Об утверждении перечня юридических лиц, основным видом деятельности которых является осуществление заемных операций или выкуп прав требования и сто процентов голосующих акций (долей) которых принадлежат национальному управляющему холдингу, имеющих право на вычет суммы расходов по созданию провизии (резервов) против сомнительных и безнадежных активов, условных обязательств, за исключением активов и условных обязательств, предоставленных в пользу взаимосвязанных сторон либо третьим лицам по обязат Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін, оны қалыптастыру қағидаларын және провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің 250-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесі;
Тармақша 2
2) Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидалары;
Тармақша 3
3) Провизиялар (резервтер) құру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін, оны қалыптастыру қағидаларын және провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 445 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 294-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 212 қаулысымен бекiтiлген Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» акционерлiк қоғамы.
Тармақ 2
2. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы. _____________________
Басқа 0.1. Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 212 қаулысымен бекiтiлген Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидалары Осы Негiзгi қызмет түрi қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi (кредиттiк серiктестiктердiң активтерi мен шартты мiндеттемелерiнен басқа) қоспағанда, күмәндi және үмiтсiз активтерге, шартты мiндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тiзбесiн қалыптастыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнің 250-бабының 7-тармағына (бұдан әрі – Салық кодексi) сәйкес әзiрлендi және күмәндi және үмiтсiз активтерге, шартты мiндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тiзбесiн қалыптастыру тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 1
1. Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тармақ 2
2. Тізбені бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын ұлттық басқарушы холдингтің өтінішхаты бойынша салық саясаты саласындағы уәкілетті орган енгізеді.
Тармақ 3
3. Ұлттық басқарушы холдинг өтінішхатты салық саясаты саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда жібереді және заңды тұлғаның осы Тiзбені қалыптастыру қағидаларының 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса береді:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаның жарғысы;
Тармақша 2
2) заңды тұлға акционерлерінің (қатысушыларының) тізілімінен үзінді көшірме (егер шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін бірыңғай тіркеуші жүргізсе).
Тармақ 4
4. Салық саясаты саласындағы уәкілетті орган өтінішхат түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қарап, мынадай:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаны тізбеге енгізу мүмкіндігі туралы;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаны тізбеге енгізуден бас тарту туралы дәлелді шешімдердің бірін шығарады. Салық саясаты саласындағы уәкілетті органның шешімі ұлттық басқарушы холдингке жазбаша нысанда жіберіледі.
Тармақ 5
5. Заңды тұлғаның осы Тiзбені қалыптастыру қағидаларының 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі және/немесе осы Тiзбені қалыптастыру қағидаларының 3-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы заңды тұлғаны тізбеге қосудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
Тармақ 6
6. Тізбеге қосу үшін заңды тұлға мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
Тармақша 1
1) осындай заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаның негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылады;
Тармақша 3
3) заңды тұлға Салық кодексінің 250-бабының 1, 5 және  6-тармақтарында көрсетілген салық төлеуші болып табылмайды. __________________________
Басқа 1. Провизиялар (резервтер) құру қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 212 қаулысымен бекiтiлген Провизиялар (резервтер) құру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Провизиялар (резервтер) құру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (бұдан әрі – Салық кодексi) сәйкес әзiрлендi және активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеудің және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құрудың тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар мынадай мәндерге ие:
Тармақша 1
1) қаржы активінің амортизацияланған құны – бастапқыда тану кезінде дара актив бағаланатын сома, минус қарыздың негізгі сомасының есебінен төлемдер, плюс немесе минус провизияны (резервтерді) ескере отырып, түзетілген тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып есептелген сыйақы немесе дисконттың жиналған амортизациясының көлемі;
Тармақша 2
2) активтер – барлық жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде банктерге қойылатын талаптар;
Тармақша 3
3) Банк – ұлттық даму институты болып табылатын банк;
Тармақша 4
4) активтің жалпы баланстық құны – дара активтің провизияның (резервтердің) көлеміне түзеткенге дейінгі амортизацияланған құны;
Тармақша 5
5) бастапқы тану күні: дара активтің шарттарын айқындайтын шартқа қол қою күні; шартқа қосымша келісімге қол қою күні, соның нәтижесінде Банк қолданыстағы жеке активтерді түрлендірмей жаңа дара активтерді ұсыну бойынша міндеттемелерді қабылдады; шартқа қосымша келісімге қол қою күні, соның нәтижесінде жаңа дара активті тануға және ескісін есептен шығаруға алып келетін жеке активтің түрленуі/қайта құрылуы жүзеге асырылады;
Тармақша 6
6) дефолт: есеп беретін күнге Банкте және/немесе басқа қаржы ұйымдарында 90 күнтізбелік күннен астам мерзімді құрайтын төлемдердің (негізгі қарыз және/немесе сыйақы) мерзімін өткізу; және/немесе оған жеңілдік шарттарын ұсынусыз толық көлемде Банктің алдында контрагенттің берешегін өтеудің мүмкіндігі жоқ екені туралы Банктің болжамы. Дефолтты айқындау мақсаттары үшін Банк контрагенттің берешекті толық көлемде өтеу мүмкіндігінің болмауы ретінде мынадай жағдайларды қабылдайды: контрагенттің қаржылық қиындықтарына байланысты дара актив бойынша сыйақыны есептеуді тоқтату; қаржы құралын бастапқы тану күнінен бастап кредит тәуекелін елеулі арттырудан туындаған контрагент берешегінің барлық сомасын және/немесе бөлігін есептен шығару; кредит шығындарын көрсететін Банктің меншікті капиталынан 5 % астам жеңілдікпен дара активтерді сату; контрагентке қойылатын талаптардың төмендеуіне, қарыздың бөлігін және/немесе барлық сомасын есептен шығаруға/кешіруге, қарыз мерзімін арттыруға, контрагенттің қаржылық қиындықтарына байланысты негізгі қарызды, сыйақыны немесе комиссияны төлеуді кештеу кезеңге ауыстыруға алып келетін қайта құрылымдау; Банк сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес контрагентті банкрот деп тану туралы талап қою берген жағдайда; контрагенттің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуі;
Тармақша 7
7) қарыз (кредит) – Ұйымның, Банктің қарыз, лизингтік операцияларды жүзеге асыруы;
Тармақша 8
8) инвестициялық қарыз (кредит) – барлық мынадай талаптарға сәйкес келетін қарыз (кредит): қарыздың (кредиттің) мерзімі бес және одан да көп жылды құрайды; қарыз шартының (кредиттің) талаптары бойынша мерзімінен бұрын толық өтеуге тыйым салынған; қарызды (кредитті) ішінара өтеген жағдайда, ішінара өтеу қарыз алушының бизнес-жоспарында көзделген мерзімде және тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін; қарыз (кредит) заңды тұлғаға материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құруға, кеңейтуге және жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыруды көздейтін бизнес-жоспарына сәйкес беріледі;
Тармақша 9
9) дара актив – жеке тұлғаларға берілген қарыздардан басқа, қаржылық актив немесе шартты міндеттеме;
Тармақша 10
10) контрагент – қарыз алушы, эмитент, қоса қарыз алушы, кепілгер, қаржы институты және Банктің өзге де дебиторлары;
Тармақша 11
11) кредиттік тәуекелдің төменгі деңгейі – S&P шкаласы бойынша «BBB-» деңгейінен немесе Fitch немесе Moody‘s шкаласы бойынша соған ұқсас деңгейден төмен емес халықаралық рейтингісі бар қаржы құралдары;
Тармақша 12
12) кредиттiк тәуекел – борышкердің (дебитордың) ұйым алдындағы актив және шартты міндеттемелер жөніндегі міндеттемелерді шарттың талаптарына сәйкес орындамауы не тиісінше орындамауы не осындай орындамаудың (тиісінше орындамаудың) нақты қауіпінің болуы салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
Тармақша 13
13) Ұйым – Банкті қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, сондай-ақ негiзгi қызмет түрi қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлға;
Тармақша 14
14) біртекті қарыздар (кредиттер) қоржыны – біртекті қарыздарды (кредиттердi) жiктеу тәртiбi мен шарттары туралы ұйымның iшкi қағидаларына сәйкес бiр топқа енгiзiлетiн біртекті қарыздар (кредиттер) тобы;
Тармақша 15
15) ақшалай қаражат ағыны – ақшаның және оның баламаларының түсуі және шығуы;
Тармақша 16
16) провизиялар (резервтер) – қаржылық активтің амортизациялық құны мен әділ құн бойынша өзге жиынтық табыс арқылы ескерілетін қаржылық актив бойынша күтілетін және бар кредиттік залалдарға бағалау резерві, сондай-ақ шартты міндеттемелер бойынша күтілетін кредиттік залалдарға қатысты бағалау міндеттемесі;
Тармақша 17
17) негізделген және расталатын ақпарат – өткен оқиғалар, ағымдағы шарттар және болашақ экономикалық шарттардың болжамдары туралы ақпаратты қоса алғанда, шамадан тыс залалсыз немесе күш салусыз есепті күнгі жағдай бойынша негізделген түрде қолжетімді болып табылатын ақпарат;
Тармақша 18
18) міндеттемелерді қайта құрылымдау – төменде тізбеленген жағдайлардың кез келгеніне сәйкес, контрагенттің міндеттемелерге қызмет көрсету жөніндегі бар немесе күтілетін қиындықтарын шешу мақсатында шарттың тәртібі мен талаптарын кез келген өзгерту: шарт бойынша төлем кестесін өзгерту, оның ішінде: шарт бойынша негізгі борышты және/немесе сыйақыны өтеу үшін төлемдер бойынша жеңілдік берілген кезеңді кейіннен ұсыну не ұзарту; шарттың мерзімін кейіннен ұзарту; шарт бойынша бір немесе одан көп төлемдердің мерзімін ұзарту; дара актив бойынша негізгі борыштың және (немесе) сыйақының бір бөлігін есептен шығару немесе кешіру; сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдерді капиталдандыру; сыйақы бойынша мерзімі өткен берешекті капиталдандыра/кейінге қалдыра отырып, қарыз валютасын бір валютадан басқасына өзгерту (айырбастау); Банктегі, оның ішінде басқа қаржы ұйымдарындағы қолданыстағы қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті төлеу үшін жаңа қарыз ұсыну; мерзімі өткен берешек болған жағдайда кредиттік лимитті ұлғайту; контрагенттің қаржылық қиындықтарына байланысты қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету; Банкке берілетін контрагенттің кепілзаттық мүлігі есебінен берешекті өтеу нәтижесінде қарыз бойынша берешекті төмендету;
Тармақша 19
19) жоба – Банктің қарыз (кредит) беруі арқылы қаржыландырылатын және жаңа өндірістерді құруға, қолданыстағы өндірістерді кеңейтуге және жаңартуға, соның ішінде активтерді, акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін), мүліктік кешендерді сатып алуға; және/немесе Қазақстан Республикасының резиденттері орындайтын (көрсететін) жұмыстар (қызметтер) экспортын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын өнімдердің экспортын ынталандыруға бағытталған іс-шаралар кешені;
Тармақша 20
20) активтi (шартты мiндеттеменi) қайта жiктеу – бұрын қалыптастырылған провизия (резерв) сомасы мен қайта жіктеу жүргізілгеннен кейінгі қажетті провизия (резерв) сомасының арасындағы айырма сомаларына ұлғайту немесе азайту жағына провизиялар (резервтер) сомаларының оған қарсы тиісті өзгерістерімен бұрын жіктелген активті (шартты міндеттемені) жіктеу;
Тармақша 21
21) қамтамасыз ету құны – бағалау сәтінде оны өткізу (сату) мүмкіндігі ескеріле отырып, ағымдағы сәттегі қамтамасыз етудің нарықтық (әділ) бағасы;
Тармақша 22
22) шартты міндеттеме – қарыздарды ұсыну, өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелер;
Тармақша 23
23) қаржылық қиындықтар: контрагенттің есепті күнге Банк алдында мерзімі өткен міндеттемелерінің болуы; контрагенттің мерзімі өткен міндеттемелері жоқ, бұл ретте Банкте контрагент өз міндеттемелері бойынша төлеу мерзімдерінің бұзылуына жол беретіндігі, шарт бойынша оған жеңілдетілген шарттар ұсынылмайтыны туралы ақпараттың болуы; контрагент биржада тіркелген бағалы қағаздардың эмитенті болып табылады және мұндай бағалы қағаздар қаржылық жағдайдың нашарлауына байланысты соңғы 12 айдың ішінде бағалы қағаздардың күшін жою рәсімінен өтеді не өткен; контрагенттің нақты көрсеткіштерінің, болжамдары мен қаржылық жағдайын бағалаудың негізінде банк контрагенттің ақшалай ағындары Банк алдындағы шарттық міндеттемелерін (негізгі борыш пен сыйақыны қоса алғанда) өтеу үшін жеткіліксіз болады деп болжамдайды;
Тармақша 24
24) POCI-актив – бастапқы тану сәтіне кредиттік құнсыздану болған, сатып алынған немесе құрылған қаржылық актив (немесе активтер).
Тарау 2. 2-тарау. Активтер мен шартты мiндеттемелердi жiктеу және ұйымның күмәнді және үмiтсiз активтері мен шартты мiндеттемелеріне қарсы провизиялар (резервтер) қалыптастыру ерекшелiктерi
2-тарау. Активтер мен шартты мiндеттемелердi жiктеу және ұйымның күмәнді және үмiтсiз активтері мен шартты мiндеттемелеріне қарсы провизиялар (резервтер) қалыптастыру ерекшелiктерi
Тармақ 3
3. Провизиялар (резервтер) активтер мен шартты мiндеттемелер құнсызданған кезде – актив және шартты мiндеттеме кредиттiк тәуекелдiң iске асырылуы салдарынан құнын жоғалтқан кезде қалыптастырылады.
Тармақ 4
4. Активтi және шартты мiндеттеменi жiктеу, оларды ұйымның бухгалтерлiк есебiнде көрсету ұйым мен оның борышкерi (дебиторы) арасындағы шарт талаптарын өзгертпейдi, оның iшiнде ұйымның талап етудiң (борыштың) негiзгi сомасын және ол бойынша сыйақыны, сондай-ақ борышкердiң (дебитордың) шарт талаптарын бұзғаны үшiн айыппұлды, өсiмпұлды толық көлемде алу құқығына әсер етпейдi.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне қойылатын талаптар мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша талаптарды қоспағанда, активтер мен шартты мiндеттемелер жiктелуге тиiс.
Тармақ 6
6. Егер қарыз алушы (борышкер, бiрлесіп қарыз алушы) салық заңнамасына сәйкес айқындалған жеңiлдетiлген салық салынатын мемлекетте тiркелген не жеңiлдетiлген салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаға қатысты тәуелдi немесе еншiлес тұлға болып табылса, осы Қағидалар қолданылмайды.
Тармақ 7
7. Активтердi, шартты мiндеттемелердi жiктеу (қайта жiктеу) және провизиялар (резервтер) қалыптастыру: осы Қағидалардың және ұйымның iшкi нормативтік құжаттарының талаптары сақталған; активтердi, шартты мiндеттемелердi жiктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) қалыптастыру мақсатында кешендi және объективтi талдау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн толық және анық ақпарат болған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Активтердi, шартты мiндеттемелердi жiктеу (қайта жiктеу) және (немесе) провизиялар (резервтер) қалыптастыру осындай жiктеудiң уақтылығы мен провизиялар (резервтер) мөлшерi өзгерiстерiнiң ұйымның есебi мен есептiлiгiнде көрсетiлуiнiң анықтығы қағидатына негiзделедi.
Тармақ 9
9. Активтер мен шартты мiндеттемелер стандартты және жiктелген болып бөлiнедi.
Тармақ 10
10. Жiктелген актив ол бойынша шарттың талабы орындалмайтын не ол бойынша талап толық көлемде орындалмайды немесе мүлде орындалмайды деп пайымдауға негiз болатын активтi бiлдiредi.
Тармақ 11
11. Жіктелген шартты міндеттеме ол бойынша үшінші тұлғалардың пайдасына борышкер үшін қабылданған және шарттың талаптарынан туындайтын кредиттік тәуекелдерді көтеретін ұйымның өз міндеттемелерін орындау ықтималдығы бар шартты міндеттемені білдіреді.
Тармақ 12
12. Жiктелгендерге жатпайтын активтер мен шартты мiндеттемелер стандартты болып табылады.
Тармақ 13
13. Жiктелген активтер мен шартты мiндеттемелер мынадай санаттарға бөлiнедi: күмәндi; үмiтсiз.
Тармақ 14
14. Ұйымның жiктелген активтерi мен шартты мiндеттемелерi бойынша провизиялардың (резервтердiң) мөлшерi осы Қағидалардың 61-тармағының 1) тармақшасында белгiленген өтiмдiлiгi жоғары қамтамасыз ету тiзбесi бойынша өтiмдiлiгi жоғары қамтамасыз ету құнына азайтылған негiзгi борыштың (талаптың) сомасынан есептеледi.
Тармақ 15
15. Активтер мен шартты мiндеттемелердi жiктеудi (қайта жiктеудi) ұйым ай сайын барлық активтер мен шартты мiндеттемелер бойынша және жiктеу (қайта жiктеу) жүргiзудiң белгiлi бiр күнiндегi жағдай бойынша айдың соңғы жұмыс күнiне дейiн жетi жұмыс күнiнен асырылмай жүргiзiледi.
Тармақ 16
16. Біртекті қарыздардың (кредиттердiң) қоржынын жiктеудi (қайта жiктеудi) ұйым біртекті қарыздардың (кредиттердiң) барлық қоржындары бойынша және жiктеудi (қайта жiктеудi) жүргiзудiң белгiлi бiр күнiндегi жағдай бойынша тоқсанның соңғы жұмыс күнiне дейiн жетi жұмыс күнiнен асырылмай жүргiзедi.
Тармақ 17
17. Осы Қағидаларға сәйкес есептелген провизиялар (резервтер) мөлшері тиісті провизиялар (резервтер) шоттарында бухгалтерлік есепте және қаржылық есептілікте көрсетілген провизиялар (резервтер) мөлшерінен аспауға тиіс.
Тармақ 18
18. Ұйымдардың қарыз алушылардың (борышкерлердiң) кредит төлеу қабiлеттiлiгiн талдау кезiнде, оның iшiнде қарыз алушының қаржылық жағдайын және кепiл құнын бағалау кезiнде пайдаланылатын өлшемшарттар, сондай-ақ провизиялар (резервтер) құру жөнiнде шешiмдер қабылдау және оларды орындау рәсiмдерi осы Қағидаларда, сондай-ақ ұйымның кредит, инвестициялық және есептік саясатын айқындайтын iшкi құжаттарында регламенттеледi.
Тармақ 2.1. 2.1-параграф. Осы Қағидалардың 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 және 44-тармақтарында көзделген қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда, қарыздарды (кредиттердi) жiктеу ерекшелiктерi
2.1-параграф. Осы Қағидалардың 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 және 44-тармақтарында көзделген қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда, қарыздарды (кредиттердi) жiктеу ерекшелiктерi
Тармақ 19
19. Мыналарды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелерi жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi орган ұсынымдарының негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша және (немесе) ұйымның басқару органының шешiмi бойынша ұсынылған бланкiлiк қарызды (кредиттi);
Тармақша 2
2) бiр мезгiлде мынадай: 2009 жылғы 21 ақпанға дейін берілген; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ұсынылған және (немесе) Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган ұсынымдарының негізінде ұйымның уәкілетті органының шешімі бойынша ұсынылған шарттарға жауап беретін бланкілік қарызды (кредитті) қоспағанда, бланкілік қарыздар (кредиттер) күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерге жатқызылмайды.
Тармақ 20
20. Егер:
Тармақша 1
1) кредит берудiң жалпы мерзiмiн ұзарту қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты болмаса және (немесе) қарыз алушыда ұйым алдында мерзiмi өткен және (немесе) есептен шығарылған борышы болмаса, бiрақ бiр реттен артық емес;
Тармақша 2
2) шарт (бас келiсiмдер шеңберiнде жасалған шарттарды қоса алғанда) бойынша төлемдер мерзiмiн өзгерту қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты болмаса және (немесе) қарыз алушыда ұйым алдында мерзiмi өткен және (немесе) есептен шығарылған борышы (қарызды (кредиттi) мерзiмiнен бұрын өтеуге байланысты кестелердiң өзгеруiн есепке алмай) болмаса, бiрақ үш реттен артық емес, мерзiмiн ұзарту санын айқындау мақсатында мерзiмiн ұзартудың болуы ескерiлмейдi.
Тармақ 21
21. Мынадай:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерде орналасқан (тiркелген) тауарлар, жылжымайтын, жылжымалы мүлiк;
Тармақша 2
2) ұйыммен келiсу бойынша жүргiзiлген ауыртпалықтарды қоспағанда, үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық жүктелген мүлiк;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк орган салған шектеуi бар мүлiк түрiнде қамтамасыз ету қабылданған қарыз (кредит) қамтамасыз етiлмеген деп танылады.
Тармақ 22
22. Қарыз алушыларға шетелдiк валютада берiлген қарыздар (кредиттер) бойынша, қарыз алушы тарапынан тиiстi хеджирлеу құралдары көзделмеген валюталық тәуекелдер бойынша «Қаржылық жағдай» өлшемшартының жiктеу санаты бiр жiктеу санатына төмендейдi.
Тармақ 2.2. 2.2-параграф. Депозиттердi жiктеу ерекшелiктерi
2.2-параграф. Депозиттердi жiктеу ерекшелiктерi
Тармақ 23
23. Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және (немесе) ұйымның басқару органының шешiмдерiне сәйкес орналастырылған депозиттi қоспағанда, депозиттер күмәндi және (немесе) үмiтсiз активтерге жатқызылмайды.
Тармақ 24
24. Standard & Poor's агенттiгi берген А тобының рейтингiнен төмен емес жеке рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас рейтингi бар шетел банкiнде не Қазақстан Республикасының егемен рейтингiнiң бiр деңгейiнен төмен емес жеке рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент банкiнде орналастырылған (ашылған) депозит (оның iшiнде ағымдағы шот) қаражатты депозиттен, оның iшiнде ағымдағы шоттан аудару (қайтару) бойынша кешiктiру болмаған жағдайда стандартты ретінде жiктеледi.
Тармақ 25
25. Ұйым Standard & Poor's агенттігінің А тобының рейтингінен төмен емес жеке рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас рейтингі бар шетел банкінде депозитін орналастырған ағымдағы шотын ашқан жағдайда ұйым құжаттамалық расталған деректер негізінде жарты жылда бір реттен кем емес уақытта олардың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді.
Тармақ 26
26. Standard & Poor's агенттігінің А тобының рейтингінен төмен емес жеке рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас рейтингі бар не Қазақстан Республикасының резидент банкінде Қазақстан Республикасының егемен рейтингінің бір позициясынан төмен рейтингі бар шетел банкінде депозит орналастырған не ағымдағы шот ашқан жағдайда ұйым құжаттамалық расталған деректер негізінде тоқсанына бір рет олардың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді.
Тармақ 2.3. 2.3-параграф. Біртекті қарыздарды (кредиттердi) жiктеу ерекшелiктерi
2.3-параграф. Біртекті қарыздарды (кредиттердi) жiктеу ерекшелiктерi
Тармақ 27
27. Ұйымның iшкi кредиттiк саясатында айқындалған шарттарда берiлген және тәуекелдi бағалау күнiндегi мөлшерi жиынтығында бiр қарыз алушыға ұйымның меншiктi капиталы шамасының 0,02 пайызынан аспайтын қарыздар (кредиттер), егер осы Қағидалардың 32-тармағында өзгеше белгiленбесе, біртекті қарыздардың (кредиттердiң) қоржынына қосылады.
Тармақ 28
28. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және жобаларды Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғыртуға және әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген қарыздар (кредиттер) біртекті қарыздардың (кредиттердiң) қоржынына қосылмайды.
Тармақ 29
29. Ұйым біртекті қарыздардың (кредиттердiң) қоржыны бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастыру туралы шешiм қабылдаған кезде ұйымның iшкi кредиттiк саясатында мыналар көзделуге тиiс:
Тармақша 1
1) қолданылатын біртектілік белгiлерiнiң тiзбесi;
Тармақша 2
2) топтау жүргiзу тәртiбi, әдiстерi, мерзiмдерi;
Тармақша 3
3) мониторинг жүргiзу тәртiбi;
Тармақша 4
4) провизияларды (резервтердi) жiктеу (қайта жiктеу) және қалыптастыру, олардың мөлшерiн оларға қарсы ұлғайту немесе өзгерту жағына өзгерту әдiстемесi мен рәсiмдерi.
Тармақ 30
30. Қарыздардың (кредиттердiң) біртектілігінің белгiлерi:
Тармақша 1
1) қарыз алушының түрi;
Тармақша 2
2) кредит беру технологиясы;
Тармақша 3
3) нысаналы мақсаты;
Тармақша 4
4) қамтамасыз ету түрi;
Тармақша 5
5) кредит беру мерзiмi;
Тармақша 6
6) ұйымның iшкi кредиттiк саясатымен айқындалған әртүрлi кредит беру бағдарламалары бойынша өзге де белгiлер. Мыналар біртектілік белгілері болмайды:
Тармақша 1
1) мерзiмi өткен борыштардың болуы немесе болмауы;
Тармақша 2
2) мерзiмi өткен борыштар күндерiнiң саны;
Тармақша 3
3) жеке алынған қарыздар (кредиттер) бойынша кредиттiк тәуекелдер деңгейi;
Тармақша 4
4) мерзiмiн ұзартулар саны.
Тармақ 31
31. Әдiстеме біртекті қарыздарды (кредиттердi) күмәндi және үмiтсiз санатқа жатқызу тәртiбiн айқындауға тиiс.
Тармақ 32
32. Ұйым өзінің iшкi кредиттiк саясатында көрсетiлген біртектілік белгiлерi бар қарыздарды (кредиттердi) ұйымның iшкi нормативтiк құжаттарында белгiленген тәртiппен біртекті қарыздардың (кредиттердiң) қоржынына енгiзбеуге құқылы.
Тармақ 33
33. Қарызды (кредиттi) біртекті деп тану, сондай-ақ қарызды (кредиттi) біртекті қарыздардың (кредиттердiң) қоржынына енгiзу шарт талаптарының негiзiнде оған қол қойылған күнi жүргiзiледi.
Тармақ 34
34. Шартқа қол қойылғаннан кейiн осы Қағидалардың 35-тармағында көзделгеннен басқа кез келген талаптар өзгерген кезде біртекті қарыздардың (кредиттердiң) қоржынын қайта топтауды өзгертуге әкеп соқтырмайды.
Тармақ 35
35. Егер қарыздың (кредиттiң) тәуекелдi бағалау күнiндегi мөлшерi ұйымның меншiктi капиталы шамасының 0,02 пайызына тең болса немесе одан асса, қарызды (кредиттi) біртекті деп тану тоқтатылады.
Тармақ 36
36. Біртекті деп тану тоқтатылған, сондай-ақ біртекті қарыздардың (кредиттердiң) тобына енгiзiлмеген қарыздар (кредиттер) осы Қағидалардың 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60 және 61-тармақтарына сәйкес жiктеледi.
Тармақ 37
37. Ұйымның біртекті қарыздар (кредиттер) бойынша тәуекелiн бағалау әдiстемесi, тұтастай алғанда, жекелеген қарыздар (кредиттер) сапасының төмендеуіне және мұндай қарыздардың (кредиттердiң) қоржыннан алынуына байланысты провизиялар (резервтер) мөлшерiнiң өсуiн көздемеуi тиiс.
Тармақ 38
38. Егер біртекті қарыздар (кредиттер) қоржынына енгiзiлген күнтізбелік 30 (отыз) және одан артық күн мерзiмi бар мерзiмi өткен борыштардың мөлшерi (пайыздық үлесi) біртекті қарыздар (кредиттер) қоржыны бойынша iс жүзiнде құрылған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiнен артық болса, онда ұйым құрылған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерi мен күнтізбелік 30 (отыз) және одан артық күн мерзiмi бар мерзiмi өткен борыштардың мөлшерi арасындағы айырма сомасына провизияларды (резервтердi) қосымша қалыптастырады.
Тармақ 39
39. Біртекті қарыздар (кредиттер) қоржыны бойынша активтiң жiктемелiк санаты осы Қағидаларға 1-қосымшаның 4-кестесiне сәйкес анықталады.
Тармақ 40
40. Ұйым тоқсанына кемiнде бiр рет біртекті қарыздар (кредиттер) қоржыны бойынша кредиттiк дерекнамаға қоржынға жүргiзiлген талдау және оның нәтижелерi туралы ақпаратты құжаттамалық ресiмдейдi, оның iшiнде ұйымның біртекті қарыздар (кредиттер) қоржыны бойынша кредиттiк тәуекел мөлшерi туралы тұжырымдарын, сондай-ақ провизиялардың (резервтердiң) есебi туралы ақпаратты енгiзедi.
Тармақ 2.4. 2.4-параграф. Дебиторлық берешектi жiктеу ерекшелiктерi
2.4-параграф. Дебиторлық берешектi жiктеу ерекшелiктерi
Тармақ 41
41. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн iске асыру салдарынан және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және (немесе) ұйымның басқару органының шешiмдерiне сәйкес пайда болған дебиторлық берешектi қоспағанда, дебиторлық берешек күмәндi және (немесе) үмiтсiз активтерге жатқызылмайды. Бұл ретте ұйымның мерзімділік, қайтарымдылық және өтеусiз (пайызсыз) негiзде қарыздар (кредиттер) беруi салдарынан және (немесе) ұйымның шартты мiндеттемелердi орындауы салдарынан туындаған берешек дебиторлық берешек деп түсiнiледi.
Тармақ 42
42. Өтеу мерзiмiн куәландыратын құжаттармен расталмаған дебиторлық берешек пайда болған жағдайда, мұндай дебиторлық берешек мерзiмi өткен деп саналады және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес пайда болған сәттен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң жiктелуге жатады.
Тармақ 43
43. Дебиторлық берешектi өтеудiң мерзiмi өткен жағдайда, дебиторлық берешек «Өтеу мерзiмi өтуiнің болуы» және «Қарыз алушыда (борышкерде) рейтингтiң болуы» өлшемшарттары бойынша жiктеледi.
Тармақ 44
44. Дебиторлық берешектi өтеудiң мерзiмi өткен жағдайда және егер бiр дебитор есебiнен дебиторлық берешек ұйымның меншiктi капиталының 5 (бес) пайызынан астамды құраса, дебиторлық берешек «Қаржылық жағдай», «Өтеу мерзiмi өтуiнің болуы» және «Қарыз алушыда (борышкерде) рейтингтiң болуы» өлшемшарттары бойынша жiктеледi.
Тармақ 2.5. 2.5-параграф. Шартты мiндеттемелердi жiктеу ерекшелiктерi
2.5-параграф. Шартты мiндеттемелердi жiктеу ерекшелiктерi
Тармақ 45
45. Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелерi жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi орган ұсынымдарының негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн iске асыру салдарынан және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және (немесе) ұйымның басқару органының шешiмдерiне сәйкес пайда болған шартты мiндеттемелердi қоспағанда, шартты мiндеттемелер күмәндi және (немесе) үмiтсiз активтерге жатқызылмайды.
Тармақ 46
46. Олар бойынша ақша түрiнде өтелуi бар және ұйымның бухгалтерлiк есебiнiң тиiстi шоттарында көрсетiлген мiндеттемелердi қоспағанда, ұйымның шартты мiндеттемелерi жiктелуге жатады.
Тармақ 47
47. Қарыз алушының (борышкердiң) қаржылық жағдайы нашарлаған және (немесе) сыйақы төлеуде кiдiрiс болған жағдайда, шартты мiндеттеме «Қаржылық жағдай» және «Өтеу мерзiмi өтуiнің болуы» өлшемшарттары бойынша жiктеледi.
Тармақ 48
48. Ұйым шарт талаптарынан туындайтын өз мiндеттемелерiн орындаған кезде туындайтын талап, егер шартта оны қарызға (кредитке) қайта ресiмдеу көзделмесе, мiндеттемелер сомасына дебиторлық берешекке қайта ресiмделедi.
Тармақ 2.6. 2.6-параграф. Өзге де активтердi жiктеу ерекшелiктерi
2.6-параграф. Өзге де активтердi жiктеу ерекшелiктерi
Тармақ 49
49. Ұйымның бағалы қағаздар қоржынында орналасқан бағалы қағаздар бойынша талаптар мен мынадай тиісті анықтамаларға сәйкес келетін активтер күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерге жатқызылмайды:
Тармақша 1
1) Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-дан төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzААА»-дан төмен емес немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар немесе;
Тармақша 2
2) Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-дан төмен емес халықаралық рейтингісі бағасы бар немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzААА»-дан төмен емес немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас рейтингі бар эмитенттер акциялары.
Тармақ 50
50. Ұйым инвестициялары (салымдары) заңды тұлғаның акцияларына (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі), сондай-ақ Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар күмәнді және (немесе) үмітсіз активке жатқызылмайды.
Тарау 3. 3-тарау. Активтер мен шартты мiндеттемелердi (инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) және олармен байланысты шартты мiндеттемелердi, сондай-ақ біртекті қарыздар (кредиттер) қоржынына енгiзiлген қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда) жiктеу кезінде ұйымның өлшемшарттарды пайдалану ерекшелiктерi
3-тарау. Активтер мен шартты мiндеттемелердi (инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) және олармен байланысты шартты мiндеттемелердi, сондай-ақ біртекті қарыздар (кредиттер) қоржынына енгiзiлген қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда) жiктеу кезінде ұйымның өлшемшарттарды пайдалану ерекшелiктерi
Тармақ 3.1. 3.1-параграф. Негiзгi қызмет түрi қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғаларға арналған өлшемшарттарды пайдалану ерекшелiктерi
3.1-параграф. Негiзгi қызмет түрi қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғаларға арналған өлшемшарттарды пайдалану ерекшелiктерi
Тармақ 51
51. Негiзгi қызмет түрi қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалар активтер мен шартты мiндеттемелердi (инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) және олармен байланысты шартты мiндеттемелердi, сондай-ақ біртекті қарыздардың (кредиттердiң) қоржынына енгiзiлген қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда) жiктеген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1 және 4-кестелерi қолданылады.
Тармақ 52
52. Қарыздарды (кредиттердi) жiктеген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесiнiң 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 53
53. Депозиттердi жiктеген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесiнiң 1, 2 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 54
54. Дебиторлық берешектi, бағалы қағаздарды жiктеген кезде ұйымның бағалы қағаздар қоржынында орналасқан акцияларды жiктеудi қоспағанда, осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесiнiң 1, 2 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 55
55. Ұйымның бағалы қағаздар қоржынында орналасқан акцияларды жiктеген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесiнiң 1 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 56
56. Шартты мiндеттемелердi жiктеген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесiнiң 1, 2 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 57
57. Активтiң (шартты мiндеттеменiң) жiктеу санаты активтi (шартты мiндеттеменi) бағалау баллдарының жалпы санын негiзге ала отырып, тиiстi өлшемшарттар бойынша айқындалады.
Тармақ 58
58. Провизиялар (резервтер) осы Қағидаларға 1-қосымшаның 4-кестесiне сәйкес жiктеу санатын негізге ала отырып және тиiстi мөлшерлерде айқындалады. Салық салу мақсатында осы Қағидаларға сәйкес құрылған провизиялар (резервтер) мына формула бойынша айқындалатын коэффициентке түзетiледi: К – коэффициент, ЖЖТ – түзетулердi ескере отырып салық кезеңi iшiндегi жылдық жиынтық табыс, Т – салық кезеңi iшiнде жылдық жиынтық табысқа қосылған (қосылуға жататын) және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiн және (немесе) ұйымның Директорлар кеңесiнiң шешiмiн және (немесе) тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру нәтижесiнде пайда болған активтер бойынша алынған табыстар. Осы көрсеткiш Салық кодексiнiң 241-бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстан алынып тастауға жататын табыстарды қамтымайды.
Тармақ 59
59. Қарыз алушының (борышкердiң, тең қарыз алушының) қаржылық жағдайы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Тармақ 60
60. Қарыз алушының (борышкердiң, тең қарыз алушының) - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаның, жеке тұлғаның қаржылық жағдайы былайша жіктеледі:
Тармақша 1
1) тұрақты – мына көрсеткіштер болған жағдайда: қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық жағдайы тұрақты болып табылады; қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) төлем қабiлеттілігі бар; ақша ағыны қарызға қызмет көрсетуге мүмкiндiк бередi; осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есептелген коэффициенттердiң мәні қолайлы болып табылады; бизнестi дамытуға оң нарықтық шарттар бар, нарықта жақсы бәсекелі позициясы бар; ресурстар мен капитал нарығына еркiн қол жеткізеді, саны шектеулі жеткiзушiлерге тәуелдi емес, шарттың қолданылу мерзiмi ішінде қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық жағдайын айтарлықтай нашарлатуға ықпал ететін iшкi және сыртқы факторлар анықталған жоқ; қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) ұйыммен өзiнiң мiндеттемелерi бойынша есептесу мүмкiндiгi күмән тудырмайды; қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) активтері мен мiндеттемелерi мерзiмi бойынша шамалас; қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) жағымды кредиттiк тарихы бар;
Тармақша 2
2) қанағаттанарлық – мына көрсеткіштер болған жағдайда: қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық жағдайы осы санаттағы «тұрақты» сипаттамасына жақын, бірақ оның осы деңгейде ұзақ уақыт бойына ұстап тұру ықтималдылығы төмен болып табылады; кірістердің, төлем қабілеттілігінің төмендеуі байқалады; динамикада ақша ағындарының елеусіз азаюы байқалады, ақша ағындары борыштың негізгі бөлігін өтейді; осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есептелген коэффициенттердің мәні қанағаттанарлық болып табылады; қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) өзінің қаржылық жағдайын жақсартуға қажетті шаралар қолданады; тауарларды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің және қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) өнімдерін тұтынушыларын шоғырландыру тәуекелі барынша төмен болып табылады; қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қосымша ресурстарға қол жеткізе алатынына байланысты ұйыммен өз міндеттемелері бойынша есептесу қабілеттілігі күмән туғызбайды;
Тармақша 3
3) тұрақсыз – мына көрсеткіштер болған жағдайда: қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) өз мiндеттемелерi бойынша мынадай факторлардың байқалуына байланысты ұйыммен есептесе алмайды деген толық ықтималдық бар: қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық жағдайы тұрақты және елеулi нашарлау белгiлерiне ие; осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есептелген коэффициенттердiң мәні қолайсыз болып табылады; төлем қабiлеттiлiгiнiң деңгейi төмен, нарықтық үлесінiң тұрақты түрде азаюы байқалады; қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) қабылдайтын шаралар қаржылық жағдайды тұрақтандыратынына сенім жоқ; қарыз алушыға (борышкерге, тең қарыз алушыға) 1 жылдан аспайтын мерзiмге санация жарияланған; қарыз алушыға (тең қарыз алушыға) бұрын берілген қарыз (кредит) бойынша борышты өтеу мақсатында қарыз (кредит) берілген жағдайда; қарыз алушыға (борышкерге, тең қарыз алушыға) материалдық зиян тигізсе де, оның қызметін тоқтатпаған форс-мажорлық жағдай, сондай-ақ басқа жағдай орын алған;
Тармақша 4
4) өте қиын – мына көрсеткіштер болған жағдайда: қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) өз міндеттемелері бойынша мынадай факторлардың байқалуына байланысты ұйыммен есептесе алмайды деген толық ықтималдық бар: қарыз алушының (тең қарыз алушының) қаржылық жағдайының нашарлауы шекті деңгейге жеттi, бұл Қағидаларға 2-қосымшада көрсетiлген барлық көрсеткiштердін бұзылуымен расталады; төлем қабілетсіздігі; нарықтық позицияларын жоғалтуы; қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) меншiк капиталының терiс болуы; қарыз алушыға (тең қарыз алушыға) 1 жылдан астам мерзiмге санация жарияланған; қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) банкрот деп танылған; қарыз алушыға (тең қарыз алушыға) материалдық залал келтірген және/немесе оның өз қызметiн жалғастыруға мүмкiндiк бермейтiн форс-мажорлық жағдайдың болуы; ұйымның iшкi нормативтiк құжаттарында белгiленген тәртiппен кредит беру бойынша құжаттаманы жүргiзу талаптарына сәйкес кредиттiк мониторинг бойынша құжаттамасының болмауы. Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы шоғырландырған негiзде ұлттық басқарушы холдингтiң қаржылық жағдайынан төмен жiктеле алмайды.
Тармақ 61
61. Қамтамасыз ету сапасы былайша жiктеледi:
Тармақша 1
1) сенiмдi – жиынтығы актив бойынша қарыз алушының кемінде 100 пайыз міндеттемелерін жабатын өтімділігі жоғары қамтамасыз ету (негізгі борыш және бірінші тоқсанның ішінде қарыз (кредит) пайдалануға сыйақы алуға қажетті, сондай-ақ жеңілдік берілген кезеңдегі сыйақы бойынша, егер мұндай жеңілдікті ұйым берсе), мыналар түрінде: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдiктері (кепiлдемелерi); Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары; Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «А» тобынан төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерiнiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «А-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Standard & Poor's агенттiгi берген «А-» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi; мемлекеттiк мәртебесi бар, шет мемлекеттердiң үкiметтерi және орталық банктерi шығарған, Standard & Poor's агенттiгi берген «А-» тобынан төмен емес егемен рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар бағалы қағаздар; монетарлық қымбат бағалы металдар; Қазақстан Республикасының бiрiншi сыныпты эмитенттерiнiң вексельдерi; Standard & Poor's агенттiгi берген «А» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар; Standard & Poor's агенттiгi берген «А-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар; жалғыз акционерi мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын заңды тұлғалардың кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Тармақша 2
2) жақсы – осы тармақшада тізбеленген және жиынтығында актив (негізгі борыш және бірінші тоқсанның ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін алуға қажетті сыйақы, сондай-ақ, егер ұйым ондайды берсе, жеңілдік кезеңі ішіндегі сыйақы) бойынша қарыз алушы міндеттемелерінің кемiнде 90 пайызын өтейтін қамтамасыз ету. Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етудi бағалау кезiнде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады: осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген өтiмдiлiгi жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициенті; мынадай: Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктердiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi; Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар; Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түріндегі қамтамасыз етуге 0,9 коэффициенті; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген жылжымайтын мүлік түріндегі қамтамасыз етудің нарықтық құнына 0,7 коэффициенті;
Тармақша 3
3) қанағаттанарлық – осы тармақшада тізбеленген және жиынтығында актив (негізгі борыш және бірінші тоқсанның ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін алуға қажетті сыйақы, сондай-ақ егер ұйым ондайды берсе, жеңілдік кезеңі ішіндегі сыйақы) бойынша қарыз алушы міндеттемелерінің кемiнде 60 пайызын өтейтін қамтамасыз ету. Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етудi бағалау кезiнде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады: осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген өтiмдiлiгi жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициенті; мынадай: Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi; Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттерi емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар; Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түрiндегі қамтамасыз етуге 0,9 коэффициенті; мынадай: Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi түрiндегі қамтамасыз етуге 0,8 коэффициенті; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделген жылжымайтын мүлiк түрiндегі қамтамасыз етудiң нарықтық құнына 0,7 коэффициенті; мынадай: қарыз алушының дебиторлық берешегi; қарыз алушының және/немесе кепiлзат берушiнiң жылжымалы мүлкi; айналымдағы тауарлар түрiндегі қамтамасыз етуге 0,6 коэффициенті;
Тармақша 4
4) қанағаттанарлықсыз – осы тармақшада тізбеленген және жиынтығында актив (негізгі борыш және бірінші тоқсанның ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін алуға қажетті сыйақы, сондай-ақ, егер ұйым ондайды берсе, жеңілдік кезеңі ішіндегі сыйақы) бойынша қарыз алушы міндеттемелерінің кемiнде 50 пайызын өтейтін қамтамасыз ету. Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етудi бағалау кезiнде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады: осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген өтiмдiлiгi жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициенті; мынадай: Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан темен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктердiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi; Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттерi емес ұйымдар шығарған бағалы қағаздар; Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түрiнде қамтамасыз етуге 0,9 коэффициенті; мынадай: Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi түрiндегі қамтамасыз етуге 0,8 коэффициенті; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделген жылжымайтын мүлiк түрiнде қамтамасыз етудiң нарықтық құнына 0,7 коэффициенті; мынадай: қарыз алушының дебиторлық берешегi; қарыз алушының және/немесе кепiлзат берушiнiң жылжымалы мүлкi; айналымдағы тауарлар түрiнде қамтамасыз етуге 0,6 коэффициенті;
Тармақша 5
5) қамтамасыз етусiз – осы тармақшада тізбеленген және жиынтығында актив (негізгі борыш және бірінші тоқсанның ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін алуға қажетті сыйақы, сондай-ақ егер ұйым ондайды берсе, жеңілдік кезеңі ішіндегі сыйақы) бойынша қарыз алушы міндеттемелерінің де 50 пайызынан кемiн өтейтін қамтамасыз ету. Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етудi бағалау кезiнде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады: осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген өтiмдiлiгi жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициенті; мынадай: Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi; Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттерi емес ұйымдар шығарған бағалы қағаздар; Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түрiнде қамтамасыз етуге 0,9 коэффициенті; мынадай: Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi түрiнде қамтамасыз етуге 0,8 коэффициенті; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделген жылжымайтын мүлiк түрiнде қамтамасыз етудiң нарықтық құнына 0,7 коэффициенті; мынадай: қарыз алушының дебиторлық берешегi; қарыз алушының және/немесе кепiлзат берушiнiң жылжымалы мүлкi; болашақта түсетіндерді қоспағанда (оларға ақы төлеу аккредитивтік операциялар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардан басқа) айналымдағы тауарлар түрiндегі қамтамасыз етуге 0,6 коэффициенті.
Тармақ 62
62. Ұйымның қамтамасыз ету сапасы жүргiзiлген қамтамасыз ету мониторингi нәтижелерi бойынша мыналар:
Тармақша 1
1) жылжымайтын мүлiк бойынша – бағалау қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы мен қарыз алушы және (немесе) кепiлзат алушы арасында жасалған шарт бойынша жүргiзiлген бағалау жөнiндегi есепте айқындалған жылжымайтын мүлiктiң нарықтық құны;
Тармақша 2
2) өзге қамтамасыз ету бойынша – ұйымның iшкi нормативтiк құжаттарына сәйкес анықталған құны қолданыла отырып айқындалады.
Тармақ 63
63. Кредит беру күнінен басталатын кезеңнің ішінде, сондай-ақ төлемдерді өтеудің бірінші мерзімі басталғанға дейінгі кезеңде 7 (жеті) және одан да көп жұмыс күні мерзімімен мерзімі өткен төлемдер болған кезде (төлемдерді мерзімінен бұрын өтеу жағдайларын қоспағанда) минус 1 балл мөлшеріндегі «жіктелетін актив бойынша төлемдер төлеудегі мерзімі өтудің жоқтығы» деген жіктеу санатын бағалау қолданылмайды, 0 балл баға қолданылады.
Тармақ 3.2. 3.2-параграф. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг үшiн өлшемшарттарды пайдалану ерекшелiгi
3.2-параграф. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг үшiн өлшемшарттарды пайдалану ерекшелiгi
Тармақ 64
64. Активтер мен шартты мiндеттемелердi (инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) және олармен байланысты шартты мiндеттемелердi, біртекті қарыздар (кредиттер) қоржынына енгiзiлген қарыздарды (кредиттердi), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда) жiктеу кезiнде ұлттық басқарушы холдинг осы Қағидаларға 1-қосымшаның 2 және 4-кестелерiн қолданады.
Тармақ 65
65. Қарыздарды (кредиттердi) жiктеу кезiнде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 2-кестесiнiң 1, 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 66
66. Депозиттердi жiктеу кезiнде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 2-кестесiнiң 1, 2 және 4-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 67
67. Бағалы қағаздарды, дебиторлық берешектi жiктеу кезiнде Ұйымның бағалы қағаздар қоржынындағы акцияларды жiктеудi қоспағанда, осы Қағидаларға 1-қосымшаның 2-кестесiнiң 1, 2 және 4-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 68
68. Ұйымның бағалы қағаздар қоржынындағы акцияларды жiктеу кезiнде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 2-кестесiнiң 1 және 4-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 69
69. Шартты мiндеттемелердi жiктеу кезiнде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 2-кестесiнiң 1, 2 және 4-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 70
70. Активтiң (шартты мiндеттеменiң) жiктеу санаты тиiстi өлшемшарттар бойынша активтi (шартты мiндеттеменi) бағалау балдарының жалпы санын негізге ала отырып айқындалады.
Тармақ 71
71. Провизиялар (резервтер) осы Қағидаларға 1-қосымшаның 4-кестесiне сәйкес жiктеу санатын негізге ала отырып және тиiстi мөлшерлерде айқындалады. Салық салу мақсатында осы Қағидаларға сәйкес құрылған провизиялар (резервтер) мына формула бойынша айқындалған коэффициентке түзетiледi: Т К = ---------, мұндағы ЖЖТ К – коэффициент, ЖЖТ – түзетулердi ескере отырып салық кезеңi iшiндегi жылдық жиынтық табыс, Т – салық кезеңi iшiнде жылдық жиынтық табысқа қосылған (қосылуға жататын) және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiн және (немесе) ұйымның Директорлар кеңесiнiң шешiмiн және (немесе) тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру нәтижесiнде пайда болған активтер бойынша алынған табыстар. Осы көрсеткiш Салық кодексiнiң 241-бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстан алынып тастауға жататын табыстарды қамтымайды.
Тармақ 72
72. Қарыз алушының (борышкердiң, тең қарыз алушының) қаржылық жағдайы осы Қағидалардың 59-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалады.
Тармақ 73
73. Қамтамасыз ету сапасы осы Қағидалардың 61 және 62-тармақтарында белгiленген тәртiппен жiктеледi.
Тармақ 3.3. 3.3-параграф. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен анықталған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға ұлттық басқарушы холдинг берген қарыздарды (кредиттерді) жiктеу өлшемшарттарын пайдалану ерекшеліктері
3.3-параграф. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен анықталған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға ұлттық басқарушы холдинг берген қарыздарды (кредиттерді) жiктеу өлшемшарттарын пайдалану ерекшеліктері
Тармақ 74
74. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берілген қарыздарды (кредиттердi) жiктеу кезiнде ұлттық басқарушы холдинг осы Қағидаларға 1-қосымшаның 3 және 4-кестелерiн пайдаланады.
Тарау 4. 4-тарау. Ұйымның инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) және олармен байланысты шартты мiндеттемелердi жiктеу өлшемшарттарын пайдалану ерекшелiктерi
4-тарау. Ұйымның инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) және олармен байланысты шартты мiндеттемелердi жiктеу өлшемшарттарын пайдалану ерекшелiктерi
Тармақ 4.1. 4.1-параграф. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда, инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) және олармен байланысты шартты мiндеттемелердi жiктеу өлшемшарттарын пайдалану ерекшелiктерi
4.1-параграф. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда, инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) және олармен байланысты шартты мiндеттемелердi жiктеу өлшемшарттарын пайдалану ерекшелiктерi
Тармақ 75
75. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) және шартты мiндеттемелердi қоспағанда, инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) және олармен байланысты шартты мiндеттемелердi жiктеу кезiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1 және 3-кестелерi пайдаланылады.
Тармақ 76
76. Қарыздарды (кредиттердi) жiктеу кезiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1-кестесiнiң 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 77
77. Депозиттердi жiктеу кезiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1-кестесiнiң 1, 2 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 78
78. Дебиторлық берешектi, бағалы қағаздарды жiктеу кезiнде ұйымның бағалы қағаздар қоржынындағы акцияларды жiктеудi қоспағанда, осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1-кестесiнiң 1, 2 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 79
79. Ұйымның бағалы қағаздар қоржынындағы акцияларды жiктеу кезiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1-кестесiнiң 1 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады. Шартты мiндеттемелердi жiктеу кезiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1-кестесiнiң 1, 2 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 80
80. Активтiң (шартты мiндеттеменiң) жiктелу санаты тиiстi өлшемшарттар бойынша активтi (шартты мiндеттеменi) бағалау баллдарының жалпы санына негізделе отырып айқындалады.
Тармақ 81
81. Провизиялар (резервтер) осы Қағидаларға 3-қосымшаның 3-кестесiне сәйкес жiктеу санатына негізделе отырып және тиiстi мөлшерлерде айқындалады. Салық салу мақсатында осы Қағидаларға сәйкес құрылған провизиялар (резервтер) мынадай формула бойынша айқындалатын коэффициентке түзетiледi: Т К = ---------, мұндағы ЖЖТ К – коэффициент, ЖЖТ – түзетулердi ескере отырып салық кезеңi iшiндегi жылдық жиынтық табыс, Т – салық кезеңi iшiнде жиынтық жылдық табысқа қосылған (қосылуға жататын) және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiн және (немесе) ұйымның Директорлар кеңесiнiң шешiмiн және (немесе) тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру нәтижесiнде пайда болған активтер бойынша алынған табыстар. Осы көрсеткiш Салық кодексiнiң 241-бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстар алынып тастауға жататын табыстарды қамтымайды.
Тармақ 82
82. Қарыз алушының (борышкердiң, тең қарыз алушының) қаржылық жағдайы осы Қағидалардың 59-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалады.
Тармақ 83
83. Қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) заңды тұлғаның, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаның қаржылық жағдайы былайша жiктеледi:
Тармақша 1
1) тұрақты – мыналар, оның ішінде мынадай көрсеткіштер болған жағдайда: қарыз алушының (борышкердiң, тең қарыз алушының) қаржылық жағдайы орнықты; қарыз алушының (борышкердiң, тең қарыз алушының) төлем қабiлетi бар; ақша ағыны қарызға қызмет көрсетуге мүмкiндiк бередi; осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есептелген коэффициенттердiң мәнi жалпы қабылданған нормалар шегiнде; бизнестi дамытудың оң нарықтық шарттарының; нарықта жақсы бәсекелі позициясы бар; ресурстар мен капитал нарығына қолжетiмдiлік, өнім берушілердің шектеулі санына тәуелдi емес, шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде қарыз алушының (борышкердiң, тең қарыз алушының) қаржылық жағдайын айтарлықтай нашарлатуға ықпал ететiн сыртқы немесе iшкi факторлар анықталмаған, қарыз алушының (борышкердiң, тең қарыз алушының) ұйыммен өзiнiң мiндеттемелерi бойынша есеп айырысу мүмкiндiгi күмән тудырмайды; қарыз алушының (борышкердiң, тең қарыз алушының) активтері мен міндеттемелері мерзімі бойынша шамалас; жағымды кредиттiк тарихы бар;
Тармақша 2
2) қанағаттанарлық – мыналар, оның ішінде мынадай көрсеткіштер болған жағдайда: осы санаттағы қарыз алушының (борышкердiң, тең қарыз алушының) қаржылық жағдайы «тұрақты» сипаттамасына жақын, алайда оны осы деңгейде ұзақ уақыт бойы ұстап тұру ықтималдылығы төмен болып табылады; кiрiстердiң, төлем қабiлетiнiң деңгейi кредит беру басталғаннан бастап үш жыл iшiнде борышкердiң бизнес-жоспарында көзделген деңгейде; серпiнде ақша ағындарының елеусiз азаюы байқалады, бұл ретте ағындар борыштың негiзгi бөлiгiн жабуға мүмкiндiк бередi; қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) өзiнiң қаржылық жағдайын жақсарту үшiн шаралар қабылдайды; тауарларды, көрсететін қызметтердi жеткізушілерді және қарыз алушының (борышкердiң, тең қарыз алушының) өнiмдерiн тұтынушылардың шоғырлануының ең аз тәуекелдерi бар; қарыз алушының (борышкердiң, тең қарыз алушының) қосымша ресурстарға қолжетiмдiлiгi болуына байланысты ұйыммен өз мiндеттемелерi бойынша есеп айырысу мүмкiндiгi күмән туғызбайды;
Тармақша 3
3) тұрақсыз – мыналар, оның ішінде мынадай көрсеткіштер болған жағдайда: қарыз алушы (тең қарыз алушы) өз міндеттемелері бойынша мынадай факторлардың байқалуына байланысты ұйыммен есептесе алмайды деген толық ықтималдық бар: қарыз алушының (борышкердiң, тең қарыз алушының) қаржылық жағдайының тұрақты және елеулi нашарлау белгiлерi бар; кiрiстердiң, төлем қабiлетiнiң деңгейi кредит беру басталғаннан бастап үш жыл iшiнде борышкердiң бизнес-жоспарында көзделген деңгейде; нарықтық үлестің төмендеуі; қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) қабылдайтын шаралар қаржылық жағдайды тұрақтандыру үшiн тиiмдi болатынына сенiмділік жоқ; қарыз алушыға (борышкерге, тең қарыз алушыға) 1 жылдан аспайтын мерзiмге санация жарияланған; форс-мажорлық мән-жайлар, сондай-ақ қарыз алушыға (борышкерге, тең қарыз алушыға) материалдық залал келтiрген, бiрақ оның қызметiн тоқтатпаған өзге мән-жайлар бар;
Тармақша 4
4) өте қиын – мыналар, оның ішінде мынадай көрсеткіштер болған жағдайда: қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық жағдайының тұрақты нашарлауы дағдарысты деңгейге жетті: төлем қабiлетсiздiгi, нарықтық позицияларды жоғалту; қарыз алушыға (борышкерге, тең қарыз алушыға) бір жылдан астам мерзiмге санация жарияланған; қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) банкрот деп танылған; қарыз алушыға (борышкерге, тең қарыз алушыға) оған материалдық залал келтірген және (немесе) оған өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін форс-мажорлық мән-жайлар бар, қарыз алушыда (тең қарыз алушыда) кредиттік дерекнама жоқ. Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы шоғырландырылған негiздегi ұлттық басқарушы холдингтiң қаржылық жағдайынан төмен жiктелмейді.
