Об установлении норматива отчисления части чистого дохода областных коммунальных государственных предприятий Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1)осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2)осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3)осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;
Тармақша 4
4)осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Ж. Тұяқовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы «19» сәуірдегі № 179 қаулысына қосымша Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін Таза кіріс сомасынан 5 пайыз Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін 150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін 4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін 34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз Таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін 97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары 247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз