Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Актюбинского областного маслихата» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 18 ақпандағы № 391 «Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4820 тіркелген, 2016 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Тармақша 2
2) облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 3 наурыздағы № 121 «Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 18 ақпандағы № 391 «Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5357 тіркелген, 2017 жылғы 8 және 10 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде тиісінше жарияланған).
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. 1-тарау. Жалпы ережелер
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 283 шешіміне қосымша «Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі 1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және «Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ақтөбе облыстық мәслихаты аппараты қызметінің ерекшелігін ескере отырып, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16299 болып тіркелген), «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі негізінде облыстық мәслихат бекітеді.
Тармақ 3
3. Осы Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) басшылық лауазым - өзіне бағынысты бөлімшенің немесе жекелеген қызметшілердің қызметін ұйымдастыру бойынша өкілеттіктер берілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы;
Тармақша 2
2) тікелей басшы - мемлекеттік лауазымы бойынша жоғары тұрған, оған қатысты мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес тікелей бағынысты адам;
Тармақша 3
3) құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы – D-1, D-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) санаттарындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі;
Тармақша 4
4) бағалаушы тұлға - құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның тікелей басшысы және/немесе басшысы;
Тармақша 5
5) бағаланатын тұлға - өзіне қатысты бағалау жүргізілетін тұлға;
Тармақша 6
6) калибрлеу сессиялары - бағаланатын адамдардың қызметін бағалау нәтижелерін талқылау, ықтимал түзету және бекіту үшін лауазымды адамдардың мерзімді кездесулері;
Тармақша 7
7) бағаланатын кезең - мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижелері бағаланатын тоқсан.
Тармақ 4
4. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін «Е-қызмет» ықпалдастырылған цифрлық жүйе (бұдан әрі – цифрлық жүйе) арқылы жүргізіледі. Автоматтандырылған бағалау жүйесі енгізілген мемлекеттік органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау осы мемлекеттік органдардың ішкі құжаттарында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі. Бағалаушы тұлға болмаған кезде бағалауды оның орнындағы адам жүргізеді. Іссапарға жіберілген адамдарды бағалау іссапарға жіберу кезеңінде қабылдаушы мемлекеттік органда жүргізіледі. Мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімі бойынша оның тікелей бағынысындағы адамдарды осы мемлекеттік органның аппарат басшысы бағалауы мүмкін.
Тармақ 5
5. Бағалау тоқсанның қорытындысы бойынша – есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Қорытынды баға күнтізбелік жылдың есепті тоқсандары бойынша «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің орташа бағасы негізінде цифрлық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады. Қорытынды баға есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтардан кешіктірілмей қалыптастырылады.
Тармақ 6
6. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бағаланатын лауазымға тағайындалған немесе сайланған күннен бастап бір айдан кем болған жағдайда, оған бағалау жүргізілмейді. Бұл ретте бағаланатын кезең қызметшінің нақты жұмыс істеген кемінде он бес жұмыс күнін қамтуға тиіс.
Тармақ 7
7. Бағаланатын кезең аяқталғанға дейін мемлекеттік органнан босатылған қызметшілерді бағалау олардың қатысуынсыз 5-тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Бағалау нәтижелері келесі градация бойынша қойылады: «Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады», «Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады», «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады», «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» (қанағаттанарлықсыз баға). «Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады» нәтижесіне 4-тен 5 баллға дейінгі балл, «Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады» нәтижесіне 3-тен 3,99 баллға дейінгі балл, «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады» нәтижесіне 2-ден 2,99 баллға дейінгі балл, «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» нәтижесіне 0-ден 1,99 баллға дейінгі балл диапазоны сәйкес келеді.
Тармақ 9
9. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген құрылымдық бөлімшелер (адам), соның ішінде цифрлық жүйе арқылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Бағаланатын қызметші өзінің бағалау нәтижелерін цифрлық жүйеде, сондай-ақ «Е-қызмет» мобильді қосымша арқылы алады. Жұмыстан босатылған адамдарды таныстыру есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде, оның тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты және/немесе телефонограмманы және/немесе жеделхатты және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарламаны жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызметші бағалау нәтижелерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік лауазымға тағайындауға және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамға калибрлеу сессиясын өткізу туралы еркін нысанда тиісті өтінішпен жүгінеді.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметші калибрлеу сессиясының шешіміне Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің белгіленген тәртібіне сәйкес шағымдана алады.
Тармақ 13
13. Бағалаумен байланысты құжаттар бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде персоналды басқару қызметінде және цифрлық жүйеде сақталады.
Тармақ 14
14. Бағалау нәтижелері құпия ақпарат болып табылады және қызметтік қажеттілікті, сондай-ақ мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес осы ақпаратты ашуға міндетті жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды.