Тармақ 84
84. Қамтамасыз ету сапасы былайша жiктеледi:
Тармақша 1
1) сенiмдi – қарыз алушының актив (негізгі борыш және бірінші тоқсанның ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін алуға қажетті сыйақы, сондай-ақ егер ұйым ондайды берсе, жеңілдік кезеңі ішіндегі сыйақы) бойынша міндеттемелерінің жиынтығында кемінде 100 пайызының орнын толтыратын өтімділігі жоғары қамтамасыз ету, мыналар түрiнде: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдiктері (кепiлдемелерi); Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары; Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «А-» тобынан төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерiнiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ+» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi; кредитор банктегі депозиттегі ақшаның және/немесе кредитор банктегі кепілзат нысанасы болып табылатын ақшаның кепілі; мемлекеттiк мәртебесi бар, шет мемлекеттердiң үкiметтерi және орталық банктерi шығарған, Standard & Poor's агенттiгi берген «А-» тобынан төмен емес егемен рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар бағалы қағаздар; монетарлық бағалы металдар; Қазақстан Республикасының бiрiншi сыныпты эмитенттерiнiң вексельдерi; Standard & Poor's агенттiгi берген «А-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар; Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар; жалғыз акционерi мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын заңды тұлғалардың кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Тармақша 2
2) жақсы – осы тармақшада тізбеленген және жиынтығында актив (негізгі борыш және бірінші тоқсанның ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін алуға қажетті сыйақы, сондай-ақ егер ұйым ондайды берсе, жеңілдік кезеңі ішіндегі сыйақы) бойынша қарыз алушы міндеттемелерінің кемiнде 70 пайызын өтейтін қамтамасыз ету. Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етудi бағалау кезiнде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады: осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген өтiмдiлiгi жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициенті; мынадай: Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар банктердің резервтік аккредитивтері; тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттердегі инвестициялық қарыздар (кредиттер) бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету үшін көзделген мүлік; төлемге қабілетті (қаржылық жағдайы тұрақты) заңды тұлғалардан кепілді төлемдер бойынша түсетін ақша; Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес қаржылық сенімділік рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктердiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi; Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар; Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түріндегі қамтамасыз етуге 0,9 коэффициенті;
Тармақша 3
3) қанағаттанарлық – осы тармақшада тізбеленген және жиынтығында актив (негізгі борыш және бірінші тоқсанның ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін алуға қажетті сыйақы, сондай-ақ, егер ұйым ондайды берсе, жеңілдік кезеңі ішіндегі сыйақы) бойынша қарыз алушы міндеттемелерінің кемiнде 60 пайызын өтейтін қамтамасыз ету. Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етудi бағалау кезiнде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады: осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген өтiмдiлiгi жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициенті; мынадай: Қазақстан Республикасының резиденттерi емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар банктердің резервтік аккредитивтері; тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттердегі инвестициялық қарыздар (кредиттер) бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету үшін көзделген мүлік; төлемге қабілетті (қаржылық жағдайы тұрақты) заңды тұлғалардан кепілді төлемдер бойынша түсетін ақша; Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi; Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттерi емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар; Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түрiндегі қамтамасыз етуге 0,9 коэффициенті; мынадай: Қазақстан Республикасының резиденттерi емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар банктердің резервтік аккредитивтері; мүлік, оның ішінде болашақта бизнес-жоспарға сәйкес түсетін мүлік; тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттердегі инвестициялық қарыздар (кредиттер) бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету үшін көзделген ақша; төлемге қабілетті заңды тұлғалардан кепілді төлемдер бойынша түсетін ақша; Standard & Poor's агенттiгi берген «В» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi түрiндегі қамтамасыз етуге 0,8 коэффициенті; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделген жылжымайтын мүлiк түрiндегі қамтамасыз етудiң нарықтық құнына 0,7 коэффициенті; мыналар: қарыз алушының дебиторлық берешегi; қарыз алушының және/немесе кепiлзат берушiнiң жылжымалы мүлкi; айналымдағы тауарлар түрiндегі қамтамасыз етуге 0,6 коэффициенті;
Тармақша 4
4) қанағаттанарлықсыз – осы тармақшада тізбеленген және жиынтығында актив (негізгі борыш және бірінші тоқсанның ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін алуға қажетті сыйақы, сондай-ақ, егер ұйым ондайды берсе, жеңілдік кезеңі ішіндегі сыйақы) бойынша қарыз алушы міндеттемелерінің кемiнде 50 пайызын өтейтін қамтамасыз ету. Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етудi бағалау кезiнде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады: осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген өтiмдiлiгi жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициенті; мынадай: Қазақстан Республикасының резиденттерi емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктердiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар банктердің резервтік аккредитивтері; тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттердегі инвестициялық қарыздар (кредиттер) бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету үшін көзделген мүлік; төлемге қабілетті (қаржылық жағдайы тұрақты) заңды тұлғалардан кепілді төлемдер бойынша түсетін ақша; Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi; Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттерi емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар; Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түрiнде қамтамасыз етуге 0,9 коэффициенті; мынадай: Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Қазақстан Республикасының резиденттерi емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар банктердің резервтік аккредитивтері; мүлік, оның ішінде болашақта бизнес-жоспарға сәйкес түсетін мүлік; тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттердегі инвестициялық қарыздар (кредиттер) бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету үшін көзделген ақша; төлемге қабілетті заңды тұлғалардан кепілді төлемдер бойынша түсетін ақша; Standard & Poor's агенттiгi берген «В» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi түрiндегі қамтамасыз етуге 0,8 коэффициенті; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделген жылжымайтын мүлiк түрiнде қамтамасыз етудiң нарықтық құнына 0,7 коэффициенті; мынадай: қарыз алушының дебиторлық берешегi; қарыз алушының және/немесе кепiлзат берушiнiң жылжымалы мүлкi; айналымдағы тауарлар түрiнде қамтамасыз етуге 0,6 коэффициенті;
Тармақша 5
5) қамтамасыз етусiз – жиынтығында актив (негізгі борыш және бірінші тоқсанның ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін алуға қажетті сыйақы, сондай-ақ, егер ұйым ондайды берсе, жеңілдік кезеңі ішіндегі сыйақы) бойынша қарыз алушы міндеттемелерінің 50 пайызынан кемiн өтейтін қамтамасыз ету. Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етудi бағалау кезiнде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады: осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген өтiмдiлiгi жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициенті; мынадай: Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар банктердің резервтік аккредитивтері; тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттердегі инвестициялық қарыздар (кредиттер) бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету үшін көзделген мүлік; төлемге қабілетті (қаржылық жағдайы тұрақты) заңды тұлғалардан кепілді төлемдер бойынша түсетін ақша; Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi; Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттерi емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар; Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түрiнде қамтамасыз етуге 0,9 коэффициенті; мынадай: Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi); Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар банктердің резервтік аккредитивтері; мүлік, оның ішінде болашақта бизнес-жоспарға сәйкес түсетін мүлік; тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттердегі инвестициялық қарыздар (кредиттер) бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету үшін көзделген ақша; төлемге қабілетті заңды тұлғалардан кепілді төлемдер бойынша түсетін ақша; Standard & Poor's агенттiгi берген «В» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингi немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi түрiнде қамтамасыз етуге 0,8 коэффициенті; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделген жылжымайтын мүлiк түрiнде қамтамасыз етудiң нарықтық құнына 0,7 коэффициенті; мынадай: қарыз алушының дебиторлық берешегi; қарыз алушының және/немесе кепiлзат берушiнiң жылжымалы мүлкi; айналымдағы тауарлар түрiндегі қамтамасыз етуге 0,6 коэффициенті.
Тармақ 85
85. Ұйымның қамтамасыз ету сапасы жүргiзiлген қамтамасыз ету мониторингi нәтижелерi бойынша мыналар:
Тармақша 1
1) жылжымайтын мүлiк бойынша – Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен қарыз алушы және (немесе) кепiлзат алушы арасында жасалған шарт бойынша жүргiзiлген бағалау жөнiндегi есепте айқындалған жылжымайтын мүлiктiң нарықтық құны;
Тармақша 2
2) өзге қамтамасыз ету бойынша – ұйымның iшкi нормативтiк құжаттарына сәйкес анықталған құны қолданыла отырып айқындалады.
Тармақ 4.2. 4.2-параграф. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасының экономикасын, оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) жіктеу өлшемшарттарын пайдалану ерекшеліктері
4.2-параграф. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасының экономикасын, оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) жіктеу өлшемшарттарын пайдалану ерекшеліктері
Тармақ 86
86. Ұлттық басқарушы холдинг Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген қарыздарды (кредиттердi) жiктеген кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаның 2 және 3-кестелерi пайдаланылады.
Тарау 5. 5-тарау. Банктің активтер мен шартты міндеттемелерге қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру ерекшеліктері
5-тарау. Банктің активтер мен шартты міндеттемелерге қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру ерекшеліктері
Тармақ 5.1. 5.1-параграф. Провизияларды (резервтерді) құру тәртібі
5.1-параграф. Провизияларды (резервтерді) құру тәртібі
Тармақ 87
87. Банк Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына, № 9 «Қаржы құралдары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына (бұдан әрі – № 9 ХҚЕС) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күтілетін және қолда бар кредиттік залалдарға провизияларды (резервтерді) құрады.
Тармақ 88
88. Провизиялар (резервтер) Банктің атқарушы органы бекіткен провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – әдістеме) сәйкес құрылады.
Тармақ 89
89. Провизияларды (резервтерді) қалыптастыру мақсаттары үшін дара активтердің құнсыздануының үш сатысы, сондай-ақ құрылған немесе сатып алынған кредиттік құнсызданған активтер (бұдан әрі – POCI-активтер) ерекшеленеді: № 1 саты – дара активті бастапқы тану сәтінен бастап кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаймаған, кредиттік құнсыздану белгілерінің болмауы; № 2 саты – бастапқы тану сәтінен бастап кредиттік тәуекелінің айтарлықтай ұлғаюы орын алды, бірақ дефолт жоқ; № 3 саты – бастапқы тану сәтінен бастап дефолтпен сүйемелденетін кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюы орын алған; POCI-активтер – бастапқы тану сәтіне кредиттік құнсыздану болған, сатып алынған немесе құрылған қаржылық актив.
Тармақ 90
90. POCI-активтер болып табылмайтын жеке активтер бойынша провизияларды (резервтерді) есептеу мынадай кезеңдердің орындалуын көздейді:
Тармақша 1
1) дара актив сатыларын айқындау, атап айтқанда: дара активтің кредиттік құнсыздануын объективті растау болып табылатын оқиғалардың болуын бағалау; кредиттік құнсызданудың объективті расталуы анықталған жағдайда, жеке актив № 3 сатыға жіктеледі және әдістемеге сәйкес есепті күнге қолда бар кредиттік залалдар есептеледі; дара активті бастапқы тану күнінен бастап кредит тәуекелінің айтарлықтай ұлғаюына әкеп соқтырған оқиғалардың болуын бағалау; кредит тәуекелінің айтарлықтай ұлғаюы анықталған жағдайда, дара актив № 2 сатыға жіктеледі және әдістемеге сәйкес есепті күнге бүкіл мерзімдегі күтілетін кредиттік залалдар есептеледі; кредиттік құнсызданудың расталуы және кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаю өлшемшарттары болмаған жағдайда, дара актив № 1 сатыға жіктеледі және әдістемеге сәйкес 12 айлық күтілетін кредиттік залалдар есептеледі;
Тармақша 2
2) провизиялардың (резервтердің) мөлшері күтілетін және есепті күнге қолда бар кредиттік шығындардың мөлшеріне теңестіріледі.
Тармақ 91
91. Банк дефолттың пайда болу ықтималдығын есептеу мақсатында Банктің уәкілетті органы бекіткен, рейтингілік бағалауды үлгілеу саласындағы халықаралық ұйымдардың (сарапшылардың) немесе олардың мамандандырылған бөлімшелерінің қатысуымен әзірленген және тестілеуден өткен ішкі рейтингілік үлгіні пайдаланады. Рейтингілік бағалауды үлгілеу саласындағы халықаралық ұйымдар (сарапшылар) болып мыналар танылады, бірақ бұл тізіммен шектелмейді: Standard & Poor’s Financial Services LLC; Fitch Ratings Inc.; Moody’s Investors Service; Fair, Isaac and Company (FICO); Experian plc.; Deloitte Touche Tohmatsu Limited; Ernst & Young Global Limited; KPMG; Pricewaterhouse Coopers International Limited.
Тармақ 92
92. Дефолт кезіндегі ықтимал жоғалту сомасын есептеу мақсаттары үшін Банк шарттың құрылымын күшейтетін элементтерді бағалайды және Банктің уәкілетті органы бекіткен дефолт кезіндегі жоғалтуды есептеу үлгісіне сәйкес күтілетін залалдардың есебінде пайдаланылатын қамтамасыз етудің құнына қойылатын өтімділік коэффициенттерін қолданады.
