Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, 18-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 – бабы 2 – тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Бородулиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 37 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4460 тіркелген, «Аудан тынысы», «Пульс района» аудандық газеттерінде және 2016 жылғы 12 сәуірде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 4
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Қ. Бичуиновқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесi
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «16» сәуір
№ 78 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесi
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы және басшысының орынбасары, бөлімшенің меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері.
Тармақ 2
2. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:
аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары, кітапхана меңгерушісі, әдістемелік кабинет меңгерушісі, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықтарының мұғалімдері, соның ішінде бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы, педагог-психолог, қосымша білім беру педагогы, вожатый, тәрбиеші, әдіскер (негізгі қызметтер), дене шынықтыру (негізгі қызметтер) жөніндегі нұсқаушы, музыкалық (негізгі қызметтер) жетекші, өндірістік оқыту шебері, нұсқаушы, психолог, кітапханашы, медбике, диеталық бике.
Тармақ 3
3. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары, клуб меңгерушісі, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызмет), барлық атаудағы (негізгі қызмет) әдіскер, музыкалық жетекші, хореограф, режиссер, көркемдік жетекші, дыбыс режиссері, аккомпониатор, тілдер мұғалімі.
Тармақ 4
4. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:
аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары, дәрігер, әдіскер, жаттықтырушы-оқытушы.
Тармақ 5