағыштар үшін);
Тармақша 3
3) электрондық ақпаратты мамандандырылған бағдарламалық құралдармен бағдарламалық жою.
Тармақ 4. 4-параграф. Ақпараттық инфрақұрылымның қорғау
периметрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
4-параграф. Ақпараттық инфрақұрылымның қорғау
периметрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
Тармақ 79
79. Банк, ұйым ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қорғау периметрін (бұдан әрі – қорғау периметрі) айқындайды. Ақпараттық технологиялар бөлімшесі қорғау периметрінің схемасын және қорғау периметрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары басқарушыларының тізбесін бекітеді және жұмыс істейтін жағдайда қолдайды.
Тармақ 80
80. Банктің, ұйымның қорғау периметрінен шығатын қалалық телефон желісімен қосылғыштарды қоспағанда, телекоммуникациялық қосылғыштар.
Тармақ 81
81. Телекоммуникациялық қосылғыштарды шифрлау ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бөлімшемен келісілген әдістермен жүргізіледі.
Тармақ 82
82. Талаптардың 80 және 81-тармақтарында көрсетілген телекоммуникациялық қосылғыштарды шифрлаумен бірге берілетін ақпаратты шифрлау қолданылады.
Тармақ 83
83. Қорғау периметрінде ақпараттық инфрақұрылымға кіруді шектеу үшін желіаралық экрандар орнатылады.
Тармақ 84
84. Желіаралық экрандар орнатылған кіру қағидалары банктің, ұйымның ақпараттық активтерінің жұмыс істеп тұру үшін пайдаланылмаған қосылғыштарды оқшаулауға теңшеледі. Көрсетілген қағидалар ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесімен келісіледі. Қорғау периметріне жасалған шабуылдарды анықтау және көрсету үшін басып кіруді анықтау және алдын алу құралдары пайдаланылады.
Тармақ 85
85. Банк, ұйым «қызмет көрсетуден бас тарту» сияқты шабуылдарды болдырмау шараларын қолдануды қамтамасыз етеді. Аталған шараларды іске асыру кезінде қорғау периметрін қамтамасыз ету жүйесінің штаттық тетіктері және (немесе) қорғау периметрінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қосымша әдісі (телекоммуникациялық қызметтердің провайдерлерімен шарттар, осы тектес шабуылдан қорғау бойынша тиісті функционалы бар арнайы жүйелерді орнату және басқа тәсілдер) пайдаланылады.
Тармақ 86
86. Банктің, ұйымның ақпараттық активтеріне қорғау периметрінен тыс жерден кіруді пайдаланушыны аутентификациялай отырып қорғау периметрінде шифрленген арна бойынша ғана ұсынылады. Қорғау периметрінен тыс жерден ақпараттық жүйелерге кіру екі факторлық аутентификациялау әдісін пайдалана отырып қана ұсынылады (үш фактордың ішінен екеуін пайдалану арқылы: «мен нені білем», «менде не бар», «мен кіммін»).
Тармақ 87
87. Пайдаланушыларға Интернет желісінің ресурстарына кірудің, сондай-ақ сыртқы электрондық поштаны пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шлюздер орнатылады, олар мыналарды:
Тармақша 1
1) трафикті зиянды кодтан тазалауды;
Тармақша 2
2) деструктивті функциялары бар Интернет ресурсты бұғаттауды;
Тармақша 3
3) пошта трафигін спамнан тазалауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) кіріс электрондық поштаны жөнелтушінің домендік атауын аутентификациялауды және криптографиялық алгоритмдерді пайдалана отырып, шығыс электрондық поштаның домендік атауын аутентификациялау мүмкіндігін қамтиды.
Тармақ 88
88. Қорғау периметрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралының конфигурациясы өндірушілердің ұсынымдарын ескере отырып орындалады және банк, ұйым айқындаған кезеңділікпен қайта қаралады. Алдын ала белгіленген есептік жазбаларға парольдер міндетті тәртіпте өзгертіледі. Пайдаланылмаған, алдын ала белгіленген есептік жазбалар бұғатталады немесе жойылады.
Тармақ 89
89. Осы саладағы тәуелсіз сыртқы сарапшылар банк, ұйым айқындаған кезеңділікпен ақпараттық инфрақұрылымға рұқсатсыз кіруге тестілеу жүргізеді. Осы тестілеудің шегінде, жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтылымның осал жерлерін іздестіру және пайдалану мүмкіндіктерінен басқа «қызмет көрсетуден бас тарту» шабуылына ұқсатып жүктеме тестілер жүргізіледі.
Тармақ 5. 5-параграф. Ақпараттық инфрақұрылымды қорғауды қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
5-параграф. Ақпараттық инфрақұрылымды қорғауды қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
Тармақ 90
90. Ақпараттық жүйенің АТ-менеджері ақпараттық активтің жүйелік уақытын эталондық уақыттың орталықтандырылған дереккөзімен үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 91
91. Ақпараттық технологиялар бөлімшесі ішкі желілік инфрақұрылымды кемінде мынадай сегменттерге:
Тармақша 1
1) клиенттік (пайдаланушылық);
Тармақша 2
2) серверлік (инфрақұрылымдық);
Тармақша 3
3) әзірлемелер (бар болса);
Тармақша 4
4) тестілік бөлуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 92
92. Желілік инфрақұрылым сегменттері арасында ақпараттық активтердің жұмыс істеуі үшін пайдаланылмаған қосылғыштарды оқшаулауға рұқсат беру қағидалары теңшеледі.
