О ставках платы за негативное воздействие на окружающую среду по Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 576-бабы 8-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Күші жойылды деп танылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3577 болып тіркелді, «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» газеттерінде 2016 жылғы 28 қаңтарда жарияланды);
«Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы мөлшерлемелерiн бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/6 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурыздағы № 13/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4149 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 сәуірде жарияланды).
Тармақ 3
3. «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы мәслихат шешімін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
Тармақша 3
3) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға
теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері
Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
2018 жылғы 13 сәуірдегі
№ 20/17 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға
теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері
Тармақ 1
1. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
р/с №
Ластаушы заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)
1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері, (айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
4
1.
Күкірт оксидтері (SOx)
20
2.
Азот оксидтері (NOx)
20
3.
Шаң және күл
10
4.
Қорғасын және оның қосылыстары
3986
5.
Күкіртсутек
124
6.
Фенолдар
332
7.
Көмірсутектер
0,32
8.
Формальдегид
332
9.
Көміртегі монооксиді
0,32
10.
Метан
0,02
11.
Күйе
24
12.
Темір тотықтары
30
13.
Аммиак
24
14.
Алты валентті хром
798
15.
Мыс тотықтары
598
16.
Бенз(а)пирен
996,6
Тармақ 2
2. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
р/с №
Отын түрлері
Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1.
Этилденбеген бензин үшін
0,66
2.
Дизель отыны үшін
0,9
3.
Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін
0,48
Тармақ 3
3. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
р/с №
Ластаушы заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1.
Нитриттар
1340
2.
Мырыш
2680
3.
Мыс
26804
4.
Оттегіне биологиялық қажеттілік
8
5.
Тұзды аммоний
68
6.
Мұнай өнімдері
536
7.
Нитраттар
2
8.
Жалпы темір
268
9.
Сульфаттар (анион)
0,8
10.
Өлшенген заттар
2
11.
Синтетикалық беткі-белсенді заттар
54
12.
Хлоридтер (анион)
0,2
13.
Алюминий
54
Тармақ 4
4. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
р/с №
Қалдықтардың түрлері
Төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)
1 тонна үшін
1 гигабеккерель үшін
1
2
3
4
1.
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін:
1.1.
Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар
1.1.1.
қауіпті қалдықтар
8,01
1.1.2.
қауіпсіз қалдықтар
1,06
1.2.
Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері:
1.2.1.
Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы)
0,38
1.2.2.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):
1.2.2.1.
аршынды жыныстар
0,004
1.2.2.2.
жанасқан таужыныстары
0,026
1.2.2.3.
байыту қалдықтары
0,02
1.2.2.4.
шлактар, шламдар
0,038
1.2.3.
Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар
0,038
1.2.4.
Күл мен күлшлактар
0,66
1.2.5.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы
0,002
1.2.6.
Радиоактивті қалдықтар:
1.2.6.1.
трансуранды
0,76
1.2.6.2.
альфа-радиоактивті
0,38
1.2.6.3.
бета-радиоактивті
0,04
1.2.6.4.
шынақты радиоактивті көздер
0,38