Тармақ 15
15. Бағалау рәсіміне байланысты келіспеушіліктерді персоналды басқару қызметі барлық мүдделі тұлғалар мен тараптардың көмегімен қарайды.
Тармақ 16
16. Персоналды басқару қызметінің басшылары мыналарды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) коммуникациялық хабарламалар дайындауды, бағалау процесіне қатысушыларға консультация беруді қоса алғанда, қызметті бағалау процесін ұйымдастыру және сүйемелдеу;
Тармақша 2
2) қажет болған жағдайда бағалаушы және бағаланатын адамдардың кездесулеріне қатысу, қызметті бағалау процесі мәселелері бойынша консультация беру арқылы даулы мәселелерді шешуге көмектесу;
Тармақша 3
3) калибрлеу сессияларына дайындық шеңберінде әрбір қызметкер бойынша ақпарат дайындауды қоса алғанда, калибрлеу сессиясын өткізу;
Тармақша 4. 2-тарау. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тәртібі
4) есепті кезеңдегі қызметті бағалау шеңберінде қажетті құжаттардың толықтығы мен уақтылы толтырылуы, қажетті есептік жазбаларды енгізу, қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізу шеңберінде қызметкерлерге тиісті хабарламалар жіберу. 2-тарау. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тәртібі
Тармақ 17
17. «Б» корпусының D-1, D-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тікелей басшымен осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі. Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда, басшы лауазымдарды атқаратын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысымен осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тікелей басшымен осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Тармақ 18. 3-тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі
18. Бағалаушы адамға бағалау парағы персоналды басқару қызметімен цифрлық жүйе арқылы жіберіледі. Бағалаушы адаммен 0-ден 5-ке дейінгі баға қойылады. Егер бағаланатын адамдардың саны жиырма адамнан асқан жағдайда, бағалауды бағалаушы тұлға айқындайтын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері де жүзеге асырады. 3-тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі
Тармақ 19
19. Бағалау процесіне бірыңғай тәсілді келісу және сақтау мақсатында мемлекеттік органдар осы Әдістеменің 11-тармағында көзделген тәртіппен калибрлеу сессияларын өткізеді.
Тармақ 20
20. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам калибрлеу сессиясын өткізу туралы шешім қабылдайды және оның құрамын қызметшінің өтініші келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бекітеді. Калибрлеу сессиясының құрамы мүшелердің тақ санынан тұрады. Калибрлеу сессиясы мүшелерінің саны үштен кем болмауы тиіс. Нақты калибрлеу сессиясының құрамына бағамен келіспейтін адам, сондай-ақ оны бағалаған адам кірмейді. Калибрлеу сессиясы мүшелерінің құрамына бағалаушы тұлғалар (бағалауы калибрлеу сессиясында қаралуға жататын адамды қоспағанда), сондай-ақ персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметкері не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін орындау жүктелген адам кіреді.
Тармақ 21
21. Калибрлеу сессиясы қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап он жұмыс күні ішінде осы Әдістеменің 11-тармағында көзделген тәртіппен өткізіледі.
Тармақ 22
22. Персоналды басқару қызметі калибрлеу сессиясының қызметін ұйымдастырады.
Тармақ 23
23. Калибрлеу сессиясында бағалаушы адам бағаланатын адамның жұмысын қысқаша сипаттайды және өз бағасына дәлел келтіреді. Бағаланатын адам калибрлеу сессиясының мүшелеріне жазбаша немесе ауызша нысанда бағалауға өзінің келіспейтіндігін дәлелдеуге құқылы. Калибрлеу сессиясының мүшелері бағалаушы адамның бағасын қолдай алады немесе бағалауды түзету үшін дәлелдер келтіре алады. Бағалауды түзету көтерілу жағына да, төмендеу жағына да жүзеге асырылады. Қорытынды баға калибрлеу сессиясы мүшелерінің басым дауысымен қабылданады және тиісті хаттамамен рәсімделеді. Персоналды басқару қызметі хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде оның цифрлық жүйеге (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 24
24. Калибрлеу сессиясының нәтижелері бойынша бағалаушы адам бағаланатын қызметшімен кездесулер өткізеді және қорытынды бағалау нәтижелері туралы кері байланысты ұсынады. Кездесу кезінде келесі мәселелер талқыланады: бағаланатын кезеңдегі жетістіктеріне шолу; машықтар мен құзыреттердің дамуына шолу; қызметкердің әлеуетін шолу және мансаптық мақсатын талқылау. Бағалаушы адам кездесу кезінде ашық және достық қалыптағы диалогты қамтамасыз етеді.