Тармақ 93
93. Банк, ұйым ақпараттық инфрақұрылымды қорғау мақсатында банктің, ұйымның ақпараттық инфрақұрылымындағы болжанбаған (аномальді) белсенділікті анықтауға мүмкіндік беретін әдістерді немесе жүйелерді қолданады.
Тармақ 94
94. Банк, ұйым ақпараттық инфрақұрылымның түпкілікті құрылғыларына қауіпсіздіктің қажетті теңшеуін орнатуға мүмкіндік беретін операциялық жүйелердің, желілік архитектуралардың немесе бағдарламалық қамтылымның мүмкіндіктерін пайдалана отырып қауіпсіздіктің топтық саясаттарын құру және қолдану жөніндегі ұйымдық және (немесе) техникалық шараларды қолданады.
Қауіпсіздіктің топтық саясатынан ақпараттық инфрақұрылымның түпкілікті құрылғыларын алып тастау ақпараттық технологиялар бөлімшесімен келісіледі.
Тармақ 95
95. Банктің, ұйымның бірнеше ақпараттық активтерін бір серверде немесе гипервизорда орналастырған кезде осы серверде немесе гипервизорда орналастырылған барынша күрделі ақпараттық активке сәйкес келетін деңгейде қорғау қамтамасыз етіледі.
Тармақ 6. 6-параграф. Ақпараттық жүйелерді қорғауды қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
6-параграф. Ақпараттық жүйелерді қорғауды қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
Тармақ 96
96. Ақпараттық жүйелерді өнеркәсіптік пайдалану ортасында әзірлеу және пысықтау жүзеге асырылмайды.
Тармақ 97
97. Әзірлеу, тестілеу және өнеркәсіптік пайдалану орталары осы орталардың кез келгеніне енгізілген өзгерістер басқа ортада орналасқан ақпараттық жүйеге әсер етпейтіндей етіп бір бірінен бөлінеді.
Тармақ 98
98. Қорғалатын ақпаратты әзірлеу және тестілеу ортасында пайдаланған жағдайда оларды қорғау бойынша тиісті шаралар қолданылады.
Тармақ 99
99. Банктің, ұйымның және әзірлеуді жүзеге асыратын тысқары ұйымдардың ақпараттық технологиялар бөлімшесі қызметкерлерінің ақпараттық жүйенің өзгерістерін өнеркәсіптік ортаға ауыстыру өкілеттіктері, сондай-ақ өнеркәсіптік ортадағы ақпараттық жүйелерге әкімшілік кіру рұқсаты жоқ.
Тармақ 100
100. Ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізудің алдында онда қалыпты жағдай бойынша орнатылған қауіпсіздік теңшеулері банкте, ұйымда белгіленген ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптарына сәйкес келетін теңшеулерге өзгертіледі. Көрсетілген теңшеулер тестілеу кезінде пайдаланылатын парольдерге ауыстыруды, сондай-ақ барлық тестілік есептік жазбаларды алып тастауды қамтуға тиіс.
Тармақ 101
101. Артықшылық берілген есептік жазбалардың пайдаланылуын бақылау:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйелер әкімшілерінің тізбесін жасау және бекіту (операциялық жүйе, дерекқорды басқару жүйесі, қосымша);
Тармақша 2
2) ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру функцияларын орындау кезінде қосарланған бақылауды енгізу және (немесе) артықшылық берілген есептік жазбалардың пайдаланылуын бақылаудың арнайы кешендерін енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 102
102. Банктің, ұйымның ақпараттық жүйелері техникалық қолдаумен қамтамасыз етіледі, оның құрамына тиісті ақпараттық жүйенің жаңартуларын, оның ішінде қауіпсіздік жаңартуларын ұсыну қызметтері кіреді.
Тармақ 7. 7-параграф. Қызметкерлермен жұмыс жүргізу процесіне
қойылатын талаптар
7-параграф. Қызметкерлермен жұмыс жүргізу процесіне
қойылатын талаптар
Тармақ 103
103. Жұмысқа қабылдау кезінде банктің, ұйымның жаңа қызметкері қорғалатын ақпаратты жария етпеу туралы міндеттемеге қол қояды. Міндеттеме қызметкердің жеке ісіне тігіледі.
Тармақ 104
104. Жаңа қызметкер жұмысқа қабылданған кезде ол жұмысқа қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптармен (кіріспе нұсқаулық) қолын қоя отырып танысады. Танысу нәтижелері тиісті нұсқаулық журналында немесе нұсқаулықтан өткенін растайтын жеке құжатта тіркеледі. Нұсқаулықтан өткенін растайтын жеке құжат қызметкердің жеке ісіне тігіледі.
Тармақ 105
105. Қызметкерді ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптармен танысқанға дейін оған маңызды емес ақпараттық активтерге ғана кіруге рұқсат етіледі.
Тармақ 106
106. Банктің, ұйымның қызметкерімен жасасқан еңбек шартында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау туралы міндеттеме қамтылады.
Тармақ 107
107. Банк, ұйым қызметкерлердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде хабардар болуын арттыру бағдарламасын әзірлейді. Бұл ретте қызметкерлердің хабардар болуын арттырудың мынадай әдістері қолданылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) банктің, ұйымның ішкі құжаттарымен, сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен танысу;
Тармақша 2
2) банктің, ұйымның атқарушы органы бекітетін банк, ұйым қызметкерлеріне тест жүргізу жоспарына сәйкес банктің, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі ұйымның ішкі құжаттарының талаптарын білуге арналған тест жүргізу;
Тармақша 3
3) банк, ұйым айқындаған әдістер.
