Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 01 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Федоров ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Федоров ауданы әкімдігінің 2018 жылғы «28» наурыздағы № 81 қаулысына қосымша Федоров ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін Таза кіріс сомасынан 5 пайыз Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін 150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін 4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз