Об утверждении ставок платы за размещение объектов рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования местного значения и в населенных пунктах Күшін жойған
Басқа 0
Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын бөлінген белдеуінде және елді мекендерде жарнама объектілерін орналастыруға төленетін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 20.06.2008 № 4С-7-15 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Респуликасында мемлекеттік жергілікті басқару туралы" заңының 6-бабына, "Салық және бюджетке міндетті төлем туралы" Кодексінің № 491 бабына сәйкес Ақмола облысының мәслихаты шешім етті:
Тармақ 1
1. Елді мекендерде және жалпыға ортақ автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналасқан жарнама объектілерін орналастыруға төленетін төлемақы ставкалары белгіленсін. (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Басқа 3
Ақмола облысы мәслихатының
2002 жылы 12 сәуірдің № С-16-16
шешіміне № 1 косымша.
Елді мекендерде және жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының бойында орналасқан жарнама объектілерін орналастыруға төленетін ставкалар
Тармақ 1
1. Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының бойында орналасқан жалпы көлемі 3 шаршы м. дейін жарнамалық обьектілерді орналастыру үшін айлық төлемақысы (базалық):
5 айлық есептік көрсеткіші = 5x823=4115 теңге.
Хабарландырулар жарнамасының қондырғысы 3 шаршы метрден көп болған жағдайда, төлемақы обьектінің ауданына пропорционал 3 шаршы м-ге қатысты көбейеді.
Елді мекендерде жарнама объектілерін орналастыру үшін айлық төлемақы мөлшері төмендегіге байланысты бекітіледі:
Тармақ 1
1. Қаланың, ауданның әлеуметтік-экономикалык даму деңгейін.
Тармақ 2
2. Республикалық магистралдық автомобиль жолдарының аудандардан, қаладан алыс-жақындығын.
Тармақ 3
3. Аудандағы, қаладағы халықтың тығыздығы.
№
Аудандар (қалалар)
АЕК-тегі төлемақы ставкасы
1.
Аршалы, Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Зеренді, Щучье, Целиноград.
4
2.
Бұланды, Еңбекшілдер, Есіл, Жақсы, Сандықтау, Шортанды.
3
3.
Егіндікөл, Қорғалжын, Жарқайың, Ерейментау.
2
4.
Көкшетау, Степногорск
5
Өлшемнен тыс жарнамалық хабарландырулар орнатылғанда ай сайынғы төлемақы жарнама беттерінің аумағының өсуіне пропорционал 3 шаршы метрге қатысты көтеріледі.
Жергілікті жағдайларды есепке ала отырып, төлемақыларға жергілікті өкілетті орындар түзету енгізе алады.