Об утверждении Правил формирования электронного архива обязательных бесплатных экземпляров периодических печатных изданий Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 13-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 36 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13126 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Ақпарат және коммуникациялар саласындағы кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы №309 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15831 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) Ақпарат және коммуникациялар саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтардың тізбесінің 5-тармағының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 18 сәуір
Басқа 12. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі №158 бұйрығымен бекітілген Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-3-бабының 13-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
Тармақша 2
2) мерзiмдi баспасөз басылымы – тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде үш айда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы.
Тармақша 3
3) мерзімді баспасөз басылымдарының меншік иесі (бұдан әрі – меншік иесі) – мерзімді баспасөз басылымдарын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі.
Тарау 2. 2-тарау. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру тәртібі
2-тарау. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру үшін меншік иелері бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мерзімді баспасөз басылымдарының, оның ішінде Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарының міндетті тегін даналарының (бұдан әрі– мерзімді баспасөз басылымдарының даналары) электрондық-цифрлық нысандары негізінде олар әзiрленген күнi жолдайды.
Тармақ 4
4. Мерзімді баспасөз басылымының данасын жолдау үшін меншік иесі «Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві» ақпараттық жүйесінде уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы («Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві» бөлімі) тіркеуден өтеді.
Тармақ 5
5. Тіркеу кезінде меншік иесі келесі мәліметтерді көрсетеді:
Тармақша 1
1) мерзімді баспасөз басылымының атауы;
Тармақша 2
2) мерзімді баспасөз басылымының меншік иесінің атауы (тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері);
Тармақша 3
3) мерзімді баспасөз басылымын есепке қою туралы куәліктің нөмірі;
Тармақша 4
4) мерзімді баспасөз басылымдарының меншік иесінің байланыс деректері.
Тармақ 6
6. Мерзімді баспасөз басылымының данасы бас редактормен келесі тәртіпте жолданады:
Тармақша 1
1) мәліметтер толтырылады: бас редактордың (редактордың) тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері; мерзімді баспасөз басылымдарының атауы, күні және нөмірі;
Тармақша 2
2) мерзімді баспасөз басылымының толық көлемде графикалық форматтағы (PDF/А) нұсқасы тіркеледі;
Тармақша 3
3) мерзімді баспасөз басылымының тіркелген данасы бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Тармақ 7
7. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві уәкілетті органның интернет-ресурсында мерзімді баспасөз басылымдарының жолданған даналары негізінде автоматты түрде қалыптасады.