Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями образования, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг) Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік білім беру мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік білім беру мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Білім жән ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.А. Жақыпова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «Келісілді» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ________Б. Cұлтанов «Келісілді» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі ________А. Мұхамедиұлы «Келісілді» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________Т. Сүлейменов
Басқа 10. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік білім беру мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидалары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 қазандағы № 541 бұйрығымен бекітілген Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік білім беру мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Негізгі ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік білім беру мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидалары Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік білім беру мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы тәртібін анықтайды.
Тарау 2. 2-тарау. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік білім беру мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі тәртібі
2-тарау. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік білім беру мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі тәртібі
Тармақ 2
2. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес мемлекеттік білім беру мекемелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс ақылы қызметтер көрсету туралы шартты жасай отырып, тиісті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша ақылы негізде мынадай:
Тармақша 1
1) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру;
Тармақша 2
2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әртүрлі: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 5
5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;
Тармақша 6
6) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын жіберу;
Тармақша 8
8) кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру);
Тармақша 9
9) оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибе учаскелерінің өнімдерін өндіру мен өткізуді ұйымдастыру бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) беру;
Тармақша 10
10) ғылыми зерттеулерді жүргізу;
Тармақша 11
11) мемлекеттік орта білім беру ұйымдары дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру бойынша ақылы негізде қызметтер ұсынады. Әскери, арнаулы оқу орындары да қарамағында әскери, арнаулы оқу орындары бар мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітетін әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларына сәйкес мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсынуға құқылы.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік білім беру мекемелері ғимараттарының көрінетін жерінде ұсынылатын ақылы қызметтердің тізбесі мен ұсынылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) баға көрсеткішін көрсете отырып ақпарат орналастырады.
Тармақ 4
4. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлері «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының негізінде әзірленген және мемлекеттік (аудандық, қалалық және облыстық) білім беру органдарымен келісілген жұмыс оқу жоспарлары (бағдарламалары) бойынша ұсынылады.
Тармақ 5
5. Білім алушыларға және (немесе) тәрбиеленушілерге тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлері кәмелет жасқа толған білім алушының және (немесе) тәрбиеленушінің және ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің еркін нысандағы өтініштерінің негізінде жеке кесте бойынша ұсынылады. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ақылы қызмет түрлерін ұсыну туралы өтініш мемлекеттік білім беру мекемесіне келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады
Тармақ 6
6. Ақылы негізде қызмет көрсететін мемлекеттік білім беру мекемесі мен білім алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының және өзге де заңды өкілдердің өзара қатынастары Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне сәйкес шартпен реттеледі.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсеткені үшін қолма-қол ақша алу кассалық кіріс ордерлерінің негізінде міндетті түрде бақылау-кассалық машиналарды қолдана отырып тараптардың қол жеткізген уағдаластықтары негізінде жүргізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы тәртібі
Тармақ 8
8. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуден түсетін қаражат мемлекеттік білім беру мекемесінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарлары бойынша пайдаланылады. Мемлекеттік білім беру мекемесінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін, өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарлары «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 9934 болып тіркелген) тәртіппен жасалады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік білім беру ұйымдары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша жұмсалады:
Тармақша 1
1) білім беру мекемелерінiң оқу-материалдық базасын нығайту;
Тармақша 2
2) оқу жабдықтары мен мүкәммалдарды, оның iшiнде оқу тәжiрибе учаскесiнде жұмыс iстеу үшiн сатып алу;
Тармақша 3
3) білім алушылардың тамақтануын жақсарту, тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету жөнiндегi шығыстарын жабу;
Тармақша 4
4) оқу-өндiрiстiк шеберханалар мен қосалқы шаруашылықтарды кеңейту;
Тармақша 5
5) бiлiм алушыларды көтермелеу және бiлiм алушылардың әлеуметтiк жағынан қорғалмаған жекелеген бөлiгiне материалдық көмек көрсету;
Тармақша 6
6) күнi ұзақ болатын орта білім беру ұйымдарында және орта білім беру ұйымдарында күн ұзақ болатын топтардағы білім алушыларды тамақтандыру;
Тармақша 7
7) асханаларды ұстау (жалақы, тамақ өнiмдерiн сатып алу, жабдықтар мен мүкәммал сатып алу, күрделi жөндеу);
Тармақша 8
8) орта білім беру ұйымдарының білім алушыларының орындаған жұмыстарына ақы төлеу;
Тармақша 9
9) экскурсиялар мен сыныптан тыс кештерді өткiзу;
Тармақша 10
10) орта білім беру ұйымдарын, оқу корпустары мен жатақханаларды ағымдағы жөндеу;
Тармақша 11
11) мектеп жанындағы учаскенi дамыту және мектеп шеберханаларының жабдықтарын жаңарту;
Тармақша 12
12) спорт алаңдарын салу;
Тармақша 13
13) қоғамдық-пайдалы еңбекте көзге түскен білім алушыларға стипендиялар мен сыйлықақылар беру;
Тармақша 14
14) сауықтыру iс-шаралары;
Тармақша 15
15) жарысқа қатысушыларды тамақтандыру, төрешiлердiң (судьялардың) және медицина қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды жабу;
Тармақша 16
16) қосымша оқу бағдарламалары бойынша оқу процесiн ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) секциялар мен үйiрме жетекшiлерiнiң еңбегiне ақы төлеу;
Тармақша 18
18) секцияларды және үйiрмелердi ұйымдастыруға байланысты iс-шаралар;
Тармақша 19
19) ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсететiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу;
Тармақша 20
20) ынталандыру сипатындағы қосымша ақы, үстемақы, сыйлықақы және басқа да төлемдер белгiлеу;
Тармақша 21
21) көлік құралдарын сатып алу;
Тармақша 22
22) жабдықтар, мүккәммал (оның iшiнде жұмсақ) және киiм-кешек сатып алу;
Тармақша 23
23) жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау үшiн ақы төлеуге арналған шығыстар және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы және шаруашылық мақсаттар үшiн заттар мен материалдарды сатып алу, ғимаратқа қызмет көрсету бойынша ақы төлеу, көлiктiк қызметтерге ақы төлеу және тауарларды сатып алуға арналған өзге де шығыстар;
Тармақша 24
24) ғимараттар мен үй-жайларды реконструкциялау және күрделi жөндеу;
Тармақша 25
25) демалыс лагерьлерi тәрбиешiлерiнiң және көмекшi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу;
Тармақша 26
26) музыкалық аспаптарды жөндеу;
Тармақша 27
27) қозғалтқыштарды пайдалануға және жөндеуге байланысты шығыстар;
Тармақша 28
28) оқу-көмекшi, қосалқы шаруашылықтардың және оқу-тәжiрибе учаскелерiнiң өндiрiстiк қызметiне байланысты, оның iшiнде осы қызметпен айналысатын қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар;
Тармақша 29
29) iссапар шығыстары;
Тармақша 30
30) білім беру ұйымдарын аккредиттеуден өткзіу.
Тармақ 10
10. Ғылыми зерттеулерді жүргізуде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түскен қаражат мынадай бағыттарда жұмсалады:
Тармақша 1
1) еңбекақы – барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді қоса алғанда, ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысушы зерттеу тобы мүшелерінің еңбегіне сыйақы;
Тармақша 2
2) ғылыми іссапарлар – зерттеулер жүргізуге байланысты іссапарлар;
Тармақша 3
3) бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер – ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханалар, өзге зертханалар көрсететін, зерттеулерді орындауға қажетті қызметтер, өзге де ұйымдар көрсететін қызметтер, оның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары;
Тармақша 4
4) материалдар сатып алу – зерттеулер жүргізу үшін жұмсалатын материалдарды сатып алу;
Тармақша 5
5) жабдықтар мен бағдарламалық қамтылымды сатып алу;
Тармақша 6
6) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу – талдама материалдарды жариялау, патенттеу және сатып алу, сондай-ақ жобаны сүйемелдеу бойынша өзге қызметтер үшін шығыстар;
Тармақша 7
7) үй-жайды жалдау;
Тармақша 8
8) жабдықты және техниканы жалдау;
Тармақша 9
9) зерттеулерді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдықтар мен техникаларды пайдалану шығыстары.