Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Бухар - Жырауского района Күшін жойған
Басқа 0
Бұқар жырау ауданындағы
сот шешімімен коммуналдық
меншікке түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларын бекіту
туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Бұқар жырау ауданындағы сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Бұқар жырау ауданындағы
сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған
иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Бұқар жырау аудандық
мәслихаттың 22 сессиясының
2018 жылғы 29 наурыздағы
№ 9 шешімімен бекітілген
Бұқар жырау ауданындағы
сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған
иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1 бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Иесiз қалдықтарды басқаруды ауданның жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).
Қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды аудандық әкімдіктің уәкілеттік берген атқарушы органы коммуналдық меншікті басқару және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын функцияға сай жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
Тарау 2. 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
Тармақ 6
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.
Тармақ 7
7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Қорытынды ережелер
3. Қорытынды ережелер
Тармақ 10
10. Коммуналдық меншiкке түскен қалдықтармен жұмыс iстеу процесінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.