Об организации выездной торговли в городе Темиртау Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Теміртау қаласында көшпелі сауданы ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда ережесін бекіту туралы» (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу Тiзiлiмiнде № 11148 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Теміртау қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Оспанұлы Спабековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Теміртау қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар
Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы « 12 » сәуірдегі № 16/2 қаулысына қосымша Теміртау қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар № Сауда орындары 1 117 квартал, № 3 және № 4 үйлер аралығында 2 Қалалық жағажай ауданында 3 Лебедев көшесі, № 6 үй ауданында 4 94 квартал, № 1 үй ауданында 5 «село Отрадное» ықшамауданы, № 109 үйге қарсы 6 Западная көшесі, № 17/1 және № 19 үйлер аралығында 7 Прокатная көшесі, № 21 үй ауданында