Басқа 42
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесіне 1-қосымша Басшы лауазымды атқаратын адамның бағалау парағы (Бағаланатын адамның Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы) ______________________________________________________________ (Бағаланатын кезең) _____________________________________________________________ (Бағалайтын қызметшінің Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы) ______________________________________________________________ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) мақсатында Сізге өз әріптестеріңізді 5 баллдық шкала бойынша бағалауды ұсынамыз. Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек. Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстылығын арттыра аласыз. Па­ра­метр­лер Ба­ға­лау (0-ден* 5 бал­л­ға дей­ін) Тү­сі­нік­те­ме (қа­лау бой­ын­ша) Тол­ты­ру ке­зін­де тү­сі­нік­те­ме 1. Же­тек­ші­лік ете­тін бө­лім­ше­лер­де (же­тек­ші­лік ете­тін қыз­мет­ші­лер­дің) мін­дет­тер­дің са­па­лы орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету Есеп­ке алы­на­ды: - же­тек­ші­лік ете­тін бө­лім­ше­лер­де­гі мін­дет­тер мен тап­сыр­ма­лар­ды са­па­лы орын­дау; - осы па­ра­метр бой­ын­ша негіз­дел­ген ес­кер­ту­лер­дің, қай­та­ру­лар­дың, ша­ғым­дар­дың неме­се осы па­ра­метр бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ор­ган­ның әді­сте­ме­сін­де ай­қын­дал­ған өзге де фак­ті­лер. 2. Же­тек­ші­лік ете­тін бө­лім­ше­лер­де (же­тек­ші­лік ете­тін қыз­мет­ші­лер­дің) мін­дет­тер­дің орын­да­лу мер­зім­де­рі­нің сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету Есеп­ке алы­на­ды: - орын­да­удың же­дел­ді­гі; - осы па­ра­метр бой­ын­ша құ­жат­тар­ды, тап­сыр­ма­лар­ды, мін­дет­тер­ді орын­дау мер­зім­де­рі­нің бұ­зыл­мауы неме­се осы па­ра­метр бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ор­ган­ның әді­сте­ме­сін­де ай­қын­дал­ған өзге де фак­ті­лер. 3. Көш­бас­шы­лық және ше­шім қа­был­дау дағ­ды­ла­ры Есеп­ке алы­на­ды: - ко­ман­да­ны бас­қа­ру­ды және ко­ман­да­лық нәти­же үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті өз мой­ны­на ала бі­лу; - мақ­сат­тар мен мін­дет­тер­ді нақ­ты бел­гі­лей бі­лу; - же­ке мы­сал ар­қы­лы ти­ім­ді қа­рым-қа­ты­нас және оң ко­ман­да­лық кли­мат құ­ру ар­қы­лы ко­ман­да­ны ын­та­лан­ды­ру мүм­кін­ді­гі; - бел­гі­сіз­дік жағ­дай­ын­да ти­ім­ді әре­кет ете бі­лу; - ық­ти­мал тәу­е­кел­дер­ді ес­ке­ре оты­рып, мін­дет­тер­ді ше­шу­дің бір­не­ше нұс­қа­ла­рын ұсы­на бі­лу; - осы па­ра­метр бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ор­ган­ның әді­сте­ме­сін­де ай­қын­дал­ған өзге де фак­ті­лер. 4. Ба­ға­ла­у­шы адам­ның ең­бек тәр­ті­бін сақ­та­уы Есеп­ке алы­на­ды: - ке­ші­гу­дің бол­мауы; - се­беп­сіз жұ­мыстан мер­зі­мі­нен бұ­рын шы­ғу­дың бол­мауы; - қыз­мет­тік әдеп бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы; - ки­бер­қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­рын сақ­тау; - мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау; - мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ре­гла­мен­тін сақ­тау неме­се осы па­ра­метр бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ор­ган­ды ба­ға­лау әді­сте­ме­сін­де көз­дел­ген өзге де фак­ті­лер. 5. Тәр­тіп­тік жа­за­лар­дың бол­мауы Есеп­ке алы­на­ды: Ба­ға­ла­на­тын тоқ­сан­да қол­да­ны­л­ған тәр­тіп­тік жа­за ес­ке­рі­ле­ді. Тәр­тіп­тік жа­за болған жағ­дай­да: - ес­кер­ту, сө­гіс, қа­таң сө­гіс үшін ба­ға 2,99 балл­дан ас­па­уы ке­рек; - жа­за­ның өзге де түр­ле­рі тү­рін­де, оның ішін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке кір кел­ті­ре­тін те­ріс қы­лық­та­ры үшін ба­ға 1,99 балл­дан ас­па­уы ти­іс. Ор­та­ша қо­ры­тын­ды ба­ға Ескертпе: Орташа қорытынды бағаны есептеу үшін қойылған бағалар сомасын бағаланатын параметрлер санына бөлу керек. * Бағалаудың 0 баллы қызметші бағалау параметрін толық орындамаған жағдайда қойылады. Бағалау нәтижесі: ____________ (функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады. Қызметшінің бағалау нәтижесі орташа қорытынды бағаның негізінде қойылады. Қолы ________________ (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәләндырылған) Күні _________________
