Об утверждении натуральных норм технических средств фиксации фактов совершения уголовных, административных правонарушений и действий сотрудников органов внутренних дел Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерін қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерін қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясы бөліністері қызметкерлерінің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекетін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12171 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 қазанда жарияланды) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 748 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппараты комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және көліктегі полиция департаменттерінің бастықтарына ішкі істер органдарының бөліністерін портативті бейнетіркегіштермен және деректерді зарядтаудың, архивтеудің және сақтаудың мультимедиялық терминалдарымен (деректерді алу жүйесі) жарақтауды тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен кезең-кезеңімен жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті (Н.Ә. Балтабаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін бір данада ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрық ресми жаряланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаментіне (Н.Ә. Балтабаев) жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. ­«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ______________Б. Сұлтанов 2018 жылғы 2 сәуір
Басқа 0. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерін қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 171 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерін қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормалары р/с № Мүліктің атауы саны (жинақ) Тиесілігі Ескертпе Пайдалану мерзімі 1 Портативті бейнетіркегіш (бейнежетон) 1 Патрульдік полициясының әрбір қызметкеріне, Көліктегі және метрополитендегі патрульдік полицияның әрбір нарядына (ауысымына), әрбір учаскелік полиция инспекторына, заңсыз көші-қонға қарсы күрес арнайы бөлінісінің әрбір қызметкеріне және ішкі істер органдарының әрбір кезекші жедел-тергеу тобына. Қызмет өткеру кезінде қолдану үшін 7 жыл 2. Деректерді зарядтаудың, архивтеудің және сақтаудың мультимедиялық терминалы (деректерді алу жүйесі) 1 Әрбір полиция департаменті, Көліктегі полиция департаменті, қалалық, аудандық желілік органдарға, әрбір ішкі істер органдарының кезекші бөліміне 1 станция 56 портативті бейнетіркегішке дейін 7 жыл