Об утверждении Правил взаимодействия уполномоченного лица (подразделения) по взаимодействию со средствами массовой информации с уполномоченным органом в области средств массовой информации Күшін жойған
Басқа 0
Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің 2018 жылғы
18 сәуірдегі № 159
бұйрығымен бекітілген
Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының12-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпараттық-анықтамалық материал – жетекшілік ететін саланы дамыту бойынша сипаттаманы және статистикалық деректерді, оның ішінде өткізілетін мемлекеттік бастамалар мен басқа да іс-шараларды ақпараттық түсіндірулерді қамтитын мәліметтер;
Тармақша 2
2) бірыңғай республикалық медиажоспар – орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың жетекшілік ететін стратегиялық бағыттарын іске асыру бойынша іс-шараларды көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша қызметін жариялау жоспары (бұдан әрі – медиажоспар);
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган –бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган);
Тармақша 4
4) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) – мемлекеттік органның құзыретіне қатысты мәселелер, сондай-ақ оның қызметі бойынша ақпараттарды таратуды жүзеге асыратын тұлға (бөлімше) (бұдан әрi – уәкiлеттi тұлға (бөлімше);
Тармақша 5
5) медиа-грид – ерекше қоғамдық және саяси маңызы бар негізгі іс-шаралардың жоспар-кестесі;
Тарау 2. 2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау тәртібі
2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдар бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органды уәкілетті тұлғаны (бөлімшені) құру (тағайындау) туралы байланыс деректерін (тегі, аты, әкісінің атын (бар болған жағдайда), электрондық мекенжайын, жұмыс/ұялы телефонын) ұсынумен хабардар етеді.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган мемлекеттік орган ұсынған ақпараттар негізінде уәкілетті тұлғалар (бөлімшелер) туралы анықтамалықты қалыптастырады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті тұлға (бөлімше) жыл сайын ағымдағы жылдың алдағы бірінші және үшінші тоқсанындағы айдың бірінші күнінен кешіктірмей уәкілетті органға алдағы жылға арналған медиажоспарды қалыптастыру үшін мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттары бойынша ұсыныстар жолдайды.
Уәкілетті тұлға (бөлімше) тоқсанына бір рет медиажоспарды өзекті етеді.
Қажет болған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік ақпараттық саясаттың стратегиялық бағыттарын есепке ала отырып, медиажоспарға түзетулер енгізеді.
Тармақ 6
6. Жыл сайын уәкілетті органнан келіп түскен ұсыныстар негізінде ағымдағы жылдың алдағы бірінші және үшінші тоқсанында айдың жиырмасынан кешіктірмей уәкілетті орган негізгі бағыттар мен тақырыптық желілерді ескере отырып, медиа-жоспарды әзірлейді және мақұлдайды.
Тармақ 7
7. Медиа-жоспарға мынадай іс-шаралар кіреді:
Тармақша 1
1) орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында стратегиялық бағыттарын, нысаналы аудиторияларын, заңнамаға жоспарланған салалар бойынша өзгерістерді көрсете отырып, жариялау жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 2
2) қоғамның наразылығын туғызатын проблемалы мәселелерді ақпараттық ескертулерге бағытталған іс-шаралар.
Тармақ 8
8. Уәкілетті тұлға (бөлімше) мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мақсатында ай сайын есептік кезеңнің 25 күнінен кешіктірмей медиажоспардың іс-шараларын іске асыру туралы ақпаратты уәкілетті органға еркін нысанда ұсынады.
Тармақ 9
9. Мақұлданған медиажоспарға сәйкес уәкілетті орган тиісті оқиғаларды ақпараттық жариялау үшін уәкілетті тұлғаға (бөлімшеге) бірыңғай ақпараттық алаңды ұсынады.
Тармақ 10
10. Апта сайын бейсенбі күні уәкілетті органға осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдағы аптаға арналған ақпарат келесідей ақпараттық-анықтамалық материалдармен қоса жолданады:
Тармақша 1
1) іс-шараның күні, уақыты және өткізілу орны;
Тармақша 2
2) ұйымдастырушылар және байланыс деректері;
Тармақша 3
3) іс-шараны өткізудің мақсаты және міндеті;
Тармақша 4
4) түйінді месседжилер;
Тармақша 5
5) спикерлер (лауазымы, байланыс деректері);
Тармақша 6
6) іс-шарадан нәтиже.
Бірнеше орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне қатысты мәселелер туындаған кезде уәкілетті тұлға (бөлімше) бірыңғай ақпараттық күн тәртібін қалыптастыруы және ақпаратты басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасында одан әрі таратуы үшін өз құзыреті шеңберіндегі ақпаратты уәкілетті органға бір жұмыс күні ішінде ұсынады.
Тармақ 11
11. Ұсынылған ақпараттар негізінде уәкілетті орган алдағы аптаға арналған апта сайынғы медиа-гридті қалыптастырады және бір жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жолдайды.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мақсатында уәкілетті орган уәкілетті тұлғадан (бөлімшеден) орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдарды (мәліметтерді, әдістемелік әзірлемелерді, инфокестелерді, статистикалық және талдамалық матрериалдарды) сұратады.
Тармақ 13
13. Ақпараттық-анықтамалық материалдарды уәкілетті тұлға (бөлімше) сұрау салу келіп түскен күннен бір жұмыс күні ішінде ұсынады.
Басқа 1. Алдағы аптаға арналған ақпарат
Бұқаралық ақпарат құралдарымен
өзара іс-қимыл жасау жөніндегі
уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің)
бұқаралық ақпарат құралдары
саласындағы уәкілетті органмен
өзара іс-қимыл жасау қағидаларына қосымша
нысан
Алдағы аптаға арналған ақпарат
(күні, айы, жылы)
Мемлекеттік органның атауы
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі/
Жексенбі
Басты жаңалық