Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» аппарата Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының персоналды басқару бойынша бас консультанты заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 5 сәурдегі № 5/182 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының (бұдан әрі – Ортсайлауком) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Ортсайлаукомның «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритімін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға;
Тармақша 2
2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;
Тармақша 3
3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, саяси мемлекеттік қызметшінің меморандумына «А» корпусы қызметшісінің келісіміне немесе «Б» корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, «Б» корпусы қызметшілері қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;
Тармақша 4
4) жеке жұмыс жоспары – «Б» корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;
Тармақша 5
5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;
Тармақша 6
6) мінез-құлық индикаторлары – «Б» корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;
Тармақ 3
3. Ортсайлаукомның «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
Тармақ 4
4. «Б» корпусы қызметшісінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді. Бағалауды өткізу кезінде «Б» корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іссапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.
Тармақ 5
5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі - уәкілетті тұлға) Ортсайлаукомның персоналды басқару қызметі (бұдан әрі - персоналды басқару қызметі) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады. Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.
Тармақ 6
6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) НМИ жетістіктерін бағалау;
Тармақша 2
2) «Б» корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.
Тармақ 7
7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады. Құзыреттерді бағалау нәтижелері «Б» корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.
Тармақ 8
8. Бағалауға байланысты құжаттар персоналды басқару қызметінде бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.
Тарау 2. 2-тарау. НМИ анықтау тәртібі
2-тарау. НМИ анықтау тәртібі
Тармақ 9
9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің НМИ тікелей басшымен жеке жұмыс жоспарында осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.
Тармақ 10
10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
Тармақ 11
11. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы Ортсайлаукомның бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.
Тармақ 12
12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады. Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. НМИ:
Тармақша 1
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
Тармақша 2
2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
Тармақша 3
3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
Тармақша 4
4) уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);
Тармақша 5
5) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатын, саяси қызметшінің меморандумын немесе «А» корпусы қызметшісінің келісімін жүзеге асыруға бағытталған болуы тиіс.
Тармақ 14
14. НМИ саны 5 құрайды.
Тармақ 15
15. Жеке жұмыс жоспары персоналды басқару қызметінде сақталады.
Тарау 3. 3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
Тармақ 16
16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісіне НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.
Тармақ 17
17. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
Тармақ 18
18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады. НМИ барлығы орындалған жағдайда «өте жақсы» баға қойылады. НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда «тиімді» баға қойылады. НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда «қанағаттанарлық» баға қойылады. НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» баға қойылады. НМИ-дің орындалуы жеке жұмыс жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
Тармақ 19
19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
Тармақ 20
20. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы Ортсайлаукомның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.
Тармақ 21
21. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:
Тармақша 1
1) бағалаумен келісу;
Тармақша 2
2) түзетуге жіберу.
Тармақ 22
22. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.
Тармақ 23
23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
Тарау 4. 4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі
4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі
Тармақ 25
25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі, оның қортындылары бойынша осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.
Тармақ 26
26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша «Б» корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны 10-нан аспайды.
Тармақ 27
27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:
Тармақша 1
1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4 немесе одан көбі байқалған жағдайда «күтілген нәтижеге сәйкес» бағасы қойылады.
Тармақша 2
2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша «күтілген нәтижеге сәйкес емес» бағасы қойылады.
Тармақ 28
28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей, оны Комиссияның қарауына ұсынады.
Тарау 5. 5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссияның қарауы және бағалау нәтижелеріне шағымдану
5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссияның қарауы және бағалау нәтижелеріне шағымдану
Тармақ 29
29. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.
Тармақ 30
30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
Тармақ 31
31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тармақ 33
33. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 34
34. Комиссияның хатшысы персоналды басқару қызметінің қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 35
35. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 36
36. Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) толтырылған бағалау парақтарын;
Тармақша 2
2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысы хаттамасының жобасын;
Тармақ 37
37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
Тармақша 2
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
Тармақ 38
38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың «Бағалау нәтижелерін Комиссияның түзеуі (бар болған жағдайда)» графасында көрсетіледі.
Тармақ 39
39. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамада тіркеледі.
Тармақ 40
40. Персоналды басқару қызметі «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
Тармақ 41
41.  «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Тармақ 42
42. «Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметі «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелерін мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолдайды.
Тармақ 43
43. «Б» корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;
Тармақша 2
2) «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелерін қайта қараусыз қалдыру.
Тармақ 44
44. «Б» корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
Басқа 1. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
Ортсайлаукомның «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 1-қосымша Нысан «БЕКІТЕМІН» Жоғары тұрған басшы ___________________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні __________________________ қолы _________________________ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары __________________________________ жыл (жеке жұмыс жоспар құрастырылатын кезең) Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))_________________________ Қызметшінің лауазымы: __________________________________________________________ Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:______________________________________ ________________________________________________________________________________ № Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы Саяси мемлекеттік қызметшінің немесе «А» корпусы қызметшісі келісімінің қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан туындайды Өлшем бірлігі Жоспарлы мәні Қол жеткізу мерзімдері Түнкілікті нәтиже* * Нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер Қызметші ___________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні _______________________ қолы ____________________ Тікелей басшы ___________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні _______________________ қолы ____________________
Басқа 2. НМИ бойынша бағалау парағы
Ортсайлаукомның «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 2-қосымша Нысан «БЕКІТЕМІН» Жоғары тұрған басшы ________________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні ____________________________ қолы _________________________ НМИ бойынша бағалау парағы ____________________________________________________ (бағаланатын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) ____________________________________ (бағаланатын кезең) № Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы Өлшем бірлігі Жоспарлы мәні Нақты мәні Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді Бағалау нәтижесі __________________________________________________ (қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы) Қызметші ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ____________________ Тікелей басшы ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ____________________
Басқа 3. Құзыреттерді бағалау парағы
Ортсайлаукомның «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 3-қосымша Нысан Құзыреттерді бағалау парағы _________________жыл (бағаланатын жыл) Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ________________________________________________________________________ Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ______________________________________ Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ________________________________________________________________________ № Құзыреттер атауы Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес) Қызметшіде байқамаған мінез-құлық индикатор атауы (күтілетін нәтижеге сәйкес емес бағасын алған жағдайда) 1 Қызметті басқару 2 Ынтымақтастық 3 Шешім қабылдау 4 Жеделдік 5 Өзін-өзі дамыту 6 Адалдық 7 Жауапкершілік 8 Бастамашылдық 9 Стресске орнықтылық Қызметші Тікелей басшы ___________________________ ___________________________ (тегі, аты-жөні) (тегі, аты-жөні) күні_______________________ күні_______________________ қолы ______________________ қолы ______________________
