О ставках земельного налога по Айыртаускому району Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерінен басқа, Салық кодексінің 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Айыртау аудандық мәслихатың кейбір шешімдерінің күші жойылғаны танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының күші жойылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық мәслихатының
2018 жылғы 13 сәуірдегі
№ 6-18-4 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының күші жойылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Тармақша 1
1) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 4-14-4 «Жер салығы ставкаларын жоғарылату туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13-3-98 тіркелген, «Айыртауские зори» және «Айыртау таңы» газеттерінде 2009 жылғы 22 мамырда жарияланған);
Тармақша 2
2) «Айыртау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 4-14-4 «Жер салығы ставкаларын жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 5-38-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3281 тіркелген, «Айыртауские зори» және «Айыртау таңы» газеттерінде 2015 жылғы 2 шілдеде жарияланған).
Тармақша 3
3) «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 4-14-4 «Жер салығы ставкаларын жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 5-44-8 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3586 тіркелген, «Айыртауские зори» және «Айыртау таңы» газеттерінде 2016 жылғы 26 қаңтарда жарияланған).