Об установлении тарифа на регулярные социально значимые перевозки пассажиров по Жанибекскому району Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жәнібек ауданы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. №1 маршрут Жәнібек ауылы «Д.Нұрпейсова атындағы көшесі – М.Мәметова көшесінің қиылысы» аялдамасы – Абай көшесі «Балдәурен» балабақшасы аялдамасы, №2 маршрут «Водстрой көшесі» аялдамасы – И.Жұмаев көшесі, «Аудандық орталық аурухана» аялдамасы және №3 маршрут Х.Чурин көшесі, «Теміржол вокзалы» аялдамасы – «Жеңіс көшесінің оңтүстік жақ бөлігі» аялдамасы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 80 теңге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
Тармақ 3
3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Молдағалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Ж.Абдоловқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Жәнібек аудандық мәслихатының хатшысы __________________Т.Кадимов 28 наурыз 2018 жыл