Об определении перечня социально значимых сообщений по Шускому району Күшін жойған
Басқа 0
Шу ауданы бойынша әлеуметтік
маңызы бар қатынастардың тізбесін
айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына және «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шу ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихатының өнеркәсіп салаларын, құрылысты, энергетиканы, көлікті, байланыс пен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Шу ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар
қатынастардың тізбесі
Жамбыл облыстық мәслихатының
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№22-7 шешіміне қосымша
Шу ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар
қатынастардың тізбесі
№
Елді мекендердің атауы
Қатынас
1.
Шу қаласы
Төле би - Қант зауыты
2.
Шу қаласы
Автобекет - Тоғай