О повышении базовых ставок земельного налога Күшін жойған
Басқа 0
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Қазалы аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы №343 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5129 нөмірімен тіркелген, аудандық «Тұран-Қазалы» газетінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі №101-102 жарияланған);
Тармақша 2
2) «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы №343 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 88 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5772 нөмірімен тіркелген, аудандық «Тұран-Қазалы» газетінің 2017 жылғы 1 сәуірдегі №28 және 2017 жылдың 7 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
__________________ Ф.Қожабергенов
«10» сәуір 2018 жыл