Тармақ 108
108. Нұсқаулық жүргізу кезінде сондай-ақ хабардар болуды арттыру жөніндегі одан кейінгі іс-шаралар өткізу кезінде:
Тармақша 1
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында тыйым салынған ақпаратты таратуға тыйым салу;
Тармақша 3
3) банктің, ұйымның ақпараттық жүйелерінде құрылатын, сақталатын және өңделетін кез келген ақпаратты мониторингтеуді жүзеге асыруға банктің, ұйымның құқығы туралы ереже;
Тармақша 4
4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар белгіленетін ішкі құжаттарды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы талаптар.
Тармақ 109
109. Банк, ұйым ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару бөлімшелері және ішкі аудит бөлімшесі қызметкерлерінің біліктілігін көтеруді мыналарды жүргізу арқылы қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) ішкі іс-шаралар (лекциялар, семинарлар);
Тармақша 2
2) сырттай оқыту (курстарға, семинарларға қатысу – әрбір қызметкер үшін үш жылда кемінде бір реттен).
Тармақ 110
110. Қызметкер жұмыстан босатылған кезде, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мыналар бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) банктің, ұйымның құжаттары мен ақпараттық активтерін қабылдау-өткізу;
Тармақша 2
2) куәліктерді, рұқсат қағаздарын және рұқсат ету құжаттарын тапсыру;
Тармақша 3
3) жұмыстан босатылатын қызметкерлермен конфиденциалды ақпаратты жария етпеу туралы нұсқама жүргізу;
Тармақша 4
4) ақпараттық жүйелерде есептік жазбаларды оқшаулау немесе жою.
Тармақ 8. 8-параграф. Ақпараттық жүйелерде аудиторлық із жүргізу процесіне қойылатын талаптар
8-параграф. Ақпараттық жүйелерде аудиторлық із жүргізу процесіне қойылатын талаптар
Тармақ 111
111. Ақпараттық жүйенің АТ-менеджері ұйымдастырушылық және техникалық деңгейде аудиторлық іздің жүргізілуін және өзгермеуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 112
112. Банктің, ұйымның ақпараттық активтерінде аудиторлық із жүргізу функциясы пайдаланылады, ол мыналарды көрсетеді:
Тармақша 1
1) ақпараттық активте қосылғыштарды орнату, сәйкестендіру, бірегейлендіру және авторизациялау (табысты және сәтсіз) оқиғалары;
Тармақша 2
2) қауіпсіздік теңшеулерін түрлендіру оқиғалары;
Тармақша 3
3) пайдаланушылардың топтарын және олардың өкілеттіктерін түрлендіру оқиғасы;
Тармақша 4
4) пайдаланушылардың есептік жазбаларын және олардың өкілеттіктерін түрлендіру оқиғасы;
Тармақша 5
5) ақпараттық жүйедегі жаңартуларды және (немесе) өзгерістерді орнатуды көрсететін оқиға;
Тармақша 6
6) аудиттің өлшемдерінің өзгеру оқиғасы;
Тармақша 7
7) жүйелік өлшемдердің өзгерістер оқиғасы.
Тармақ 113
113. Аудиторлық із форматы мынадай ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) іс-қимыл жасайтын пайдаланушының сәйкестендіргіші (логины);
Тармақша 2
2) іс-қимыл жасау күні және уақыты;
Тармақша 3
3) пайдаланушының жұмыс станциясының атауы және (немесе) іс-қимыл жасалған IP мекенжайы;
Тармақша 4
4) іс-қимыл жүргізілген объектілердің атауы;
Тармақша 5
5) жасалған іс-қимылдың түрі және атауы;
Тармақша 6
6) іс-қимылдың нәтижесі (ойдағыдай немесе ойдағыдай емес).
Тармақ 114
114. Аудиторлық ізді сақтау мерзімі жедел қолжетімділікте кемінде 3 (үш) айды және архивтік қолжетімділікте кемінде 1 (бір) жылды не жедел қолжетімділікте кемінде 1 (бір) жылды құрайды.
Тармақ 9. 9-параграф. Вирусқа қарсы қорғауды қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
9-параграф. Вирусқа қарсы қорғауды қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
Тармақ 115
115. Банк, ұйым лицензиялық вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз етуді немесе жұмыс стансаларында, ноутбуктарда, мобилді құрылғыларда, сол сияқты серверлерде, банкоматтарда және банктік киоскілерде бағдарламалық ортаның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін жүйелерді пайдаланады.
Тармақ 116
116. Банк, ұйым пайдаланатын вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз ету төмендегі талаптарға сәйкес келеді
Тармақша 1
1) белгілі сигнатурлар негізінде вирустарды анықтау;
Тармақша 2
2) эвристикалық талдау негізінде (вирустарға тән командалар мен тәртіптік талдауды іздестіру) вирустарды анықтау;
Тармақша 3
3) қосу кезінде ауыстырылатын тасымалдағыштарды сканерлеу;
Тармақша 4
4) кесте бойынша вирусқа қарсы базаны сканерлеуді және жаңартуды іске қосу;
Тармақша 5
5) басқарудың және мониторинг жүргізудің орталықтандырылған консолінің болуы;
Тармақша 6
6) пайдаланушы үшін вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз етудің, сондай-ақ вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту және вирустардың болмауын жоспарлы тексеру процестерінің жұмыс істеуін үзу мүмкіндігін оқшаулау;
Тармақша 7
7) виртуалды орта үшін – вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз етудің виртуалды орта қауіпсіздігінің қоса орнатылған функцияларын пайдалануы, мұндай мүмкіндіктер болмаған кезде – өндірушінің банк, ұйым пайдаланатын виртуалды орталарда вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз етуді тестіден өткізуі туралы растауы;
Тармақша 8
8) банкті, ұйымды қорғаудың периметрінен тыс пайдаланылатын мобилді құрылғылар және өзге де құрылғылар үшін желіаралық экранға шығарудың қоса орнатылған функцияларымен вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану.
Тармақ 117
117. Бағдарламалық ортаның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін жүйелерді пайдаланған кезде төмендегілер ең төменгі талаптар болып табылады:
Тармақша 1
1) жаңартуды және техникалық қолдауды көздейтін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы;
Тармақша 2
2) басқарудың және мониторинг жүргізудің орталықтандырылған консолінің болуы;
Тармақша 3
3) түпкілікті пайдаланушы үшін осы жүйенің жұмыс істеуін үзу үшін оқшаулау мүмкіндігінің болуы;
Тармақша 4
4) түпкілікті құрылғыларға орнату алдында вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы бағдарламалық ортаның бейінін тексеру мүмкіндігінің болуы;
Тармақша 5
5) қорғаудың периметрінен тыс пайдаланылатын мобилді құрылғылар және өзге де құрылғылар үшін желіаралық экранның болуы.
Тармақ 118
118. Вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдауды ақпараттық технологиялар бөлімшесі ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің міндетті қатысуымен жүргізеді.
Тармақ 119
119. Вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланушының барлық қызметтік процестерді барынша үздіксіз қолдануын қамтамасыз етеді (кесте бойынша сканерлеу, жаңарту және басқалары). Вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту тәулігіне кемінде бір рет, компьютерді толық сканерлеу – аптасына кемінде бір рет жүргізіледі.
Тармақ 10. 10-параграф. Ақпараттық жүйелердің жаңартуларын
және осалдығын басқару процесіне қойылатын талаптар
10-параграф. Ақпараттық жүйелердің жаңартуларын
және осалдығын басқару процесіне қойылатын талаптар
Тармақ 120
120. Ақпараттық жүйенің АТ-менеджері банктің, ұйымның ақпараттық активтерінің қауіпсіздік жаңартуларын уақытылы орнатуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 121
121. Маңызды осалдықтарды жоятын ақпараттық жүйелерді жаңартулар ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесімен келісілген жағдайларды қоспағанда, оларды жариялау және өндіруші таратқан күннен бастап бір айдан кешіктірмей орнатылады.
Тармақ 122
122. Ақпараттық жүйелерді жаңартулар өнеркәсіптік ортаға орнатылғанға дейін тестілеу ортасында сынақтан өтеді.
Тармақ 123
123. Ақпараттық қауіпсіздік жүйесімен келісу бойынша жаңартуларды орнату мүмкіндігі болмаған жағдайда, ақпараттық жүйенің АТ-менеджері түзету шараларын жүзеге асырады.
Тармақ 124
124. Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі ақпараттық активтерді мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, осалдықтың болуына сканерлеуді (бұдан әрі – сканерлеу) (қорғаныстың техникалық талдауы) қамтамасыз етеді. Банктің, ұйымның ақпараттық активтерін сканерлеу 6 (алты) айда кемінде бір рет жоспарлы негізде жүргізіледі. Сканерлеуді банктің, ұйымның қызметкерлері және (немесе) сырттан мамандандырылған компаниялар жүргізе алады. Сканерлеудің нәтижелері анықталған осалдықтарды жою бойынша түзету шаралары жөнінде ұсынымдарды көрсете отырып, ақпараттық қауіпсіздіктің жағдайы туралы есеп түрінде қалыптастырылады.
Тармақ 125
125. Ақпараттық жүйенің АТ-менеджері анықталған осалдықтарды жою бойынша түзету шараларын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Осалдықтарды жою бойынша жұмыстар аяқталысымен ақпараттық жүйенің АТ-менеджері анықталған осалдықтардың жойылғаны туралы растаманы ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесіне ұсынады.
Тармақ 11. 11-параграф. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалану процесіне қойылатын талаптар
11-параграф. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалану процесіне қойылатын талаптар
Тармақ 126
126. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалану процесін банктің, ұйымның ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің келісімі бойынша ақпараттық технологиялар бөлімшесі мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей:
Тармақша 1
1) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының сипаттамасын (жүйенің атауы, криптоалгоритм, кілттің ұзындығы);
Тармақша 2
2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалану саласын;
Тармақша 3
3) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын күйге келтірудің сипаттамасын;
Тармақша 4
4) негізгі ақпаратты басқару: генерация, қауіпсіз беру (кілт пен қорғалатын ақпаратты беру үшін түрлі арналарды пайдалану талаптары есебімен кілттерді алмастыру), сақтау, пайдалану және жою тәртібін;
Тармақша 5
5) негізгі ақпарат әшкереленген кездегі іс-әрекетті;
Тармақша 6
6) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын соңғы пайдаланушылардың пайдалану тәртібін;
Тармақша 7
7) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына әкімшілендіруге және негізгі ақпаратты басқаруға жіберілген тұлғалар тізбесін айқындайды.
