О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения по Абайскому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Абай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Абай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Абай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 3
3. Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі 2 сессияның № 2/25 «Абай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері мен бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3764 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 мамырда және 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 17 (4120) «Абай-Ақиқат» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы басшысының м.а. Т. Дүйсенбаев 2018 жылғы 19 сәуір КЕЛІСІЛДІ: «Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Р. Сатыбаева 2018 жылғы 19 сәуір