Тармақ 93
93. Банк дефолт кезіндегі талаптардың сомасын есептеу мақсаттары үшін Банктің уәкілетті органы бекіткен дефолт кезіндегі талаптардың сомасын есептеу үлгісіне сәйкес кредиттік тәуекел құрамдауыштарын бағалау үлгілерін қолданады.
Тармақ 94
94. Мұндай дара актив бойынша есептік болашақ ақшалай ағындарға теріс әсер ететін бір немесе бірнеше оқиғалар болатын кездегі дара актив кредиттік құнсызданған болып табылады. Дара активтің кредиттік құнсыздауының объективті растауы ретінде, атап айтқанда мынадай оқиғалар туралы бақыланатын деректер болып табылады:
Тармақша 1
1) контрагенттің есепті күнге айтарлықтай қаржылық қиындықтары туралы негізделген және расталатын ақпараттың болуы;
Тармақша 2
2) шарт талаптарының бұзылуы, атап айтқанда, дефолт немесе есепті күнге Банкте және/немесе басқа қаржылық ұйымдарында күнтізбелік 60 күннен асатын төлемдер мерзімдерінің (негізгі борыш және/немесе сыйақы) өтуі;
Тармақша 3
3) контрагенттің қаржылық қиындықтарына байланысты контрагент міндеттемелерін қайта құрылымдау, нәтижесінде бастапқы келісімшарттық таза дисконтталған құн мен бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып есептелген жаңа келісімшарттық таза дисконтталған құн арасындағы айырмашылық соңғы 12 ай ішінде бір немесе бірнеше рет 5%-дан астамға теріс болады;
Тармақша 4
4) Банкте контрагенттің қызмет түрлеріне немесе коммерциялық қызметіне лицензиядан айырылуы/оның қолданысының тоқтатылуы туралы ақпаратты қоса алғанда, контрагентке елеулі материалдық нұқсан келтірген немесе оған өзінің қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін форс-мажорлық, сондай-ақ өзге де мән-жайлар туралы ақпараттың болуы;
Тармақша 5
5) банкроттықтың немесе қаржылық қайта ұйымдастырудың өзге де түрінің жоғары ықтималдығы, сондай-ақ контрагенттің қаржылық жағдайын нашарлатуы мүмкін сот талқылауына тартылуы туралы негізделген және расталатын ақпараттың болуы;
Тармақша 6
6) контрагенттің айтарлықтай қаржылық қиындықтары нәтижесінде осы жеке актив үшін белсенді нарықтың жойылуы.
Тармақ 95
95. Кредиттік құнсызданудың объективті белгісі және дисконтталған күтілетін ақша ағындарының сомасы дара активтің жалпы теңгерімдік құнынан асатындығы расталған дара активтер бойынша бүкіл мерзім ішінде күтілетін кредиттік залалдарға тең кредиттік залалдар есептеледі.
Тармақ 96
96. Дара активті № 3 сатыға жатқызылған күнінен бастап жалпы теңгерімдік құнның 25%-ға азаюына алып келетін контрагенттің берешекті өтеу шартымен № 3 сатыға жатқызылған дара активтер № 2 сатыға өтеді.
Тармақ 97
97. Егер есепті күнге кредиттік құнсызданудың объективті белгілері болмаса, бірақ осы дара актив бойынша есепті күнге қаржы құралын бастапқы тану күнінен бастап кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюы орын алса, дара актив № 2 кезеңге жатқызылады.
Тармақ 98
98. Кредиттік тәуекелдің ұлғаюы былайша анықталады:
Тармақша 1
1) қаржылық актив бойынша дефолттың басталу тәуекелін дефолттың бастапқы тану күніне басталу тәуекелімен салыстыру арқылы әрбір жеке актив бойынша қаржы құралының күтілетін қолдану мерзімі ішінде дефолттың басталу тәуекелінің өзгеруі бағаланады;
Тармақша 2
2) бастапқы тану сәтінен бастап кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюын көрсететін шамадан тыс залалдар мен күш-жігерді жұмсамай қолжетімді болатын негізделген және расталатын ақпарат талданады.
Тармақ 99
99. Кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюының өлшемшарттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) кредиттік тәуекел деңгейі төмен қаржылық құралдарды қоспағанда, қаржылық құралды бастапқы тану күнімен салыстырғанда есепті күнге қаржылық құралдың ішкі рейтингісінің 2 және одан астам позицияға төмендеуіне алып келген контрагенттің ішкі/сыртқы рейтингісінің төмендеуі;
Тармақша 2
2) шарт талаптарының бұзылуы, атап айтқанда, есепті күнге Банкте және/немесе басқа қаржылық ұйымдарда күнтізбелік 30 күннен асатын төлем мерзімдерінің (негізгі борыш және/немесе сыйлық) өтуі;
Тармақша 3
3) міндеттеме бойынша қамтамасыз ету құнының немесе контрагент үшін шартта көзделген келісімшарттық төлемдерді жүзеге асыруға экономикалық ынталандыруды азайтатын немесе өзгеше негізделген түрде дефолттың басталу ықтималдығына әсер ететін үшінші тараптар ұсынған кредиттік сапаны арттырудың кепілдіктері немесе тетіктері сапасының айтарлықтай өзгерістері;
Тармақша 4
4) контрагенттің есепті күнге салықтар және бақа да бюджетке міндетті төлемдер бойынша, міндетті зейнетақы салымдары бойынша, міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша күнтізбелік 30 күннен астам мерзімге (Қазақстан Республикасының резиденттері үшін) берешегінің болуы;
Тармақша 5
5) өзге де субъективтік көрсеткіш, яғни Банк күтілетін болашақ ақшалай ағындарға қолайсыз әсер етудің айтарлықтай тәуекелі бар деп есептейді.
Тармақ 100
100. Есепті күнге кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюының өлшемшарттары болмаған кезде жеке актив № 1 кезеңге берілуі мүмкін және кредиттік залалдарды есептеу 12 айлық күтілетін кредиттік залалдардың негізінде жүргізіледі.
Тармақ 101
101. Егер есепті күнге кредиттік құнсызданудың объективті белгілері болмаса және осы дара актив бойынша қаржы құралын бастапқы тану күнінен бастап кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюы орын алмаса, дара актив № 1 кезеңге жатқызылады.
Тармақ 102
102. Бастапқы тану сәтіне кредиттік құнсызданған активтер болып табылатын активтердің құнсыздануға провизиялары (резервтері) болмайды. Мұның орнына бүкіл мерзім ішінде олар бойынша күтілетін кредиттік залалдардың шамасы тиімді пайыздық мөлшерлеменің есебіне енгізіледі.
Тармақ 103
103. Бастапқы танудан кейін әрбір есепті күнге сатып алынған немесе жасақталған кредиттік құнсызданған қаржылық активтер бойынша Банк тек қана бастапқы тану сәтінен бастап жинақталған, күтілетін кредиттік залалдардың бүкіл мерзім ішіндегі өзгерістерін провизия (резерв) ретінде тануға тиіс.
Тармақ 104
104. Күтілетін кредиттік залалдарды есептеу жеке активтің сатысына және оның POCI-активтерге тиесілігіне байланысты әдістемеде көзделген формула бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 105
105. Дара активтер бойынша провизиялардың (резервтердің) есеп-қисап нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес кесте түрінде ресімделеді.
Тармақ 106
106. Провизияларды (резервтерді) құрудың мерзімділігі әдістемеде белгіленеді, бірақ кезеңнің соңына қарай айына кем дегенде бір рет.
Тармақ 107
107. Әдістемеге сәйкес құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшері Банктің бухгалтерлік есебінде және қаржылық есептілігінде көрініс табады.
Тармақ 5.2. 5.2-параграф. Әдістемеге қойылатын талаптар
5.2-параграф. Әдістемеге қойылатын талаптар
Тармақ 108
108. Әдістеме:
Тармақша 1
1) жеке активтің кредиттік құнсыздануын растайтын оқиғалардың тізбесін;
Тармақша 2
2) дефолттың анықтамасын;
Тармақша 3
3) кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюын айқындайтын өлшемшарттарды;
Тармақша 4
4) жеке активтің белгілі сатысына/POCI-активтерге тиесілігіне сәйкес провизиялардың (резервтердің) мөлшерін айқындау тәртібі;
Тармақша 5
5) провизиялар (резервтер) мөлшерін есептеу мерзімділігін қамтиды.
Тармақ 109
109. Мыналар:
Тармақша 1
1) бекітілген әдістеменің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келмеуі;
Тармақша 2
2) провизиялардың (резервтердің) әдістеме талаптарына сәйкес есептелген залалдардың нақты сомаларына сәйкестігіне жасалған тестінің нәтижелері;
Тармақша 3
3) болашақта қолданылуына мүмкіндік бермейтін статистикалық, макроэкономикалық дереккөздердің өзгеруі (болашақта деректерді алудың мүмкін еместігі);
Тармақша 4
4) кредиттеу нарығында Банк стратегиясының өзгеруіне байланысты кредиттік тәуекелдің ұқсас сипаттамалары бойынша қоржын сегментациясының өзгеруі (мысалы, жаңа өнімдерді іске қосу, экономиканың белгілі секторларында шоғырлану және т.с.с.);
Тармақша 5
5) есеп-қисап модельдерінің дәлдігін арттыруға және үдерісті жақсартуға/оңтайландыруға, оның ішінде автоматтандыруға бағытталған өзге өзгерістер/толықтырулар әдістемеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негіздері болып табылады.
Тармақ 110
110. Әдістеменің көшірмесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде беретін, оның қаржылық есептілік стандарттарына сәйкестігі туралы қорытындысын алу үшін Банктің атқарушы органы бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жіберіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ескертулері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Банктің атқарушы органы бекіткен пысықталған әдістемені ескертулерді алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей жолдау арқылы жоюға жатады.
Тармақ 5.3. 5.3-параграф. Шегерілуге жатқызылатын провизияларды (резервтерді) есептеу
5.3-параграф. Шегерілуге жатқызылатын провизияларды (резервтерді) есептеу
Тармақ 111
111. Салық салу мақсатында провизиялар (резервтер): Әдістемеге сәйкес өзге жиынтық табыс арқылы әділ құн бойынша бағаланатын жеке активтер бойынша; біртекті кредиттер (қарыздар) бойынша; егер қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) салық заңнамасына сәйкес айқындалған жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлға немесе жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаға қатысты тәуелді не еншілес тұлға болып табылған жағдайда қалыптастырылмайды.
