Об утверждении перечня, наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения по Темирскому району Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Темір ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атауларын және индекстерін бекiту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3-бабының 7-тармағына және 6-бабының 2-тармағына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Темір ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары және индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Темір ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 13 «Темір ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4752 болып тіркелген, 2016 жылы 4 наурызда аудандық «Темір» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Темір аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М. Мұңайтбасовқа жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Ақтөбе облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Османгалиев
Басқа 9
Темір ауданы әкiмдiгiнiң «2» сәуірдегі 2018 жылғы № 80 қаулысына қосымша Темір ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары және индекстері тізбесі № Ав­то­мо­биль жол­да­ры­ның ин­дек­сі Ав­то­мо­биль жол­да­ры­ның ата­уы Жал­пы ұзынды­ғы, ки­ло­метр 1 KD-TE-01 Ең­бек­ші ауы­лы­на кі­ре­бе­ріс жол 17,5 2 KD-TE-02 Шы­ғыр­лы ауы­лы­на кі­ре­бе­ріс жол 0,809 3 KD-TE-03 Бір­лік ауы­лы­на кі­ре­бе­ріс жол 2,43 4 KD-TE-04 Те­мір қа­ла­сы­на кі­ре­бе­ріс жол 1 5 KD-TE-05 Қо­па ауы­лы­на кі­ре­бе­ріс жол 2,04 6 KD-TE-06 Ал­ты­қа­ра­су ауы­лы­на кі­ре­бе­ріс жол 2,165 7 KD-TE-07 Құм­құ­дық ауы­лы­на кі­ре­бе­ріс жол 7,93 8 KD-TE-08 Тас­қо­па ауы­лы­на кі­ре­бе­ріс жол 33,51 9 KD-TE-09 Жам­был ауы­лы­на кі­ре­бе­ріс жол 9,615 10 KD-TE-10 Сар­то­ғай ауы­лы­на кі­ре­бе­ріс жол 3,28 11 KD-TE-11 Ақ­сай ауы­лы­на кі­ре­бе­ріс жол 1,7 Барлығы 81,979