Тармақ 12. 12-параграф. Деректерді өңдеу орталықтарының нақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
12-параграф. Деректерді өңдеу орталықтарының нақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
Тармақ 127
127. Банктің, ұйымның деректерді өңдеу орталықтары техникалық қауіпсіздіктің мынадай жүйелерімен:
Тармақша 1
1) кіруді бақылау және басқару жүйесімен;
Тармақша 2
2) күзет сигнализациясымен;
Тармақша 3
3) өрт сигнализациясымен;
Тармақша 4
4) өртті автоматты сөндіру жүйесімен;
Тармақша 5
5) температура мен ылғалдылықтың белгіленген өлшемдерін ұстап тұру жүйесімен;
Тармақша 6
6) бейнебақылау жүйесімен жарақтандырылады.
Серверлік және коммуникациялық жабдық үздіксіз қуат көздері арқылы электр қуаты жүйесіне қосылады.
Банкте, ұйымда деректерді өңдеу орталығы болмаған жағдайда аталған тармақтың талаптары банктің, ұйымның ақпараттық инфрақұрылымы жүйесі мен құрамдастары орналастырылған банктің, ұйымның үй-жайына қолданылады.
Тармақ 128
128. Деректерді өңдеу орталығына кіру рұқсаты тізбесін ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің келісімі бойынша ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы бекітетін адамдарға беріледі.
Тармақ 129
129. Банк, ұйым деректерді өңдеу орталығына кіруді бақылау және басқару жүйесінің журналын жүргізеді, ол кемінде 1 (бір) жыл сақталады.
Тармақ 130
130. Деректерді өңдеу орталығының өртті автоматты сөндіру жүйесі бүкіл үй-жай көлемінің тұтануын болдырмауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 131
131. Деректерді өңдеу орталығының бейне бақылау жүйесі деректерді өңдеу орталығының барлық кіреберістерін бақылауды қамтамасыз етеді. Деректерді өңдеу орталығында бейнекамераларды орналастыру деректерді өңдеу орталығы үй-жайының ішінде және кіреберісі алдында бейнебақылаумен қамтамасыз етілмеген аймақтардың болуына жол бермейді.
Тармақ 132
132. Деректерді өңдеу орталығының бейнебақылау жүйесі оқиғаларының жазбасы үздіксіз немесе қозғалыс детекторын пайдалана отырып жүргізіледі.
Тармақ 133
133. Деректерді өңдеу орталығының бейнебақылау жүйесінің мұрағаты кемінде 3 (үш) ай сақталады.
Тармақ 134
134. Деректерді өңдеу орталығынан тыс орналасқан серверлерге және белсенді желілік жабдыққа санкцияланбаған нақты кірудің алдын алу мақсатында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар анықталады және іске асырылады.
Тармақ 135
135. Банктің, ұйымның ақпараттық активтеріне нақты рұқсатты ұсынуды банк, ұйым айқындайды.
Тармақ 13. 13-параграф. Жұмыс станцияларын, ноутбуктарды және мобильдік құрылғыларды қорғауды қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
13-параграф. Жұмыс станцияларын, ноутбуктарды және мобильдік құрылғыларды қорғауды қамтамасыз ету процесіне қойылатын талаптар
Тармақ 136
136. Банкте, ұйымда пайдаланушыларға бағдарламалық қамтамасыз етуді, жұмыс станцияларын, ноутбуктар мен перифериялық жабдықты өз бетінше орнатуды және теңшеуді жүргізуге тыйым салынатын ұйымдастырушылық және техникалық шаралар анықталады және енгізіледі.
Тармақ 137
137. Жергілікті әкімшінің қол жеткізу құқығы немесе жергілікті әкімшінің қол жеткізу құқығына ұқсас құқықтар пайдаланушы орындайтын функцияларды автоматтандыратын бағдарламалық қамтылымның жұмыс істеуі үшін талап етілетін жағдайларды қоспағанда, пайдаланушыларға жергілікті әкімшінің қол жеткізу құқығы немесе осыған ұқсас қол жеткізу құқығы берілмейді.
Тармақ 138
138. Пайдаланушының өз функционалдық міндеттерін бағдарламалық қамтамасыз етуді және жабдықты өз бетінше орнату және теңшеуді жүзеге асырусыз орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, мұндай пайдаланушыға жергілікті әкімші құқығы немесе ұқсас құқықтар беріледі.
Тармақ 139
139. Талаптардың 137 және 138-тармақтарында көрсетілген пайдаланушылардың тізбесін ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесімен келісу бойынша ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы қалыптастырады, жаңартады және бекітеді. Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі пайдаланушылардың Талаптардың 137 және 138-тармақтарында көрсетілген кіру құқықтарын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 140
140. Ақпараттық технологиялар бөлімшесі банктің, ұйымның жұмыс станцияларын, ноутбуктарын және корпоративтік желісіндегі мобильдік құрылғыларды есепке алу жүйесі осы жұмыс станциясының орналасқан орнын немесе мобильдік құрылғының тиесілілігін нақты сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Тармақ 141
141. Банктің, ұйымның қорғаныс периметрінің аумағынан тыс мобильдік құрылғылар, ноутбуктар банктің, ұйымның ақпараттық активтеріне қосылған жағдайда бұл құрылғыларға ақпараттық активтерге қорғалған рұқсатты қамтамасыз ететін (байланыс арнасын шифрлеу, екіфакторлы аутентификаттауды қамтамсыз ету, қашықтықтан мобильдік құрылғыдан деректерді жою) арнайы бағдарламалық қамсыздандыру орнатылады.
Тармақ 142
142. Банктің, ұйымның ақпараттық активтерін өңдеу үшін банк, ұйым қызметкерлерінің жеке ноутбуктарын және мобильді құрылғыларын қолдану кезінде берілген ноутбуктар мен мобильді құрылғыларға жеке деректерді және банктің, ұйымның ақпараттық активтерін өңдеу ортасын жіктеуді қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалық қамтылым орнатылады.
Тармақ 143
143. Банктің, ұйымның ноутбукта және мобильдік құрылғыларда орналасқан бүкіл ақпараты шифрленген түрде сақталады.
Тарау 10. 10-тарау. Банктің, ұйымның қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
10-тарау. Банктің, ұйымның қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Тармақ 144
144. Банктің, ұйымның қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымына:
Тармақша 1
1) веб-қосымшалар серверлерінің бағдарламалық қамтылымы (бұдан әрі – веб-қосымша);
Тармақша 2
2) мобильді құрылғыларға арналған бағдарламалық қамтылым (бұдан әрі – мобильді қосымша);
Тармақша 3
3) бағдарламалық интерфейстердің бағдарламалық қамтылымы (бұдан әрі – серверлік ҚБҚ) кіреді.
Тармақ 145
145. Қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымын әзірлеу және (немесе) пысықтауды банк, ұйым бағдарламалық қамтылымды әзірлеу және (немесе) пысықтау тәртібін, әзірлеу кезеңдерін және олардың қатысушыларын регламенттейтін банктің, ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 146
146. Банктің, ұйымның қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымын әзірлеу және (немесе) пысықтау тысқары ұйымға және (немесе) үшінші тұлғаға берілген жағдайда, банк, ұйым тысқары ұйымның және (немесе) үшінші тұлғаның осы тараудың және ішкі құжаттардың талаптарын орындауын қамтамасыз етеді, қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымның қауіпсіздігі жағдайы үшін жауап береді.
Тармақ 147
147. Банкте, ұйымда әзірленетін қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымның бастапқы кодтарын сақтау резервтік көшірме жасауды қамтамасыз ете отырып, банктің, ұйымның аясында орналастырылатын мамандандырылған код репозиторияларын басқару жүйесінде жүзеге асырылады.
Тармақ 148
148. Банкте, ұйымда қабылданған қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымды әзірлеу және (немесе) пысықтау тәсіліне қарамастан, қауіпсіздікті тестілеу міндетті кезең болып табылады, оның барысында кемінде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) бастапқы кодтың статикалық талдауы;
Тармақша 2
2) құрауыштардың және тысқары кітапханалардың талдауы.
Тармақ 149
149. Банктің, ұйымның қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымының бастапқы кодының статикалық талдауы тексерілетін бағдарламалық қамтылымда қолданылатын барлық бағдарламалау тілінің талдауын қолдайтын, бастапқы кодтың статикалық талдауының сканерін пайдаланумен жүргізіледі, оның функцияларына мынадай осалдықтарды анықтау кіреді, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) зиянды кодтың кіруіне мүмкіндік беретін тетіктердің болуы;
Тармақша 2
2) осал операторларды және бағдарламалау тілдерінің функцияларын пайдалану;
Тармақша 3
3) әлсіз және осал криптографиялық алгоритмдерді қолдану;
Тармақша 4
4) белгілі бір жағдайларда қызмет көрсетуден бас тартуды немесе қосымшаның жұмысын айтарлықтай баяулатуды тудыратын кодты пайдалану;
Тармақша 5
5) қосымшаны қорғау жүйелерін айналып өту тетіктерінің болуы;
Тармақша 6
6) кодта құпияларды ашық түрде пайдалану;
Тармақша 7
7) қосымшаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үлгілері мен тәжірибелерін бұзу.
Тармақ 150
150. Банктің, ұйымның қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымының құрауыштарын және (немесе) тысқары кітапханаларын талдау құрауыштың және (немесе) тысқары кітапхананың қолданылатын нұсқасына тән белгілі осалдықтарды анықтау мақсатында, сондай-ақ құрауыштар және (немесе) тысқары кітапханалар және олардың нұсқалары арасындағы тәуелділіктерді бақылау үшін жүргізіледі.3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 151
151. Банк, ұйым атқарушы орган бекіткен ішкі құжатта айқындалған тәртіпте анықталған осалдықтарды жою жөнінде түзету шараларының іске асырылуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте, маңызды осалдықтар қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымды және (немесе) оның жаңа нұсқаларын пайдалануға енгізуге дейін жойылады.
Тармақ 152
152. Банк, ұйым ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесімен келісілгеннен кейін қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымын және (немесе) оның жаңа нұсқаларын пайдалануға енгізуді жүзеге асырады.
Тармақ 153
153. Банк, ұйым қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымының бастапқы кодтарының және соңғы 3 (үш) жыл ішінде пайдалануға енгізілген қауіпсіздікті тестілеу нәтижелерінің барлық нұсқаларын жедел режимде сақтауды және оларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 154
154. Қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымының клиенттік және серверлік тараптары арасында деректер алмасу Transport Layer Security (Транспорт Лейер Секьюрити) шифрлау хаттамасының 1.2-ден төмен емес нұсқасын пайдалана отырып шифрланады.
Тармақ 155
155. Банктің, ұйымның мобильді қосымшасында клиентті бастапқы тіркеу кезінде Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (бұдан әрі – СДАО) арқылы немесе банктің, ұйымның құрылғылары арқылы алынған биометриялық деректерді пайдалана отырып, клиентті биометриялық сәйкестендіруді жүзеге асырады.
Тармақ 156
156. Мобильді қосымшаға кіру кодын (құпиясөзін) өзгерту СДАО растаған немесе банктің, ұйымның құрылғылары арқылы алынған биометриялық деректерді пайдалана отырып, клиентті биометриялық сәйкестендіруді қолданумен жүзеге асырылады.
156-1. «Банкте, ұйымда клиенттің атына бұрын тіркелмеген мобильді құрылғыда клиентті мобильді қосымшада бірдейлендіру кезінде банк, ұйым СДАО растаған немесе банктің, ұйымның құрылғылары арқылы алынған биометриялық деректерді пайдалана отырып, клиентті биометриялық сәйкестендіруді жүргізеді.
Тармақ 157
157. Қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымда клиентті сәйкестендіру және бірдейлендіру банктің, ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес екі факторлы (үш фактордың екеуін қолдану: білім, иелену, ажырамастық) бірдейлендіру әдістерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 158
158. Қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымды кроссдомендік бірдейлендіру тетігі ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бөлімшемен келісіледі.
Тармақ 159
159. Веб-қосымша:
Тармақша 1
1) веб-қосымшаның тек қана банкке, ұйымға тиесілігін сәйкестендіруді (домендік аты, логотиптері, корпоративтік түстері);
Тармақша 2
2) браузердің жадысында авторландырылған деректерді сақтауға тыйым салуды;
Тармақша 3
3) енгізілген құпияларды бүркемелеуді;
Тармақша 4
4) клиентті авторландыру парақшасында веб-қосымшаны пайдалану кезінде басшылыққа алу ұсынылатын кибергигиенаны қамтамасыз ету шаралары туралы хабардар етуді;
Тармақша 5
5) қате туралы ең аз қажетті ақпарат бере отырып, клиенттің интерфейсінде конфиденциалды деректердің көрсетілуіне жол бермей қателер мен ерекшеліктерді қауіпсіз тәсілмен өңдеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 160
160. Мобильді қосымша:
Тармақша 1
1) мобильді қосымшаның тек қана банкке, ұйымға тиесілігін сәйкестендіруді (қосымшалардың ресми дүкеніндегі деректер, логотиптер, корпоративтік түстер);
Тармақша 2
2) операциялық жүйенің тұтастығын бұзу және (немесе) қорғау тетіктерін айналып өту белгілерін анықтаған, қашықтан басқару процестерін анықтаған жағдайда банктің, ұйымның қашықтан қызмет көрсету бойынша функционалын бұғаттауды;
Тармақша 3
3) клиентті мобильді қосымшаның жаңартуларының бар екендігі туралы хабардар етуді;
Тармақша 4
4) маңызды осалдықтарды жою қажет болған жағдайда, мобильді қосымшаның жаңартуларын мәжбүрлеп орнату немесе оларды орнатқанға дейін мобильді қосымшаның функционалын бұғаттау мүмкіндігін;
Тармақша 5
5) конфиденциалды деректерді мобильді қосымшаның қорғалған контейнерінде немесе жүйелік есепктік деректерді сақтау орнында сақтауды;
Тармақша 6
6) конфиденциалды деректерді кэштеуді алып тастауды;
Тармақша 7
7) мобильді қосымшаның резервтік көшірмелерінен ашық түрдегі конфиденциалды деректерді алып тастауды;
Тармақша 8
8) клиентті мобильді қосымшаны пайдалану кезінде басшылыққа алу ұсынылатын кибергигиенаны қамтамасыз етудің әдістері туралы хабардар етуді;
Тармақша 9
9) клиентті оның есептік жазбасындағы авторландыру оқиғалары, құпиясөзді өзгерту және (немесе) қалпына келтіру, банк, ұйым тіркеген мобильді телефон нөмірінің өзгеруі туралы хабардар етуді;
Тармақша 10
10) ақшалай қаражатпен операцияларды жүзеге асыру барысында -клиенттің рұқсаты болған жағдайда банктің, ұйымның серверлік ҚБҚ-ға мобильді құрылғының геолокациялық деректерін беру не мұндай рұқсаттың жоқ екендігі туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) клиенттен рұқсаты болған кезде банк, ұйым айқандайтын тәртіппен мобильді құрылғының микрофонына белсенді қолжетімділік анықталған жағдайда ақшалай қаражатпен операцияларды жүзеге асыру жөніндегі функционалды бұғаттау не банктің серверлік ҚБҚ-на осындай рұқсаттың жоқтығы туралы ақпаратты беру.
Тармақ 161
161. Банк, ұйым өз тарапынан:
Тармақша 1
1) жауапта конфиденциалды деректердің жария болуына жол бермей, проблеманы анықтау үшін ең аз қажетті ақпарат ұсына отырып, қателер мен ерекшеліктерді қауіпсіз тәсілмен өңдеуді;
Тармақша 2
2) мобильдік қосымшаларды және олармен байланысты құрылғыларды сәйкестендіруді және бірдейлендіруді;
Тармақша 3
3) жалған сұрау салулармен және зиянды код инъекциялары шабуылдарының алдын алу үшін деректердің жарамдылығын тексеруді;
Тармақша 4
4) банкте, ұйымда тіркелген құрылғыларда клиенттердің мобильді қосымшаларында қашықтан басқару процестерін анықтау оқиғаларының және операциялық жүйенің тұтастығын бұзу және (немесе) қорғау тетіктерін айналып өту белгілерінің, сондай-ақ клиенттердің мобильді қосымшаларының функционалын бұғаттау жөніндегі іс-қимылдардың жазбаларын сақтау;
Тармақша 5
5) бірдейлендірудің сәтсіз әрекеттері туралы және клиенттерге осы әрекеттер жөнінде хабарлау туралы жазбаларды сақтау.
Басқа 2. Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда,
ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы
ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 наурыздағы
№ 48 қаулысына
2-қосымша
Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда,
ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы
ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдері
Тармақ 1
1. Осы Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 61-5-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (бұдан әрі - банк) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - ұйым) ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидаларда «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (бұдан әрі – ақпараттық қауіпсіздік) – электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
Тармақша 2
2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым (бұдан әрі – ақпараттық инфрақұрылым) – электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және оларға қолжетімділік беру мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;
Тармақша 3
3) ақпараттық қауіпсіздік қатері – ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының туындауына алғышарттар жасайтын жағдайлар мен факторлардың жиынтығы;
Тармақша 4
4) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпарат – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында жеке немесе сериялық туындайтын, олардың тиісінше жұмыс істеуіне қауіп келтіретін іркілістер туралы ақпарат және (немесе) банктің, ұйымның электрондық ақпараттық ресурстарын заңсыз алу, көшіру, тарату, модификациялау, жою немесе бұғаттауға арналған талаптар;
Тармақша 5
5) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында жеке немесе сериялық туындайтын, олардың тиісінше жұмыс істеуіне қауіп келтіретін және (немесе) банктің, ұйымның электрондық ақпараттық ресурстарын заңсыз алу, көшіру, тарату, модификациялау, жою немесе бұғаттауға арналған талаптар;
Тармақша 6
6) кіру – ақпараттық активтерді пайдалану мүмкіндігі;
Тармақша 7
7) «қызмет көрсетуден бас тарту» түріндегі шабуыл (DoS немесе DDoS-шабуыл, шабуылдың сыртқы көздерінің санына байланысты) – ақпараттық жүйе жұмысының штаттық режимін бұзу мақсатында ақпараттық жүйеге шабуыл жасау немесе жүйенің заңды пайдаланушылары ұсынылатын ресурстарға қолжетімділік ала алмайтын, не бұл қолжетімділік қиын болатын жағдайлар жасау;
Тармақша 8
8) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.
Тармақ 3
3. Банк, ұйым уәкілетті органға ақпараттық қауіпсіздіктің мынадай анықталған оқыс оқиғалары туралы ақпаратты ұсынады:
Тармақша 1
1) қолданбалы және жүйелік бағдарламалық қамтылымдағы осалдықтарды пайдалану;
Тармақша 2
2) ақпараттық жүйеге санкцияланбаған кіру;
Тармақша 3
3) ақпараттық жүйеге немесе деректерді беру желісіне «қызмет көрсетуден бас тарту» шабуылы;
Тармақша 4
4) сервердің зиянды бағдарламамен немесе кодпен зақымдануы;
Тармақша 5
5) ақпараттық қауіпсіздікті бақылауын бұзу салдарынан ақша қаражатын санкцияланбай аударуды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) клиенттің сәйкестендіру және бірдейлендіру банк жүйелерінің жұмысын бұзу;
Тармақша 7
7) ақпараттық жүйелердің бір сағаттан артық тұрып қалуына әкеп соққан ақпараттық қауіпсіздіктің өзге де оқыс оқиғалары.
Осы тармақта көрсетілген ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты банк немесе ұйым ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты өңдеуге арналған және ақпараттық қауіпсіздік жүйелерімен немесе ақпараттық инфрақұрылымдағы оқиғалар туралы ақпаратты нақты уақытта жинауды және талдауды жүзеге асыратын банктің, ұйымның жүйелерімен ықпалдастырылған уәкілетті органның автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – ААӨЖ) арқылы немесе ұсынылатын деректердің конфиденциалдығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, электрондық форматта дереу береді.
Жоғарыда көрсетілген жүйелер қолжетімсіз болған жағдайда, оқиға туралы ақпаратты беру банкті, ұйымды ААӨЖ-да тіркеу кезінде көрсетілген банктің, ұйымның телефон нөмірінен банктің, ұйымның ресми хатымен қағаз жеткізгіште қайталай отырып, уәкілетті органның интернет-ресурсында «Ақпараттық қауіпсіздік» бөлімінде байланыс үшін көрсетілген уәкілетті органның телефон нөміріне жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Банк, ұйым ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қабылданған шараларының бұзылғаны туралы не ақпараттық қауіпсіздікке ықтимал қатысы бар бұрын белгісіз болған жағдай туралы куәландыратын ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында жеке немесе сериялы түрде туындайтын оқиғалар туралы мәліметтерді (бұдан әрі – ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтер) ААӨЖ арқылы беруді қамтамасыз етеді. Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтер ақпараттық қауіпсіздік жүйелерінен немесе банктің, ұйымның ақпараттық инфрақұрылымындағы оқиғалар туралы ақпаратты нақты уақытта жинауды және талдауды жүзеге асыратын ұйымның жүйелерінен беру арқылы автоматтандырылған режимде ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдар және дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар үшін ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ААӨЖ-мен ықпалдастырылған ақпараттандыру объектілері арқылы беруге рұқсат етіледі.