Басқа 4. Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Ортсайлаукомның «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 4-қосымша Нысан Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары Құзыреттер атауы Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты Тиімді мінез-құлық индикаторлары Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары қызметтік басқару B-1  Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қояды және тапсырмалар береді;  Бөлімшенің берілген міндеттерді сапалы және уақтылы орындауына ұжымды бағыттайды және жағдай жасайды;  Бөлімше жұмысын басымдылығына қарай тиімді ұйымдастырады;  Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қоя алмайды және тапсырмалар бере алмайды;  Берілген міндеттерді сапалы және уақтылы орындауына ұжымды бағыттамайды және жағдай жасамайды  Бөлімше жұмысын басымдылығына мән бермей тиімсіз ұйымдастырады; B-2; B-4 (сектор меңгерушісі)  Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді;  Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етеді;  Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуы барысындағы қызметіне бақылау жүргізеді;  Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етеді;  Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді;  Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарламайды және ұйымдастырмайды, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етпейді;  Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуына бақылау жүргізбейді;  Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етпейді; B-3; B-4 ;* B-5; B-6. * осы бағанның жоғары тұрған қатарында көрсетілген тұлғалардан басқа  Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды;  Басшылыққа сапалы құжаттар дайындайды және енгізеді.;  Өлшеулі уақыт жағдайында жұмыс жасай алады;  Белгіленген мерзімдерді сақтайды.  Тапсырмаларды жүйесіз орындайды;  Сапасыз құжаттар әзірлейді;  Жедел жұмыс жасамайды;  Белгіленген мерзімдерді сақтамайды. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ B-1  Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарлайды ;  Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін әрбір қызметкердің әлеуетін пайдаланады;  Басқа бөлімшелермен бірлесіп жоспарды жүзеге асырады және ортақ нәтижеге қол жеткізеді.  Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарламайды ;  Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін кейбір қызметкерлердің әлеуетін пайдаланады;  Басқа бөлімшелермен бірлесіп жоспарды жүзеге асыра алмайды және ортақ нәтижеге қол жеткізбейді. B-2; B-4 (сектор меңгерушісі);  Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады;  Бөлімшенің қоғаммен тиімді жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасайды;  Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліседі;  Әрқайсысының нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтайды.  Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады;  Бөлімше және қоғаммен тиімді жұмыс ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасамайды;  Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліспейді;  Бағыныстағы тұлғалардың нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтамайды. B-3; B-4 ;* * осы бағанның жоғары тұрған қатарында көрсетілген тұлғалардан басқа  Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді;  Мемлекеттік органдар мен ұжымдардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынасты дамытады;  Талдау барысында пікір алмасады және талқылау нәтижесін ескере отырып, тапсырмаларды орындайды.  Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді;  Әртүрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен және әріптестерімен өзара әрекеттеспейді;  Әріптестерімен мәселелерді талқыламайды. ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ B-1  Міндеттерді дұрыс бөле алады;  Шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер туралы хабарлайды;  Шешім қабылдау барысында альтернативті ұсыныс жасайды;  Тиімді және жүйелі шешім қабылдайды;  Жеке тәжірибесіне, басқа дамаңызды болып табылатын мәліметтерге негізделген шешім қабылдайды  Бөлімшеде міндеттерді дұрыс бөле алмайды;  Орын алуы мүмкін қауіптер туралы хабарламайды;  Шешім қабылдау барысында альтернативті ұсыныс жасамайды;  Тиімсіз және жүйесіз шешім қабылдайды;  Шешім қабылдау барысында тек өзінің жеке тәжірибесіне және көзқарасына сенеді. B-2; B-4 (сектор меңгерушісі);  Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады;  Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды ұйымдастырады;  Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылайды;  Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескере отырып, мүмкін болатын қауіптерді талдайды және болжамдайды;  Мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескере отырып, құзыреті шегінде шешім қабылдайды.  Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды;  Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды сирек ұйымдастырады;  Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылаудан бас тартады және басқалардың пікірін ескермейді;  Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескермейді, мүмкін болатын қауіптерді талдамайды және болжамайды;  Шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескермейді. B-3; B-4 ;* B-5; B-6; * осы бағанның жоғары тұрған қатарында көрсетілген тұлғалардан басқа  Қажетті мәліметтерді таба алады;  Мүмкін болатын қауіптерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше жолын ұсынады;  Өзінің пікірін негіздей алады.  Қажетті мәліметтерді таба алмайды;  Мүмкін болатын қауіптерді ескермейді немесе мәселелерді шешудің альтернативасын ұсынбайды;  Негізсіз пікір білдіреді. ЖЕДЕЛДІЛІК B-1  Ұжымға жаңа басымдықтарды уақтылы жеткізеді;  Өзгерістерді уақтылы елеу үшін тиімді шаралар қабылдайды;  Бөлімшені тиімді басқарады және ішкі және сыртқы өзгерістер кезінде нәтижеге қол жеткізеді;  Жұмыстың жаңа бағыттарын қолдану бойынша ұсыныстарын талдайды және басшылыққа енгізеді.  Ұжымға жаңа басымдықтарды жеткізбейді немесе мерзімнен кеш жеткізеді;  Өзгерістерді уақтылы елеу үшін шаралар қабылдамайды немесе тиімсіз шаралар қабылдайды;  Бөлімшені тиімсіз басқарады және ішкі және сыртқы өзгерістер кезінде нәтижеге қол жеткізбейді;  Жұмыстың жаңа бағыттарын қолдану бойынша ұсыныстарын талдамайды және басшылыққа енгізбейді. B-2; B-4 (сектор меңгерушісі);  Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді;  Болып жатқан өзгерістерге талдау жасайды және жұмысты жақсарту бойынша уақтылы шаралар қабылдайды;  Өзгерістерді дұрыс қабылдауды өзінің үлгі- өнегесімен көрсетеді.  Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді;  Болып жатқан өзгерістерге талдау жасамайды және жұмысты жақсарту бойынша шаралар қабылдамайды;  Болып жатқан және күтілмеген өзгерістер кезінде өзін-өзі бақыламайды. B-3; B-4 ;* B-5; B-6; * осы бағанның жоғары тұрған қатарында көрсетілген тұлғалардан басқа  Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;  Оларды енгізудің жаңа бағыттары мен әдістерін үйренеді;  Өзгеріс жағдайларында өзін -өзі бақылайды;  Өзгеріс жағдайларында тез бейімделеді.  Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады;  Жаңа бағыттар мен әдістерді зерттеп оларды енгізбейді;  Өзгеріс жағдайларында өзін-өзі бақылай алмайды;  Өзгеріс жағдайларында бейімделмейді немесе баяу бейімделеді. ӨЗДІГІНЕН ДАМУ B-1  Үлгілі қызметкерлерді жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырып, енгізеді.  Қызметкерлерді дамыту бойынша жүйелі шараларды қабылдайды;  Әріптестерімен жинақталған тәжірибесімен, білімімен бөліседі, сондай-ақ, олардың даму деңгейін анықтайды;  Өздігінен дамуға ұмтылысын өзінің жеке үлгісінде көрсетеді;  Үлгілі қызметкерлерді анықтамайды және оларды жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырмайды;  Қызметкерлерді дамыту бойынша жүйелі шараларды қабылдамайды немесе жүйесіз шараларды қабылдайды;  Әріптестерімен жинақталған тәжірибесімен, білімімен бөліспейді, сондай-ақ, олардың даму деңгейін анықтамайды;  Өздігінен дамуға ұмтылысын өзінің жеке үлгісінде көрсетуге көңіл бөлмейді. B-2; B-4 (сектор меңгерушісі);  Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады;  Мақсатқа жету үшін өзінің құзыреттерін дамытады және оларды бағыныстыларда дамыту үшін шаралар қабылдайды;  Бағыныстылармен олардың құзыреттерін, оның ішінде дамуды қажет ететін құзыреттерді талқылайды.  Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды;  Мақсатқа жету үшін өзінің және бағыныстыларының құзыреттерін дамытпайды;  Бағыныстылармен олардың құзыреттерін талқыламайды. B-3; B-4 ;* B-5; B-6. * осы бағанның жоғары тұрған қатарында көрсетілген тұлғалардан басқа  Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады;  Өздігінен дамуға ұмтылады, жаңа ақпараттар мен оны қолданудың әдістерін ізденеді;  Тәжірибеде тиімділікті арттыратын жаңа дағдыларды қолданады.  Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды;  Өзіндігінен дамуға ұмтылмайды, жаңа ақпараттар мен оны қолдану әдістерімен қызықпайды;  Өзінде бар дағдылармен шектеледі. АДАЛДЫҚ B-1  Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді;  Ұжымда мемлекеттік қызметтің әдептілік нормалары мен стандарттарына берілгендік деңгейін дамытады;  Басқалардың жетістіктерін мойындайды, әріптестерінің намысы мен абыройына нұқсан келтіретін олардың жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан тартынады;  Әдептілік нормалардың бұзылғандығын елеп ескереді және анықтайды;  Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлықтың үлгісі болады.  