Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күнде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың
таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Аудан әкімдігінің
2018 жылғы «26» наурыздағы
№ 91 қаулысымен
бекітілген
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың
таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін
Таза кіріс сомасынан 5 пайыз
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз