Об изменении границ некоторых сельских округов и поселка Боровое Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кейбір селолық округтер мен Бурабай поселкесінің шекараларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында және аудан әкімдері мен аудандық мәслихаттардың бірлескен өтініштері негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешім қабылдайды: - облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін: Бұланды ауданы бойынша
Тармақ 1
1. Вознесенский селолық округінің шекарасы өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: - Вознесенский селолық округі, орталығы Вознесенка селосы, Вознесенка, Белоцерковка, Красный кардон селоларының шекарасында; - Қараөзек селолық округі, орталығы Колоколовка селосы, Колоколовка, Купчановка, Прохоровка, Еруслановка селоларының шекарасында.
Тармақ 2
2. Журавлевский селолық округінің шекарасы өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: - Журавлевский селолық округі, орталығы Журавлевка селосы, Журавлевка, Ярославка, Новодонецк, Воробьевка селоларының шекарасында; - Айнакөл селолық округі, орталығы Красноводское селосы, Красноводское, Острогорское селоларының шекарасында.
Тармақ 3
3. Карамышевский селолық округінің шекарасы өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: - Карамышевский селолық округі, орталығы Карамышевка селосы, Карамышевка, Отрадное, Мат, Суворовка, Роза Люксембург атындағы селолар; - Амангелді селолық округі, орталығы Партизанка селосы, Партизанка, Ортақшыл селоларының шекарасында. Щучье ауданы бойынша
Тармақ 1
1. Наурызбай және Зеленоборское селолық округтерінің шекаралары Мәдениет және Жаңаталап селоларын Наурызбай селолық округінің әкімшілік қарамағынан орталығы Зеленый Бор селосындағы Зеленоборское селолық округінің әкімшілік қарамағына тапсыру арқылы өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Бурабай поселкесі мен Зеленоборское селолық округінің шекаралары Қымызынай селосын Бурабай поселкесінің әкімшілік қарамағынан орталығы Зеленый Бор селосындағы Зеленоборское селолық округінің әкімшілік қарамағына тапсыру арқылы өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Бурабай поселкесі мен Зеленоборское селолық округінің шекаралары Оқжетпес селосын Зеленоборское селолық округінің әкімшілік қарамағынан орталығы Бурабай поселкесіндегі Бурабай поселкесінің әкімшілік қарамағына тапсыру арқылы өзгертілсін.