О предельных (максимальных) размерах земельных участков, которые могут находиться в частной собственности граждан и в долгосрочном землепользовании для ведения товарного сельскохозяйственного производства Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтардың жеке меншігіндегі және тауарлы ауыл шаруашылық
өндірісін жүргізу үшін ұзақ мерзімді жер пайдалануда болуы мүмкін
жер учаскелерінің шекті (ең үлкен) мөлшерін туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 15.09.2006 № 347/5 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы" Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабындағы 1-тармағының 13-тармақшасына, 27-бабындағы 1-тармағының 8-тармақшасына, "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы № 152-ІІ ҚРЗ Заңының 35-бабындағы 3-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты және Қостанай облыстық әкімияты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы азаматтарынын, жеке меншігінде болуы мүмкін, оларға берілетін жер учаскелерінің шекті (ең үлкен), мөлшері бекітілсін:
Тармақша 1
1) ауылдық жерлерде өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын (үй маңындағы және егістік телімді қоса алғанда) жүргізу үшін - 0,50 гектар оның ішінде ақысыз 0,25 гектар) және суарылатын жерде 0,30 гектарға дейін;
Тармақша 2
2) жеке тұрғын үй құрылысы үшін - 0,20 гектар (оның ішінде ақысыз 0,10 гектар);
Тармақша 3
3) бағбандық сондай-ақ саяжай құрылысы үшін- 0,24 гектар (оның ішінде ақысыз 0,12 гектар);
Тармақ 2
2. Тауарлы ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік емес жер пайдаланушыларда ұзақ мерзімді жер пайдалануда болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең үлкен) мөлшерін бекітілсін:
Тармақша 1
1) "Жер туралы" Заңының 124-бабының, 4-тармағына сәйкес, осы шаруашылық бойынша 15 (он бес) шартты жер үлестері көлемінде жалпы немесе бөлек жер пайдалануға жер учаскесін алауына құқығы бар, Казақстан Республикасының азаматтарына;
Тармақша 2
2) өндірістік бағытына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына:
астық - 50,0 мың гектар егістік;
мал шаруашылығы мен қой шаруашылығы - 150,0 мың гектар ауыл шаруашылық қоныстары;
көкөніс шаруашылығы және картоп өсіру - 1,0 мың гектар суарылатын егістік;
Тармақша 3
3) "Жер туралы" Заңының 79-бабындағы 4-тармағының 3-тармақшасына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейінгі мерзімге жалдау шартымен уақытша жер пайдалануға бір азаматқа бес орташа аудандық жер үлестерінен астам емес көлемінде.
Қосымша жер учаскелері көрсетілген нормалардан аса жоғарыда аталған жер пайдаланушылар құрамында тек қысқа мерзімді жер пайдалануында 5 жылға дейін болуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Аудандар мен қалалар әкімияттары, облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті Дихаев М.К, аталған талаптар орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.