Об утверждении перечня транспортных средств и (или) сельскохозяйственной техники, а также их компонентов, реализация которых освобождается от налога на добавленную стоимость Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесін бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 394-бабының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тiзбесi бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін оны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ______________ Б. Сұлтанов 2018 жылғы 2 наурыз «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Т. Сүлейменов 2018 жылғы 27 наурыз
Басқа 0. Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 138 бұйрығымен бекітілген Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесі № р/с Атауы ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды 1 Сұйықтықтарды немесе ұнтақтарды лақтыруға, шашыратуға немесе тозаңдатуға арналған механикалық құрылғылар (қолмен басқару тетігі бар немесе онысыз); толтырылған немесе толтырылмаған от сөндіргіштер; пульверизаторлар және соған ұқсас құрылғылар; бу немесе құм себелейтін және осыларға ұқсас лақтыру құрылғылары: ауыл шарушылығына немесе бағбандыққа арналған шашыратқыштар: өзгелер; ауыл шарушылығына немесе бағбандыққа арналған 842449, 842482 2 Басқа да жүк көтеруге, өткізуге, тиеуге немесе түсiруге арналған машиналар мен құрылғылар (мысалы, лифтiлер, экскалаторлар, конвейерлер, аспалы жолдар) өзгелер: өзге де жабдықтар: ауыл шаруашылығында пайдалану үшін арнайы әзірленген жүктегіш құрылғылар; ауыл шаруашылығы тракторларына ілу үшін әзірленген 8428 90 710 0 3 Бұрылмайтын күрегi бар бульдозерлер; грейдерлер, жоспарлаушылар, скреперлер, механикалық күректер, эксковаторлар, бiр шөмiштi тиегiштер, тегістейтін машиналар, өздігінен жүретін жол аунақтары 8429 4 Жерді дайындауға және өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы, бау-бақша, орман шаруашылығы машиналары; көгалдар мен спорт алаңдарына арналған аунақтар 8432 5 Сабанды немесе пішенді дестелерге буып-түюге арналған престерді, тайлағыш престерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе тетіктер; пішен орақтары немесе көгал орақтары; 8437 тауар позициясының машиналарынан басқа жұмыртқаны, жеміс өнімдерін немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тазалауға, сорттауға немесе сұрыптауға арналған машиналар 8433 6 Аталған топтың басқа жерiнде аталмаған және енгізілмеген дербес функциялары бар машиналар мен механикалық құрылғылар: өзгелер: өзгелер 8479 89 970 8 7 Тракторлар (8709 тауар позициясы тракторларынан басқа) 8701 8 Жүргізушіні қоса алғанда, 10 немесе одан астам адамдарды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары 8702 9 Жүк-жолаушы автомобиль-фургондар мен жарыс автомобильдерін қоса алғанда, жеңiл автомобильдер және негiзiнен адамдарды тасымалдауға (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа) арналған өзге де моторлы көлiк құралдары 8703 10 Жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары 8704 11 Жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатындардан басқа, арнайы мақсаттағы моторлы көлік құралдары (мысалы, авариялық жүк автомобильдері, автокрандар, өрт сөндіру көлік құралдары, автобетонараластырғыштар, жол тазалауға арналған автомобильдер, су себу-жуу автомобильдері, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер) 8705 12 8701-8705 тауар позицияларының моторлы көлiк құралдарына арналған орнатылған қозғалтқыштары бар шассилер 8706 13 Орнатылған қосалқы қозғалтқышы бар, арбасы бар немесе арбасыз мотоциклдар (мопедтерді қоса алғанда) және велосипедтер; арбалар 8711 14 Тіркемелер мен жартылай тіркемелер; өзге де өздігінен жүрмейтін көлік құралдары; олардың бөлшектері 8716 15 Көлік құралдарына арналған бекіту бұйымдары мен фурнитура немесе пластмассадан жасалған ұқсас бұйымдар және 3901 - 3914 тауар позицияларының өзге де материалдарынан жасалған бұйымдар 3926 30 000 0 16 Өзгелері, пластмассадан жасалған өзге де бұйымдар және 3901-3914 тауар позицияларының өзге де материалдарынан жасалған бұйымдар 3926 90 970 9 17 Жаңа пневматикалық резеңке шиналар мен қақпақшалар 4011 18 Қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған өзге де еден төсеніштері мен кілемшелер 4016 91 000 0 19 Көлік құралдарына арналған артқы көрініс айналары 7009 10 000 20 Қысымнан тұтанатын поршеньді Іштен жану қозғалтқыштары (дизельдер немесе жартылай дизельдер) 8408 21 Тек қана немесе негізінен 8407 немесе 8408 тауар позициясының қозғалтқыштарына арналған бөліктер 