Басқа 43
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесіне 2-қосымша Басшы лауазымды атқармайтын адамның бағалау парағы (Бағаланатын адамның Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы) ______________________________________________________________ (Бағаланатын кезең) ______________________________________________________________ (Бағалайтын қызметшінің Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы) _____________________________________________________________ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі - бағалау) мақсатында Сізге өз әріптестеріңізді 5 баллдық шкала бойынша бағалауды ұсынамыз. Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек. Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстылығын арттыра аласыз. Па­ра­метр­лер Ба­ға­лау (0*-ден 5 бал­л­ға дей­ін) Тү­сі­нік­те­ме (қа­лау бой­ын­ша) Тол­ты­ру ке­зін­де тү­сі­нік­те­ме 1. Функ­ци­о­нал­дық мін­дет­тер­ді орын­дау са­па­сы Есеп­ке алы­на­ды: Осы па­ра­метр бой­ын­ша негіз­дел­ген ес­кер­ту­лер­дің, қай­та­ру­лар­дың, ша­ғым­дар­дың неме­се осы па­ра­метр бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ор­ган­ның әді­сте­ме­сіне сәй­кес өзге де кем­ші­лік­тер­дің бол­мауы. 2. Мін­дет­тер­ді орын­дау мер­зім­де­рін сақ­тау Есеп­ке алы­на­ды: - осы па­ра­метр бой­ын­ша құ­жат­тар­ды, тап­сыр­ма­лар­ды, мін­дет­тер­ді орын­дау мер­зім­де­рі­нің бұ­зыл­мауы неме­се осы па­ра­метр бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ор­ган­ның әді­сте­ме­сін­де ай­қын­дал­ған өзге де фак­ті­лер. 3. Дер­бес­тік және ба­ста­ма­шыл­дық Есеп­ке алы­на­ды: - қыз­мет­ші­нің функ­ци­о­нал­дық мін­дет­те­рін жо­ға­ры дең­гей­де дер­бес орын­дай алуы; - же­тек­ші­лік ете­тін қыз­мет са­ла­сын жақ­сар­ту­ға ба­ғыт­тал­ған тә­сіл­дер­ді, ұсы­ны­стар­ды пы­сық­та­уда­ғы ба­ста­ма­шыл­дық; - же­тек­ші­лік ете­тін мін­дет­тер­ді ше­шу­ге қа­ты­су және бел­сен­ді­лі­гі; - осы па­ра­метр бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ор­ган­ның әді­сте­ме­сін­де ай­қын­дал­ған өзге де фак­ті­лер. 4. Ең­бек тәр­ті­бін сақ­тау Есеп­ке алы­на­ды: - ке­ші­гу­дің бол­мауы; - се­беп­сіз жұ­мыстан мер­зі­мі­нен бұ­рын шы­ғу­дың бол­мауы; - қыз­мет­тік әдеп бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы; - ки­бер­қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­рын сақ­тау; - мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау; - мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ре­гла­мен­тін сақ­тау неме­се осы па­ра­метр бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ор­ган­ды ба­ға­лау әді­сте­ме­сін­де көз­дел­ген өзге де фак­ті­лер. 5. Тәр­тіп­тік жа­за­лар­дың бол­мауы Ба­ға­ла­на­тын тоқ­сан­да қол­да­ны­л­ған тәр­тіп­тік жа­за ес­ке­рі­ле­ді. Тәр­тіп­тік жа­за болған жағ­дай­да: - ес­кер­ту, сө­гіс, қа­таң сө­гіс үшін ба­ға 2,99 балл­дан ас­па­уы ке­рек; - жа­за­ның өзге де түр­ле­рі тү­рін­де, оның ішін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке кір кел­ті­ре­тін те­ріс қы­лық­та­ры үшін ба­ға 1,99 балл­дан ас­па­уы ти­іс. Ор­та­ша қо­ры­тын­ды ба­ға Ескертпе: Орташа қорытынды бағаны есептеу үшін қойылған бағалар сомасын бағаланатын параметрлер санына бөлу керек. * Бағалаудың 0 баллы қызметші бағалау параметрін толық орындамаған жағдайда қойылады. Бағалау нәтижесі: ____________ (функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады). Қызметшінің бағалау нәтижесі орташа қорытынды бағаның негізінде қойылады. Қолы ________________ (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәләндырылған) Күні _________________