Отдельные вопросы Республиканского государственного учреждения "Республиканская клиническая психиатрическая больница" Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана" республикалық мемлекеттік мекемесінің жекелеген мәселелері Психиатрия мен наркология саласында ғылыми зерттеулердің тиісті деңгейде жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Орталықтың жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін және оның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. 📌 Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1117 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.