8409 22 Айналмалы әрекетті суару жүйесі және фронтальды әрекетті суару жүйесі 8424 49 100 0 23 Тракторларға орнатуға немесе тракторлармен сүйретуге арналған ауыл шаруашылығына немесе бағбандыққа арналған бүріккіштер 8424 49 910 0 24 Тракторларға орнатуға немесе тракторлармен сүйретуге, ауыл шаруашылығына немесе бағбандыққа арналған ұнтақтарды бөлгіштер 8424 82 910 0 24 Ауыл шаруашылығына немесе бағбандыққа арналған өзге де құрылғылар, өзгелері 8424 82 990 0 26 Ауыл шаруашылығында пайдалану үшін арнайы әзірленген өзге де тиеу құрылғылары 8428 90 790 0 27 Соқалы және роторлы қар тазалағыштар 8430 20 000 0 28 Тікбұрышты (оның ішінде шаршы) немесе өзге нысандағы сепараторларды қоса алғанда, электр аккумуляторлары 8507 29 Моторлы көлік құралдарында, ұшақтарда немесе кемелерде пайдаланылатын оталдыру шырақтарына арналған сымдардың өзге де жиынтықтары және сымдардың жиынтықтары 8544 30 000 7 30 8701-8705 тауар позицияларының моторлы көлік құралдарына арналған (кабиналарды қоса алғанда) шанақтар 8707 31 8701-8705 тауар позицияларының моторлы көлік құралдарының бөліктері мен керек-жарақтары 8708 32 Күрделі полиэфирлерге, акрил немесе винил полимерлерге, синтетикалық полимерлерге немесе химиялық түрлендірілген табиғи полимерлерге негізделген, сулы емес ортада шашыратылған немесе ерiтiлген басқа да бояулар мен лактар (эмальдар мен политураларды қоса алғанда) 3208 10 900 0 3208 20 900 1 3208 20 900 9 3208 90 910 1 3208 90 910 9 3208 90 990 0 33 Акрил немесе винил полимерлерге, cинтетикалық полимерлерге немесе химиялық түрлендірілген табиғи полимерлерге негізделген, сулы ортада шашыратылған немесе ерiтiлген басқа да бояулар мен лактар (эмальдар мен политураларды қоса алғанда) 3209 10 000 1 3209 10 000 9 3209 90 000 0 34 Пластмассадан жасалған өзі жабысатын, рулонда немесе рулонда емес тақтайлар, табақтар, пленка, белдіктер, таспалар және өзге де жазық нысандар 3919 90 000 0 35 Қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған 8701-8705 тауар позициясындағы моторлы көлік құралдарына арналған өзге де бұйымдар 4016 99 570 9 36 Химиялық тоқыма материалдардан жасалған өзге де мата кілемшелер мен өзге де тоқыма еден төсеніштері 5702 32 900 0 37 Моторлы көлік құралдарына арналған өзге де бекіту арматурасы, фурнитура және ұқсас бөлшектер 8302 30 000 38 Ауаның температурасы мен ылғалдылығын өзгертуге арналған қозғалтқышы бар желдеткішпен және аспаптармен жабдықталған ауаны баптауға арналған қондырғылар, соның ішінде моторлы көліктердегі адамдар үшін пайдаланылатын ылғалдылық бөлек реттелмейтін кондиционерлер 8415 20 000 39 Қозғалтқышы бар желдеткішпен және ауа температурасы мен ылғалдылығын өзгертуге арналған аспаптармен жабдықталған, ылғалдылығы бөлек реттелмейтін кондиционерлерді қоса алғанда, ауаны баптауға арналған қондырғылардың бөліктері 8415 90 000 40 Ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған өзге де кептіргіштер 8419 34 000 0 41 Ауыл шаруашылығына және бағбандыққа арналған суаруға арналған өзге де құрылғылар 8424 82 100 0 42 Тауарларға немесе материалдарға арналған үздіксіз қозғалыстағы өзге де шөмішті элеваторлар мен конвейерлер 8428 32 000 0 43 Тауарларға немесе материалдарға арналған үздіксіз қозғалыстағы өзге де ленталы элеваторлар мен конвейерлер 8428 33 000 0 44 Тауарларға немесе материалдарға арналған үздіксіз қозғалыстағы өзге де элеваторлар мен конвейерлер 8428 39 900 9 45 Өзге де ауыл шаруашылығына, бағбандыққа, орман шаруашылығына, құс шаруашылығына және омарташылыққа арналған жабдықтар, соның iшiнде механикалық немесе жылытқыш құрылғылары бар тұқым өсiруге арналған жабдықтар; құс шаруашылығына арналған инкубаторлар мен брудерлер 8436 80 900 0 46 Тұқымды, астықты және құрғақ бұршақ дәндi дақылдарды тазартуға, сұрыптауға немесе iрiктеуге арналған машиналар; 8437 10 000 0 47 Аккумуляторларды зарядтауға арналған өзге де құрылғылар 8504 40 550 0 48 Өзге де статикалық өзгерткіштер 8504 40 910 0 49 Көлік құралдарында пайдаланылатын, дыбыс жазатын немесе дыбыс шығарғыш аппаратурамен бірге орнатылған, сыртқы қорек көзінсіз жұмыс істей алмайтын кең ауқымда хабар таратқыш радиоқабылдағыштар 8527 21 50 Өзге де түрлі түсті мониторлар 8528 59 900 9 51 8604 тауар позициясына кіретіндерді қоспағанда, сыртқы электр энергиясы көзінен қоректенетін өзге де жолаушылар, тауар немесе багаж моторлы теміржол немесе трамвай вагондары, ашық платформалар 8603 10 000 8 52 Моторлы көлік құралдарында пайдаланылатын орындықтар 9401 20 000 Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы.