Об утверждении Правил и сроков осуществления контроля за соблюдением порядка учета, хранения, оценки, дальнейшего использования и реализации имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства, за полнотой и своевременностью поступления денег в бюджет в случае его реализации, а также порядка передачи имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуін, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 174-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылытүсуін, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiңсақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылытүсуін, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуғажататын) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруқағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 1612 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 10, 203-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік онкүн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 213 қаулысымен бекітілген Мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 174-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi (бұдан әрі – мүлік) есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану (оның ішінде беру) және өткізу, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік кipicтep органдары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдарында (бұдан әрі – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі органдар);
Тармақша 2
2) коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті жергілікті атқарушы органдарда (бұдан әрі – коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдар);
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекемелерде меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз мүліктің (заттай дәлелдемелерді қоса алғанда) не меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, белгіленген тәртіппен мемлекеттік кіріске айналдырылған деп танылған заттың болуы, толық және уақтылы берілу мәселелері бойынша;
Тармақша 4
4) мүлікті сақтау және өткізу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мүлікті сақтауға және өткізуге шарт жасасқан субъектілерді (жеке және заңды тұлғаларды, оның ішінде мемлекеттік органдарды) бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бақылауды жүзеге асыруды мемлекеттік кipicтep органдарының қызметкерлері тексерілетін субъект өкілінің қатысуымен жылына 1 (бір) реттен жиілетпей жүргізеді. Бақылауды жүзеге асыру мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнінен, ал бақылау кезеңі үш жылдан аспайды. Бұл ретте бақылауды тағайындаған мемлекеттік кірістер органы бақылауды жүзеге асыру мерзiмін 50 (елу) жұмыс күнiне дейiн ұзартады.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі органдарда бақылауды жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі органдарда бақылауды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 4
4. Мүлікті толық және уақтылы есепке қою, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі органдарда:
Тармақша 1
1) мүлікті есепке алудың толықтығы мен оның сақталуы;
Тармақша 2
2) мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісін жасаудың толықтығы мен дұрыстығы;
Тармақша 3
3) есепке алынған мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабын жүргізу тәртібі;
Тармақша 4
4) түгендеу карточкаларын ашу тәртібі, сондай-ақ түгендеу карточкалары деректерінің толықтығы мен дұрыстығы;
Тармақша 5
5) мүлікті өткізу бойынша аукциондар ұйымдастыру тәртібінің сақталуы;
Тармақша 6
6) мүлікті өткізуден түскен ақшаның бюджетке толық және уақтылы аударылуы;
Тармақша 7
7) мәліметтердің уақтылы ұсынылуы және дұрыс болуы;
Тармақша 8
8) мүлікті жою тәртібі тексеріледі.
Тармақ 5
5. Мүлікті толық және уақтылы есепке қою, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі органдар мынадай құжаттарды береді:
Тармақша 1
1) мүлік есепке алынған атқару парақтарының көшірмелері;
Тармақша 2
2) мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік рәсіміне сәйкес мәлімделген кедендік декларациялар;
Тармақша 3
3) есепке алынған мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабы;
Тармақша 4
4) мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілері;
Тармақша 5
5) мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі бойынша есепке алынған мүліктің түгендеу карточкалары;
Тармақша 6
6) мүлікті өткізу жөнінде аукцион ұйымдастырушылармен жасалған шарттар және осы шарттармен бірге берілетін ақпарат;
Тармақша 7
7) өткізілген аукциондардың нәтижелері туралы актілер мен хаттамалар;
Тармақша 8
8) мемлекеттік кipicтep органдарына ұсынылған мүлік жөніндегі мәліметтер;
Тармақша 9
9) жойылуға жататын мүліктің тізбесін қоса бере отырып, мүлікті жою туралы шешімдер;
Тармақша 10
10) мүлікті жою туралы актілер;
Тармақша 11
11) мүлікті өткізуден түскен ақшаның бюджетке енгізілгенін растайтын құжаттар.
Тарау 3. 3-тарау. Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдарда бақылауды жүзеге асыру тәртібі
3-тарау. Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдарда бақылауды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 6
6. Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдарда бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай мәселелер қамтылады:
Тармақша 1
1) мүлікті есепке алудың толықтығы және оның сақталуы;
Тармақша 2
2) мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісін жасаудың толықтығы мен дұрыстығы;
Тармақша 3
3) есепке алынған мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабын жүргізу тәртібі;
Тармақша 4
4) түгендеу карточкаларын ашу тәртібі, сондай-ақ түгендеу карточкалары деректерінің толықтығы мен дұрыстығы;
Тармақша 5
5) мүлікті өткізу бойынша аукциондар ұйымдастыру тәртібінің сақталуы;
Тармақша 6
6) мүлікті өткізуден алынған ақшаның бюджетке аударылуының толық және уақтылы болуы;
Тармақша 7
7) мәліметтердің уақтылы ұсынылуы және дұрыс болуы;
Тармақша 8
8) мүлікті жою тәртібі.
Тармақ 7
7. Бақылауды жүзеге асыру кезінде коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдар мынадай құжаттарды береді:
Тармақша 1
1) есепке алынған мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабы;
Тармақша 2
2) мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілері;
Тармақша 3
3) мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі бойынша есепке алынған мүліктің түгендеу карточкалары;
Тармақша 4
4) мүлікті өткізу жөніндегі аукционды ұйымдастырушылармен жасалған шарттар және осы шарттармен бірге ұсынылатын ақпарат;
Тармақша 5
5) мүлік жөнінде мемлекеттік кipicтep органдарына ұсынылған мәліметтер.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік мекемелерде бақылауды жүзеге асыру тәртібі
4-тарау. Мемлекеттік мекемелерде бақылауды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 8
8. Мемлекеттік мекемелерде меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз мүліктің (заттай дәлелдемелерді қоса алғанда) не меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, белгіленген тәртіппен мемлекеттік кіріске айналдырылған деп танылған заттың болуы, толық және уақтылы берілуі мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай мәселелер қамтылады:
Тармақша 1
1) мүліктің мемлекеттік мекемелерде іс жүзінде болуы;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі органға немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органға есепке алуға мүлікті толық және уақтылы беруі;
Тармақша 3
3) мүлікті мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі органға немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органға беру кезінде мемлекеттік мекемелердің мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісін толық және уақтылы жасауы.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік мекемелерде бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай құжаттар беріледі:
Тармақша 1
1) заттай дәлелдемелерді есепке алу кітабы;
Тармақша 2
2) заттай дәлелдемелердің, соттағы құжаттардың түсуін және берілуін есепке алу кітабы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі органға немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органға мүлікті қабылдау-беру актілері;
Тармақша 4
4) арнайы шоттар, шетел валютасындағы шоттар мен есеп айырысу кітаптары немесе карточкалары;
Тармақша 5
5) меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз мүлікке (заттай дәлелдемелерді қоса алғанда) не меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, белгіленген тәртіппен мемлекеттік кіріске айналдырылған деп танылған затқа байланысты басқа да құжаттар.
Тарау 5. 5-тарау. Мүлікті сақтау және өткізу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мүлікті сақтау және өткізуге шарт жасасқан субъектілерді (жеке және заңды тұлғаларды, оның ішінде мемлекеттік органдарды) бақылауды жүзеге асыру тәртібі
5-тарау. Мүлікті сақтау және өткізу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мүлікті сақтау және өткізуге шарт жасасқан субъектілерді (жеке және заңды тұлғаларды, оның ішінде мемлекеттік органдарды) бақылауды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 10
10. Мүлікті сақтауға және өткізуге шарт жасасқан субъектілерге (жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға) бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай мәселелер қамтылады:
Тармақша 1
1) мүлікті сақтауға қабылдаудың толықтығы мен оның сақталуы;
Тармақша 2
2) мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісінің толық және дұрыс жасалуы;
Тармақша 3
3) мүлікті өткізу бойынша аукциондарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібінің сақталуы;
Тармақша 4
4) мүлікті өткізуден түскен ақшаның бюджетке толық және уақтылы аударылуы.
Тармақ 11
11. Бақылауды жүзеге асыру үшін мүлікті сақтауға және өткізуге шарт жасасқан субъектілерге (жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға) мыналар ұсынылады:
Тармақша 1
1) мүлікті сақтауға және өткізуге мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі органмен немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органмен жасасқан құжаттар;
Тармақша 2
2) мүлікті өткізу бойынша хаттамалар;
Тармақша 3
3) мүлікке байланысты басқа да құжаттар.
Тарау 6. 6-тарау. Бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша қабылданатын шаралар
6-тарау. Бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша қабылданатын шаралар
Тармақ 12
12. Бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша мемлекеттік кipicтep органының лауазымды адамы Салық кодексінің 175-бабының 6-тармағына сәйкес бақылау актісін жасайды.
Тармақ 13
13. Мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану (оның ішінде беру) және өткізу, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мүлікті беру тәртібі мәселелері жөніндегі бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар болған кезде мемлекеттік кipicтep органы Салық кодексінің 175-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талапты шығарады және оны тексерілетін субъектіге жібереді.
Тармақ 14
14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген талапты алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тексерілетін субъект мемлекеттік кipicтep органына бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жойылғаны және (немесе) мүлікті өткізуден түскен сомалардың өндіріліп алынғаны туралы жазбаша хабарлайды.