Өзінің бөлімше жұмысының тәжірибесінде ашықтық, шынайылық және әділдікке бағытталған әдеп нормалары мен құндылықтарды біріктіреді;  Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етпейді;  Мемлекеттік қызмет жолын ұстаушылық әркімнің жеке ісі деп есептейді;  Басқалардың жетістіктерін мойындамайды, әріптестерінің намысы мен абыройына нұқсан келтіретін олардың жеке және кәсіби қасиеттерін талқылауға жол береді;  Әдептілік нормалардың бұзылғандығын елеп ескермейді;  Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет танытпайды;  Өзінің бөлімше жұмысының тәжірибесінде ашықтық, шынайылық және әділдікке бағытталған әдеп нормалары мен құндылықтарды біріктірмейді; B-2; B-4 (сектор меңгерушісі).  Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды;  Ұжымның мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды;  Жұмыста табандылық танытады;  Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырады;  Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етеді;  Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлықтың үлгісі болады.  Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді;  Өз мүддесін ұжым мүддесінен жоғары қояды;  Жұмыста табандылық танытпайды;  Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырмайды;  Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етпейді; B-3; B-4 ;* B-5; B-6; * осы бағанның жоғары тұрған қатарында көрсетілген тұлғалардан басқа  Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді;  Өзінің жұмысын адал орындайды;  Өзін адал, қарапайым, әділ ұстайды, басқаларға сыпайылық және биязылық танытады.  Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады;  Өзінің жұмысын орындау барысында немқұрайлылық білдіреді;  Өзін адалсыз, шамданған және басқаларға дөрекілік және менсізбеушілік қасиеттерін танытады; СТРЕССКЕ ОРНЫҚТЫЛЫҚ B-1  Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.  Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. B-2; B-4 (сектор меңгерушісі)  Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.  Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. B-3; B-4 ;* B-5; B-6; * осы бағанның жоғары тұрған қатарында көрсетілген тұлғалардан басқа  Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.  Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. ЖАУАПКЕРШІЛІК B-1  Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады.  Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. B-2; B-4 (сектор меңгерушісі). * осы бағанның жоғары тұрған қатарында көрсетілген тұлғалардан басқа  Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады.  Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. B-3; B-4 ;* B-5; B-6. * осы бағанның жоғары тұрған қатарында көрсетілген тұлғалардан басқа  Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады.  Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады. БАСТАМАШЫЛДЫҚ B-1  Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды түзеді және қарастырады.  Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлемейді және қарастырмайды. B-2; B-4 (сектор меңгерушісі);  Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді.  Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді. B-3; B-4 ;* B-5; B-6. * осы бағанның жоғары тұрған қатарында көрсетілген тұлғалардан басқа  Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды.  Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды.
Басқа 5. Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
Ортсайлаукомның «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне 5-қосымша Нысан «БЕКІТЕМІН» Лауазымды тұлға ________________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні __________________________ қолы _________________________ Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы ____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) ____________________________________________________________________ (бағалау мерзіміжыл) Бағалау нәтижелері № Қызметшілерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Бағалау нәтижелері туралы мәлімет Бағалау нәтижелерін комиссияның түзетуі (бар болған жағдайда) Комиссияның ұсыныстары 1. 2. ... Комиссия қорытындысы: ___________________________________________________________________ Тексерілді: Комиссияның хатшысы: ___________________________ Күні: ____________ (тегі, аты-жөні, қолы) Комиссияның төрағасы: ____________________________ Күні: __________ (тегі, аты-жөні, қолы) Комиссияның мүшесі: _____________________________ Күні: ___________ (тегі, аты-жөні, қолы)