Тармақ 112
112. 2018 жыл үшін провизиялар (резервтер) бойынша залалдардың сомасын есептеген кезде осы Қағидаларға сәйкес өткен салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша құрылған провизиялардың (резервтердің) сомасы есеп беру кезеңінің басына арналған провизиялардың (резервтердің) сомасы болып табылады. _________________________
Басқа 2. Негiзгi қызмет түрi қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалар үшiн активтер мен шартты мiндеттемелердi (инвестициялық қарыздар (кредиттер) және олармен байланысты шарттық мiндеттемелердi, сондай-ақ бiртектi қарыздардың (кредиттердің) қоржынына қосылған қарыздарды қоспағанда) жiктеу өлшемшарттары
Провизиялар (резервтер) құру қағидаларына 1-қосымша Негiзгi қызмет түрi қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалар үшiн активтер мен шартты мiндеттемелердi (инвестициялық қарыздар (кредиттер) және олармен байланысты шарттық мiндеттемелердi, сондай-ақ бiртектi қарыздардың (кредиттердің) қоржынына қосылған қарыздарды қоспағанда) жiктеу өлшемшарттары 1-кесте Р/с № Өлшемшарттар Жiктеу санаты Балдар 1. Қаржылық жай-күйi 1) тұрақты 0 2) қанағаттанарлық +1 3) тұрақсыз +2 4) өте қиын +4 2. Кешiктiрiлген өтеу мерзiмiнiң болуы қарыз (кредит) бойынша салымдар (депозиттер), бағалы қағаздар және шартты мiндеттемелер бойынша дебиторлық берешек бойынша 1) соңғы он екі ай ішінде жiктелетiн актив бойынша кешiктiрiлген төлемдердiң болмауы -1 2) соңғы он екі ай ішінде ағымдағы күнге дейiн төлемдердiң мерзiмiн өткiзуi бар болған және төлемдердi төлеу мерзiмi басталмаған қарыздар (кредиттер) 0 3) 7-30 күн 7 күнге дейiн 14 күнге дейiн +1.5 4) 31-60 күн 7 күннен 15 күнге дейiн 14 күннен 30 күнге дейiн +2.5 5) 61-90 күн 15 күннен 30 күнге дейiн 30 күннен 60 күнге дейiн +3.5 6) 90 күннен астам 30 күннен астам 60 күннен астам +4.5 3. Қамтамасыз ету сапасы 1) сенiмдi -3 2) жақсы -2 3) қанағаттанарлық 0 4) қанағаттанарлықсыз +1 5) қамтамасыз етусіз +2 4. Ұзарту 1) ұзартудың болмауы 0 2) ұзартудың болуы ұзартулар саны +1 балға көбейтiледi 5. Қарыз алушыда (борышкерде) рейтингiнің болуы 1) «А» және жоғары -3 2) Қазақстан Республикасының рейтингiсінен жоғары – «А»-ға дейiн -2 3) Қазақстан Республикасының рейтингiсі деңгейiнде -1 4) Қазақстан Республикасының рейтингiсінен төмен және рейтингісіз 0 Ұлттық басқарушы холдинг үшiн (инвестициялық қарыздарды(кредиттерді) және олармен байланысты шартты мiндеттемелердi (кредиттерді), сондай-ақ бiртектi қарыздар (кредиттер) қоржынына қосылған қарыздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда) активтер мен шартты мiндеттемелердi жiктеу өлшемшарттары 2-кесте Р/с № Өлшемшарттар Жiктеу санаты Балдар 1. Қаржылық жай-күйi 1) тұрақты 0 2) қанағаттанарлық +1 3) тұрақсыз +2 4) нашар +4 2. Кешiктiрiлген өтеу мерзiмiнiң болуы қарыз (кредит) бойынша салымдар (депозиттер), бағалы қағаздар және шартты мiндеттемелер бойынша дебиторлық берешек бойынша 1) жiктелетiн актив бойынша төлемдерді өтеуде кешiктiрілген төлемдердiң болмауы -1 2) ағымдағы күнге дейiн төлемдердiң мерзiмiн өткiзуi бар болған және төлемдердi өтеу мерзiмi басталмаған қарыздар (кредиттер) 0 3) 7-30 күн 7 күнге дейiн 14 күнге дейiн +1.5 4) 31-60 күн 7 күннен 15 күнге дейiн 14 күннен 30 күнге дейiн +2.5 5) 61-90 күн 15 күннен 30 күнге дейiн 30 күннен 60 күнге дейiн +3.5 6) 90 күннен астам 30 күннен астам 60 күннен астам +4.5 3. Қамтамасыз ету сапасы 1) сенiмдi -3 2) жақсы -2 3) қанағаттанарлық 0 4) қанағаттанарлықсыз +1 5) қамтамасыз етусіз +2 4. Қарыз алушыда (борышкерде) рейтингiнің болуы 1) «А» және жоғары -3 2) Қазақстан Республикасының рейтингiсінен жоғары – «А»-ға дейiн -2 3) Қазақстан Республикасының рейтингiсі деңгейiнде -1 4) Қазақстан Республикасының рейтингiсінен төмен және рейтингісiз 0 Ұлттық басқарушы холдингтiң Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген қарыздарды (кредиттердi) жiктеу өлшемшарттары 3-кесте Р/с № Өлшемшарттар Жiктеу санаты Балдар 1. Кешіктірілген өтеу мерзімінің болуы 1) жiктелетiн актив бойынша кешiктiрiлген төлемдердiң болмауы -1 2) ағымдағы күнге дейiн төлемдердiң мерзiмiн өткiзуi бар болған және төлемдердi төлеу мерзiмi басталмаған қарыздар (кредиттер) 0 3) 30-60 күн +1.5 4) 61-90 күн +2.5 5) 91-120 күн +3.5 6) 120 күннен астам +4.5 Тиiстi жiктеу санаттары үшiн провизиялардың (резервтердiң) қажеттi көлемiнiң пайыздық мәндерiнiң шкаласы 4-кесте Активтiң (шартты мiндеттеменiң, бiртектi қарыздар (кредиттер) қоржынының) жiктелу санатын айқындауға арналған балдар саны * Активтiң (шартты мiндеттеменiң, бiртектi қарыздар (кредиттер) қоржынының) жiктелу санаты Активтер (шартты мiндеттемелер, бiртектi қарыздар (кредиттер) қоржыны) бойынша провизиялар (негiзгi борыш сомасының %) мөлшерi 1-ге дейiн (қоса алғанда) Стандартты Күмәндi: 1-ден 2-ге дейiн (қоса алғанда) 1-санат 5% – төлемдердi уақтылы және толық төлеген кезде 2-санат 10% – төлемдердi кешiктiрген және толық төлемеген кезде 2-ден 3-ке дейiн (қоса алғанда) 3-санат 20% – төлемдердi уақтылы және толық төлеген кезде 4-санат 25% – төлемдердi кешiктiрген және толық төлемеген кезде 3-тен 4-ке дейiн (қоса алғанда) 5-санат 50% – барлық жағдайда 4-тен 8-ге дейiн (қоса алғанда) 6-санат 75% – барлық жағдайда 8-ден жоғары Үмiтсiз 100% – барлық жағдайда * Ескертпе: агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдинг пен оның еншiлес ұйымдарына балдар саны әрқашан 0-ге тең. ________________________
Басқа 3. Қарыз алушының қаржылық жағдайын айқындау
Провизиялар (резервтер) құру қағидаларына 2-қосымша Қарыз алушының қаржылық жағдайын айқындау 1. Контрагент банктердiң және басқа да қаржы институттарының қаржылық жағдайын айқындау өлшемшарттары
Тармақ 1
1. Контрагент банктердiң және басқа да қаржы институттарының қаржылық жағдайын бағалау кезiнде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген Шоттардың жоспарына сәйкес бухгалтерлiк есеп шоттарында операцияларды көрсету тәртiбiнде қаржылық есептiлiктiң төменде көрсетiлген көрсеткiштерi пайдаланылады. «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына» өзгерістер енгізген кезде қаржылық жағдайды бағалау контрагент-банк ұсынған қаржылық есептілік негізінде енгізілген өзгерістерді ескере отырып жүргізіледі. 1-кесте Шоттың коды Шоттың атауы 1000 Ақша 1050 Корреспонденттiк шоттар 1100 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне қойылатын талаптар 1200 Әдiл құн бойынша пайда немесе шығын арқылы ескерілетін бағалы қағаздар 1250 Басқа банктерге орналастырылған салымдар 1300 Басқа банктерге берiлген қарыздар 1306 Қарыздар бойынша басқа банктердiң мерзiмi өткен берешегi 1309 Қаржы лизингi бойынша басқа банктердiң мерзiмi өткен берешегi 1319 Басқа да банктерге берiлген (контрактивтi) қарыздар мен қаржы лизингi бойынша резервтер (провизиялар) 1320 Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға берген қарыздар және қаржы лизингi 1327 Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға берген қарыздар бойынша мерзiмi өткен берешек 1328 Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға берген қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек 1329 Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға берiлген (контрактивтi) қарыздар және қаржы лизинг бойынша резервтер (провизиялар) 1400 Клиенттерге қойылатын талаптар 1409 Факторинг бойынша клиенттердiң мерзiмi өткен берешегi 1421 Қаржы лизингi бойынша клиенттердiң мерзiмi өткен берешегi 1423 Форфейтинг бойынша клиенттердiң мерзiмi өткен берешегi 1424 Қарыздар бойынша клиенттердiң мерзiмi өткен берешегi 1427 Сауда қызметiн қаржыландыру операциялары бойынша мерзiмi өткен берешек 1428 Қарыздар және қаржы лизингі бойынша клиенттерге берiлген (контрактивтi) резервтер (провизиялар) 1450 Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар 1460 Бағалы қағаздармен жасалатын «керi РЕПО» операциялары 1470 Капиталға және қоса реттелген борышқа инвестициялар 1475 Қоса реттелген борышқа инвестициялар (белсендi) 1476 Өзге инвестициялар (белсендi) 1480 Өтегенге дейiн ұсталатын бағалы қағаздар 1600 Тауарлық-материалдық қорлар 1650 Негiзгi құралдар және материалдық емес активтер 1850 Өзге дебиторлар 1880 Секьюритилендiрiлген активтер 2010 Корреспонденттiк шоттар 2020 Басқа банктер талап еткенге дейiнгi салымдар 2030 Қазақстан Республикасының Үкiметiнен алынған қарыздар 2040 Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар 2050 Басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар 2110 Овернайт қарыздар 2120 Мерзiмдi салымдар 2200 Клиенттердiң алдындағы мiндеттемелер 2255 Бағалы қағаздармен жасалатын «РЕПО» операциялары 2300 Айналымға шығарылған бағалы қағаздар 2400 Қоса реттелген борыштар 2850 Өзге кредиторлар 3200 Жалпы банктiк тәуекелдерге арналған резервтер (провизиялар) 3510 Резервтегi капитал (пассивтi) 3580 Өткен жылдардың бөлiнбеген таза пайдасы (жабылмаған шығыны) (пассивтi) 3599 Бөлiнбеген таза пайда (жабылмаған шығын) (пассивтi) 4050 Корреспонденттiк шоттар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер 4100 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер 4200 Бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер 4250 Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер 4300 Басқа банктерге берілген қарыздар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер 4320 Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға берiлген немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер 4400 Клиенттерге қойылатын талаптар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер 4450 Өзге бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер 4465 Бағалы қағаздармен жасалған «керi РЕПО» операциялары бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер 4475 Қоса реттелетiн борышқа инвестициялар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер 4476 Өзге инвестициялар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер 4480 Өтегенге дейiн ұсталатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер 5020 Корреспонденттiк шоттар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар 5030 Қазақстан Республикасының Үкiметiнен және жергiлiктi атқарушы органдарынан алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар 5040 Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар 5050 Басқа банктерден алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар 5060 Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар 5090 Сыйақы төлеуге байланысты басқа шығыстар 5110 Овернайт қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар 5120 Басқа банктердiң салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар 5150 Филиалдармен есеп айырысулар бойынша шығыстар 5200 Клиенттердiң талаптары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар 5250 Бағалы қағаздармен «РЕПО» операциялары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар 5300 Бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар 5400 Қоса реттелген борыш бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар 5451 Басқа банктерге орналастырылған салымдар бойынша резервтерге (провизияларға) арналған қаражат бөлу 5452 Басқа банктерге ұсынылған қарыздар мен қаржы лизингi бойынша резервтерге (провизияларға) арналған қаражат бөлу 5455 Клиенттерге ұсынылған қарыздар мен қаржы лизингi бойынша резервтерге (провизияларға) арналған қаражат бөлу 5464 Бағалы қағаздар бойынша резервтерге (провизияларға) арналған қаражат бөлу 5466 Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға ұсынылған қарыздар мен қаржы лизингi бойынша резервтерге (провизияларға) арналған қаражат бөлу 6005 Шығарылған өтелмеген аккредитивтер бойынша ықтимал талаптар (белсендi) 6010 Расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша ықтимал талаптар (белсендi) 6055 Берiлген немесе расталған кепiлдiктер бойынша ықтимал талаптар (белсендi)
Тармақ 2
2. Қаржылық жағдайды айқындау үшiн мынадай көрсеткiштер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Иммобилизацияланған қаражат» (ИҚ) – 1850, 1306, 1309, 1327, 1328, 1409, 1421, 1423, 1424, 1427, 1600, 1650 шоттары мен 2850 шоты сомасының айырмасы ретiнде айқындалады (ИҚ = 1850 + 1306 + 1309 + 1327 + 1328 + 1409 + 1421 + 1423 + 1424 + 1427 + 1600 + 1650 - 2850);
Тармақша 2
2) «Меншiктi капитал-брутто» (МКБ) – «Меншiктi капитал» және «Иммобилизацияланған қаражат» көрсеткiштерiнiң айырмасы ретiнде айқындалады;
Тармақша 3
3) «Кiрiс активтерi» (КА) – 1000, 1050, 1100, 1200, 1250, 1300, 1400, 1450, 1470 шоттарының сомасы ретiнде айқындалады (КА = 1000 + 1050 + 1100 + 1200 + 1250 + 1300 + 1400 + 1450 + 1470);
Тармақша 4
4) «Кредиттер брутто» (КБ) – 1300, 1319, 1320, 1329, 1400, 1428, 6005, 6010, 6055 шоттарының сомасы ретiнде айқындалады (КБ = 1300 + 1319 + 1320 + 1329 + 1400 + 1428 + 6005 + 6010 + 6055);
Тармақша 5
5) «Мерзiмi өткен кредиттер» (МӨК) – 1306, 1309, 1327, 1328, 1409, 1421, 1423, 1424, 1427 шоттарының сомасы ретiнде айқындалады (МӨК = 1306 + 1309 + 1327 + 1328 + 1409 + 1421 + 1423 + 1424 + 1427);
Тармақша 6
6) «Таза пайыздық кiрiс» – «резервтерге арналған шығыстар» (ТПК-РШ) – 4050, 4100, 4200, 4250, 4300, 4320, 4400, 4450, 4465, 4475, 4476, 4480 шоттарының сомасы мен 5020, 5030, 5040, 5050, 5060, 5090, 5110, 5120, 5150, 5200, 5250, 5300, 5400, 5451, 5452, 5455, 5464, 5466 шоттары сомасының айырмасы ретiнде айқындалады ((ТПК-РШ) = (4050 + 4100 + 4200 + 4250 + 4300 + 4320 + 4400 + 4450 + 4465 + 4475 + 4476 + 4480) - (5020 + 5030 + 5040 + 5050 + 5060 + 5090 + 5110 + 5120 + 5150 + 5200 + 5250 + 5300 + 5400 + 5451 + 5452 + 5455 + 5464 + 5466));
Тармақша 7
7) «Пайыздық кiрiс алып келетiн активтер» (ПКА) – 1050, 1100, 1200, 1250, 1300, 1320, 1400, 1450, 1458, 1475, 1476, 1480, 1880 шоттарының сомасы ретiнде айқындалады (ПКА = 1050 + 1100 + 1200 + 1250 + 1300 + 1320 + 1400 + 1450 + 1458 + 1475 + 1476 + 1480 + 1880);
Тармақша 8
8) «Таза пайда» + «Резервтер» + «Резервтiк қор» (ТРР) – 3599, 1319, 1329, 1428, 3200, 3510, 3580 шоттарының сомасы ретiнде айқындалады (ТРР = 3599 + 1319 + 1329 + 1428 + 3200 + 3510 + 3580);
Тармақша 9
9) «Пайыздық кiрiстер» (ПК) – 4050, 4100, 4200, 4250, 4300, 4320, 4400, 4450, 4465, 4475, 4476, 4480 шоттарының сомасы ретiнде айқындалады (ПК = 4050 + 4100 + 4200 + 4250 + 4300 + 4320 + 4400 + 4450 + 4465 + 4475 + 4476 + 4480);
Тармақша 10
10) «Пайыздық шығыстар» (ПШ) – 5020, 5030, 5040, 5050, 5060, 5090, 5110, 5120, 5150, 5200, 5250, 5300, 5400 шоттарының сомасы ретiнде айқындалады (ПШ = 5020 + 5030 + 5040 + 5050 + 5060 + 5090 + 5110 + 5120 + 5150 + 5200 + 5250 + 5300 + 5400);
Тармақша 11
11) «Пайыздық мiндеттемелер» (ПМ) – 2010, 2020, 2030, 2040, 2050, 2110, 2120, 2200, 2255, 2300, 2400 шоттарының сомасы ретiнде айқындалады (ПМ = 2010 + 2020 + 2030 + 2040 + 2050 + 2110 + 2120 + 2200 + 2255 + 2300 + 2400);
Тармақша 12
12) «Кредиттер бойынша кiрiс» (КК) – 4300, 4320, 4400 шоттарының сомасы ретiнде анықталады (КК = 4300 + 4320 + 4400);
Тармақша 13
13) «Кредиттер бойынша провизияларға арналған шығыстар» (КПШ) – 5452 және 5455 шоттарының сомасы ретiнде айқындалады (КПШ = 5452 + 5455);
Тармақша 14
14) «Қалыптасқан провизиялар» (ҚП) – 1319, 1329,1428 шоттарының сомасы ретiнде анықталады (ҚП = 1319 + 1329 + 1428).
Тармақ 3
3. Қаржылық жағдайды анықтау үшiн осы Қосымшаға 2-кестенiң 1-бағанында көрсетiлген әрбiр көрсеткiш бойынша қорытынды балдар есептеледi. Көрсеткiштiң қорытынды балы 3-бағандағы нормативтерге сәйкес болуына байланысты 4-бағаннан тиiстi балл берiле отырып, 2-бағанда айқындалған тәртіпке сәйкес есептеледі. 2-кесте Көрсеткiштiң атауы Есептеу тәртiбi Көрсеткiш нормативтерi Тиiстi балл 1 2 3 4 Капитал иммобилизациясы коэффициентi иммобилизацияланған қаражат/меншiктi капитал – брутто 0-10% 0 10-30% 5 30%-дан астам немесе терiс мән 10 Автономия коэффициентi меншiктi капитал – нетто/ мiндеттемелер 13%-дан астам 0 6%-дан 13%-ға дейін 5 6%-дан кем 10 Маневрлеу коэффициентi меншiктi капитал – нетто/ меншiктi капитал – брутто 90%-дан астам 0 70%-дан 90%-ға дейін 5 70%-дан кем немесе егер екеуi де терiс мәндi болса 10 Капиталдың мультипликаторы активтер/меншiктi капитал 700%-дан кем 0 700%-дан 900%-ға дейін 5 900%-дан астам немесе терiс мәндi 10 Жиынтық активтердегi кiрiстiк активтердiң үлес салмағы кiрiс активтерi/активтер 80%-дан астам 0 80%-дан-40%-ға дейiн 5 40%-дан кем 10 Жиынтық активтердегi кассалық қаражаттардың үлес салмағы касса/активтер 3%-дан астам 0 1%-дан 3%-ға дейін 5 1%-дан кем 10 Кредит – брутто (клиенттерге кредиттер, БАК, теңгерiмнен тыс талаптар) мен жиынтық активтердің ара қатынасы кредиттер – брутто (БАК және теңгерiмнен тысты қоса алғанда)/активтер 100%-дан кем 0 100%-дан 130%-ға дейін 5 130%-дан астам 10 Кредиттiк қоржындағы мерзiмi өткен және шектелген берешектiң үлесi мерзiмi өткен кредиттер/кредиттер – брутто 5%-дан кем 0 5%-дан 15%-ға дейін 5 15%-дан астам 10 Кредит тәуекелi коэффициентi кредиттер – брутто - қалыптасқан провизиялар/кредиттер – брутто 85%-дан астам 0 60%-дан 85%-ға дейін 5 60%-дан кем 10 Тәуекелге түзетiлген таза пайыздық маржа таза пайыздық кiрiс – резервтерге арналған шығыстар/пайыздық кiрiс әкелетiн активтер 2%-дан астам 0 0,5%-дан 2%-ға дейін 5 0,5%-дан кем 10 Тәуекелден қорғалу коэффициентi таза пайда + резервтер + резервтiк қор/кiрiс активтерi 20%-дан артық 0 11%-дан 20%-ға дейін 5 11%-дан кем 10 ROA активтерiне қайтару таза пайда/активтер 3%-дан астам 0 1%-дан 3%-ға дейін 5 1%-дан кем 10 ROA меншiкті капиталына қайтару таза пайда/меншiкті капитал 18%-дан астам 0 6%-дан 18%-ға дейін 5 6%-дан кем немесе егер екеуi де терiс мәндi болса 10 Таза пайыздық маржа таза пайыздық кiрiс/пайыздық кiрiс алып келетiн активтер 6%-дан астам 0 3%-дан 6%-ға дейін 5 3%-дан кем 10 Пайыздық спрэд (пайыздық кiрiстер/пайыздық кiрiс әкелетiн активтер) – (пайыздық шығыстар/пайыздық мiндеттемелер) 6%-дан астам 0 4%-дан 6%-ға дейін 5 4%-дан кем 10 Кредиттер бойынша провизияларға арналған шығыстарға кететін кредиттер бойынша кiрiстiң үлесі кредиттер бойынша провизияларға/кредиттер бойынша кiрiске арналған шығыстар 35%-дан кем 0 35%-дан 55%ға дейін 5 55%-дан астам 10 Левередж мiндеттемелер/меншiктi капитал – нетто 600%-дан кем 0 600%-дан 810%-ға дейін 5 810%-дан астам 10 Депозиттердiң кредиттерге арақатынасы Депозиттер/Кредиттер 80%-дан астам 0 60%-дан 80%-ға дейін 5 60%-дан кем 10
Тармақ 4
4. Қаржылық жағдайды айқындау үшiн барлық көрсеткiштер бойынша жиынтық балдар жинақталады және алынған нәтиже осы Қосымшаға 3-кестеге сәйкес қаржылық жағдайдың жiктелуiн айқындайды. Егер жиынтық балл сомасы 75 балдан кем болса – контрагент-банктiң жағдайы «Тұрақты», 76-дан 130 балға дейiн – жағдайы «Қанағаттанарлық», 131-ден 154 балға дейiн – жағдайы «Тұрақты емес», 154-тен астам балл – жағдайы «өте қиын» ретінде жiктеледi. 3-кесте Жағдайы Қорытынды балл Тұрақты <75 Қанағаттанарлық 76-130 Тұрақты емес 131-154 Өте қиын >=155
Тармақ 5
5. Егер контрагент-банктiң рейтингi Қазақстан Республикасының егемен рейтингiсіне тең немесе одан жоғары болған жағдайда, онда жағдай «Тұрақты» деп саналады. 2. Корпоративтiк контрагенттердiң қаржылық жағдайын жiктеу өлшемшарттары
Тармақ 6
6. Корпоративтiк конграгенттердiң қаржылық жағдайы төмендегі кестеге сәйкес есептеледi. 1-бағанда көрсетiлген әрбiр көрсеткiш 2-бағаннан шығатын есеп айырысу тәртiбiне сәйкес есептеледi және одан әрi оған 3-бағанға сәйкес тиiстi балл беріледi: 4-кесте Көрсеткiш атауы Есеп айырысу тәртiбi Нормативтерi Тиiстi балл Салмақтылық коэффициентi Қорытынды балл 1 2 3 4 5 6 1. Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi Ағымдағы активтер/ Ағымдағы мiндеттемелер >=80% 0 2 50-80% 5 <50% 10 2. Мерзiмдi өтiмдiлiк коэффициентi Өтiмдi активтер/ Ағымдағы міндеттемелер >=65% 0 2 20-65% 5 <20% 10 3. Қаржылық тетік Қарыз қаражаты/ Меншiктi капитал <=67% 0 4 67-233% 5 >233% 10 4. Автономия коэффициентi Қарыз қаражаты/ Активтер <=40% 0 4 40-70% 5 >70% 10 5. Сатудың рентабельдiлiгi, % Таза пайда/Түсiм >=14% 0 3 7-14% 5 <7% 10 6. Меншiктi капиталдың рентабельдiлiгi (RОЕ), % Таза пайда /Меншiктi капитал >=12% 0 3 5-12% 5 <5% 10 7. Бiр жыл iшiндегi активтердiң серпіні (Жыл соңындағы активтер (кезең)/жыл басындағы активтер (кезең)) – 100% >15% 0 2 5-15% 5 <5% 10 8. Бiр жыл iшiндегi таза пайда серпiнi (Ағымдағы жыл iшiндегi таза пайда (кезең)/ өткен жыл iшiндегi таза пайда (кезең)) – 100% >=10% 0 2 0-10% 5 <0% 10 9. Бiр жыл iшiнде операциялық қызметтен түскен ақшаның түсу серпiнi (Ағымдағы жыл iшiнде операциялық қызметтен түскен ақша түсiмдерiнiң сомасы (кезең)*/ өткен жылғы операциялық қызметтен түскен ақша түсiмдерiнiң сомасы (кезең)*) – 100% >=10% 0 3 0-10% 5 <0% 10
Тармақ 7
7. Көрсеткiштердің әрқайсысы бойынша алынған қорытынды балдар (6-баған) жинақтап қосылады және алынған нәтиже осы қосымшаның 5-кестесіне сәйкес қаржылық жағдайдың жiктелуiн айқындайды. Егер балдардың сомасы 130 балдан кем болса, контрагент-банктiң жағдайы «Тұрақты», 135-тен 175 балға дейiн – жағдайы «Қанағаттанарлық», 180-нен 200 балға дейiн – жағдайы «Тұрақты емес», 205-тен астам балл болса – жағдайы «Өте қиын» болып жiктеледi. 5-кесте Жағдайы Қорытынды балл Тұрақты <130 Қанағаттанарлық 135-175 Тұрақты емес 180-200 Өте қиын 205-250 ________________________
Басқа 4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда, инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) жiктеу өлшемшарттары
Провизиялар (резервтер) құру қағидаларына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда, инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) жiктеу өлшемшарттары 1-кесте Р/с № Өлшемшарттар Жiктеу санаты Балдар 1. Қаржылық жай-күйi 1) тұрақты 0 2) қанағаттанарлық +1 3) тұрақсыз +2 4) өте қиын +4 2. Кешiктiрiлген өтеу мерзiмiнiң болуы қарыз (кредит) бойынша салымдар (депозиттер), бағалы қағаздар және шартты мiндеттемелер бойынша дебиторлық берешек бойынша 1) жiктелетiн актив бойынша кешiктiрiлген төлемдердiң болмауы -1 2) 7-30 күн 7 күнге дейiн 14 күнге дейiн +1.5 3) 31-60 күн 7 күннен 15 күнге дейiн 14 күннен 30 күнге дейiн +2.5 4) 61-90 күн 15 күннен 30 күнге дейiн 30 күннен 60 күнге дейiн +3.5 5) 90 күннен астам 30 күннен астам 60 күннен астам +4.5 3. Қамтамасыз ету сапасы 1) сенiмдi -3 2) жақсы -2 3) қанағаттанарлық 0 4) қанағаттанарлықсыз +1 5) қамтамасыз етiлмейдi +2 4. Қарыз алушыда (борышкерде) рейтингiнің болуы 1) «А» және жоғары -3 2) Қазақстан Республикасының рейтингiсінен жоғары - «А»-ға дейiн -2 3) Қазақстан Республикасының рейтингiсі деңгейiнде -1 4) Қазақстан Республикасының рейтингiсінен төмен және рейтингісiз 0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) жiктеу өлшемшарттары 2-кесте Р/с № Өлшемшарттар Балдар 1. Кешiктiрiлген өтеу мерзiмiнiң болуы 1) жiктелетiн актив бойынша кешiктiрiлген төлемдердiң болмауы -1 2) 30-60 күн +1.5 3) 61-90 күн +2.5 4) 91-120 күн +3.5 5) 120 күннен астам +4.5 Тиiстi жiктеу санаттары үшiн провизиялардың (резервтердiң) қажеттi көлемiнiң пайыздық мәндерiнiң шкаласы 3-кесте Активтiң (шартты мiндеттеменiң, бiртектi қарыздар (кредиттер) қоржынының) жiктелу санатын айқындауға арналған балл саны * Активтiң (шартты мiндеттеменiң, бiртектi қарыздар (кредиттер) қоржынының) жiктелу санаты Активтер (шартты мiндеттемелер, бiртектi қарыздар (кредиттер) қоржыны) бойынша провизиялардың (негiзгi борыш сомасының %) мөлшерi 1-ге дейiн (қоса алғанда) Стандартты Күмәндi: 1-ден 2-ге дейiн (қоса алғанда) 1-санат 5% – төлемдердi уақтылы және толық төлеген кезде 2-санат 10% – төлемдердi кешiктiрген немесе толық төлемеген кезде 2-ден 3-ке дейiн (қоса алғанда) 3-санат 20% – төлемдердi уақтылы немесе толық төлеген кезде 4-санат 25% – төлемдердi кешiктiрген және толық төлемеген кезде 3-тен 4-ке дейiн (қоса алғанда) 5-санат 50% – барлық жағдайларға 4-тен 8-ге дейiн (қоса алғанда) 6-санат 75% – барлық жағдайлар 8-ден астам Үмiтсiз 100% – барлық жағдайлар *Ескертпе: агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдинг пен оның еншiлес ұйымдары үшін балдар саны әрқашан 0-ге тең. __________________________
Басқа 5. Жеке активтер бойынша бағалау резервтерінің жиынтық ведомосы
Провизиялар (резервтер) құру қағидаларына 4-қосымша Жеке активтер бойынша бағалау резервтерінің жиынтық ведомосы Есеп беру күні KASE орташа өлшенген бағамы және EUR кросс-бағамы KASE орташа өлшенген бағамы және JPY кросс-бағамы KASE орташа өлшенген бағамы және USD кросс-бағамы Р/с № Контрагенттің атауы Бастапқы мойындау күні (базалық кредит келісімінің немесе қосымша келісімнің қорытындылары) Кредит желісі шартының нөмірі Кредит желісінің транш шартының немесе кредит шартының нөмірі Валютасы Транштың күні 1 2 3 4 5 6 7 1-қоржынға жатқызылған активтер 2-қоржынға жатқызылған активтер 3-қоржынға жатқызылған активтер POCI-активтер Өтеу күні НБ бойынша берешек сомасы Шарт бойынша сыйақы Берешек сомасы (шарт бойынша) Есепті күнге ЖБҚ Есепті күнге шартты міндеттеме сомасы (игерілмеген қалдық, кепілдіктер, өтелмеген аккредитив) Бастапқы мақұлдау күніне рейтингі 8 9 10 11 12 13 14 1-қоржынға жатқызылған активтер 2-қоржынға жатқызылған активтер 3-қоржынға жатқызылған активтер POCI-активтер Есеп­ті күн­ге кре­дит­тік рей­тин­гі Кре­дит тәу­е­ке­лін ұл­ғай­ту (иә/жоқ) Кре­дит­тік құн­сызда­ну (иә/жоқ) Са­ты (1,2,3, POCI) Ба­ға­лау ре­зерв­те­рі­нің со­ма­сы/ құн­сызда­ну­дан болған за­лал ЖБҚ % + шар­тты мін­дет­те­ме Ал­дың­ғы есеп­ті күн­ге ба­ға­лау ре­зерв­те­рі­нің со­ма­сы/ құн­сызда­ну­дан за­лал ЖБҚ % + ал­дың­ғы есеп­ті күн­ге шар­тты мін­дет­те­ме 15 16 17 18 19 20 21 22 1-қор­жын­ға жат­қы­зы­л­ған ак­тив­тер 2-қор­жын­ға жат­қы­зы­л­ған ак­тив­тер 3-қор­жын­ға жат­қы­зы­л­ған ак­тив­тер POCI-активтер ________________________